- Балалар ал, енді
орындарымызға ыңғайланып отырып, мен 1,2,3 дегенде көзімізді жұмып
/жәй әуен ойналады/, көз алдымызға қай жыл мезгілінің
ерекшеліктерін сипаттап тұрғанымды елестететін
боласыңдар.
Кане,
1,2,3
Көзімізді біз
жұмамыз.
Табиғаты өте сұлу, айнала
сап-сары алтындай түрлі-түсті қызғылт-сары түске боялған ағаштардың
жапырақтары желмен ұшып, жерге түсіп жатыр, күн суық, жиі жаңбыр
жаууда, жаңбыр жауған сайын қолымызға қолшатыр ұстап, үстерімізге
жылы киимдерімізді киіп алдық, құстар болса жылы жаққа ұшып барады,
жемістер мен көкөністер пісіп оны үлкендер
жинастыруда.
Балалар енді осы сезіммен
терең дем алып, 1,2,3 дегенде көзімізді ашамыз.
- Балалар айтыңыздаршы мен
қай жыл мезгілін сипаттадым.
Дұрыс айтасыздар балалар,
қазір жылдың күз мезгілі екен.
- Күз мезгілі қандай
айлардан тұрады?
- Аптада неше күн
болады?
- Жарайсыңдар балалар, өте
тамаша!
- Балалар біздер осы күз
мезгілінің ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін күзгі баққа
автобуспен саяхатқа барамыз ба?
Ендеше бойымызды сергітіп
алайық!
Сергіту
сәті
Енді автобусқа
отырамыз. /әуенмен көліктің дыбысы қосылады/
Міне күзгі баққа да келіп
жеттік, автобустан түсейік.
Ой балалар, қараңдаршы
күзгі бақтың қақпасы жабық тұр екен. Енді күздің табиғатын қалай
тамашалайтын болдық!
Осы кезде Күз ханшайымы
келеді.
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіңдерме балалар!
Менің күзгі бағыма қош
келдіңдер! Мен осы бақтың ханшайымы боламын.
Балалар сендер менің күзгі
бағымды тамашалауға келген шығарсыңдар? Солай ма? Күзгі бақтың
табиғаты өте әдемі, сиқырлы ғажайыптарға толы!
Алдымен сендер менің
тапсырмаларымды орындасаңдар ғана мен күзгі бағымды көрсететін
боламын. Келісесіңдерме?
Қәне балалар Күз
ханшайымының тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба?
Күз
ханшайымы:
Олай болса балалар менің
алтын жапырақтарымда түрлі тапсырмалар бар, мен сол тапсырмалар
арқылы сендердің білімдеріңді байқап көрейін.
Балалар алтын
жапырағымның
1-
тапсырмасы күз туралы тақпақ
білесіздерме?
2- тапсырмамда
жұмбақ жасырылған екен, мен оқиын сендер шешуін
табыңыздар.
Жазда жап-жасыл боп
жоғарыда тұрады,
Күзде сап-сары боп жерге
қонады.
Жесең
ащы,
Көзіңнен шығарар
жасты.
Аласа ғана бойы
бар,
Қабат-қабат тоны
бар
Жарайсыңдар балалар сендер
менің жұмбағымның шешуін таптыңыздар.
Күз ханшайымы біздің
балалар сіздің келесі тапсырмаңызды орындауға
дайын.
3-
тапсырма
"Менің көлеңкемді тап!"
ойыны
Шарты: Балаларға жемістер мен
көкөністердің суреттері көрсетіледі. Сол суретте көрсетілген
жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табу керек және оның түсін,
пішінін және ол жеміске немесе көкөніске жататынын ажыратып айту
керек. /мысалы: қызанақ - помидор, түсі қызыл, пішіні дөңгелек,
көкөніске жатады/
Жарайсыңдар балалар! Алтын
жапырағымның келесі тапсырмасы қандай екенін байқап
көрейік.
4-
тапсырма
"Төртіншісі артық"
ойыны
Шарты: Балаларға суреттер ұсынылады. Үш
суреттің арасында мағыналық байланыс болады, ал төртінші сурет
артық. Мысалы: Алма, алмұрт, жүзім, қарындаш. Артық зат қарындаш,
өйткені ол оқу құралына жатады. Ал қалғандары
жемістер.
Балалар берілген суретте
қайсысы артық екенін тауып көрсетеді.
Күз
ханшайымы: Балалар сендер білімді, ақылды балалар екенсіңдер! Менің
тапсырмаларыма өте тамаша жауап бердіңіздер.
Мен сендерді күзгі
бағымның әдемі көрінісін тамашалауға шақырамын.
Балалар қараңдаршы,күзгі
бақ өте әдемі екен.Бірақ жапырақтар шашылып жатыр екен.Енді біз Күз
ханшайымына көмек көрсетіп,жапырақтарды жинайық!
Күз
ханшайымы: Рақмет балалар,
Балалар күзгі бақтан
жинаған жапырақтарымыздан Күз ханшайымына сыйлық жасап берсек
қайтеді. /жәймен әуен ойнап тұрады/
Күз ханшайымы балалармен
бірге "Күзгі жаңбыр" саусақ жаттығуын
қимыл-қозғалысымызды
ширату арқылы жасайық. /күзгі жаңбырдың дыбысын
салу/
"жел
көтерілді" алақанды ысқылату.
"жаңбыр тамшылай
бастады" саусақтарын шықылдатады.
"қатты найзағай
жарқылдады" кеуделерін ұрады.
"жаңбыр нөсерлеп
жауды" тізелерін соғады.
Күз ханшайымы балалар
өздерінің әдемілеп жапсырған бейнесін сізге сыйға тартады, қабыл
алыңыз.
Күз
ханшайымы: Балалар сендерге рахмет, жарайсыңдар. Сендердің
білімдеріңді көріп, көңілім көтеріліп қалды. Әрқашанда тәртіпті,
ақылды болыңдар.Сендергеде менің сыйым бар қабыл
алыңдар!
Балалар біздің
балабақшамызға кететін уақытымыз болды. Күз ханшайымы сізге көп
рахмет! Сіздің арқаңызда біздің балалар күз туралы көп мағлұмат
алды. Сау болыңыз! Балалар автобусқа отырайық
//әуенмен
көліктің дыбысы қосылады/. Балабақшаға жеткен сияқтымыз, қәне
автобустан түсіп, орындықтарымызға отырайық.
|