«Күзгі асар» жәрмеңкесі. №8 сабақ «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы балаларға арналған жеңілдіктер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күзгі асар» жәрмеңкесі. №8 сабақ «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы балаларға арналған жеңілдіктер.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Күзгі асар» жәрмеңкесі. №8 сабақ «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы балаларға арналған жеңілдіктер.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектебі:


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

«Күзгі асар» жәрмеңкесі.

8 сабақ «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы балаларға арналған жеңілдіктер.


Сабақтың мақсаты:

-Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттап, оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру .

Құндылықтар:

  • Бірлік және ынтымақ,

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Дәйексөзі:

«Отаным-алтын бесігім!»


Сабақтың

кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі









Ұйымдастыру кезеңі

Сынып іші мерекеге сай безендірілген.

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар!  Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді (жәрмеңкемізді) бастаймыз.





Балалар қошеметпен, тамаша көңіл күймен іс-шараны бастайды.





Мадақтау

Интербелсенді тақта,

презентация


Сабақтың басы












Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

-Балалар күз мезгілінің айлары қандай?

-Күзде адамдар қандай істермен айналысады?

-Күзде табиғат қандай болады?

Өнер десе жайнаймыз,

Сандуғаштай сайраймыз.

Алтын күзге арнаған

Әнімізді шырқаймыз.

Ән «Алтын күз»


Б алалар қойылған сұрақтар бойынша өз пікірлерімен бөліседі.


Сыныппен «Алтын күз» әнін орындайды.



Мадақтау








презентация;

тақырыпқа байланысты тақтаға ілінген суреттер

 


Ортасы


Мұғалімнің сөзі: Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сіздер шешуін табыңыздар:

Бой жаза алмай, ойнай алмай,

Денең мұздап барады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

-Иә, бұл күз мезгілі екен.

-Күзде табиғатта қаңдай өзгерістер болады?

-Дұрыс балалар, жапырақтар сарғайып, жаңбыр жауады, күн суық болып тұр.

-Ал енді, балалар, күз мезгілі туралы кім тақпақ айтып береді?

1-оқушы:

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді


2-оқушы:

Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.


3-оқушы:

Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз


«Жемістер мен көкөністерді жина» ойыны.

Ойынның шарты: Сыныптың ішінде мұғалім әр түрлі жемістер мен көкөністерді жасырып қояды. Балалар 2 топқа бөлінеді. Әуен ойналғанда балалар жылдам себеттеріне жемістерді жинап алуы қажет. Ең көп жинаған топ жеңіске жетеді.

Көрініс: «Жел, күн, бұлттар»

(Бұлттар күнді қоршап тұрады)

Бұлттар:  (2- оқушы)

Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Мұғалім:

Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:  (1- оқушы)       

Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Мұғалім:

Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:   (1-оқушы)        

Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:   

Біз бұлттармыз,

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Мұғалім:     

Сұрғылт бұлттар!

Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел: 

Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

(Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

«Жаңбырдан қашқан балапандар» ойыны.

 Ойынның шарты: Екі оқушының әрқайсысы қолшатырды алып тұрады. Музыка ойналады, найзағай соғып жаңбыр басталған кезде балалар қолшатыр астына жиналады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

(Музыкамен күз, қыркүйек, қазан, қараша кіреді)

Күз: Сәлеметсіңдер ме балғын балалар! Мені сағына күтіп отырған                     боларсыңдар. Мен астықты жинап, Табиғат –Ананы қыс мезгіліне  әзірлеп қойдым. Бүгін  мен өзіммен бірге үш айымды ертіп келдім.

Қыркүйек:  (1-оқушы)

  Мен кыркүйек айымын

Жылы күн райымын

Аспанды құс шарлай бастады

Алғашкы қоңырау қуантты жастарды

Қазан:  (2-оқушы)

Қазанда халкымыз

Тойшыл ол салтымыз

Береке байлығын

Беріп тұр алтын куз

Қыркүйекке еремін

Молшылық беремін

Қараша:  (3-оқушы)

Күз мезгілі тамаша

Менің атым қараша

Қараша айында

Қыс қамын дайында!

(Балалар «Алтын күз» тақырыбына дайындаған жұмыстарын көрсетеді)

ӨShape1 мір қауіпсіздігі. (10 мин)

8 сабақ «Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы балаларға арналған жеңілдіктер.


Ой қозғау

-Балалар «Ата-аналардың бақылауы» дегеніміз не?

- Ата-аналар бізге қандай қамқорлық жасайды?

- Ата-аналардың рұқсатыңсыз не істеуге болмайды?

«Ата-аналардың бақылауы» бағдарламасы сендерді бақылайды,құтқарады, көмектеседі, қорғайды,қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, күш береді, сенімділік қалыптастырады.


















Балалар тақырып бойынша жұмбақтың шешуін табады.

















Оқушылар тақпақтарын айтады.


Shape2









Балалар топқа бөлініп, ойын ойнайды.







Балалар көріністі сахналайды.







Мадақтау




















Мадақтау


















Мадақтау





















Презентация













































Презентация,

қима қағаздар,суреттер, себет















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2024
1156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі