«Күз кереметі» ертеңгілік.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күз кереметі» ертеңгілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Күз кереметі»

Мақсаты: Балаларға қоршаған орта, табиғат, көкөніс және жеміс – жидектер түрлерімен таныстыру. Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

Көрнекіліктер: Жапырақтар,гүлдер, бұлттар, жаңбыр тамшылары, саңырауқұлақтар.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, Саңырауқұлақ.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті тәрбиешілер мен балақайлар

«Көбелек» тобының «Күз кереметі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Міне, күзде келді, күн суытып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Ендеше ортамызға күз ханшайымын шақырайық.

/күз ханшайымы келеді/

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме , балақайлар!

Ырысқа толы қоймалар,

Берекелі күз болам,

Байлыққа мұртын майланар.

  • Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, қош келдіңіз! Ия, күз ханшайымы біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалауға шақырдық.

Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі жапырақтар, сары түске боялған. Айналамыз әдемі, күн де тамаша, жақсы көңіл күймен қонағымызға ән салып берейік.

Ән: «Күз»

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар. Сендер қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

Дұрыс айтасыңдар. Айнала сап – сары жапыраққа толы екен. Балалар сендер күз туралы, көкөніс, жеміс – жидек туралы тақпақ білесіңдер ме? Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр.

Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың өнері көп ән айтуды, би билеуді, тақпақта айта алады.Қәне, балалар күз ханшайымына өз өнерімізді көрсетейік.


Изат, Мария, Валерия, Алексей

Жемістер:

Алма. /Изат/

1. Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім

Алмұрт /Мария/

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын

Жүзім /Ваерия/

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім

Шие /Алексей /

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер көптеген тақпақ біледі екенсіңдер.Қараңдаршы балалар, мына жерде көптеген көкөністер мен жемістер бар: мынау картоп, бұл пияз, міне қияр, қараңдар қарбыз, сәбіздер де бар екен. Біздің бөбекжайымыздың бақшасында сәбіздер көп екен.

Ендеше, «Сәбіз жинау» ойынын ойнайық. Сәбіз ұзын , түсі сарғылт болады.

Ойын шарты: Екі топқа бөлініп сәбіздерді себетке жинауымыз керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: қыздардың биіне кезек берейік.

Би: «Жапырақтар»

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар. Сендер сәбіз жинау ойының жақсы ойнадыңдар. Менімен «Күн мен түн» ойының ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Ия ,дайынбыз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар , балалар! Сендер ақылды, өнерлі, жан – жақты бүлдіршіндер екенсіңдер.Мен сендердің өнерлеріңе риза болдым. Ал, балалар мен кетейін.Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, күз ханшайымы!

Жүргізуші: Балалар күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар: Жаңбыр жауады, күн салқын болады, жапырақтар сары болады.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, жапырақ сары түске боялып жерге түседі,адамдар қалың киініп жылы жүреді.

Қәне, балалар келген қонақтарға өз өнерімізді көрсетейік.


Алина, Айым, Ерасыл, Дмитрий, Иван, Владик


Алақай, алақай /Алина/

Шаттанады балақай

Береке – салты күз

Мереке – алтын күз


О, алақай, тамаша, /Айым/

Шашу шашты жапырақ.

Құтты болсын мереке

Алтын күз береке.


Дождик дождик кап кап кап /Дмитрий/

Мокрые дорожки

Если хочешь погулять

Надевай сопожки.


Дует, дует ветер, /Иван/

Дует задувает.

Желтые листочки

С дерева срывает.


Золотые листики /Владислав/

С дерева летят.

Кружит ветер листики

Это листопад. 


Балалар қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар көп екен. Олар үлкен боп өсіп келеді. Алыстан бізге саңырауқұлақ билеп келе жатыр.

(саңырауқұлақ келеді) Нүргүл

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіздер ме, балалар, мен саңырауқұлақпын.Сендер менің кішкентай саңырауқұлақтарымды көрген жоқсыңдар ма? ( айналаны қарап жүреді)

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, саңырауқұлақ мырза. Әрине көрдік олар осында бізбен бірге күз мерекесін тойлап жатыр.

Саңырауқұлақ: Балалар сендерге көп рахмет.Менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер.Мен өз ризашылығымды білдіріп сыйлығымды ала келдім, апайларыңа берейін. Қәнекей, мен сендерге кішкентай саңырауқұлақтарыммен би билеп берейін.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақ: Балалар менің көңілімді көтеріп ән айтып, би билеп, менің кішкентай саңырауқұлақтарымды тауып бердіңдер сендерге көп – көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Біздің балалар әрқашан көмектесуге дайын тұрады. «Күз кереметі» атты мерекесін бізбен бірге тойлағандарыңызға рахмет. Сау болыңыз!
























Тақырыбы:

«Күз кереметі»





Дайындаған «Көбелек» тобының

тәрбиешілері: Асанова К. Р.

Мухамбетжанова А. Ғ.

2020 оқу жылы.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2020
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі