Материалдар / Квадраттық функция.y= ax2+n және оның графигі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Квадраттық функция.y= ax2+n және оның графигі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды 8 сынып алгебра пәні бойынша "Квадраттық функция" тақырыбын өткен кезде қолдануға болады. Оқушыларға топпен жұмыс жасату мақсатында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
983
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәннің аты: алгебра Уақыты:

Сыныбы: 8 «Ә» Мұғалімі: Есенгужинова Ф.К

Тақырыбы: Квадраттық функция. y= ax2+n және оның графигі
Мақсаты:

Білімділік. Квадраттық функцияның дербес түрі y= ax2+n түріндегі квадраттық функциясының графигін салуды үйрету.

Дамытушылық. Ойлау қабілеттерін, топпен жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі. Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге үйрету.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  оқулық, карточка, постер, смайликтер

Сабақтың барысы

    1. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеп , оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып, «Екі жұлдыз, бір тілек» айтқызып топқа бөлу.( Әр балаға топтың атына қатысты карточкалар беру арқылы)

    1. Үй тапсырмасы

Үй жұмысының дұрыс орындалуын тексеру. Көршісімен дәптерлерін ауыстыру арқылы тақтадағы дұрыс жауаптармен тексеру.

    1. Білу : Миға шабуыл: «Сәйкес жауабын тап!»

- Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға
тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция]
- Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент]
- Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График]
- Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері]
- Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула]
- Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Икс]
- Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек]

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

 у = ах2+bх+с түріндегі функцияны квадраттық функция деп атайды

Мұндағы а, bc – нақты сандар, а≠0,х – тәуелсіз айнымалы.

Квадраттық функцияның анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны.
у = ах2 функциясының графигі парабола. Енді у = ах2функциясының графигі арқылы у = ах2 +n функциясының графигін қарастырамыз.

у = ах2 +n функциясының графигі n>0  болғанда, жоғары  немесе

n<0 болғанда төмен |n|  бірлікке жылжыту арқылы алынған парабола.

5. Есептер шығару. № 245, №246, №247 тақтаға әр топтан балалар бір – бір есептен шығарады.

6. Сергіту сәті. Сұрақ қою арқылы. Сұрақтың жауабы дұрыс болса орнына отырады, қате болса тұрып тұрады.

  • 9 – дың квадраты 81 – ге тең.

  • квадраттық функция

  • Д= арқылы табылады

  • у = ах2 +n функциясының графигі парабола

  • 25 квадраты 425 ке тең

7. Бекіту. Әр топқа функциялар беріледі. Постерге берілген функцияның графигін сызып қорғау.

Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсету. Берілген смайликтерді дәптерлерінің шетіне жабыстыру.

7. Қорытындылау.

8.Бағалау.

Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.

9.Үйге тапсырма №248, №249




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!