Материалдар / "Күзгі баққа саяхат" педагогтерге арналған тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күзгі баққа саяхат" педагогтерге арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтерді сауықтыру,көңіл-күйін көтеру,эмоциялық қысымды түсіруге бағытталған тренинг жаттығулар мен психологиялық ойындар жинағы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2018
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

03.11.2017 ж.

Тақырыбы: «Күзгі баққа саяхат»

Мақсаты: Топпен әрекет ете отырып, психологиялық қысымды босаңсыту,психологиялық тұрғыдан сауықтыру,көңіл- күйлерін көтеру.

Тренинг барысы: - Сәлематсыздар ма,құрметті әріптестер!Сіздерге балабақшамыздағы семинарды көру үшін ұзақ жол жүріп, сонымен қатар оқу қызметтеріне қатысып сал шаршағандарыңызды басу үшін «Күзгі баққа саяхат»тренингіне қатысуға ортаға шеңбер бойына шақырамын!

Көздерімізді жұмып күзгі бақты елестетейік. Күздің салқын самалы алдымыздан есіп,баяу жел соғып, сыбдырлап жапырақтар судырап жерге төгілуде.Көзімізді ашайық.

Жапырақ кімде?” жаттығуы

Мақсаты: Шапшаң ойластыра отырып, өздерін таныстыру.

Шарты: Психолог шеңбер ортасында тұрып: -Өз есімін,сол есімінің 1-әріпіне сәйкес сүйікті тағамы мен қала немесе ауыл атын тауып айту керек екенін түсіндіріп,өзі бастап береді.

Менің есімім ..........

.......... өмір сүремін


Мысалы: Мен –Үрзиямын

Үмітпен өмір сүремін.


Талдау: Жаттығу ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл жаттығу туралы пікіріңіз қандай?


«Ғажайып ағаш» психологиялық ойын

Мақсаты: Қиялын шарықтата отырып,өз таңдауын жасап,көп ішінен біреуін таңдауға

үйрету.

Шарты:Елестетіңіз, күн шайдай ашық, сіз көгалда серуендеп келе жатсыз. Ауа райы керемет, самал жел бетіңізден өбіп келеді. Бір кезде алдыңыздан бірнеше жеміс бір өзінде өсетін ағаш шықты. Бұл – арман ағашы. Көзіңізді жұмып, ішіңізден біреуін ғана таңдаңыз. Енді қай жемісті алатыныңызды ойлаңыз.

Өрік,алма,шие,шабдалы,таңқурай,банан,құлпынай,лимон,грейпфрут,киви,жүзім,

ананас,қараөрік,алмұрт.


Талдау: Ойын ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл ойын туралы пікіріңіз қандай?


«Жеміс салаты» жаттығуы

Мақсаты: Музыка ырғағын сезіне отырып,психолог көрсеткен сан бойынша жұптар құрып шеңбер бойымен жай қимылмен билеу арқылы психологиялық қысымды түсіру.

Шарты:Жоғарыда таңдаған жемістерінің қай вазаға салынғанын слайдтан қарап 3 шеңбер құрады да психолог музыка әуенін қосады да арасында қолында ұстап тұрған ифр бойынша шапшаң шеңбер құрып би ырғағымен әрі қарай билейді.Ойын сойында психолог «1» санын көрсетіп барлығын бір шеңберге жинап, билетіп аяқтайды.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл жаттығу туралы пікіріңіз қандай?


«Таңдаған жемісім» психологиялық ойын

Мақсаты: Жемісті таңдай отырып,өз мінез-ө-құлқы туралы мәлімет алу,көңіл-күйін

көтеру.

Шарты:14 жеміс ішінен біреуін таңдау тапсырылады.

Әр адамның асқа қатысты талғамында өзіне ғана сай ерекшеліктер болады. Біреу ащы тағамды ұнатса, басқалары тәттіге құмар болады. Сол сияқты жеміс-жидек арасындағы таңдауымыз да әртүрлі. Талғамның түрлілігі мінезіңізді сипаттай алатындығын білесіз бе? Сіз жайлы сүйікті жемісіңіз сыр шерте алады.

Өрік
Еліміздің оңтүстік өңірінде көп өсетін өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.

Алма
Түрлі жемістер арасында қарапайым алманы таңдайтын жанды дәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық да жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап қалатын жағдайлар да кездеседі.

Шие
Жазда қатты күтетін жидек – шиені жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.

Шабдалы
Әзілді жақсы көретін, әркез көңілді жандардың көбісі сүйікті жемісі ретінде шабдалыны атайды. Олар достарының, таныстарының арасында уақыт өткізгенді ұнатады. Сізді өте ақылды жан деуге болады, алайда қиындықтар алдында кей кездері қорқып қалатыныңыз да бар.

Таңқурай
Таңқурай жидегін таңдайтындар басқаларға қарағанда, өзінің қамын ойлайды. Есесіне мұндай адам өз істеріне жауапты болып, өз істерін әр уақыт реттеп жүреді.

Банан
Тропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді келеді. Бір қызығы сізді көпшілік тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздың орындалуына кейде жалқаулық ұстаса кедергі келтіруі мүмкін.

Құлпынай
Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.

Лимон
Лимонды жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен.


Грейпфрут
Елімізде аса танымалдыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.

Киви
Жасыл қышқыл жеміс түрін сүйіктім деп айта алатындарды уайымшыл деуге болады. Олар ертеңгі күніне аса үміт артпайды, жиі жағдайда қолын қусырып отырады. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, уайым-қайғыны артта қалдыру керек.

Жүзім
Жүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек. 

Ананас
Экзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие.

Қараөрік
Қараөрік – өте дәмді әрі пайдалы жеміс. Алайда психолог мамандар бұл жидекті таңдайтындарды көңілсіз жандар деп сипаттайды. Өміріңізге шағым айтқанды қойып, өкпеден арылып, кішкене демалған сізге пайдалы.

Алмұрт
Шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды. 

Талдау: Ойын ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл ойын туралы пікіріңіз қандай?


«Жауынды дала» жаттығуы

Мақсаты:психологиялық сергіту.

-Жауынның тосыннан қалай басталатынын білесіңіздер ме?

(Қатысушылар жауабы)

-Ендеше менің қимылымды үнсіз тізбек бойынша қайталауларыңызды сұраймын.

-Жел тұрды да жапырақтар сылдырап түсе бастады. (Алақанын үйкеу )

-Жаңбыр тамшылары жауа бастады. (Аяқты кезектестіре жерге соғу)

-Жаңбыр толассыз жауа бастады. (Аяқты бірге жерге соғу)

- Жаңбыр бәсеңси бастады. (Аяқты кезектестіре жерге соғу)

-Жаңбыр тамшылап жауып тұр. (Саусақты шықылдату)

- Жаңбыр тоқтады,жел соғып,жапырақтар судырап түсті. (Алақанын үйкеу )

-Жарқырап күн шықты.(Екі қолды жоғары көтеру.)

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл жаттығу туралы пікіріңіз қандай?


«Кемпірқосақ үстінде» жаттығуы:

Мақсаты: Терең тыныс алып,тыныс шығару арқылы психологиялық қысымды жеңілдету,көңіл-күйін көтеру.

Шарты: Қатысушылар орындарынан тұрып,көздерін жұмып,демдерін жай ішке тарта отырып кемпірқосақ үстіне мініп бара жатқанын елестетеді,енді жаймен төбеден шанамен сырғанап түскендей жеңіл тыныс шығарады.

Талдау: Жаттығу ұнады ма?

Қандай қиындық болды?

Бұл жаттығу туралы пікіріңіз қандай?


Психологиялық ойын: «Өмір-өзен»

Мақсаты: Ойын арқылы көңіл-күйін көтеру.





.Психологиялық ойын: «Орманға саяхат»

Сіз қандай адамсыз, қалай өмір сүріп жатырсыз, өмірге көңіліңіз тола ма... Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз.

Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:

1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)

2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)

3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)

4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)

5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін)

6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың торабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)

7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған малтау көлшігі кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)

8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бүл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүреді, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)

9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)

10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)

11. Сандыққа жақын жерден гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сізше оны неден салған?(Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)

12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көресіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)

13. Арғымақ не істеп тұр? (Тынш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)

14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?

  • Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

  • Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

  • Арғымаққа міне қашамын.

Жауап:

1. Есік.

Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен екелісе отырып шешуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.

Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.

2. Үстел.

Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.

Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.

Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.

3. Құмырадағы су.

Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.

Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.

Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.

4. Құмыраның материялы.

Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.

Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.

5. Кілт.

Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.

Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.

Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.

6. Қала қорғаны.

Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.

Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.

7. Лас көлшіктегі асыл тас.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік жарыңыз қасыңызда болса да, сіз басқаларға қырындайсыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз қасыңызда болса, сіз тек осы адаммен бірге боласыз.

8. Мөлдір көлшіктегі ақшалар.

Алған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса, сіз маңайдағыларыңызбен жақсы боласыз.

Алмаған болсаңыз: сіздің өмірлік қосағыңыз сіздің қасыңызда болмаса да, сіз оған мәңгі адалсыз.

9. Сандықтың үлкен-кішілігі.

Кішкене: жауапкерсіз.

Орташа: орта мөлшерде жауапкершілік бар.

Үлкен: жауапкершілігі күшті.

10. Сандықтың материалы.

Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз.

Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.

11. Көпірдің материалы.

Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.

Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.

Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.

12. Аттың түсі.

Ақбоз ат: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде кіршіксіз әрі ардақты.

Күрең арғымақ: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде әдеттегідей ғана.

Қара тұлпар: сіздің қосағыңыз сіздің жүрегіңізде тым жақсы емес тіпті жаман болу мүмкін.

13. Аттың қимылы.

Тыныш тұрған не жайылып тұрғанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз үйдің қамын жейтін кішіпейіл адам.

Шапқылағанды таңдаған болса: сіздің қосағыңыз тұрпайы адам.

14. Ең соңғы әрі ең маңызды сұрақ, иә, әңгіменің аяғы боран соққанға келді, сол жағдайға не істедіңіз:

  • Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.

  • Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.

  • Арғымаққа міне қашу.

Қазір біз бұл заттардың нені бейнелейтініне қарайық:

Соққан құйынсіздің өміріңіздегі қиыншылық.

Сандық: өзіңіз

Көпір: досыңыз

Жылқы: өмірлік қосағыңыз.

Сандыққа тығылу: қандай қиыншылыққа кездессеңіз де жалғыз өзіңіз қарсы тұрасыз.

Көпірдің астына бару: мейлі қандай уақытта қандай қиншылыққа жолықсаңыз да достарыңызбен бірге шешесіз.

Тұлпарды таңдаған болсаңыз: қандай қиыншылық, боран-шашынды күнде де өмірлік қосағыңызбен бірге өткізесіз.

Тәлімдік көрсетілім көрсету.

«Жүректен жүрекке» жаттығуы

Мақсаты: Тренингке қатысушылар біріне- біріне жапырақты жалғастыра тілек тілеп қоштасады.

Қорыту. Ф.Шопеннің «Күз» шығармасын видеокөрсетілімін қосып шеңбер бойымен жақсы тілектер тілеп тренингті аяқтау.
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!