2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Күзгі бал» атты ертеңгілігі.

«Күзгі бал» атты ертеңгілігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ересек тобына арналған

«Күзгі бал» атты ертеңгілігі



Мақсаты:

- мерекелік көңіл-күйін құру;

- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;

- ойын барысында досшылыққа тәрбиелеу;

- табиғатты тамашалай білуге, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Зал күз мезгіліне байланысты безендірілген: жапырақтар, күзгі ағаштар, көкөністер мен жемістермен толған себеттің суреті, күн, бұлттар.

Құрал жабдықтар: қолшатырлар, көкөністер, жемістер, султанчик, себет, кілт.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Күз, Жаңбыр, Жел.

Репертуар:

Өлеңдер: «Жаңбыр», «Балдырған, баламыз»

Билер: «Ортақ би Жапырақ», «Алмалармен би», вальс «Күзгі бақ»

Ойындар: «Картопты жина», «Жаңбыр мен қолшатыр», «Шалшықтар мен галоштар», «Бас киімді анама киемін», «Жапырақтарды жина»


Ертеңгіліктің барысы:

Балалар залға жұптасып көңілді музыкамен кіріп отырады.


Жүргізуші:

Сары көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

  • Балалар, табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз тағы келді. Жылдың қай мезгілін алсақ, табиғат өз ерекшелігімен сұлу көрінеді. Табиғатты сүйіп, оны аялап күту әрбір адамның міндеті. Өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса, біз де әрқашан көңілді боламыз.

1 бала:

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ сары алтын:

Айналаның бәрі алтын.

2 бала:

Сәлем саған алтын күз!

Жомарт көңіл, жарқын жүз,

Берекесі елімнің,

Қош келіпсің Алтын күз!

3 бала:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз:

Кемелденсін халқымыз.

Музыка ойнайды. Күз кіреді.

Вальс музыкасымен залға Күз кіреді.

Күз:

Ерінбестен еңбек етіп келетін,

Еңбекшіге бар жемісін беретін.

Мен, мырза күз, ынтымақты еліңе,

Берекелі ырыс болып енетін.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күзгі орманды аралап, сендердің тақпақтарыңды естіп келдім. Қандай әдемісіңдер!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын күз. Сені көруге өте қуаныштымыз. Күзде табиғаттың бәрі өте әдемі, ғажайып болып тұрады. Біздің де балаларымыз әдемі киініп күзгі балға келді.

Күз: Ал қандай күзгі бал әнсіз, бисіз өтеді. Сондықтан бүгін менің күзгі орманымнан кішкентай ғана күзгі ханшайымдар келіп, сендерге күзгі би орындап береді.

Күзгі би. (алмалармен)

Жүргізуші: Біздің қыздарымыз әдемі би билеп берді. Ұлдар сендерге ұнады ма? Ал енді сендердің күзгі тақпақтарды айтуға кезектерің келді.

1 ұл бала:

Жаздағыдай балалар,

Далада көп жүрмейді.

Еңбекшілер егіннен,

Дем алуды білмейді.

2 ұл бала:

Күшігім күзде көңілсіз,

Әупілдеп көп үрмейді.

Тастап бірақ күзетін,

Тығылып үйге кірмейді.

3 ұл бала:

Ескеріп күздің суығын,

Әкем ағаш жарады.

«Жаурап қалар» балам деп,

Шешем отын жағады.

Күз: Жарайсыңдар ұлдар, рахмет сендерге. Бірақ күн салқындап аспанды, жиі бұлт торлағанға мені көңілсіз деп ойламаңдар. Сендердің ойындарыңа көрік беретіндей менің де қасиеттерім бар. Келіңдер, бірігіп ойнап көңіл көтерейік.

«Шалшықтар мен галоштар» ойны

Ойын шарты: екі бала шығады. Залдың ортасында 6 шалшық екі жұп галош тұр. Балалардың мақсаты осы галоштарды тез киіп осы шалшықтардан секіріп өтіп орнына тез жету. Ойын 2-3 рез ойнатылады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Күз, көрдің бе біздің балаларымыз қандай тез, ақылды. Олар ең жақсы балалар! Ал қазір біздің қыздарымыздың және ұлдарымыздың орындауында көңілді әнді қабыл ал.

Ән «Жомарт күз»

Күз: Керемет! Мен сендерге қатты риза болып отырмын. Расында да, сендер өте ақылды, досшыл, өнерлі балалар екенсіңдер.

Осы кезде жаңбырдың дыбысы естіледі.

Күз: Міне, менің досым, жаңбыр да келіп қалды. Балалар сендер білесіңдер ғой, күзде жиі жаңбыр жауады.

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен жаңбырмын. Табиғаттың көңіл күйі бұзылғанда, мен келіп даланың бәрін су қыламын. Ал сендер мені қорқасыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Жаңбыр: Ал жаңбырдан бізді не қорғайды?

Балалар: Қолшатыр.

Жаңбыр: Онда мен сендерге қолшатырлармен ойын ұсынамын.

Ойын: «Қолшатыр мен жаңбыр»

Ойын шарты: 5 бала ойнайды. Жерге 4 қолшатыр қойылады. Музыка ойнағанда балалар қолшатырлардың айналасында жүреді, тоқтаған кезде олар қолшатырларды алып астына тығылады. Қолшатырды алмаған бала отырады. Содан кейін бір қолшатыр алынып, ойын жалғастырылады.

Жүргізуші: Ешкім су болып қалған жоқ па? Жарайсыңдар, балалар! Ал енді біз мерекемізді жалғастырайық. Жаңбыр, біздің балаларымыз саған сен туралы ән орындайды.

Бала:

Жомарт күздің біздерге,

Берерін алып, шашпайық.

Жаңбырға да, күзге де.

Өлең айтып берейік.

Ән «Жаңбыр» (кап кап)

Күз: Рахмет, балалар. Өлеңдерің өте әдемі. Маған сондайлық ұнаған, менің ойнағым да келіп тұр.

Жүргізуші: Әрине ойнайық. Балалар, күз бізге қандай сыйлықтар әкеледі?

Балалар: Жемістер мен көкөністерді.

Жүргізуші: Дұрыс. Ал сендер қандай көкністерді білесіңдер?

Балалар жауап береді.

Жүргізуші: Онда біз сендермен қазір картоп жинайық. Маған 3 бала керек. Күз, Жаңбыр сендер де бізбен ойын ойнаңдар.

Ойын: «Картопты жина»

Ойын шарты: 4 ойнаушы шығады. Бәріне бір себеттен, бір қасықтан беріледі. Музыка ойнағанда балалар қасықпер картопты жинайды. Кім көп жинайды, сол жеңеді.

Күз бен Жаңбыр шаршап орындықтарға отырады. (балалар ойын ойнаған кезде қыздар модаға дайындалады)

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, сіздер демалып отырыңыздар. Ал біздің балаларымыз күзгі моданы көрсетеді.

Көрініс «Күзгі мода» (тақырып: жаңбыр, көкөністер, жемістер, жапырақтар)(модадан кейін қыздарға күз грамота береді)

Күз: Балаларыңыз қандай әдемі! Осындай ғажайыпты мен көрген емеспін.

Жаңбыр: Маған да өте ұнады.

Жаңбыр: Сендермен уақытты өте қызықты өткіздім. Бірақ маған қайту керек, себебі Казақстанның жерін бәрін суғару керек. Сауболыңдар, балалар!

Жүргізуші:

Мерекелі күз келді,

Берекелі күз келді.

Би билейік көңілді

Қуантайық біз де енді.

Би «Ортақ би» жапырақтармен

Күз: Ой, ой, ой, балалар, менің сиқырлы жапырағым жоғалды. Егер осы жапырақ табылмаса барлық жапырақтар сары емес, қара болып қалады.

Жүргізуші: Балалар, не істейміз? Күзге көмектесеміз бе?

Балалар: Иә.

Осы кезде алаңдаған музыка ойнайды жел келеді. Айналып, үрлеп, жапырақтарды шашып жүреді.

Жел: (бәріне үрлеп жүреді) Мен желмін қазір бәріне үрлеп суытамын. Сосын барлықтарың ауырып қаласыңдар.

Жүргізуші: Жоқ жел, Біздің балаларымыздың денсаулықтары өте мықты. Себебі біздің балаларымыз көкөністер мен жемістерді жеп, көп витаминдерді алады. Сондықтан олар ешқашан да ауырмайды.

Жел: Ал мен қатты үрлесем, сендердің балаларыңыз залдан ұшып кетеді.

Жүргізуші: Сен одан да айтшы, ағаштардың жапырақтарын неге шаштың? Залымыз кір болып қалды ғой.

Жел: Мен әрқашан олай істеймін.

Күз: Мүмкін сен менің сиқырлы жапырағымды ұрлап алған шығарсың?

Жел: Мен. Бірақ сендер оны таба алмайсыңдар, себебі мен оны жақсы тығып қойдым. Далада жерде көп жапырақтар жатыр. Солардың арасына тығып қойдым.

Жүргізуші: Мүмкін біз айырбастап аламыз ба?

Жел: Ал сендерде не бар?

Жүргізуші: Бізде көп нәрсе бар: өнер, білім, тәртіп бар. Бірақ алдымен залымызды жинап алайық. Мүмкін осы жапырақтардың арасында жоғалған сиқырлы жапырағымыз да жатыр.

Ойын «Жапырақтарды жина»

Ойын шарты: Екі жұп шығады. Әр командаға себет беріледі. Музыкамен балалар жапырақтарды жинайды.

Күз: Балалар, сиқырлы жапырағымды көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: Жоқ.

Жел: Мен оны жақсылап тығып қойдым. Ал сендер маған қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?

Жүргізуші: Біздің балаларымыз саған тақпақтарды айтып береді.

Бала:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Бала:

Мейірлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ қарай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Бала:

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр, сыбдыр түседі.

Жел: Балаларыңыз өнерлі екен. Жарайды сендерге жапырақты берейін. Сендер өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мені кешіріңдер балалар! (Жел жапырақты Күзге береді)

Күз: Балалар мен сендерге өте ризамын! Рахмет!

Жүргізуші: Ал енді біз күзгі балды жалғастырайық, күзгі вальс билеуге шақырайық!

Би «Вальс»

Жел: Билерің қандай әдемі. Мен өте қуаныштымын.

Күз: Ал мен сендерге сыйлықтарды әкелдім. (себетті алады, бірақ себетте колдан жасалған жемістер жатыр екен)

Күз:

Жапырағым сиқырлы

Сиқырлайды алманы! (үш рет айтады)

Күз оны жапырақпен сиқырлап нағыз алмаларды шығарады. (бәріне таратады)

Жүргізуші:

Күз келіпті дегенше,

Мереке болсын дегейсің,

Қонаққа келіп тұратын,

Көрермендер көбейсін!

Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Рахмет. Сауболыңдар!

22 Қараша 2018
2621
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі