«Күзгі орман патшалығы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Күзгі орман патшалығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері
Материалдың қысқаша нұсқасы


63 «Әсем -Ай» балабақшасы «Ақбұлақ» және «Алпамыс» шағын орталығы

тәрбиешісі: Тажибаева Бота Каиржановна




Тақырыбы: «Күзгі орман патшалығы»

Білім саласы: Қатынас, шығармашылық.

Бөлімдері: Тіл дамыту, аспаздық, сурет.

Қолданылатын орталықтар: Көркем әдебиет, Өнер, аспаздық орталығы.

Іс әрекет тақырыбы: «Күзгі орман патшалығы»

Білілмділік мақсаты: Балаларға, күз мезгілі жайлы түсінік беру. Балаларды сөйлем құрауға дағдыландыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, есте сақтау қаблеттерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Баллардың ой – өрісін, сөздік қорын, көкеністермен жемістерді ажырата алуға дағдыландыру

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа , «Күзгі орман патшалығы» атты ересек тобына арналған мерекелік сценарий.
Қатысушылар: Күз ханшайымы, Орманшы атай, Жауын – шашын, Жел,

Тиіндер, Көкөністер, Жемістер.
П. И. Чайкосвкийдің «Баркаролла» әуенімен балалар залға кіреді.
Орындалатыны: би (1), ән (3), ойын (3).
Салтанатты әуен ойналады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, және кішкене бөбектер!
Табиғаттың әсем мезгілі «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзбенен,

Бұтағынан үзілген!
Ай жапырақ, сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді
Мерекелі күз келді,
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Ән:

Бүгінгі біздің мерекемізге қонақ келе жатқан сияқты балалар.

Музыка ойналып әдемі әуенмен залға Күз ханшайымы кіреді.

Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымын қарсы алайық.
Жиын - теріп болатын.
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Күз ханшасы: Өте дұрыс айтасыңдар мен күзбін.
Сәл нәрсеге ренжіп, қабағымды түйіп қаламын кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды төгіп - төгіп жіберемін. Әйтседе менің жомарттығым мен ақ көңілділігім үшін мені барлығы да ұнатады.
Жүргізуші: Иә біз сізді байлық пен молшылықтың белгісі «Алтын күз» деп білеміз. Төрлетіңіз! /Күз ханшасы төрге отырады/

Күз: Амансыңдар ма, балалар! Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

Жүргізуші:

Көбейді құт – береке
Астық толы қойнымыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

Балалардың тақпақтарын тыңдаңыз:

1 бала:
Жомарт көңіл, жарқын күз,
Берекесі халқымның.
Қош келіпсің, алтын күз,
Құт қонағы төрімнің
2 бала:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырлап.
3 бала:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

4 бала:
Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

5 бала:

Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз – 
Сәбіздерміз жазықсыз.

6 бала:
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар.

7 бала:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

8 бала:
Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.

9 бала:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

10 бала:
Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз.

11 бала:
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған - 
Балдай тәтті қауынмын.

Ойын «Қай жемістің дәмі?»

12 бала:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Күз: Таңертең орман ішін аралап жүрсем, құстар маған «Балауса» балабақшасының балалары мені қонаққа күтіп отыр деп жеткізді. Балалар, барлықтарын қандай әдемі болып отырсыңдар, залды да әдемі безендіріп қойыпсыңдар. Маған өте ұнайды.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балаларымыз Сізге арнап өз өнерлерін көрсеткісі келіп, тақпақтарын айтқысы келеді.
(ортаға 3 бала шығады)
13 бала:

О, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып – ап.
14 бала: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
15 бала: Күзгі жел болса айнала,
Жапырақтар шулайды,
Жерге түсе бастайды.

Күз: Біз сендермен қосыла
Жапырақтар жинаймыз.
Жапырақтармен бірге,
Би билеп, ән саламыз.
Ән

Ойын
16 бала:
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.

17 бала:
Көрініп еліме,
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Желдің әуені естіледі, залға жел кіреді.
Жел: Мен - Күзгі желмін. Бұлттарды көшіріп, жапырақтарды алысқа ұшырамын. (Осы сөздерді айтқанда Жел залдың ортасына жапырақтарды шашады).
Күз: Жел, жел, сен асықпа. Бұлттарды көшірдің, жапырақтарды да алысқа ұшырдың.
Кішкене тынышталып, бізбен бірге мерекені тойла.
Жел: Сендермен көңіл көтеруге уақытым жоқ, басқа да балалар мені күтіп отыр. (Жел тағы да бір айналып залдан шығады).
Күз: Әне, Жел де барлық жапырақтарын шашып ұшып кетті. Енді мына жапырақтарды қалай жинаймын?
Балалар: Мұңайма, Күз ханшайымы. Біз саған көмектесеміз.
Қыздар залдағы жатқан екі жапырақтан алады.
Жапырақтармен би орындалады.

Ойын: «Дәмінен таны»
Күз: Рахмет, балалар, сендер маған жапырақтарды жинауға көмектестіңдер, және би билеп көңілімді көтердіңдер.

Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз мектепке баратын,
Алақай-ау, күн жақын.

Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді

Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.


Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді

Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеліп төкті де.
Ақ нанды үйіп тастады

Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.


Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ.


Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - ЖАҢҒАҚ.


Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК.


Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты – ШАБДАЛЫ


Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - ШИЕ.


Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ.


Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме – 
Ісіп кетер маңдайым.


Тіл үйірген алмұрпын,
Таңсығымын бар жұрттың,
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.

(Есіктің ар жағынан: «Апчхи! Апчхи!» деп біреу түшкіреді).
Жүргізуші: Балалар, тоңып қалдыңдар ма?! Ай - яй - яй, не істеуге болады? (Хроматикалық гаммасы төмен) әуенмен Жауын - шашын кіріп билейді, айналады.
Жауын – шашын: Күз, сен осындасың ба? Саған орманда жүр деп айттым ғой! Ал сен болсаң, көңіл көтеруге, күліп - ойнауға балаларға келген екенсің ғой.

Ата – аналарға метограмма:
Қ-дан мені бастасаң,
Ж-ға айырбастасаң,
(Қауын-жауын)
Екінші де нәріңмін.
Қосылғанда екеуі, 
Көкөніс боп табылдым.
(Шал-қан)
Би «Қара жорға». Балалар ата-аналарына дайындаған ашық хаттарын табыстап, биге шақырады.
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Келгенше жыл айналып.
















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
617
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі