"Күз сыйы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күз сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі. Күз мезгіліне арналған.Балалардың жыл мезгілдері туралы толқы мағлұмат беріп сана сезімдерін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:_________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: «Сөйлемді дамыту»

Тақырыбы: «Күз сыйы»

Мақсаты: Балаларға жылдың күз мезгілі туралы түсінік беру. Күздің ерекшеліктерімен таныстыру, күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету, күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін дамыту; Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту;Зейіндерін дамыту. Сөздік қорын молайту;Табиғатты сүюге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету, сұрақ-жауап,слайд көрсету,ғажайып сәт,сергіту сәті,дидактикалық ойын.

Көрнекіліктер: Күз мезгілінің суреті, жемістер, көкөністер.

Қостілдік компонент: Күз-осень, жемістер-фрукты, көкөністер-овощи

Ұ.О.қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі


Балалардың іс-

әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту

-Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша! Осы бөлмеге шуағын төгіп, нұр беріп тұрған күнге қарайықшы. Сол күннен жылу алып, алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.

Ш.Ахметовтың «Бұл қай кезде болады?!» өлеңін оқимын.

Бұлттар төніп,жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз айларын атайықшы.

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Балалар күз мезгіліне арналған тіл ұстарту жаттығуын айтып кетейік.

Үз-үз-үз, келді міне күз.

Ыр-ыр-ыр,жауады жаңбыр.

Әрқашан әдемі болайық! Еліміз тыныш болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Достарымыз көп болсын.






Күзде.

-Күз мезгілі.

-3 ай бар.

-Қыркүйек,қазан,

қараша.

Күз мезгілінің өзгерістерін айтады.

Барлығы бірге айтады.

Іздену ұйымдасты-рушылық

Күз мезгілінің суреттерін көрсетіп әңгімелеу.

Слайд бойынша

-Мына  суреттерге  қараңдаршы,  

кімдерді   көріп  тұрсыңдар?

-Енді балалар,күзгі баққа барғыларың келе ме?

-Онда тыныштық сақтап 1,2,3 дегенде көзді жұмып күзгі баққа қиялмен серуендеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып-тыныш.
Аяқ асты сары жапыраққа толы.Ауасы қандай керемет.1,2,3 көзімізді ашамыз.

-Балалар қандай тамаша күзгі бақтың іші.

Тосын сәт: Күз ханшайымы қонақтарды қарсы алады.
Күз ханшайымы:
бізге қонақтар келіп қалыпты.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Қош келдіңдер менің күзгі бағыма.

-Балалар мен сендер күзгі сыйларымды әсірлеп қойдым,бірақ сендер менің тапсырмаларымды орындаған кезде,сендерге күз сыйларымды беремін.Орындайсыңдар ма менің тапсырмаларымды?

-Қане,қандай тапсырмалар екен көрейін.

1-тапсырма: «Ажырат» ойыны

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажаратады.

2-тапсырма: -Балалар ,күз мезгілі туралы тақпақтар білесіңдер ме?







Сергіту сәті:

Алма,алма көк алма.

Қызыл жасыл, көп алма.

Теріп,теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Қалтамызға сыймаса,

Аузымызға саламыз.

3-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Өз түсін тап»

4-тапсырма: 1.Дидактикалық ойын: «Дәмін татып,не екенін тауып көр»

2. «Мына ағашты безендір» жыл мезгілі бойынша.

(Ұжымдық жұмыс)

Күз ханшайымы: -балалар,менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар,жарайсыңдар.Енді мен сендерге өзімнің сыйлықтарымды тәрбиеші апайларыңызға беремін.

- Күз ханшайымы, біздің топқа қайтатын уақытымыз болып қалды.

Күз ханшайымы: -ендеше сау болыңыздар,келіп тұрыңыздар.

-Балалар,1,2,3көзімізді жұмамыз, 1,2,3 көзімізді аштық та қайтіп тобымызға оралдық.

-Ия.

Суретке назар аударады.










Күз ханшайымына назар аударады.

Амандасады.




-Ия.


Зейнеп

Алақай,алақай!

Шатанды балақай,

Күз түсті дән пісті

Айтамыз алғысты.

Көркем

Сарғайды тоғай,

Сап сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.


Қимыл қозғалыстар жасайды.





Өз түстерін табады.


Дәмін татып,не екенін айтады табады.




Күз ханшайымымен қоштасады.

Оқу қызметін бағалау

Сұрақтарға жауап беру арқылы алмаларды себеттен алу.

1.   Күзгі бақ сендерге ұнады ма? Қазір қай мезгіл?
2.    Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
3.    Ауа – райында қандай өзгерістер болады?
4.    Күзде жапырақтардың түсі қандай болады.
5.    Бау-бақшалардан нелерді жинаймыз?
6.   -Балалар біздер қайда бардық?

-Қандай тапсырмаларды орындадық?

-Балалар күз ханшайымының тапсырмасы сендерге ұнады ма?

Сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық өзгерістерді.

Түсінеді: Күз мезгілі және оның ерекшелігі туралы ұғымды.

Қолданады:Әр жыл мезгілінің ерекшелігін біліп,оларды анықтай алу дағдыларын.






























«Күз сыйы»

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2022
315
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі