Сабақтың
тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Студенттерді
өз бетімен желтоқсан төңірегінде мағлұмат жинақтай отырып, оқиғаның
маңыздылығын, тарихта алатын орнын анықтауға дағдыландырып,
үйрету.
Дамытушылық: Бірігіп
еңбек етуге, топпен жұмыс жүргізуге
дағдыландыру.
Тәрбиелік: Желтоқсан
оқиғасының ашылмаған жағын көрсете білуге, студенттерді
ұлтжандылыққа, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер,
слайд
Сабақтың түрі: Конференциялық зерттеу
сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО
технологиясы, сұрақ – жауап, ізденіс,
сызбанұсқа.
Пәнаралық
байланыс: Дүние жүзі тарихы, География,
Әдебиет.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, студенттерді
топтарға бөлу.
II.Үй
тапсырмасы: «Тарихи
сынақ хат
жазу»
Қазақстанды индустрияландыру…… зерттеуден
басталды. Түрксіб темір жолы ….. жылдан салына бастады. Оның
құрылысына ….. адам қатысты. Уақытша іске 1930 жыл …… солтүстік
және оңтүстік учаскелері ….. станциясында түйісіп іске
қосылды.
( Бұл қай
кездегі оқиға? )
1960-1990жж.
Қазақстан
1958ж.
1 тамызда – Теміртауда әлеуметтік жағдайға байланысты
ашық наразылық болды.
1979
жылы – қазақ жерінде неміс автономиясын құру
туралы шешімге қазақ жастары назарылық
білдірді.
1989
жылы – Жаңаөзен, Қарағанды жерлерінде болған
наразылықтарға
тоқталады.
1986жылы – желтоқсан
оқиғасының себеп салдары мен желтоқсан құрбандарының ерлік істері
туралы баяндайды.
III. Жаңа
сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Негізгі ой –
түрткі.
- М. С. Горбачев Кеңес қоғамы дамуының
негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік
қылмысты әрекеттері жайында ашық
айтылды.
- Алайда КОКП - ның басшылығы қайта құруды
баянды ете алмады, демократиялық үрдістерді байыппен жүргізе
алмады.
- 1986ж. Желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз
ай ішінде Республиканың қоғамдық - саяси даму бағыттарын тереңнен
қозғаған реформалар бола қойған
жоқ.
- Мұндай жағдай КОКП ОК Қазақстандағы
басшылықты ескі тәсілмен бір - ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне
дейін жалғасты.
2. Оқушылардың тақырыптық, білімділік
хабарламалары:
1) «Желтоқсан оқиғаларының
себептері»
2) «Желтоқсан оқиғаларының
барысы»
3) «Желтоқсаншыларды қудалау,
жазалау».
3. Түсіну кезеңі.
Ассосация
«Желтоқсан» ұғымының мазмұнын ашатын түйін
сөздерді топтастыр.
4. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен
көрсет. Неден бастаймыз? І хатшы Д. А. Қонаевтың орнынан алынуы.
Немен аяқтаймыз?
Желтоқсаншыларды қудалау,
жазалау.
Қудалау,
жазалау
Ұлт нышанының аяққа
тапталуы
Студенттер
талабы
Жастар
наразылығы
Халыққа хабардың
жетуі
І хатшының
алынуы
Осы сатының бірінші және соңғы сатысы туралы
не айтуға болады.
2012ж. 12 қаңтарда 100 - ге
толды.
І топ. Д. А. Қонаевтың қызметіне баға
берілді. Биыл 100 жыл.
Қырық жылдан астам Қазақстан өкілетінің,
Республика партия ұйымының басшылығында болған. Д. Қонаев КОКП ОК
саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілді. Кеңес одағының ішкі және
сыртқы саясатына араласты. Биязы, барынша зиялы, партиялық
директива аясының ауытқып шыға қоймаған, «Коммунистік идеяға шын
берілген». Ол Брежневтің сенімді серіктерінің бірі болды. Д. А.
Қонаев басқарған онжылдықтарда Қазақстан әлеуметтік - экономикалық
салаларда айтарлықтай жетістіктерге
жетті.
- Табиғи байлықтарды кең ауқымда жүргізілді,
ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы
жаңа сапалық деңгейге
көтерілді.
Неге Д. Қонаевты қызметінен түсіру деп
ойлайсыңдар.
- Орталықтың айтқанынан шыға
алмады.
- Ескі саяси биліктің адамы
болды.
- Өз қызметінде жаңашылдыққа, демократиялық
өзгерістерді енгізуге талпыныс
жасалады.
- Жасы зейнеткерлікке жіберуге мүмкіндік
берді.
ІІ топ. Колбиннің қызметіне баға
беріледі.
ІІІ топ. Желтоқсан оқиғалары немен
аяқталды?
Жеңіліспен, қудалаумен,
жазалаумен.
5. Оқулықпен жұмыс. 103 бет, 3, 4
абзац.
Тақырыпқа байланысты мәтіннен 4 негізгі
фактіні анықта:
- 1987ж. Шілдеде КОКП ОК «Қазақ
республикасының партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық
және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары жайлы» қаулы
қабылданды.
- Желтоқсан оқиғаларын « Қазақ ұлтшылдығының
көрінісі» деп бағалады. Тек көпшіліктің табандылық пен талап
етуінен кейін қазақ ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп
мойындады.
- Қазақ КСРО ЖК төралқасының Алматыдағы
1986жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының
төрағасы М. Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар
университеттерінде оқыған дәрістерінен|: толық емес мәліметтер
бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып
жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар
есепке алынбады.
- 11 м жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды.
12 жоғары оқу орнынан ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент
оқудан шығарылды, 99 адам соттады., 2 өлім жазасына кесілді деп
хабарлады.
V. Сабақты бекіту: Сарапшыға сөз кезегі
беріледі:
-
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың
қандай және сен осы көтеріліске қатысар ма
едің?
-
Осы қайғылы оқиғаның қазіргі таңда алатын
орны?
VI.
Сабақты
қорытындылау:
«Қазақ» деген қаным бар деп
бастап, «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» деп аяқтаған
қайсар Қайраттың даусы да тым жақында естіліп еді
ғой?! Осы азаттық үшін үнемі күрескен халықтың
еншісіне тиген қайғы – қасіретті көре жүріп, көтере білген халық
нағыз қайсар халық емес пе?! Бордай тозып, жоқ болып кетпей
«тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман – сау қалған халық» нағыз
ұлы халық екенін таныта білді. Қанына намыс дарыған, рухына кие
енген халық үнемі тәуелсіздікке ұмтылды. Көксеген тәуелсіздігін
алды. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол себепті де әрі
арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп, екінші
жағынан Желтоқсан құрбандарына тағзым ете жүруіміз
керек.
Біздің арымыз да, намысымыз да, мақтанышымыз да –
Желтоқсан.
Желтоқсанның желі, аязы,
ызғары
Қанды мұзда талай қазақ
сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн
алаңға
Азап шекті қайсар қазақ
қыздары.
Талай қазақ қыздарын да
тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де
солдыра,
Ел билеуге алып келді
Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың
орнына.
Егемендік – бұл елімнің
елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың
теңдігі.
Егемендік – елін, жерін
қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың
ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік
тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр
елі.
Есте сақтап ағалардың
ерлігін,
Жүректерге сақтау керек
үнемі.
VII.
Бағалау
VIII.
Үйге тапсырма: «Болашақ
Қазақстанды қалай елестетесің?» тақырыбында эссе
жазу.