Материалдар / "Күзгі орман" ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Күзгі орман" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Күз мезгілінің құбылыстары мен күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың күзгі өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2022
1220
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күзгі орман» ертегісі.

«Құлыншақ» ортаңғы тобына арналған мерекелік ертеңгілік

Мақсаты: Күз мезгілінің құбылыстары мен күзгі табиғаттың ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың күзгі өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Кейіпкерлер:

Күз Ару.

Қоян.

Аю.

Кірпі.

Қолданылатын көрнекіліктер:

Орман бейнесі. Талдар, шыршалар. Қағаздан жасалған күзгі жапырақтар. Қоянға ақ түсті тон. Себеттер, қолдан жасалған саңырауқұлақтар.Шырша бүрлері. Алма жемісі.

Балалар, музыка әуенімен залға кіріп өз орындарына отырады. Залдың іші орман бейнесімен безендірілген.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті қонақтар! Молшылыққа толы, берекелі Алтын күз мерекесі құтты болсын! «Құлыншақ» ортаңғы тобының «Берекелі Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кездескен соң күзімен

Бұтағынан үзілген

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

- Міне, балалар табиғаттың бізге берер байлығымен, берекесін, мерекесін сыйлайтын алтын күзіміз де келіпті. Балалар олай болса, ортаға Күз Аруын шақырайық!

(балалар Күз Аруын шақырады. Музыка әуенімен Күз Аруы кіріп, балалармен амандасады.)

Күз Аруы: - Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Молшылыққа толы,берекелі «Күзгі ертегі» мерекесі баршамызға құтты болсын! Менің әсем көрікті күзгі бағыма қош келдіңіздер!

Жүргізуші:- Рахмет Күз Аруы,төрлетіңіз.Балалардың тақпақтарын,өнерлерін сағынған шығарсыз.

Күз Аруы- Әрине сағындым,қанекей кім маған тақпақтарын айтып береді?

(балалар ортаға біртіндеп шығып тақпақтарын айтады.)





1 бала:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

2бала:

Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

3 бала:

Ой, алақай , тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап

4 бала:

Қуандырып біздерді ,

Берекелі күз келді.

Кел ,жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

5 бала:

Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

6 бала:

Күздің қазан айында

Алма ,алмұрт піседі

Ағаштардан жапырақ

Сыбдыр-сыбдыр түседі

Жүргізуші:

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

Ән:«Алтын күз»

Күз Аруы:- Балалар, олай болса, менімен бір ойын ойнап жіберуге қалай қарайсыңдар. Мен айналадағы жапырақтардың барлығын түрлі-түсті бояуыммен бояп қойғанымды көрген шығарсыңдар, қараңдаршы ал сендер маған жапырақтарымды түсімен жинап беруге көмектесіңдерші. Ойын: «Жапырақтарды түсімен жинау» Жүргізуші:

Жапырақты көтереміз

Тербелтеміз бәріміз.

Солға, оңға тербелтіп

Дөңгеленіп билейміз.

Би «Бұлттар» қыздар

Күз Аруы:- Жарайсыңдар балақайлар! Ойынды көңілді, жақсы ойнадыңдар. Балалар айтыңдаршы сендер ертегіні тыңдағанды, көргенді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: - Ия!

Күз Аруы: - Олай болса, мен сендерге «Күзгі орман» ертегісін ала келдім. Себебі бұл орманда біздің достарымыз өмір сүреді. Ал, сендер ормандағы қандай аңдарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы. Қоян, түлкі, аю, қасқыр, тиін.)

Күз Аруы:- Олай болса, сендер осы орманда дәл қазір не болып жатқанын білгілерің келеме?

Көзімізді жұмамыз

Орманды еске аламыз.

-Балалар бір дыбыстар естілетін сияқты. Мүмкін біздерді бір ғажайыптар күтіп тұрған шығар. Олай болса, қанекей кім екен олар, көрейікші.

(Музыка орындалады, талдардың арасынан қоян секіріп шығады.)

Қоян:- Ой, мен сондай шаршадым, жаурадым, тоңдым. Міне күз мезгіліде келді, күн суыта бастады. Менің мұрным, құлағым, құйрығым тоңды. Орманда енді суық басталды. Енді қайда барамын. Қайда барып жылынамын. АПЧХИ!!!!!!

Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Қоян досым! Неге сондай көңілсізсің? Қайда баражатырсың?

Қоян:- Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Менің үстімдегі сұр тонымды өзгертуім керек еді, қайдан өзгертемін білмеймін. Қыста сұр тоныммен жүре алмаймын, себебі түлкі ақ аққардың үстінде біліп қояды ғой.

Күз Аруы:- Қоян сен уайымдама, саған көмектесемін! Ұзын құлақ сұр қоян міне саған ақ тон, киіп ал. Және балаларға көрсете ғой

Ойын ән: «Сұр қоян »

Жүргізуші: Балалар сендер білесіңдерме Қоянның сүйіктк тамағы не екен?

Балалар: Сәбіз

Күз ару: ендеше қоянға сәбіз жинап берейік.

Ойын: «Сәбізді жинау»

(Қоян үстіне ақ тонды киіп би-билеп қуанады)

Қоян:- Рахмет!!! Рахмет!!! Күз Аруы!!! Денем енді жылынды. Енді ақ қардың үстінде де секіріп жүріп ойнаймын. Және қардың үстінде жүрсемде білінбеймін, түлкі мені аңғармайтын болады. ОЙ! ОЙ!

(Қоян жүгіріп шығып кетеді. Осы кезде Аю келеді)

Аю:-Мен маймақ аяқ аюмын! Мен орманда жүремін. Және бар даусыммен айғайлаймын!!! Менім апаным қайда? Жолды таппай қалдым ғой!

Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Аю досым, Не болды саған?

Аю: - Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Күз Аруы маған көмек беріңізші. Мен апанымды таппай жүрмін, енді күн суытты ұйықтауым керек.

Күз Аруы: Аюжан сен бірінші біздің балалар ойын ойна содан кейін саған жол көрсетеміз.

Ойын «Аю»

Күз Аруы:- Сен мына жолмен бара ғой! Сол жерде сенің апаның бар. Үлкен шырша ағашының түбінде сенің жаңа үйің бар!

Аю:- Рахмет саған Күз Аруы! Мен енді тыныш ұйықтайтын болдым. Саусығымды сорып, түсімде тәтті балды көріп жатамын. Көктем мезгілі келгенде сол кезде оянамын.

(Аю кетеді. Кірпі келеді)

Кірпі:- Мен тікенек кірпімін. Тікендерім шыршаға ұқсайды. Маған күз мезгілі мүлдем қорқынышты емес. Күз мезгілінде менің жұмыстарым көп.

Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Кірпіжан! Не істеп жүрсің?

Кірпі:- Мен өзімнің тікенек киіміме жапырақтарды іліп және саңырауқұлақтарды жинап жүрмін. Қыс мезгіліне азық жинаймын. Себебі мен қыс мезгілінде далаға шықпаймын, мына азықтарымды жеп жатамын.

Күз Аруы:- Ия, кірпі өз тірлігімен жүр екенғой. Қыс мезгіліне дайындалып азықтарын жинап жүр екен. Жарайсың кірпі! Олай болса сенің саңырауқұлақтарың би билеп берсін.

Би «Саңырауқұлақтар» ұлдар

Кірпі: Менің саңырауқұлақтарым өнерлі екен. Сау болыңдар балалар.

Күз Аруы:- Ал, балалар көрдіңдер ме, сендердің ормандағы достарың орманда қалай өмір сүріп жатқанын және күз мезгілінде қысқы азықтарын қалай дайындап жатқанын. Өте қызықты екен. Сендерге ертегі ұнадыма?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Алтын күз саған көп рақмет. Біздің көңіл күйімізді көтеріп тастадың. Балаларымыздың әсем әнін қабыл ал.

Ән:«Алтын күз»

Алтын Күз: Балалар сендерге көп көп рақмет! Мен де сендерге құр қол келген жоқпын. Себет толы мол өнімнен ала келдім.

Аман-есен болыңдар,

Еңбек етіп, күліп ойнап.

Әрқашанда көңілді болып жүріңдер. - Керемет сендердің өнерлеріңді көріп өте риза болдым. Енді көріскенше сау болыңдар балалар!!!

Жүргізуші:

- Күзгі бақтағы қонақтар,

Айналайын балалар.

Мерекеміз бүгінгі,

Естен кетпес күн болар- Құрметті қонақтар, осымен «Берекелі Жомарт күз» мерекеміз аяқталып келеді. Сау болыңдар, балақайлар!!!!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!