жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Курстық жұмыс бағдарламасы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжі
Тіркеу №_____ «Бекітемін»
«___» __________ 201 ж Оқу бөлімінің меңгерушісі:
_______________________
«___» __________ 201 ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандық: 0103000 - «Дене шынықтыру және спорт»
Пән: «Педагогика»
Оқытушы:
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес 0103000 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының үлгілік оқу бағдарламасына (2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен) және «Педагогика» пәнінің үлгілік типтік оқу бағдарламасына (№3 хаттама, 18.09.2013ж) негізделіп жасалынды.
Бірлестік комиссия отырысында талқыланып, бекітілді.
Хаттама № « » 201 жыл
«Гуманитарлық пәндер»
Бірлестігінің жетекшісі: _____________________
Оқу бөлімінің меңгерушісі: _________________
Колледж әдіскері: __________________
Түсіндірме жазба
«Педагогика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен) сәйкес 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша әзірленген.
Пәннің мақсаты: дене тәрбиесі және спорт мұғалімі, нұсқаушы, жаттықтырушының педагогикалық қызметі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, педагогикалық білімдерді т.сіндіру, кәсіби және зерттеу іскерліктерін, кәсіби құзыреттілік негіздерін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
– болашақ мұғалімдердің ақпараттық, коммуникативтік және проблеманы шешу құзыреттіліктерін қалыптастыру;
– қазіргі заманғы педагогикалық идеялармен және теориялармен таныстыру;
– студенттердің теориялық-педагогикалық ойлауын, кәсіби педагогикалық бағытын дамыту;
– білімділік парадигма, білімділік стандарттардың өзгерісі жағдайында оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға керекті іскерліктерді қалыптастыру.
|
№ |
Тақырып пен бөлімдердің атаулары |
Сағат саны |
||
|
Барлығы |
Соның ішінде |
|||
|
Теориялық сабақ |
Практикалық сабақ |
|||
|
|
Курстық жоба |
30 |
18 |
12 |
|
1 |
Курстық жұмыстың мақсаты, міндеттері. Курс жұмысына қоцылатын жалпы талаптар |
2 |
2 |
|
|
2 |
Курс жұмысының ғылыми аппаратының компоненттеріне жалпы сипаттама |
2 |
2 |
|
|
3 |
Курс жұмысының ғылыми аппаратын құрылымдау |
2 |
|
2 |
|
4 |
Курстық жұмысты орындау кезеңдері |
2 |
2 |
|
|
5 |
Теориялық сипаттағы курс жұмысының құрылымы |
2 |
|
2 |
|
6 |
Практикалық сипаттағы курстық жұмысының құрылымы |
2 |
|
2 |
|
7 |
Тәжірибе – эксперименттік сипаттағы курс жұмысының құрылымы |
2 |
2 |
|
|
8 |
Курстық жұмыс бойынша эксперимент жұмысын жүргізудің ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері |
2 |
2 |
|
|
9 |
Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар |
2 |
2 |
|
|
10 |
Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау әдіс-тәсілдері |
2 |
2 |
|
|
11 |
Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау |
2 |
|
2 |
|
12 |
Курс жұмысының теориялық бөлімін безендіру |
2 |
2 |
|
|
13 |
Курс жұмысының практикалық бөлімі |
2 |
2 |
|
|
14 |
Курс жұмысының практикалық бөлімін безендіру |
2 |
|
2 |
|
15 |
Курс жұмысының қорытынды бөлімі |
2 |
|
2 |
|
|
Барлығы |
30 |
18 |
12 |
Курстық жоба
1 тақырып. Курстық жұмыстың мақсаты. Курс жұмысына қойылатын жалпы талаптар.
Курс жұмысының мақсаты, міндеттері. Курс жұмысы – студенттің оқу пәніндегі қандай да бір мәселені, тақырыпты терең зерттеу мақсатын көздейтін өздік-шығармашылық, оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысы. Курстық жұмыстың тақырыбының педагогикалық мәселелерді шешумен тығыз байланысы. Жобалық жұмыстар. Курс жұмысын орындау барысында керекті негізгі зерттеу іскерліктері. Әртүрлі оқу курстарындағы курстық жұмыстың ерекшеліктері. Реферативтік және зерттеушілік сипаттағы курстық жұмыстар әдістері.
2 тақырып. Курс жұмысының ғылыми аппаратының компонеттеріне жалпы сипаттама.
Ғылыми аппараттың компоненттері. Зерттеу нысаны,пәні. Курс жұмысының тақырыбын анықтау, оның маңызы және жаңалығы. Курстық жұмыстың мақсаты, маңыздылығы, негізгі міндеттері. Курс жұмысының кезеңдері, гипотезасы, негізгі әдістемесі.
3 тақырып. Курс жұмысының ғылыми аппаратын құрылымдау.
Проблеманың қазіргі жағдайы. Практикада шешілген мәселелер. Зерттелетін саладағы мәселелер.Тақырыптың көкейтестілігі және оны зерттеуге негіз болған жағдайлар. Жұмыстың мақсаты, оны қолдану саласы, басқа жұмыстармен байланысы.
4 тақырып. Курстық жұмысты орындау кезеңдері.
Курстық жұмысты орындау кезеңдері. Курс жұмысының жоспары. Тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау әдіс тәсілдері. Проблеманың тарихы мен практикадағы жағдайын мұғалімдердің озат тәжірибесімен, студенттің өз тәжірибесіне сүйене отырып зерттеу, талдау.
5 тақырып. Теориялық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.
Кіріспе. Курс жұмысында қойылған міндеттерді орындап, гипотезаны тексеру үшін қолданылған әдістерді негіздеу. Тақырыптың көкейтестілігін маңызын ашу әдіс-тәсілдері. Тақырыптың мақсатының тұжырымдалуы. Курс жұмысың мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, әдіснамалық негізі, қойылған міндеттерді шешіп, гипотезаны тексеру үшін қолданылған әдістерді негіздеу.
Негізгі бөлім. Нормативтік-құқықтық құжаттарды, әдебиеттерді салыстырмалы зерттеу арқылы мәселенің тарихы, оның практика мен теориядағы шешілу деңгейі сипатталған теориялық бөлімді талдау. Қорытындыдағы курс жұмысының материалдарын қолдану мүмкіндігі туралы ұсыныстарды талдау. Қолданылған әдебиеттер тізімдерін талапқа сай безендіру. Қосымшалар.
6 тақырып. Практикалық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.
Кіріспе бөлімдегі тақырыптың өзектілігі, маңызы, жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізгі бөлімнің тарауларын талдау.
Тақырыптың теориялық негіздері. Практикалық бөлім: білімділік процесс субъектілерінің өзара әрекеті (оқу-әдістемелік материалдар).
7тақырып. Тәжірибе – экспериментальдық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.
Тәжірибе – экспериментальдық сипаттағы курс жұмысының құрылымы.
Кіріспе бөлім: тақырыптың көкейкестілігі, маңызы, тарихнамасы, эксперимент мақсаты, міндеттері, практикалық маңызы. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі. Мәселе тарихы.
Практикалық бөлім: эксперимент жоспары, экспериментальдық жұмыс әдістері, негізгі кезеңдері, тәжірибе – экспериментальдық жұмыс қорытындыларын ғылыми безендіру. Қолданылған әдебиеттер тізімдері. Қосымшалар.
8 тақырып. Курстық жұмыс бойынша эксперимент жұмысын жүргізудің ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері.
Курс жұмысының экспериментальдық бөлігі. Эксперимент – әдеби деректерді талдауға негізделген зерттеу жұмысының гипотезасын тексеру. Экспериментке дайындық, ұйымдастыруға (сынаушыларды іріктеу; сынаушылардың саны, оларға жасы, жынысы және басқа белгілері бойынша мінездеме беру) және өткізуге сипаттама беру. Курс жұмысының экспериментальдық бөлігінің құрылымы (мәселені зерттеудің мақсаты, міндеттерін және гипотезасын белгілеу; зерттеу жұмысын ұйымдастыру). Экспериментальдық материалдар (мәтіндер, сөз, топшамалар, суреттер т.б.). Эксперимент процедурасы: барысы, кезеңдері, күні, ұзақтығы, сынаушылардан талап етілген іс-әрекет түрлері.
Эксперименттің нәтижелері және оларды талқылау. Қорытынды. Ұсыныстар.
2 бөлім. Курс жұмыстарын безендіруге қойылатын талаптар.
9 тақырып. Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар.
Курс жұмысындағы әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар. Теориялық әдістер (модельдеу, жинақтау, бағалау, біріктіру, ұқсату, топтау). Нормативтік актілерді, әдебиеттерді, жүйелі, хронологиялық безендіру тәртібі. Пайдаланылған әдебиеттер шамасы, рәсімдеу тәртібі.
10 тақырып. Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау әдіс тәсілдері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, интервью, сауалнама, оқушылардың жазба, графикалық, шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық әдебиеттерді зерттеу.
11 тақырып. Курс жұмысының тақырыбы бойынша зерттелген тәжірибелік материалдарды талдау.
Практикалық сабақ. Курс жұмысының практикалық бөлімі студенттің теориялық және практикалық білімдерін қолдана білуі және бекітуі. Қолданылған әдістер. Математикалық, практикалық, эмпирикалық, статистикалық, диагностикалық әдістер. Жобалау жұмыстарын немесе зерттелген нысанды талдау.
12 тақырып. Курс жұмысының теориялық бөлімін безендіру.
Теориялық бөлімдегі зерттелген әдебиеттер негізінде анықталған мәселеле тарихы. Әдебиеттерді сыни тұрғыдан талдау және автордың көзқарастарын көрсету әдіс-тәсілдері. Теориялық ережелердің практикада жүзеге асырылуына талдау жасау.
13 тақырып. Курс жұмысының практикалық бөлімі.
Курс жұмысының практикалық бөлімі, оған қойылатын талаптар.
14 тақырып. Курс жұмысының практикалық бөлімін безендіру.
Практикалық сабақ. График, сызба, кесте, иллюстрацияларды орналастыру.
15 тақырып. Курс жұмысының қорытынды бөлімі.
Практикалық сабақ. Жұмыстың қорытындылары. Жұмыстың қорытындыларын практикада қолдану мүмкіндіктері. Қорытынды бөлімнің зерттеу міндеттеріне сәйкестігі.
Қосымшалар. Мәтіндік немесе көрнекі экспериментальдық материалдар. Сауалнамалар. Эксперимент хаттамлары.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген