«Күз ханзадасы мен күз
ханшайымы» күзгі
бал кешінің сценарийі (3-4 сыныптар
аралығы)
(Сахна
сыртында «Күз...»атты өлең оқылады.)
Күз келіп дала бір
өзгерді,
Дала алтын, жарқын түске безенді.
Жаз бойы ағаштарға сән берген,
Жапырақтар жерге қарай үзілді.
Күз келіп, жауын жауар себелеп,
Гүлге келіп қонбай қойды көбелек.
Күз мезгілі тамаша да әдемі
Жердің бәрі алтын түстің әлемі
(Фанфар)
Жүргізуші шығады.
1- Жүргізуші:
Қайырлы
күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар!
Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған
«Күз ханзадасы мен күз
ханшайымы» атты
күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
2-
Жүргізуші:
Қош келдіңіз
көрермен,
«Күзгі балдың»
кешіне.
Отырыңыз қол
соғып,
Шат күлкіге
бөлене.
Ендеше, бүгінгі алтын күзге қатысушы
топтарымызды ортаға шақырайық.
3 А сынып ______________________
3 Б сынып ______________________
4 А сынып ______________________
4 Б сынып ______________________
Шарамызды бастамас
бұрын мектебіміздің директоры ______________________сөз кезегін
берейік.
1-
Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын
баршаға,
Күздің сәні келіп қапты
ортаға.
Әділқазы алқасымен
таныстырып,
Кетейінші осы
отырған
баршаңа.
Бүгінгі
сайысымыздың әділ-қазылары:
______________________
______________________
______________________
2-
Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып
өтейік:
1 – тур:
Таныстыру
2 – тур: «Күзгі
вальс»
3 – тур: «Өнерің өрге
жүзсін»
4 – тур: «Сән үлгісі» және шаш
үлгісі
5 – тур: Көрме. Үздік сурет және
қолөнер.
Ендеше, дайын болсақ бірінші
сайысымыз таныстыруды
бастаймыз.
(әр топ өздерін музыка ырғағымен
таныстырады)
(Әр
сайыс сайын әділқазылар баға беріп
отырады)
Қатысушыларды сахна сыртына шығарайық, келесі
кезеңге дайындала берсін.
Ортада ӘН:
орындайтын 2 а сынып
оқушысы ______________________
1-Жүргізуші:
Шалқып, тасып
әніміз,
Жадырасын
жанымыз.
Бүгінгі күз
кешінде
Би билейік бәріміз, - деп келесі 2 –кезең:
«Күзгі вальс» . Ортаға жұптарды билеуге шақырамыз. Әділ
қазылар әр тур өткен сайын бағалап
отырады.
(Сахнада өз өнерлерін
көрсетеді)
2-Жүргізуші:
Он саусақтан өнер тамған шебер болу
керемет,
Өлең айтып, би билеп, жасап жатсаң
текемет,
Өнеріңді көрсетші құрбыларым,
қанекей,
Жұптарға сөз берелік біз жекелеп, дей келе
«Өнерің өрге жүзсін» сайысын бастаймыз! Әр жұп өзінің дайындап
келген өнерін ортаға
салады.
Ал, әділ қазылар өнерінің бағасын беріп
отырайық.
Ортада БИ:
4 а сынып оқушылары
______________________
1-Жүргізуші:
Арулар неткен
сымбатты,
Ғажайып нұрға
бөленген.
Алтын күзге үн
қатты
Сәнді киім түрімен,- деп сайысымыздың 4-
кезеңіне де келіп жеттік.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен
жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Бұл сайысымыздың ерекшелігі, «Күз
ханшайымы» бөлек марапатталады.
Олай
болса, қол соғып қошеметтеп отырайық!
2-Жүргізуші:
5 – кезең: Көрме. Үздік сурет және қолөнер
байқауына көшейік. Бұл «Күзгі бал» сайысының ең соңғы қорытынды
байқауы!
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме
дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге
дейміз,
Әдемі мен тәлімі
үндесетін,
Жастарды болашаққа
жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен
тұратын
Өмір -
күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім
деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу
да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош
демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін,
қайыспаңдар,
Ойлы
орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен
елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды
қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға
беріледі!
Ортада
ӘН: орындайтын 3 б сынып
оқушысы ______________________
(Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап,
марапаттайды)
Күз Ханзадасы
______________________
Күз Ханшайымы
______________________
Ең үздік қолөнер ______________________
Ең үздік сурет
______________________
Ең әдемі сән киім
______________________
Үздік күзгі вальс
______________________
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,
оқушылар. Бүгінгі «Күз ханзадасы мен күз
ханшайымы» атты
күзгі бал кешіміз осымен тәмамдалды.
Жеңісті
күндерде кездескенше, сау - саламатта
болыңыздар!
Флешмоб: 3 және 4 сынып
оқушылары