Материалдар / "Күз" М. Дулатов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күз" М. Дулатов

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
1182
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: ана тілі Уақыты : 11.10.2013ж Сыныбы: 3 «А»

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов «Күз».HYPERLINK "http://infust.kz/author/tulebaeva-kalampir/" HYPERLINK "http://infust.kz/author/tulebaeva-kalampir/

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: М.Дулатов туралы білімдерін кеңейту. Әңгімені дұрыс түсініп оқу. Ізденіске жетелей отырып, әңгіме мазмұнын түсіндіру.


Дамытушылық: Оқушылардың күз туралы ой – өрісін,дүниетанымын кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбекті, еңбек адамдарын қадірлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: М.Дулатовтың суреті, күзге байланысты суреттер, себетке салынған жемістер.


Сабақ түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тіл – дамыту, топтастыру


Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі,музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


1.«Ауыл күзі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
2.Себетке жемістерді салу ойыны. Жемістердің артына сұрақ жазылған, сол сұрақтарға дұрыс жауап берсе, жемістерді себетке саламыз.
Сұрақ – жауап арқылы үй жұмысын қорытындылап, жаңа сабаққа өтеміз.


Сұрақтар:
а) Бұтақты бүге балбырап тұрған не? (жемістер)
ә) Балаларды шақырып тұрған не? (мектеп)
б) Өлеңде күздің қай мезгілі суреттелген? (басы)
в) Жаздыгүнге қарағанда күзде аспан көрінісі қандай болады? (бұлтты, қоңырқай тартып тұрады)

ІІІ. Жаңа сабақ.

М.Дулатовтың суреті ілінеді.

Ақын – педагог



1885 жылы Қостанай облысында туған


1935 жылы қайтыс болды


М.Дулатов қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, ағартушы – педагог. Ол Қостанай облысының Торғай өңірінде 1885 жылы дүниеге келді. Әуелі Міржақып ауыл мектебінде мұсылманша, содан кейін орысша оқиды. Ыбырай атамыздың үлгісімен ауыл мектептерінде мұғалім болып жұмыс істейді. Ақынның
«Оян, қазақ!» кітабы 1909 жылы жарық көрді. Бұл кітабы жастарды  ұлттық рухқа, елін еркіндікке, ғылым – білімге, елін сүюге үндеді. Ол жалған жаламен ұсталып, айдауда жүріп, ауыр науқастан қайтыс болады.

ІV. Оқулықпен жұмыс.
«Күз»



  • Әңгімені оқып беру.

  • Әңгімені оқушыларға іштей өз бетімен оқыту.

  • Тізбектей мәнерлеп оқыту.

- Оқушылар осы әңгімеде сізге таныс емес сөздер кездесті ме?

Күзем – ауыл шаруашылығында малды екі рет қырқады. Бірінші рет көктемде, екінші рет күзде. Күзде қырқылған жүннен әжелеріміз киіз басады екен.

Желі мен ноқта –
Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап алу.
а) Күздігүнгі ауа райы қалай суреттелген?
ә) Жер бетіндегі шөп – шөңгелдердің, ағаштардың көрінісі қандай?

б) Құлындар неліктен арықтады деп ойлайсың?



«Күз» сөзіне аcсоциация құрату.


DrawObject1

«Күз» сөзіне аcсоциация құрату.


Күз
Күн қысқарып, түн ұзарады

V. Сергіту сәті.

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз,

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.



VІ. Ой толғаныс.
Әң
гіме кестесін толтыру.

1.

Өлеңнің, әңгіменің аты

Ауыл күзі

Күз

2.

Өлеңнің, әңгіменің авторы кім?

Т.Жароков

М.Дулатов

3.

Оқиға орны

Ауыл

Ауыл

4.

Жылдың қай мезгілі жөнінде айтылған?

Күз

Күз

5.

Негізгі ой



VІІ. Топтық жұмыс.

  • Оқушыларға күзгі табиғат көрініс туралы өлеңдер,әңгімелер айту

  • Күз тақырыбында сурет салу

  • Табиғи материалдардан жұмыс жасау,құрастыру

  • «Күз» әңгімесін талдап өтеді

VІІІ. Сабақты қорытындылау.
«Күз – байлық, молшылық»
«
Күз – ет пен май»
«
Күз – қызу еңбек»

«Күз – береке»



Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Күз дегеніміз – жазира даланың дастарханы. Күз – дегеніміз береке. Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз – бұл мезгілде жеміс – жидек, астық пісіп жетіледі, күзде мал да, аңдар мен құстар да қомданып семіреді. Күзде қыс қамы жасалады. Сондықтан адам да, жануарлар да қысқа әзірлік жасайды. «Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың» деген халқымыз. Күз мезгілі молшылық. Күздің бір айы қыстың үш айына азық.

ІХ. Оқушыларды бағалау.


Х. Үйге тапсырма.


Әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеу. Осы мәтіндегі көрініске сурет салу,мақал –мәтелдер жинақтау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!