Тақырыбы : «Күзгі орманға
саяхат»
Мақсаты: орманға саяхат арқылы, күз мезгіліне тән ерекшеліктерді,
орман тұрғындары туралы түсініктерін пысықтау. Көркем сөз арқылы
тілдік құзіреттіліктерін , әнді музыка әуенімен ілесіп айту
қабілеттерін дамыту. Мерекелік ертеңгілікте әдеп сақтауға, ойын
талаптарын сақтап ойнауға, айтылған ережені орындауға, жануарларға,
табиғатқа қамқор болуға
тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен
көрнекіліктер: күзгі орман тақырыбындағы слайд, алма муляжы, күзгі
жапырақтар, қолшатыр, жаңғақ, жеміс-жидек
атрибуттары.
Киіпкерлер: күз ханшайымы-Асанова
М.С.
Аю-Хамиева
Ә.С.
Ертеңгілік
барысы:
1.( Балалар залға кіреді,
баяу табиғат дыбысы қосылып
тұрады.)
Күз
ханшайымы: балалар, мен сіздерді күзгі
орманға алып келдім. Балалар айналаға қараңдаршы
орманға не болған?
Балалар: орманда жапырақтар шашылып
жатыр.
Күз
ханшайымы: балалар бұл жер менің мекенім.
Естіп тұрсыздар ма, мұнда меннен басқа құстарда, жануарларда мекен
етеді. Қазір күн суытып, ағаштарымның жапырақтары сары алтындай
қурап жатыр. Маған жапырақтарды жинастыруға көмектесесіңдер ме?
Балалар осы жапырақтармен би билеп
берейік.
2.Би: «Жапырақтар» (күзгі
вальс әніне)
Күз
ханшайымы: балалар орманда қандай
жануарлар тұратынын білесіздер ме?
Балалар: қоян, қасқыр, аю,
түлкі.
Күз ханшайымы: өте тамаша!
Қоян қалай секіреді..., Аю қалай жүреді...
Сіздер бәрін біледі екенсіздер
ғой, ал ән айту білесіздер ме?
3.Ән: «Күз
тамаша»
Күз
ханшайымы: балалар зер салып қарайықшы,
алыста қорбандап біреу келеді, бұл кім болды екен, бізге қарай
жақындап келеді.
4.(Музыка әуенімен қолында
себеті бар аю келеді)
Аю: сәлеметсіздер ме балалар! Қош
келдіңдер орманға. Көріп тұрғандарыңыздай орманға күзде келіп
жетті. Мен қысқа азық жинап үлгермедім, енді не істесем
екен?
Күз
ханшайымы: аю аю уайымдама, оданда
балаларға орманды аралатайық, жол жөнекей қазір балалар сізге азық
жинап береді.
Аю: балалар ойын ойнап барайық.
Ойын «Аюдың қарағайлы орманында» деп аталады.(шарты шеңберге тұрып,
қимыл-қозғалыс арқылы көркем сөз қайталап, жаңғақты себетке
жинау)
5.Ойын «Аюдың қарағайлы
орманында»
Ормандағы
аюдың,
Жаңғақтары көп
екен.
Теріп теріп
алайық,
Себетімізге
салайық.
6.(Жауып тұрған жаңбыр
дыбысы естіледі)
Күз
ханшайымы: балалар орманда жаңбыр жауа
бастады, қолымызға қолшатырымызды алайық.
7.Би:
«Қолшатыр»
Аю: балалар серуендеп жүріп маған
қысқа азық жинауды ұмытып кетпеңіздер.
күз
ханшайымы: аю сен бізбен ойын ойна,
біздің балалардың саған берер сыйлығы бар.
8. Танымдық ойын: «Алма кетті
домалап»
Шарты:
шеңберде тұрып, алманы кезекпен айналдыра
отырып, көркем сөз аяқталғанда алма кімнің қолында қалса, сол бізге
тақпақ айтып беретін
болады.
Алма кетті
домалап,
Көше бойын
жағалап.
Кім алманы
табады,
Сол ойыннан
шығады.
(Балалар тақпақтарын ойын
арқылы айтады, алманы аюға сыйға
тартады)
-
А.
Айару. Жапырақ
түсті,
Суықта
түсті.
Сондада
бізге,
Қызық көп
күзде.
-
Нұралы. Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Аузындамын бар
жұрттың.
-
Әмина. Мен жүзіммін,
жүзіммін,
Моншақ болып
тізілдім.
-
Муслим. Мен алмамын,
алмамын,
Тәтті менің бар
дәмім.
-
Ақбота. Мен шиемін,
шиемін,
Күннің көзін
сүйемін.
-
Аянат. Күрең қызыл
шіркін-ай,
Оның аты
құлпынай.
-
Нұрберген. Болсада
ащы,
Дәмді етер
асты.
-
Раяна. Өсіретін
бойыңды,
Өсіретін
ойыңды.
Қоянғада
азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
-
Аяжан. Картоп-біздің
атамыз,
Жер астында
жатамыз.
-
И.Айару. Кірпігіңмен
қасың,
Тырнағыңмен
шашын.
Берік болсын
десең,
Қияр болсын
асың.
-
С.Дария. Бақшаларда
қызарып,
Тұрған ол мен
қызанақ.
-
Арғын. Асқабақпын
дәмді,
Таптырмайтын
дәрі.
-
Хадиша. Теңбіл, теңбіл
қарбызды,
Тентек бала
жарғызды.
14.Исмайл. Келді міне күз, айнала сары
түс.
15. Медина. Алақай,
алақай!
Шаттанды
балақай!
Күз түсті, дән
пісті,
Айтамыз
алғысты.
Аю:
рахмет балалар мен жаңғақтар мен алмалар
маған қысқа азық болатын
болды. Балалар менде сіздер сияқты ән
айта аламын, сендер менімен қосылып ән айтқыларың келеді
ме?
9.Ән; кап-кап,
тук-тук.
Күз
ханшайымы: балалар тағыда жаңбыр жауып
жаурамайық десек, бұлтарға ортадан орын
берейік.
10. Би:
Бұлттар
Күз
ханшайымы: аю мен балаларды балабақшадан
орманға саяхаттауға алып келген едім, енді тобымызға барар уақыт
болды. Жолға шығарып салайық. Балалар орман тұрғындарымен
қоштасайық.
№10 «Алтын бесік»
бөбекжайы
Тексерілді__________
Әдіскер Ниярова
Э.Т.
Тақырыбы: «Күзгі орманға
саяхат»
(Алтын күз
ертеңгілігі)
«Балбөбек» ортаңғы
тобы.
Тәрбиешілер: Асанова
М.С.
Хамиева
Ә.С.
.
2021-2022 оқу
жылы.