Ұйымдастыру кезеңі
:
Блиц-турнирге арналған
сұрақтар (сізге өз сұрақ тарыңызды қосуға немесе кейбіреулерін
өзгертуге болады):
— Екі тышқанның неше құлағы бар?
(4.)
— Екі қонжықтың неше табаны бар?
(8.)
— Әженің Гүлназ деген
немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше
немересі бар? (1.)
— Құстар өзен үстінде ұшып
жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке
балық. Құстар нешеу? Тезірек жауап бер!
(5.)
— Тәрелкеде үш сәбіз бен
төрт алма жатыр. Тәрелкеде неше жеміс бар?
(4.)
— Кіреберісте алты аяқкиім
тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр?
(3.)
— Ақтөс деген ит
күшіктеді: балаларының біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше
күшігі бар? (3.)
— Екі сарышымшық, екі сұр
қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы
неше құс болды? (4.)
математикада тапқырлық пен
зеректікке арналған есептерді бірден шығару қиын , ол үшін алдымен
ойлану, салыстыру және шығару тәсілін табу
қажет.
Топтық
жұмыс:
1-есеп. Себетте үш алма бар.
Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы
тиіс.
Жауабы:
бір қызға алманы себетпен
бірге беру керек.
|