2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Курстық жұмыс

Курстық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі:Білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы- бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерістермен тығыз байланысты білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, (білім мазмұнын жетілдіру, жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен, оқу-әдістемелік кешендерге көшу т.б.) ұлттық менталитет, тіпті жаңаша ойлау қалыптасуда.

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңының 8 бабында:

1 Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруѓа, дамытуға жєне кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2 Білім беру жүйесінің басты міндеттері: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру т.б. [1]Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп негіздің негізгі түп қазығы. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Қазақ ертегілері арқылы ұлттық тәрбие берудің бастауыш кезеңіндегі жас ерекшелігіне сай,оқушының ұлттық танымын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Зерттеу нәтижелерiн бастауыш сыныптарда ана тілі,қазақтіліноқытудагуманитарлық бағыттағы оқу орындарының «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының арнайы пәндерiн оқыту тәжiрибесiнде қолдануға болады.

Зерттеудің жұмысының мақсаты: Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып,ала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс-әрекетін қалыптастыру.Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру,қиындықтар мен қарамақайшылықтарды есепке алу

Зерттеудің жұмысының міндеттері:

1.Оқушылардың бойында жасырын жатқан қабілеттерін шығармашылық жұмыстар арқылы жарыққа шығару;

2.Оқушы бойындағы дара ерекшеліктерді анықтау және жүйелеу.

3.Қазіргі заман талабына сәйкес жаңа технологиялар негізінде оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларына ана тілін оқыту үрдісі.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі: Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен әдістері.


1.1 Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың теориялық негізі


Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.Шығармашылық -бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.Бірінші—адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

  1. Репродуктивті-іс-әрекетті,білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

  2. Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,- деп түсіндіріледі. [13]

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процес.Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы-ол баланың өзін-өзі қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару,

жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке,дербестікке баулитын, ойына түрткі болып,шығармашылыққажетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:

Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмы-сы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагоги-калық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар. Оқушы тұлғасы-ның дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондық-тан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр.

Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құнды-лықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Ал ана тілін оқыту арқылы шығар-машылық іс – әрекетті қалыптастыру дегеніміз – өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Біздің міндетіміз оқушығаоның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілік-терін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілет-терін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалім-дердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты. Дамыта оқыту техноло-гиясын пайдалана отырып, заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастырып, шығар-машылығын дамыту» өзекті тақырыпты жүзеге асыру мақсатында оқушылардың білім білік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында шығармашылыққа баулып отырдым. Озық технологияларын пайдалану, мұғалім мен оқушы құзіреттілігін қалыптастыру, білім сапасын арттырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуді көздедім.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алды-на тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой-өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Технология - өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыға-руға керекті жүйелі процесс. Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - үпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.Қазіргі заманғы сабақ мәдинетінің негізінде негіз құрушы мақұлдау жатыр:сабақ-ол шындықты ашу,оқушылармен

оқытушының біріккен қызметінде ақиқатты іздеу және оны ойлау.

Дамытушы әрекеттесу бірнеше құраушылардың бірле-суі деп қарастырылуы мүмкін: қарым қатынас сапасын анықтаушы мазмұн дамытушы жағдай, әрекеттесу процесі, тұлғаның әрекеттесугепсихологиялық дайындығы мен ішкі позициясы болып төмендегі компоненттерден тұрады гностикалық, эмоцианалдық-екіктік және бағалау.Даму мен тәрбие беру ынтымақтастық пен қойылған мақсатқа бір жүйелі қатынастар арқылы яғни бір сабақта жету арқылы орындалуды. Әрекеттесуші барлық қатысушылар үшін оларды (ізденіске  жұмылдырушы, біріктіруші, бірақ әртүрлі көзқарасты бақылаушы).

Оқытушы үшін білім беру қызметі ішінде позициямен сипатталады, онда ол дамушы ортаны ұйымдастырушы кеңесші.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол-заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай,яғни" оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру..."сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.

Бастауыш сыныптардың  жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін , дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.

Қазір бұрыңғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.

Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.

Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің істәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.

Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.

Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.

Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек. Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын,бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.

  Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.

Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.

 Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар

1.Ойын технологиясы.Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз- педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

2.Проблемалық оқыту технологиясы- мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерлікьері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

  3.Коммуникативтік байланыс технологиясы- шет тілдермен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық

жағына бағытталады.Сөйлеу жаттығулары арқылылексикаменграмматикалық ұғымдар кең көлемде бір қалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым- қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:

1. қызығушылығын коммуникативтік арттыру, коммуникативтік мотивация;

 2. дұрыс бағытта сөйлеу;

3. өзара қатынастың қалыптасуы;

 4.СТО жүзеге асырады;

Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.

Технология енгізу қорытындысы:

- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;

-оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді;

-класта «қайырымды білім» атмосферасы қалыптасады

Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

1.Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту. (С.Н. Лысенкова)

Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:

- алдын ала;

- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;

- оқу іс - әрекеті және ойлау әдістерін дамыту

Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.

2.Деңгейлік саралау технологиясы – саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Класты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық- психологиялық және ұйымдастыру – басқару шаралары біріктіріледі. 

3.Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.

Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

4.Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)

ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы..

ОҰӘ принциптері:

- жоғары жетістікке талпыну;

- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

- әртүрлі деңгейлік;

- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;

5. Топтық технология.Бұл класта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі – бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін класты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

6. Оқытудың компьютерлік технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.

Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология. [4,]


1.2Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

1.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

2.Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

3.Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Оқушының математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

1-сызба

Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше пән-ана тілі. Ана тілін үйрету-сөздерді түсініп, меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді.Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтарала отырып,тәрбиелік,білім-дағдыны үйренері хақ.Өтілетін әрсабақ белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы  тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз  мақсатына жеткен  шығармашылыққа бағдарланған, оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен  тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді.

Оқушылардың шығармашыл қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:

Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар, т.б)

Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;

Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;

Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.

Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу


2-сызба


- оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.

Бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастағы сезім байланысын орнатып, үйлесімділікке қол жеткізуге  Ш. Амонашвалидің мұғалімдерге берген кеңесін берген кеңесін де басшылыққа алуға болады. Ол:«Педагогикалық процесте баламен тіл таба білу, яғни балаға өз ойын, талғамын, көңіліндегісін айтуға мұрсат беру тәрбиешіден көп шеберлікті талап етеді. Осынау қарым-қатынаста бала жанының қозғалысы ұстаз жанының қозғалысымен үйлесім тапқан кезде бала өз бойындағы табиғи дарынын ашады, ал мұғалім өзінің шығармашылық жігер қуатының жемісін көруге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, бала шығармашылығы мұғалім шығармашылығымен ұштасып кетеді. Мұндай жағдайда рухани тұтастық пайда болады» - дейді.

Сабақ соңына дейін тыныш отырып, мұғалімнің айтқанын  тыңдап, берілген тапсырманы орындау олар үшін үлкен де қиын жұмыс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі шыдамдылықпен бала  жүрегіне жол тауып, әрбір сабағын түрлі ойынмен, ойын арқылы орындалатын шығармашылық тапсырмаларды орындатумен  өткізе білуі керек. Әрбір сабақта  оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету арқылы даралық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін  ашып, дамыту қажет. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз сол оқушы бойындағы  қабілеттің шығуына мүмкіндік жасау. Ол үшін мұғалім  ана тілі пәнінен өтілетін әрбір тақырыптың өн бойынан  шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Сабақ барысында кездесетін кейбірпрактикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып өзгертуге болады.Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта  дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:

Мәтін, әңгіме, ертегіні өз беттерінше аяқтау;

Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша өз ойларымен аяқтау;

Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

Мәтін бойынша мақал құрастыру;

Кейіпкерлерге мінездеме беру;

Өлең құрастыру;

Әңгімелерді бөліктерге бөліп, ат қою;

Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды тексеру(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар).

Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу

-Эссе жазу;

-Ролге бөліп оқу, сахналау;

-Салыстыра отырып,сипаттау;Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу бала бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытуға, қиялын  ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.


1-сурет

2-сурет


3-сурет


4-сурет

Баланы шығармашылықпен жұмыс жасай білуі үшін алдымен ойын дамытып, әрбір жұмыс барысында ойлана білуге жетелеу керек. Онда балаларға ойлануға жетелейтін мынадай тапсырмаларды жиі орындату өз нәтижесін береді.

Мен өз тәжірибемде  оқушыларымды шығармашылыққа баулуда төмендегіше жұмыстар жүргіздім. Мысалы: 1 сыныпта балаларды ойлануға жетелейтін мынадай жұмыстар жүргіздім.

1-тапсырма.Тізбектердің  суретін заңдылығына сәйкес аяқтап сал.
2-тапсырма.  Әр қатардағы жетпей тұрған пішінді сал.

3-тапсырма.Екі үйді мұқият қара. Өзара 10 айырмашылығын тап.

4-тапсырма.Әріптерден сөз құрау

АТ СЫР ат,тас, ас, сыр, оқы, ана, ауа т.б сөздер

ШҚ А Н құрап жазады.

О П У Е КЛ

5-тапсырма. Заңдылығын тауып , қатарды жалғастыр.

6-тапсырма. Суреттер арқылы сөз жасау.

7-тапсырма. Ойлан не жөнінде айтылған?

Өзі дөңгелек, жасыл, ала, үлкен әрі дәмдІ ________ .

2.Бұдыр-бұдыр, кіртілдек, ұзын, жасыл  ________ .

3.Ұзын құлақ, сұр, қорқақ_______ .

4.Азулы, сұр, ашқарақ ________ .

8-тапсырма. Заңдылығына сәйкес сқздің сыңарын тап.

1.Дәрігер-аурухана,  мұғалім-____________________ .

2.Кеш-кешкі ас, таң- ____________________________ .

Құс-аспан, балық-____________________________ .

Күз-жаңбыр,қыс-____________________________ .

5.Күндіз-күн, түнде-____________________________ .

Бұл жұмыстарды әр сабақта уақыт тауып орындатуда баланың ойлау қабілеті дамуымен қатар қиялы дамып,аңғарымпаздық қабілеті шыңдалады.Сонымен бірге бала қаламды дұрыс ұстап, түсті ажыратып, суретті тегіс бояуға үйренеді.

Әр сабақтағы жұмыстың  жақсы нәтижеге жетуі бала мен мұғалімнің көңіл-күйіне байланысты. Сондықтан балалармен жұмыс жасауды баланың көңіл-күйіне жағымды ықпал арқылы бастау керек. Сонда ғана іс нәтижелі болмақ.

Бала сыныптан-сыныпқа көшкен сайын дене дамуы жағынан да ой қиялы жағынан да өсіп ілгерілеп отырады. Баланың жас ерекшелігіне орай тапсырма түрлерін де күрделендіріп отырдым. Мысалы 4- сыныпта ана тілінен Шыбын мен көбелек тақырыбын  өткенде балаларға  мынадай тапсырма бердім.

-Әңгіменің соңғы жолдарын оқып, қандай қорытынды пікір айтар едіңдер?

Осы сұрақ төңірегінде балалар өз ойларын былайша бідірді.

Айжан Қорғауова: Шыбынның ісінде ешқандай береке жоқ. Ол тек адамдардың ызыңдап мазасын алып, қонған жерін ластап бүлдіреді. Адамның денсаулығына да зиянын тигізеді. Сондықтан шыбынды ешқайсымыз да жақсы көрмейміз.-деп өз пікірін еркін білдірді.

3-сыныпта  М. Шахановтың Достық өлкесінің заңы өлеңін өтькенде балаларға мынадай сұрақ қойдым.

Сол баланың орнында өзің болсаң қайтер едің?

-Достық шынайы болса ол ең ұлы сезім. Мен де шын, адал досым үшін бәріне де көнер едім. Алданышова Нұрлы

Сонда байқағаным балаға барынша түрлендіре тапсырмалар берсең, олар бәрін өз әлдерінше жоғары деңгейде қызығушылықпен орындайды.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі — өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:

1) — а, а, 2) — е- е-  е,

Шашыңды дұрыстап тара.Барамыз мектепке.

3) — да- да- да, 4)— ға- ға- ға,

Қызықты оқуда. Ұшып кетті қарға.

Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түсті.Енді мұғалім болашақ өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы: «Біз көңілді баламыз», қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай өлең шумағы дүниеге келеді.Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз өлеңдерінбелгілі бір тақырыптар бойынша кішкене кітапша түрінде шығарып отыруға болады.Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде қиял-ғажайыптары да бар, әңгімелер жазуды тапсыратын болдық. Мысалы мынадай тақырыптар: «Бұл өте қызықты»,«Ең қымбат нәрсе», Мен қалай құмырсқаболдым», «Қасық болған күнім», солай-ақ өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептейді.Балалардың қызығушылығын, шығармашылығын оятқанын көрсету үшін олардың жұмыстарынан мысалдар келтірейік.

Пернебай Аидина. Мен кіп-кішкене қызыл құмырсқаға айналдым. Жайымен жүріп келемін. Өз үйімнің есігінің алдында тұрмын. Мені ешкім байқамады. Тіпті мамам да маған қарамайды.Аяғымен таптап басып кететін сияқты. Мен қабырғаға тақала түстім. Бойымды үрей биледі.Әрі қарай жүруге қорқып, қабырғаның жарығына тығылдым. Бұл жер қауіпсіз екен.Енді қорықпай демалуға болады. Мен алаңсыз тәтті ұйқыға кеттім.

Осы тапсырмалар нәтижесінде байқағаным балаға барынша түрлендіре тапсырмалар берсең, олар бәрін өз әлдерінше жоғары деңгейде қызығушылықпен орындауға ұмтылады.Өз ой-пікірлерін қысылмай, еркін жеткізеді.Мұндай сәттердеүздік оқушылармен таласа үлгірімі нашар деген оқушыларда өз ой-пікірлерін айтуға ұмтылады. Осындай кезде сабаққа көп араласа бермейтін оқушыларды сөйлетіп, олардың пікірін тыңдап қолдау көрсетіп отырдым.Ондай оқушылар бірте-бірте өз ойларын айтуға қысылмайтын болды.

 Ана тілі сабақтары- оқушылардың эстетикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың қайнар көзі.Эстетикалық қызығу-адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстарды танып-білу мақсатымен өз қалауы бойынша  өмірде, өз болмысында жасалатын  нысаналы іс-әрекет. Эстетикалық ләззаттанған оқушының шығармашылық іс-әрекетте ақыл-ойы толысады. Оны баланың  өзінің танымдық іс-әрекетін туындаған мәселеге орай ұйымдастыра алу қабілетінен көреміз.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты.Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда, іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптарды үнемі есте ұстаған жөн .

Әдістемелік талаптар:

Шығармашылық тапсырмалар мазмұнының пән бағдарламасында белгіленген оқу материялынан асып кетпеуі керек.Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін пән бағдарламасында көрсетілмеген ұғымдар мен заңдылықтардың қажет болмауы шарт.

Шығармашылық тапсырмалар мазмқны танымдық сипатта, яғни оқушының ой-өрісін,қиялын дамытатындай ,соған байланысты іс-әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыруды көздеуі қажет.

Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет.

Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оөушының ана тілі пәнінен  алатын білімін тереңдетугше ,пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.

Сабақта шығармашылық жұмыстарды үнемі жүйелілікпен пайдалану оқушыларды шығармашылыққа баулуда шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, сөйлеу тілін байытуға,қиялын ұштауға , өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға деген белсенділікке ынталандырады. Шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып,тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады.

Қазіргі уақытта білімді, қабілетті ,іскер, әдепті, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады.

Ол үшіноқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде қолдануда үлкен белсенділік таныту әрбір мұғалімнің міндеті.

Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.

Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.


3- Сызба










2 Ертегілерді сахналау арқылы балалардың шығармашылығын дамыту


2.1 Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы


Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебеттерде жатыр.Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру. 2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесебір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.

1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.

2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады. [15,43]Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды[8,23]

Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.

Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.

Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы –ертек. [9,35].Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ. Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.

Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ"сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды сүйреген құмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға үгіттейді.Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б ертегілер жатады.

.Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру. Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған. Олардың батырлық қаһармандық істерін мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген. Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық ертегілер арнайы жанрда қарастырылып жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ фольклористері соңғы жылдары батырлық ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың аралығындағы жанр деген пікірге келді.

Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта болады. Бірі - көне заманда туған миф пен хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер негізінде пайда болып дамыған көркем ертегілер.Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты Кендебай " сияқты классикалық фольклор үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші - қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі. Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға болады. Көптеген ертегілер мынадан деп басталады;Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде.Қырғауыл жүзі қызылда, Балақ жүні ұзында,Атақты бір бай боптыТөрт түлігі сай болыпты,- деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей. Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға алуда соның бір айқын айғағы шытырманы көп мына заманда адалдық, мейрімділік, іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа баулитын ертегілер.Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін фонтастикалық негізге құралған оқиғалы көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі, оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген неше алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің зұлымдық қастандық әрекеттері халық ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық жанның айнасы" - деп атаған. Халық ертегісінің ішінде балалардың сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әсер беріп көңілін шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл - ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына жәрдемдеседі.Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын, оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері барлық жағынан әбден жетілген болады. Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері, типтері фольклорда, еңбекші халықтың ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен; "Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз тұрмыс-тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз, әңгімелер пайда болады.Халық ертегілері ішінде балалар арасында кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтын хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат жайында ең бай матералдар, кең түсініктер балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай бала","Қотыр торғай", "Мақта қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға арналған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. Бұл ертегілер балалардың ой - санасын оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде, күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып, адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем тап өкілдерінің қарапайым момын елді қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар фолькулорының мұрасы деп қараймыз. Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып, тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында отырған тауықты көреді де, бұл тауықты алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды. Түлкі:-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді. Тауық:-Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой –дейді. Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық оны намазға шақырады "Байтал түгіл бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. "Біреуге ор қазба, өз басыңа келер" деген апырмай, тауық қандай түлкі қандай түлкіні тауық па еді алдағандай. Осының өзі балаларға үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған. Қазақ ертегілері шығармашылыққа жетелер жол ғана емес,тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.



2.2 Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану


Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. 

Дамыта оқыту әдісі белгілі бір түрі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту жеп есептеледі. Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмутов [13] біз сөз етіп отырған дамыта оқыту жөнінде мынандай пікір ұсынады: «Проблемное обучение это новая система правил применения раннее известных приемов учения и преподавания, построенная с учетом логики мыслительных операции (анализа общения и т.п) и закономерности поисковой деятельности учащихся (проблемной ситуации, познавательного интереса, потребности и т.п)».Н.В.Репин [36] дамыта оқытуға мынандай анықтама береді: «Развивающее обучение – это целостная педагогическая система, альтернативная традиционной системе школьного обучения».дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерініңсалыстырмалы сипаттамасы. Дамыта оқыту мақсаты оқушыларға білім, білік дағды қалыптастыру. Байқампаздығын ойлауын, практикалық әрекетін дамыту.Бастапқы мазмұн факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер,заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары Жеке топтық, фронтальді,Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.

1.Л.В.Занков әдістемесінің дидактикалық тәсілдері дамыта оқыту әдістерінің басқа әдіс-тәсілдерден екі негізгі айырмашылықтары бар. 1 Қарама-қарсылықты шешудің құралы болғандықтан, олар тек жүйе (система) ішінде қаралады. Оны айқындап, яғни болжап береді. Дамыта оқыту өз алдына оқшау жатқан жоқ. Ол оқыту мен тәрбиенің барлық әдістерімен бірге іштей қабысып бір-бірімен тығыз байланыста болады. 

2 Дамыту әдісі мазмұн мен форманың диалектикалық ішкі үйлесімділігінен тұрады. Қазіргі зерттеушілер аталған әдісті екі түрлі түрғыдан қарастырады. Олар дамыта оқыту әдісін жалпы және бинарлық деп екіге бөледі. Қысқаша осы екі әдістің кестесі қосымша. Жалпы әдіс оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударады. Сабақтың қызықты өтуі педагогтың да шеберлігін қажет етеді. Бинарлық әдістің құрылымы қосымша көрсетіледі. 

Жалпы және бинарлық әдістерді қолдану кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеттері мыналар: 

а) жаңа материалды дұрыс түсіндіре білу;

ә) оқыту барысында оқушылардың өзіндік ой-пікірін қалыптастыру;

Дамыта оқыту әдісінің аталмыш әдістерінен басқа алты дидактикалық тәсілі бар. Олар мыналар:

 1) мұғалімнің өзінің сөйлеуі;

2) шешендік тәсіл;

3) диалог түріндегі тәсіл; 

4) эвристикалық тәсіл;

5) зерттеу тәсілі;

6) бағдарламаланған тапсырмалар беру тәсілі.

Дамыта оқыту байырғы оқытудың әдістері мен тәсілдерін жинақтаған жаңа оқыту жүйесі болып табылады. Бұл оқытудың барысында логикалық ойлау операцияларының және оқушылардың өздігінен ізденуі шешуші рөл атқарады. Қазіргі қазақ орта мектептерінде бұл әдіс кеңінен пайдаланбай келеді. 
Дамыта оқыту алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер мен олардың теориялық жүзінде дәлелденуінен пайда болған. Мәселен, әдістердің көпқырлылығы мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша дамыта оқыту дегеніміз, педагогика ғылымында көптеген белгілі эвристикалық әңгіме дейді Лернер И.Я. [26]. Бірақ, эвристикалық әңгіме тек ғана дамыта оқытудың бірғана тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Оқыту барысында мұғалім мен шәкірт арасында өзгеше қарым-қатынас пайда болады. Мұғалімнің көмегімен ол жаңа материалды өздігінен түсінеді, шығармашылық ізденіс қалыптасады. Академик В.А.Крутецский [15] дамыта оқытуды зерттей келе мынандай пікір айтты: «Проблемное обучение есть результат развития педагогики и школьной практики в условиях научно-технической революции, результат внедрения научных идей в современный процесс обучения».Дамыта оқыту өзекті мәселелі жағдай (ситуация) мен оқу мәселесінің және оқыту мен білім алудың диалектикалық, қарым-қатынасы, әрі өзара бірлігінен тұратын жүйені қамтитын әдіс деп есептелінеді. Оқыту барысында мұғалім өзекті ойланарлық тақырып төңірегінде ойлануға жағдай туғызады. Бұл әр ұстаздың біліміне, шеберлігіне байланысты жай. Шәкірттердің ойлау қабілетін артуы дамыта оқыту әдістерінің алға басқандығының айғағы тәріздес. Логикалық операцияларды шешу оқушылардың дербестігін қалыптастырады. Ғалымдардың айтуы бойынша шығармашылық – эвристикалық іс-әрекет негізгі мазмұнды тез қабылдау, негізгі идеяны қағып алу. Бұл іс-әрекет субъектіні объектіге қызығушылығын арттырады (сұраққа, пәнге т.б.). Өзекті, мәселелі жағдай дегеніміз адамның интеллектуалды қиналуы, себебі туып отырған көріністі дәлелді сұрақты бұрыннан өзі білетін амал тәсілдер мен еше алмауы. Қиналыс адамды жаңа шешім табуға талаптандырады. Өзекті, мәселелі жағдайдың пайда болуымен мәселенің шешілуі арасында бірнеше сатылар бар:

 - өзекті мәселенің пайда болуы;

- мәселенің қойылу шартының қиындығы;

- гипотеза немес жорамалдар арқылы мәселенің шешілу жолын табу;

- гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу;

- мәселелінің шешілу дұрыстығын тексеру.

Дамыта оқытудың жалпы және арнаулы қызметтері бар.

 Дамыта оқытудың жалпы қызметтері:

 - шәкірттердің білім жүйесінің меңгеруі және ойлау мен практиканы ұштастыра

білу;

- шәкірттердің дүниетаным көзқарасын жетілдіру және шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Дамыта оқытудың арнаулы қызыметтері:

-шәкірттердің ойлау дербестігін жетілдіру;

- жаңа материалды мәселелерді шешу. Кезінде дұрыс пайдалана білуіне ықпал ету; 

- шығармашылқ іс-әрекеті дамыту, тәжірибелерді жинақтау.

Дамыта оқытудың негізгі қызметі жас ұрпақты шығармашылық еңбекке баулу. Дамыту сабағының негізгі кезеңдері:

- жаңа материалды түсіндіру; 

- көптеген оқушыларға тән қателерді айқындау;

- шәкірттерге дүниетаным көзқарасын бекітуге көмектесу;

- танаралық байланысты нығайту;

- білім дәрежесін көтеруге күш салу. 

Бұл сабақтардың кезеңдері қатылып қалған схема емес, оны өзгертіп, түрлендіру кез келген ұстаздың қабілетіне, білім деңгейіне, ұймдасытра білу жолына байланысты болады. Дамыта оқыту мұғалімге бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол міндеттердіғ негізігісі шәкірттердің ойлау қабілетін арттыруға, өзіндік дербес пікірін қалыптастыруға түрткі болу деп санайды Г.Қазбекова [16].

1993-1994 оқу жылында Л.В.Занковтың дамыта оқыту әдістемелік жүйесін өз іс-тәжірибесіне пайдаланған Москва қаласының № 775 мектебінің оқу-ісінің меңгерушісі Л.В.Муштакова  былай дейді: 

«Жаңаны алғаш бастау өте қиын, бірақ қиндыққа мойыма Л.В.Занков әдістемелік жүйесін зертедік. Дәстүрлі оқыту жүйесін Л.В.Занков жүйесімен ауыстыру қиындық туғызды. Ғылым мен практиканы ұштастыру да қиын болды. Осыншама қиныдыққа тап болсақта, Л.В.Занков жасаған әдістемелік жүйесін нәтижелігін көрінді. 1 Өз – тәжірибемізде Л.В.Занков әдістемелік жүйесі оқушының шығармашылық қабілетін арттырп, өз бетінше жұмыс жасауға негізделгенін көрдік. 2 Оқушы мен мұғалім қарым – қатынасы түбегейлі ынтымақтасытық, өзара силастық сияқты қасиеттерге негізделген. 

3 Барлық сыныптарғы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру сияқты қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі» - дейді. Ал біздің Республикамызда Л.В.Занков әдістемелік жүйесін пайдаланған азаматтарымыздың өткізген сабақ жоспарларынан да көруге болады. Бұл жұмыстардың кей біреуін талдаған Б.А.Тұрғынбаева «осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл- ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді» - дейді. 

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, ұайта өңдей, жаңа жағдайда пайдалансақ нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келдік:

1 Шығармашылық – өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол сабақтан тыс, сыныптан тыс, уақыттарға жылжытылмай әр сабақта өтілетіндей оқу бағдарламасының, оқу мазмұнында болуы шарт. Орта мектеп жасына келгенде, баланың үлгі – қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығарамышылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым қана алу керек. 3 Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында шығармашылық қабілеттерді дамыту әдістемесінің болуын талап етеді. 4 Л.В.Занков әдістемелік жүйесінің негізінде сабақтағы баланың позициясын өзгетіп, оны іртүрлі бірлескен әрекеттің субъектісі жайына қоя білу, баланың дербестігі мен еркіндігінің болуы табыстың бір- бір кепілі. Жоғарыда айтылдған мәселелер ескерілген жағдайда бастауыш мектеп оқушылары жаңа сапалық қасиеттерге ие болып, адамзат шығармашылығына өз үлестерін қосары сөзсіз.

Қазақ мектептерінде Л.В. Занков әдістемесін қолдану мүмкіншіліктері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда Л.В.Занков әдістемесінің «Жоғары қиындықта оқыту» принципін қазақ тілі сабағында үнемі қолданып жүрген Г.Уәйсованың [49] «Түбір және қосымша» тақырыбы сабақтарындағы үлестірмелі қима қағаз түріндегі тапсырмаларды орындаған өте тиімді. 

1 Түбір сөздің соңғы буындарының жуан немесе жіңішке болып табылады. Осы дағдыны меңгерту үшін мынандай тапсырмалар орындайды. 

1 Берілген сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып жазыңдар. 

Бала= ге, ға есік= ты, ті 

Түрі= ның, нің қала= лік, лық

2Түбір сөзге жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 

Марат ауыл /= де, = да/ тұрады. Ауылдағы мектеп /= тің, = тың / жанында бақ бар. Бақта әр түрлі жеміс ағаш / =тары, = тері / өседі. Балалар ағаштар / = ді, =

ды / суар / =ды, = ді /. 

2 Қосымшалардың бірінші дыбысы түбір сөздің соңғы дыбысына сай болып жазылады. Бұл дағдыны меңгерту үшін төмендегідей жаттығу үлгісін орындатуға болады.

1 

Берілген түбір сөздерге тұсындағы қосымшалардың тиістісін қосып, сөздерді көшіріп жазыңдар. 

тақта = ның, = тың, =дың, ат = ға, = ге, = қа, = ке

 құс = лар, = дар, =тар орын = лық, = тық, =дық

2

Асты сызылған түбірлі сөздерді құрамындағы қате қосылған қосымшаларды

өзгертіп, сөйлемдерді көшіріп жаз. 

Алыстан жарық көрінеді. Жолаушыдар шаршады. Аттар да баяу аяңтайты.

 3    Қосымша қосылған кезде түбір сөздердің соңғы дыбыстарының өзгеріске түсетінін байқату. 

1 

Жақшаны ашып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар

 Кітабымның қап /ы/ тозды. Асанның әдемі доп /ы/ бар. Дүкен жап /ық/ тұр. Мен

қаламымды тап/а/ алмадым. 

2 

Қатар берілген түбір сөздерді қосымшалар арқылы бір-бірімен байланыстырып,

көшіріп жаз.

тақта жаз

кітап бет

дәптер аш

дала ойна

шаңғы теп

3Берліген түбір сөзге қосымша қосып, екінші бағанадағы сөздермен

байланыстыр. Аула шықтымАвтобус келдім

жүр міндім

көрдім түстім

4
Бірінші жолдағы сөздерге – жуан, екінші жолдағы сөздерге жіңішке

қосымшалар жалғап, сөздерді көшіріп жаз.

өнерпаз, ұста, жұлдыз, шолпы, орақ

өрегер, киіз, күміс, шегіртке, білезі

5

Көп нүктенің орнына – лар, - лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғауының тиістісін

қойып, сөздерді көшіріп жаз.

Қуыршақ шаағала… кітап…

өсімдік…өрмекші… жидек…

құлын… қыз… жүзім…

6

Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз.

Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ

терек.

Осы жоғарыда көрсетілген тапсырмалар арқылы оқушылар қосымшаларды

түбір сөзге дұрыс жалғап жазу емлесін жақсы меңгереді. Сөздер құрамының сөйлеу, жазу кезінде өзгеріп тұратынын саналы түрде оқып үйренуге кіріседі

Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, мен төмендегідей қорытындыға келдім. Мектепте оқушының жеке тұлға ретінде өздігінен дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысын мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастығы, гуманизациялау принциптері негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі, қызметтік түбегелі өзгеріп, ол диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс. Бұл қызметтерді рейтинг жүйесінде қамтамасыз ететіндей мүмкіндіктер мол. Себебі бұл жүйеде:

- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс

бастауыш кластан басталуы тиіс;

- мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады;

- бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.Л.В.Занков әдістемесінің түпкі мақсаты әр пәнді таңдап пайдалануға үнемі нысана, тірек болып отырады. Мысалы, пәндерді дамыта отырып оқытудың түпкі мақсатының бірі оқушыларда әртүрлі стуацияларды талдап, одан қорытынды шығару, мәнді белгілерден мәнсіздерін ажырату, ұқсас белгілері бойынша топтау, бақылаған құбылыстарды жалпылау белгілі әрекеттерді таныс емес жағдайларда қолдану т.б. осылар жалпы интеллектуалдық біліктерді қалыптасытыру десек, осы «тізімнің» өзінде – ақ оқу материалын оқытудың логикалық, ғылыми, пракиткалық әдістері мен тәсілдері анық көрінеді.

Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті

Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.

Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекетткерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе.











































Қорытынды


Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі.

Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Себебі оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О. Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті ашу, жетілдіру. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай, ғылыми - ізденіс қабілеттерін қалыптастыру,т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан - жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.


















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан–2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. –Алматы: Білім, 1997. –256 б.

2 Әбдікәрімова Т., Рахметова С., Қабатаева Б. Ана тілі Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 1999.

3 Әуезов М. Уақыт және әдебиет. − Алматы, 1962. -232 бет

4 Бөкейханов Ә. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1992.

5 Сейфуллин С. Шығармалары. – Алматы: Жазушы. 1993.

6 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті - Алматы: Ана тілі, 1991. -368 бет

7 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1994.

8 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Санат. – 1994. -296 бет

9 Нұрмағанбетова О. Шығармалары. – Алматы: Атамұра. – 1996

10 Мұқанов С. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы. – 1992

11 «Қазақстан» ұлттық энциклопедия I том. - Алматы, 1998.

12 Тәжібаев Ә. Ойтолғау. - Алматы. Жазушы, 1989.

13 Төрт батыр. Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. 2-том. - Алматы: Жазушы, 2003. -192 бет

14 Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі.Алматы: Рауан, 1997- 288 б.

15 Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі Жалпы білім беретін мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2000.

16 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар. Құраст. Р.Бердібаев. – Алматы: Жазушы, 1985. -368 бет




34


05 Маусым 2018
1745
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі