Материалдар / Курстық жұмыс, Кенесары хан

Курстық жұмыс, Кенесары хан

Материал туралы қысқаша түсінік
Кенесары хан даңқьы қолбасшы, дипломат. Кенесары ханның өмір жолы мен оның ұлт - азаттық жолындағы күресі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2021
530
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кенесары – қолбасшы, дипломат




Мазмұны



Кіріспе .......................................................................................3


І Кенесары Қасымұлы – саясатшы


1.1 Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметі............................................10


1.2 Кенесары Қасымұлының дипломатиялық әрекеттерімен шеберлігі.....................................................................................24



ІІ Кенесары Қасымұл – қолбасшы


2.1 Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарды құрудағы шеберлігі.....................................................................................33


2.2 Кенесары Қасымұлының әскери жорықтарды ұйымдастырудағы қабілеті, іскерлігі........................................41



Қорытынды.................................................................................52


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................55












Кіріспе


Кенесары көтерілісінің әлі де толық зерттелініп, айқындала қоймаған мәселелерінің бірі – ол Кенесары ханның жеке тарихи тұлғасына тән ерекше қасиеттері болса керек. Яғни, біз Отандық тарихымыздың қайтадан қалпына келіп, жаңарып отырған шағында, егемен елімізбен тәуелсіз мемлекетті армандап өткен, сол үшін бар өмірін күрес жолына жұмсап, сол жолға шыбын жанын құрбандыққа шалған, қазақтың ұлы перзентті Кенесары бабамыздың тарихи тұлғасына қандай баға бере аламыз. Міне мәселе осында.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік тарихнамада Кенесарының жеке басының аржақтылықпен саналы түрде бұрмаланып келгендігі,біздерге тарихтан белгілі (Мысалы, 5-томдық Қазақ ССР-і тарихының 3- томында Кенесары туралы бөлім жоқ). Алайда, таптық принципке негізделген сол кездегі басқа тарихи кітаптар болсын, оқулықтар болсын, ғылыми монографиялардың бәрінде де, мысалы:1.Ресей Империясы бұрынғы тарих белестерінен өткен өз патшалары мен князьдерін өте жоғары дәрежеде дәріптеп те уағыздап та өтед;2.Ал «бұратаналық» аймақтарда «бұратана» деген халықтың өклдеріне «ұлтшыл», «ұлтшылдық», «ұлтшылдық қозғалыс» деген айдарлармен айшықтап келгені де мәлім.

Дегенмен, ғылымның әділдігі де сол болар, мысалы, Кенесарының қолбасшылық өнері туралы ақиқаттық негіздегі сипаттамаларды орыс тарихнамасының өзінен кездестіруге болады. 1872 жылы Орынбор әскери училищесінің тыңдаушыларының алдында оқылған арнайы дәрісінде белгілі тарихшы-ғалым В.Потто көтерілістің көсемін «жеңімпаз хан», қырғыздың «Шәмілі» деп өте жоғары баға берген; Атақты шетел ғалымы, тарихшысы Л.Мейер де өзінің зерттеу еңбегінде Кенесары көтерілісіне тиісті баға бере келе, «Қазақ халқының мүддесі Кенесары хан төңірегінде»-деп өз ойын тұжырымдайды.

Кенесарының көп шайқастарда өз мақсатына жету жолындағы асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшы, әмбе ұйымдастырушы, ролі-тіпті патша генералдарының өзін таңғалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі;

Ұзақ жылдар жан-жақты қаруланған патша әскеріне табандылықпен қарсы тұра алуы,әсіресе, қазақ батырлары басқарған жасақшыларының нелер қиыншылықтарды бастарынан кешіріп, асқан төзімділік жасауының өзі-қазақ шаруаларынан құралған жауынгерлердің ұзаққа созылған халық көтерілісінде өздерінің шындалғандығын көрсетсе керек; Екіншіден, көтерілісшілердің бәріне бірдей дарыған қасиет-ол далалық өмірдің ерекшеліктерін толық меңгергендігі болып табылады; Көтеріліс көсемінің ерекше қасиеттерінің айқындайтын тағы бір-екі тарихи деректерді осы арада келтіуді жөн көріп отырмыз: Орыстың белгілі зерттеуші –ғалымы Н.Середа өз еңбегінде Кенесарыға орынды баға береді. Біріншіден, өз заманының белгілі саяси қайраткері, өте сезімтал саясатшыл тұлға десе; екіншіден, Кенесарының саясатшылдығы мен қолбасшылық дарынының қатар байқалғандығы туралы ойын айтады. Кенесарының жеке басы туралы шынайы мәлімет пен әділ бағалауда әсіресе Н.А.Середа өз еңбегінде; Жауларын кешірмейтін табанды, жасынан қиыншылыққа мойымауға дағдыланған шыдамдылығы “түйеге тең” деп бір жазып кетсе, тағы бір ойында кедергілерге ешқандай шайлықпай, өз мақсатына жетуде кейін шегінуді білмеуші еді деп те қорытындылайды [17, 550].

Осындай әр қилы тарихи тұлғаға ғана тән қасиеттердің тәуелсіздік алу жолындағы ауыр күресте ғана шындала түсетіндігі (Кенесарының тарихи тұлғасын сомдауда) Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» тарихи романнында да көрініс табады. Шындығында, Кенесары осы 10 жылға созылған ұлы күрес жолында нағыз көтерілістің көсемі деңгейіне көтеріле алған еді. Осындай да, халқының алдындағы жауапты кезеңде,оның қолбасшылық тұлғасы қатар шыңдалды. Бір ғана оның күрес жолынан штрих келтірүге болады: Ол көтерілістің қандай кезеңі болмасын, бірінші қолбасшы ретінде әр уақытта ресми рәсімді жауынгердің алдында қатты сақтаған (Ту ұстаған жауынгердің артында тұруы, жауапты шайқастарда көтерілістің туын алға ұстап жүру рәсімі; тіпті өзінің қолбасшылық жасап, майдан даласында көрінгенде , ерекше әскери киім тіккізіп, оны сәнімен киіп шығып, жауынгердің алдынан өтуі т.б.).

Кенесарының қолбасшылық шеберлігі оның терең де жан-жақты саясатшылдығымен ұштасып жатады. Алыстан болжап, қандай ғана мәселе болмасын алдын ала шешіп отыратын қасиетімен танылып отырған. Мысалы, Кенесарының асқан саясатшыл, дипломатиялық шеберлігін орыстың ғалым тарихшылары, ғалым-саясатшылары өз еңбектерінде көрсеткен: И.Семенов-Тянь-Шанский Кенесарыны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Рим империясының отаршылдық саясатына қарсы өз халқын көтерген Митридат ІІ-ші Эвпатормен қатар бағалайды. Әрине, былай баға беру қазақ халқының саясатшыл-дипломатиялық шеберлігін шын мойындағаны еді.

Екінші мысал: Польшаның азаттық жолындағы күресі үшін қазақ өлкесіне жер аударылған көсмі Адольф Янушкевич былайша бағалайды: « Кенесарыны ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы Алжир халқының Француз отаршыларына қарсы күрескен көсемі-атақты Абд-Эль Кадермен теңестіруге болады»[1].

Ұзақ жылдар бойы жақсы қаруланған патша әскерлерімен табан тіресе алысқан Кенесарының бір қасиеті – қиыншылықтарға төзімділігі. Үш жүздің кең даласының ой-шұңқырын алақанындағы қыртыстарындай білген, туған өлкесінің географиялық жағдайын көтеріліс кезінде мейлінше пайдалана білген Кенесарының жауынгерлерінің рухы, жеке басының табандылығы да халық жырларындағы теңеулерге сай. Оның сарбаздарының рухының беріктігіне кез келген Европа әскерінің қолбасшысы таңқалуы мүмкін екендігін таңқала атап көрсетеді сол Н.Середа [18, 550]. Жасынан даланың өміріне үйреншікті болған қазақтар әрбір тастың, ағаштың, төбенің аттарын жатқа білетін, ондаған шақырым қашықтыққа созылған тау-тас арасынан таспадай иректеліп өтетін, әзер көзшге ілінетін соқпақтар қазақтар үшін дайын, көз алдындағы бадырайған географиялық картадай көрінетін.

Әскерді бұрынғы соғыс жүргізудің азиялық тәсілімен жүздерге, мыңдарға бөлу, сарбаздардың басына ержүректілігімен, азаттық күрес ісіне берілгендігімен көзге түскен батырларды тағайындау, олардың жан аямай күресі — Кенесарының қолбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетінің шыңдалғандығының бір көрінісі.

Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ бір орталыққа біріккен мемлекет құрмай, қуатты Ресей патшалығына және Орта Азия хандықтарына қарсы тұру мүмкін еместігін Кенсары жақсы түсінді.

Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.

Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.

Кенесарының, әсіресе, дипломатиялық әрекеттерінің көтеріліс барысында өте шебер пайдаланғандығын мейлінше айқындайтын оның бұған дейінгі жарияланған хаттары (ал,архив қорларында жатқан әлі сыры ашылмаған хаттары қаншама десеңізші!) болып табылады. Бұл проблеманың одан әрі зерттеле түсуі хақ. Жас тарихшы-зерттеушілер, мамандар ретінде бұл міндет-біздің үлестерімізде. Сондықтан, хан Кене көтерілісі туралы деректер жетерлік, яғни тарихнамалық базасы мол, әрі кең; жан-жақты ғылыми зерттеу жұмысын әр уақытта жүргізе беруге толық мүмкіндіктер бар екенін қанағаттық сезіммен айтуға болады.


















    1. Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттігін қалыптастырудағы саяси қызметі.


Кенесары ханның саяси құрылысына келсек. Кенесарының Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға арналып қолданған шаралары азаттық күрестің міндеттерімен тығыз байланысты.

Хронологиялық тұрғыдан алғанда бұл шаралар негізінен ХІХ ғасырдың 40-жылдарының бастапқы кезеңіне жатады.

Қазақтарды біріктіретін мемлекеттік бірыңғай орталықсыз қуатты Ресей патша өкіметіне және Орта Азия хандықтарына қарсы ойдағыдай күресуге болмайтынын Кенесары түсінген. Қазақтардың түбіне жететін олардың бытыраңқылығы, араларындағы ру араздығы және барымта деп ол талай рет ескерткен. Мысалы, шекара Шебі маңында көшіп-қонған Шөмекей және Төртқара руларының «өз бетімен ауа жайылған» қазақтары Жағалбайлы руының қазақтарымен жауласса, ал соңғысы Қыпшақ және Жаппас руларымен жанжалдасуда еді. Араздықтың басты себебі жайылым үшін талас.

Рулық араздықтың жақсылыққа апармайтынын халық мақалаларында да айтылған. Мысалы: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді», «Бас басынан би болсаң мана тауға сыймассың, бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің».

Кенесары құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгере қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түскен. Ол қазақ жерін өз хандығының меншігі деп қарап, бұл ойын бірнеше рет атап айтқан. Кенесары Герн арқылы үкіметтен өзінің «ата-бабасынан қалған жері»[434.285.] Ұлытауды қайтарыып беруді талап етті. өзінің бір хатында ол былай деп жазды: “Әкеміз Абылайдан мұраға қалғант жерімізге қаптата бекініс салынды”[420. 285 á.].

«Сіздер,-деді ол Горчаковқа жазған хатында,-атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар». Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. “Абылай Қазақ ордаларының ханы болды,-деп мәлімдеді ол,- сондықтан бұлар соның меншігі ”.Ол “қазақ халқын орыс езгіден азат етемін» деп үәде берді, «себебі барлық қазақтар атам Абылай ханнан соң менің қарамағыма көшеді»[43, 285 б.]. Рулық қоныстарды бөлудің феодалдық тәртібіне сай ол көбінесе ең жақсы жайылымдарды өзіне алып отырды. Орыс жансыздарының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары “шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан” қоңлы көрінеді, ал оның қарамағындағы ауылдардың малы жақсы жайылымдардың тапшылығынан “арық-тұрық”сида [16.285 б].Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде оң нәтиже берген бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқының күштерінің бірігуіне, Қазақ мемлекеттілігінің күшеюіне алып келді. Тек бір есте ұстайтын жәйт, осы реформалардың бәрі феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған басқаша болуы мүмкін де емес еді.

Кенесары өзінің ішкі саясатынан туындайтын біршама шаралар іс жүзінде аса бастайды. Атап айтқанд: 1)Ел билеу тәртібіне өзгерістер енгізілді (кейбір мәселелерді шешуде қатаң тәртіп орын ала бастады); 2)Алым-салық реформасы біршама өзгерістермен іске асырыла бастайды; 3) Хан тарапынан егіншілік кәсіпті дамыта түсуге және көрші елдермен сауда қарым-қатынасын үдетүге ерекше назар аударылды; 4) Керуеншілерді тонау тоқтатылып, олардан керуен жолы үшін салық алу ісі енгізілді (Бұл арада айта кету керек: патшалықтың саясатынан туындаған біржақтылықпен Кенесары әрі қарақшы, әрі тонаушы ретінде көрсетіліп келгенідігін естен шығара алмаймыз).

Кенесары Қазақстан жеріне атасы Абылай ханнан қалған мұра ретінде қарады. Хандықтың территориясы көтерілістің барысына қарай үнемі өзгеріп отырды.қазақ халқының бір бөлігі патша үкіметін жақтап Кенесарыға қарсы шығып тұрды.

Кенесары хандығының әлеуметтік негізі көтеріліске шыққан қазақ шаруалары, билер мен батырлардың үлкен тобы болды. Оған қазақ феодаодарының да үлкен тобы қатысты. әсіресе батырлардың рөлі үлкен болды. Олар мемлекет құру ісіне де белсене араласты.

Мемлекет басшылығы Кенесары ханның қолына жинақталды. Оның жанында ең жақын серіктерінен:батырлар, билер және ханның туыстарынан кеңесші орган-хан Кеңесі жұмыс істеді; билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілхайыр тұсындағы оның еркін тежеп отырған Ақсақалдар Кеңесіне қарағанда, бұл біршама ерекшеліе еді.

Кенесары хан Кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын текті феодал шонжарларды кіргізбеді. Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сенімінебөленген адамдар ғана мүше болды. Мысалы,оның інісі Наурызбай батыр, Ағыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би-ШоқпарБақтыбайұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы т.б. хан Кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының аса маңызды мәселелері қаралды. Кеңес бар уақытта Кенесары пікірімен есептесіп отырды. «Жақтастарының бәрі де Кенесарыны ең батыл және ең ақылды ханнардың бірі деп есептеді»[12.286 б.]

Кенесары мемлекетінде басқару ісін, сот, елшілік, дипломатия, қаржы, соғыс ісін және қарсыластарының мүлкін реквизициялауды ханның жеке өкілдері арқылы жүзеге асырылды.

Елшілік келіссөздерді өздерін осы істе танытып үлгерген Шоқпар Бақтыбайұлы, Есенгелді Саржанұлы, Сайдақ қожа Оспанұлы және татар Әлім Жағудин сияқты адамдар жүргізді.

Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысты. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбайға, Әбілжаппарға, Қажыбай, Шақғазыға, молда Арғынбайға және Бұқар иелігіндегі барлық көпестерге ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер.»[4.287]

Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. Руаралық сот істерін шешу үшін ол билерді тағайындады. Сот ісін жүргізу тәртібін Кенесарының жеке рубасыларына берген нұсқауларынан байқауға болады. “Сіздерге белгілі болсын, сіздердің араларыңыздағы ұрыс-керіс пен дан-жалды қарау, адам өлім мәселелесін де шешу Сейілхан сұлтан мен Шоқпар биге тапсырылған. Олардың қолдарына осы істерді жүргізуге рұқсат беріген жарлық бар”[438 Бек 287 б.].

Руаралық жанжалдар мен барымтаға жол бермеу хандықтың маңызды міндеттерінің бірі болды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып,жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.

Жергілікті жердегі атқару билігінің ханның жасауылдары жүргізді. Жасауылдар әр руға бекітіліп салық жинау, көшу, халықтың пікірін зерттеу, көтеріліске үндеу сияқты түрлі жұмыстар атқарды.

Маңызды тапсырмаларды орындау үшін төлеңгіттер пайдаланылды. Төліңгіттер көтеріліс жүріп жатқан жерлерде көтерілісшілерге жағдай жасауды ұйымдастырып бақылап отырды.

Ханнық ішінде темірдей тәртіп орнатылды. Салық төлемеушілер мен тәртіп бұзушылар қатаң жазаға тартылды.

Салық жүйесінде жеке феодалдар жинайтын алымдарға тыйым салынып, жалпы хандық салықтар енгізілді. Малдан зекет, астықтан үшір жиналды. Сонымен қатар әр ауылдан бөлек салық алынды. Салық негізінен соғыстың қажеттілігіне жұмсалды.

Архив деректері жергілікті жерлердегі билікті "Кенесары эмиссар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ