"Күз көрінісі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күз көрінісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қоршаған орта дефектологтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Күз көрінісі»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Күз мезгілін сипаттау, балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және ойлау, көріп - есте сақтау қабілеттерін, ойындар арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреттері, карточкалар, гүлдер, гүл отырғызуға арналған ыдыстар, бояуға арналған құралдар.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдерме балалар.

  • Сәлметсізбе.

  • Балалар қане сабағымызды бастамас бұрын, орнымыздан тұрып шаттық шеңберін жасайық.

Шаттық шеңбері.

Білгір қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Қонаққа келіп отырған,

Апайларға қарашы.

Бәріңізге ізетпен,

Бәздер сәлем береміз.

Сәлеметсіздерме апайлар!

Дефектолог: Балалар тақтадағы суреттерге қараңдаршы? Қандай суреттер көріп тұрсыңдар? Күз мезгіліне байланысты суреттер. Жарайсыңдар. Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сабақ өтетін боламыз. Сабақты мұқият тыңдаймыз.

- Күз мезгілі несімен ұнайды?

- Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

- Күз мезгілінде нелер пісіп жетіледі?

Дефектолог: Ендеше балалар мен сендерге күз мезгіліне байланысты бірнеше тапсырмалар мен ойындар беремін. Сол тапсырмалар мен ойындарды мұқият тыңдап, дұрыс орындауға тырысайық.

Дефектолог: Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады, күн суытып, жеміс жидектер пісіп жетіледі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, айнала сары түске боялады, егін орылып, астық жиналады.

І. Тапсырма: Шығармашылық ойын: Жапсыру: «Жыл ағашы» Шарты: Ағаштың әр мезгілдерге сай ерекшеліктерін атай отырып, ағашты әр жыл мезгіліне байланысты безендіру.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар сендер қандай тапсырманы орындадыңдар? Ағашты әр мезгіліне байланысты безендірдіңдер. Берілген тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Ендеше балалар бойымызды жазып, сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық. (Екі рет қайталау)

Дефектолог: Күз мезгілінде адамдар пісіп жетілен жемістер мен көкөністерді теріп, астықтарды орып, қамбаға жинап қызу еңбекке кіріседі. Жемістерге нелер жатады? Алма, алмұрт, жүзім т.б. Ал көкөністерге нелер жатады? Қарбыз, қауын, пияз, орамжапырақ т.б. Ендеше балалар бізде жемістер мен көкөністерімізді жинап алайық.

ІІ тапсырма: Қимылды ойын: «Жемістер мен көкөністер» Шарты: Балалар ағаштан және бақтан көкөністер мен жемістерді жинап, оларды бір − бірінен ажыратып ыдысқа (себетке) жинайды.

Жарайсыңдар балалар сендер не істедіңдер? Жемістер мен көкөністерді жинадыңдар. Сендерге ұнады ма? Екінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.

Дефектолог: Күз мезгілінде жинап терген жемістер мен көкөністеріміз, дәнді дақылдарымыз, бізге қыстай азық болады. Ендеше балалар тілімізе жаттығу жасап алайық.

ІІІ тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуы:

Ер ер ер,

Жемістерді тер.

Сұрағанын бер,

Қамба толы дән.

Әжем айтқан ән. (Екі рет қайталау)

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар! Ендеше келесі тапсырмаға көшейік.

IV тапсырма: Шығармашылық ойын: «Көкөністер мен жемістерді бояу» Шарты: Баланың алдына ерекше бояуға арналған құрал, гуашь, көкөніс немесе жемістің суреті беріледі. Осы ерекше бояуға арналған құралды пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді бояу.

Дефектолог: Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырманы да мұқият орындадыңдар. Балалар күз мезгілінде табиғатта көптеген өзгерістер болады. Айнала сары түске боялып, күн суытады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ендеше балалар мен сендерге соңғы тапсырмамды беремін. Бұл тапсырма арқылы күз мезгілінің табиғатын салуға тырысайық.

Қорытынды: Дидактикалық ойын: «Даналық ағаш». Шарты: Балаларға сұрақтар қою арқылы алмаларды себетке жинау. Біздің бақшамызда балалар жиналмаған алма қалып кетіпті. Олай болса мына алмаларды жинап алайық. Алмаларды жинап алмасақ үсіп кетеді. Сұрақтарды қойып, алмаларды себетке жинап сабақты қорытындылау.

  • Балалар қазір қай мезгіл?

  • Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

  • Ауа райында қандай өзгерістер болады?

  • Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?

  • Бау бақшалардан нелерді жинаймыз?

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

Бағалау: Жарайсыңдар балалар,бүгін барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар сендер өте ақылды, зерек балаларсыңдар. Сау болыңдар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2023
243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі