Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кулон заңы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп: НЗМ Орал қ. |
|||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Сатова Ж.М |
||||||
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны:10 Қатыспағандар саны: 0 |
|
|||||
Сабақ тақырыбы |
Кулон заңы. |
||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.1.5 Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; |
||||||
Сабақ мақсаттары |
- Кулон заңын теориялық түрде сипаттама бере алады; - Кулон заңын есептер шығаруда қолдана алады. |
||||||
Жетістік критерийлері |
- Оқушылар Кулон заңын теориялық түрде талдау жасайды; - Оқушылар Кулон заңын формуласын қорытып шығара алады; - Оқушылар Кулон заңын есептер шығаруда қолдана алады. - Оқушылар Кулон заңының қолданылау саласын біледі. |
||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар электрлік құбылыстарды, зарядтың екі түрін, зарядтың сақталу заңын біледі және оны қолдана алады. Заряд- charge Оң заряд- positive charge Теріс заряд- negative charge Тебісу- repulsion Тартысу- attraction Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge Электроскоп- electroscope Электрометр- electrometer Электр өрісі - Electric field Электр өрісініӊ кернеулігі-Tension of electric-field Электр өрісініӊ күш сызықтары-Lines of tension of electric-field Элементар заряд – зарядтыӊ еӊ кіші порциясы (бөлігі). Атомныӊ планетарлық моделі бойынша, атом оӊ зарядталған ядро және оныӊ айналасында айналатын теріс зарядталған электрондар құрылған. Электрондарын жоғалтқан атом оӊ ионға айналады. Егер атом өзіне электрондарды қосып алса, ол теріс ионға айналады. Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал болады. |
||||||
Құндылықтарды арыту
|
Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді. Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады. Академиялық адалдық |
||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика |
||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті есеп шығару. |
||||||
Бастапқы білім |
Электрлік құбылыс. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Атом құрылысы. Элементар заряд. |
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 0-5 мин |
Ұйымдастыру моменті Тақырыбы: «Қызығушылықты ояту» Мақсаты: Үй тапсырмасын тексеру және жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің ашуына мүмкіндік жасау. Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды 3 топқа бөледі. Оқушыларға тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қойылады. «Сөзжұмбақ» береді. Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар сол сұрақатрға жауап беру арқылы үй тапсырмасына жауап береді және өтілетін тақырыпты анықтайды. Бағалау: ЖК1 |
Қосымша 1 |
|||||
Сабақтың ортасы 10 мин 20 мин |
Тақырыбы: «Сиқырлы шарлар» Мақсаты: Тәжірибе арқылы Кулон заңын теориялық түрде түсіндіру. Теориялық білімдерін қолдана отырып Кулон заңының формуласын қорытып шығаруға және түрлендіруге оқушыларды дағыландыру. Мұғалім іс –әрекеті: Екі жұқа фольга гильзалар немесе пенопласт шариктер көмегімен оқушыларға қауіпсіз «практикалық» тәжірибені жасатады. Кулон заңын сипаттайтын шамаларды түсіндіреді. Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар электростатикалық күштер белгілі арақашықтықта әрекет ете беретінін, олардың әрекеті үшін жанасу міндетті емес екенін жазып алуы керек. Оқушылар Кулон заңын қорытып шығару арқылы оны сипаттайтын шамаларды табу арқылы формуланы түрлендіреді. Бағалау: ЖК1; ЖК2 (Оқушылар өз- өздерін бағалайды. Бағалау парағына белгілейді) Тақырыбы: «Білімді мекен» Мақсаты: Кулон заңын есептер шығаруда қолдана білу. Мұғалім іс-әрекеті: Барлық оқушыларға теориялық және есеп шығаруға арналған тапсырмалар беріледі. Оқушыларды топпен сосын жеке жұмыстандырады: Оқушы іс-әрекеті: Кулон заңын қоладан отырып есептер шығарады. Топпен және еке жұмыстанады. Бағалау: ЖК3 |
Қосымша 2 Қосымша 3 7 слайд |
|||||
Сабақтың соңы 2 минут
3 минут |
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді. Тақырыбы: «Менің сабақтығы көңіл күйім!» Мақсаты: Сабақтағы оқушылардың көңіл күйін анықтау. Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға стикерлер ұсынады. Оқушы іс-әрекеті: Тақтаға өз көңіл күйін білдіру үшін стикерлер жапсырылады. Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға үй тапсырмасын береді. §31; Б.М. Дүйсенбаев «Физика және астраномия» ЕЖ: № 427-428 ; В.И. Кем, Б.А. Кронгарт, 52 бет «Кулон заңының қолданылу саласы» атты Эссе жазу: Оқушы іс-әрекеті: Үй тапсырмасын орындау. Бағалау: ЖК4 |
|
|||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне және деңгейіне сәйкес құрылды. |
Оқушлыардың топ ішіндегі жұмысы және есеп шығарудағы өздік жұмысы бағаланады |
Қауіпсіздік техника ережелерін қайталау Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік техникасы түсіндірілді. |
|||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||
Сабақта оқу мақсаттары тақырыпқа сай қойылды. Жетістік критерийлері бойынша тапсырмалар орындады. Сабақ барысында оқушылар жасаған тәжірибелер және теориялық білім мен есептер шығару арқылы ОМ жетті деп есептеймін. |
|||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Оқушылардың топпен жұмысы
2: Өз өздерін әділ бағалау білуі Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Деңгейлік тапсырмаларды көбірек беру.
2: Тақырып ашылу үшін өмірмен байланысты тәжірибелер қолдану. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Қосымша 1
«Сөзжұмбақ» бойынша үй тапсырмасын тексеру және тақырыпты ашу.
-
«Электрон» сөзінен қандай сөз шықты? (Электр)
-
Зарядтың өлшем бірлігі? (Кулон)
-
Теріс зарядты бөлшек қалай аталады? (Электрон)
-
Оң зарядты бөлшек қалай аталады? (Протон)
-
Заряды жоқ бөлшек қалай аталады? (нейтрон)
-
Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды қалай атаймыз?(өткізгіштер)
-
Молекулалар неге бөлінеді?(атом)
-
Егер өзара әрекеттесу нәтижесінде атом электрондарының біразын жоғалтса, атом қандай күйде болады? (оң)
-
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстырында электр зарядының қосындысы.... (сақталады)
Қосымша 2
Теориялық мәлімет
Кулон заңы.
Аттас және әр аттас зарядтар арасында тартылыс және тебіліс әсері болады. Осы әсерді зарядтар арасындағы әрекеттесуші күштер екендігін 1785 жылы француз ғалымы Шарль Кулон тәжірибе жүзінде дәлелдеп ашты.
Өте сезімтал айнымалы таразы алып, сол арқылы зарядталған шаралардың қалай әсерлесетінін анықтады. Айнымалы таразы- жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған, шыны таяқшадан тұратын қондырғы. Таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар бекітілген, ал екінші ұшында оны тенгеріп тұратын жүк бар. Жіптің жоғары ұшыоның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері баршкалаға бекітілген. Ыдыс тығынындағы тесік арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізіледі. Егер шарларға заряд берсек, онда олар бір-бірімен әрекеттеседі. Өзара әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.
F ~ q *q
F ~ (q *q ) / r 2
F ~ 1 / r 2
-
Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және оның арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.
F = k*(q *q ) / r 2
к = 9*109 Н*м2/ Кл2 - пропорционалдық коэффициент
ε = 8.85*10-12Кл2/Н*м2 - электр тұрақтысы
F = 1 / 4π ε * (q * q ) / r 2 н/е F = 1 / 4π ε * (q * q ) / ε*r 2
ε- диэлектрлік өтімділік.
Қосымша 3
Топтық жұмыс:
1-топ:
-
Кулонның иірілмелі таразымен жүргізген тәжірибесінің мәні неде?
-
Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек?
2-топ:
-
Кулон заңын тұжырымдаңдар және осы формуланы анықтайтын формуланы жазыңдар.
-
Біреуінің заряды екіншісінен 3 есе артық екі бірдей металл шарды бір-біріне түйістіріп, қайтадан бастапқы арақшықтыққа орналастырғанда, екеуінің бастапқы және соңғы Кулондық күштерінің қатынасы қандай?
3-топ:
-
Қандай заряд нүктелік деп атайды?
-
Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 3 есе кеміткенде, олардың кулондық күші қанша есе өзгереді?
Есептер шығару:
-
Сутек ядросы электронды өзіне қандай күшпен тартады? Сутек атомының радиусы (e=1,6* Кл; k= )
-
Кл және нКл екі зарядты өзара күшпен әрекеттеседі. Олар бір-бірінен қандай қашықтықты орналасқан? (k= )
Бағалау парағы:
№ |
Оқушы аты-жөні |
Қызығушылықты ояту |
«Сиқырлы шарлар» |
«Білімді мекен» |
1 |
|
|
|
|
Рефлексия: