И.В.Панфилов атындағы №5
мектеп-лицей
2023-2024 оқу жылындағы
«Балдырған» күндізгі тынығу лагерінің
есебі
И.В.Панфилов атындағы №5
жанынан ашылған «Балдырған» күндізгі тынығу лагері 03-14 маусым
2024 жыл аралығында жұмыс жасады.
«Қызылорда қаласы бойынша
білім бөлімінің 09.04.2024 ж №1463 санды хатына сәйкес И.В.Панфилов
атындағы №5 мектеп-лицейде 2024 жылы жазғы каникул кезеңінде
балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру мақсатында «Алтын балалық шақ» онкүндігін өткізу
жоспарын басшылыққа ала отырып, мектеп-лицей жанындағы «Балдырған»
лагерінің педагог және медицина қызметкерлерінің атқаратын қызметін
бөлу мақсатында төмендегі құрамда лагерь штаты
бекітілді.
Лагерь жетекшісі: Т.Тастаева
-
Жасақ тәрбиешілері:
1-топ жетекшілері: А.Райханова,
А.Айтимова
2-топ жетекшілері: Ж.Жұмабекова,
Қ.Өмірбек
3-топ жетекшілері: З.Картакова,
А.Ерназаров
4-топ жетекшілері:
Ә.Кәрім, Р.Қамарбек
-
Дене шынықтыру
жетекшісі:Т.Алдажаров
-
Музыка жетекшісі: О.Исаходжаев
-
Мейірбике: Н.Фазылова
«Балдырға н» лагерінде 4 топ
«Балдәурен», «Тұлпар», «Болашақ», «Coca-coca» 8 жасақ тәрбиешілері
жұмыс атқарды.
«Қызылорда облысында 2024-2026
жылдардағы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру, демалысын,
бос уақытын дұрыс өткізуге бағытталған іс-шаралар» жоспары бойынша
«Балдырған» күндізгі лагеріне өтініш білдірген оқушылардың тізімі
бекітіліп, ондағы әлеуметтік қорғалмаған, күнкөрісі төмен, көп
балалы отбасылардан шыққан білім алушыларды жалпыға міндетті оқу
қоры есебінен ыстық тамақпен 40 бала, ақылы негізде 50 бала
қамтамасыз етілді.
№5 мектеп-лицей
жанынан ашылған «Балдырған» күндізгі тынығу лагері 6-15 жас
аралығындағы балаларға арналған жазғы лагерьге қабылдаудың
ашылғанын жариялайды!☀(3-14.06.2024ж)
Біздің лагерьде Cіздің балаларыңызды не
күтеді:
- спорт, шығармашылық және білім беру саласындағы
қызықты бағдарламалар;
- спорт әлемімен толығырақ
танысу;
- жаңа дағдылар мен
қызығушылықтар;
- жаңа достар табады;
- гаджетсіз пайдалы
уақыт.
☀Бір маусымның ұзақтығы - 10 күн.
? 625 теңге
түскі ас пен жеңіл тағамдар бағаның ішіне
кіреді! Ақылы негізде 50 бала
лагерьмен қамтамасыз етілді.
«Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің
09.04.2024 ж №1463 санды хатына сәйкес И.В.Панфилов атындағы №5
мектеп-лицейде 2024 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың
сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын
ұйымдастыру мақсатында
«Алтын балалық
шақ» онкүндігін өткізу
жоспары
№
|
Тақырыбы
|
өткізілу түрі
|
мерзімі
|
Жауапты
|
1
|
1
маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қалалық паркте,
Б.Шүкенов атындағы демалыс орнына ата-аналарымен
демалу
|
саяхат
|
01.06.2024ж
|
Т.Тастаева
|
2
|
«Бақытты балалық шақ!»
|
ашылуы (тренинг, интеллектуалды сайыс, концерттік
бағдарламалар, т.б)
|
03.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
3
|
Рәміздер күні
|
танымдық сабақтар
|
04.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
4
|
«Бүлдіршіндер – үлкен
таланттар»
|
сурет, қолөнер, музыка, фотосурет, роботтехник,
би шеберлік сабақтары
|
05.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
5
|
«Отбасы аясында» отбасылық дәстүрлер мен
құндылықтарды насихаттау «Біз бәріміз балалық
шақтанбыз...»
|
отбасылық фотосуреттер байқауы
|
06.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
6
|
Денсаулық лигасы
|
спорттық жарыстар
|
07.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
7
|
«Бірлік – тірлік тірегі!», «Біздің
батырлар»
|
квест өткізу
|
10.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
8
|
«Қауіпсіздік пен мейірімділік
әлемінде»
|
жол
қозғалысы ережелерін үйрету
|
11.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
9
|
«ZHAZ ONLINE» «Әлем бала көзімен», «STOP
кадр»
|
челлендж
|
12.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
10
|
«Досыңа қуаныш сыйла»
|
флешмоб
|
13.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
11
|
«Алтын балалық шақ»
|
лагерь жабылуы
|
14.06.2024ж
|
Т.Тастаева
штаб мүшелері
|
1 маусым 2024
жылы 1 маусым – халықаралық
балаларды қорғау күні
1 маусым - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті балалар, ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Біздің болашағымыз, әрі өмірімізге мән беруші - Балаларды қорғау
күні. Олардың балалық шағының алаңсыз өтуі, сапалы білім алуы,
бақытты балалық кезеңін барынша қызықты өткізу - біздің басты
міндетіміз. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.
Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі,
саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы
жарқын. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ
тілейміз! Осы орайда, И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейде
"Балдырған" күндізгі тынығу лагері жұмысын бастады. Бүгін
мектебімізде бар балаға шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын
думанды мереке өтті. Мерекелік шара барысында балдырғандарымыз
жырдан шашу шашып, көңілді би билеп, спорттық жарыстар мен сурет
салу конкурстарына қатысты. Қызылорда облыстық мұражайы, Батырхан
Шөкенов атындағы демалыс саябағын аралады.
Алғашқы күні топтар балалармен
толық танысып, балаларды таңертең көңілді әуенмен қарсы алып, таңғы
жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас ішіп, топтарға
біріктіріліп болған соң лагерьдің ашылу салтанаты жалғасын тапты.
Әр топтағы белсенді балалар өнер көрсетіп, биден жарыс болды. Әр
белсенді оқушыға жетон таратылды. Қызылорда облыстық тарихи
музейіне «1 маусым – балаларды қорғау» күніне арналған саяхатқа
барды. Топтағы балалар өз сыныптарында үйірме жұмыстарына қатысты.
Лагерь тынығушылары үшін өте қызықты болды. Бүгінгі күннің
қызықтарымен бөлісіп, балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне
қайтты.
3 маусым 2024
жылы Ұлттық ойын
күні
Балаларды таңертең көңілді
әуенмен қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас
ішті. "БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!"
лагерьде ұлттық ойындаркүні аталып өтілді.
"Балдырған" лагеріне келген
балалармен ұлттық ойында ойналды. Мақсаты: Ұлттық ойындар – қазақ
халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір
түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар
негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығулар жасау жолымен дене
шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт
ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда
пайдалы аса күшті.
1.Теңге
алу
2.Қол күрес
3.Кім күшті
4.Арқан тарту
Теңге алу. Жерде жатқан
теңгені жүгіріп келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, бұл тәжірибені
қажет етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға 5 ұпай
беріледі.
Қол күрес. Бұл ойын стол
үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын
столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол
бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып
2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың
қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Кім күшті? Ортаға екі ойыншы
бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.Белгі бойынша кім
бірін-бірі арқада көтеріп алса, сол бала жеңіске жетеді. Жеңіске
жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш
сынасады.
Арқан тарту. Бұл екі топқа
бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі
жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай
топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші
баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді. "Балдәурен" тобы
жеңіске жетті. Кубок табысталды. Топтағы балалар үйірме
жұмыстарына қатысты. Лагерь тынығушылары үшін өте қызықты болды.
Қызықтарымен бөлісіп, балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне
қайтты.
4 маусым 2024
жылы Рәміздер
күні
«РӘМІЗДЕР - елдің
қадір-қасиеті» тақырыбында "БАЛДЫРҒАН" күндізгі тынығу лагерінде
рәміздер күніне арналған танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты:
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда
болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Балалардың
есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталдандыру. Отан
сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,
елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының
тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Лагерьдегі "Балдәурен",
"Coca-cola", "Болашақ", "Тұлпар" тобының тәрбиеленушілері Әнұранды
жатқа айтып, танымдық сабаққа белсене
қатысты.
Лагерьдің қызықты күндері
жағасуда. Балаларды таңертең көңілді әуенмен қарсы алып, таңғы
жаттығу алдын Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Жаттығудан
соң таңғы ас ішіп, балалар еңбек десантына шықты. Акт залда әр топ
Рәміздер күніне арналған іс-шараларын өткізді. «Мәңгілік алау»,
тағзым алаңына барды. Тағзым алаңында балалар пикник жасап, әртүрлі
ойындар ойнады. Топтағы балалар үйірме жұмыстарына қатысты. Бүгінгі
күн лагерь тынығушылары үшін өте қызықты болды. Бүгінгі күннің
қызықтарымен бөлісіп, балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне
қайтты.
5 маусым 2024
жыл Кино
күні
Бүгінгі күн біздер үшін ерекше
басталды. Балаларды таңертең көңілді әуенмен қарсы алып, таңғы
жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас ішіп, балалар таңертең
еңбек десантына шықты. Барлық топтар бірігіп, «Жібек жолы»
ойын-сауық орталығына киноға бардық. Кинода балалар «Гарфильд»
мультфильмін тамашалады. Кинодан соң, әр топ үйірме жұмыстарына
қатысты. Бүгінгі күн лагерь тынығушылары үшін өте қызықты
болды.
6 маусым 2024
жылы Таланттар
күні
Балаларды таңертең көңілді
әуенмен қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас
ішіп, балалар таңертең еңбек десантына шықты. Жоспар бойынша
«Таланттарды іздейміз» атты сайысқа қатысты. Сайыста балалар ән
айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, балалардың барлығы өздерін
белсенді көрсете алды. "БАЛДЫРҒАН" күндізгі тынығу
лагері талантты оқушыларды іздеп, әнші, биші, суретші, қол өнер
дарындарын, спорт жеңімпаздарын тапты. Алғыс хаттармен
марапатталды. Осылайша, көңілді уақыт өткізді. Сайыстан соң әр топ
үйірме жұмыстарына қатысты.
7 маусым 2024
жылы Денсаулық
күні
Балаларды таңертең көңілді
әуенмен қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас
ішіп, балалар таңертең еңбек десантына шықты.
Денсаулық күніне арналған
тапсырмалар берілді. Дене шынықтырушы Алдажаров
Теміржанның ұйымдастыруымен «Денсаулық лигасы» конкурсы
ұйымдастырылды. "Балдырған" күндізгі тынығу лагерінде денсаулық
күні аталып өтті. МАҚСАТЫ: Балалардың спорттық ойынға қызығушлығын,
қимыл қозғалыс біліктілігін арттыру, салауаттылыққа дағдылау,
жылдамдық, ептілік рефлексін дамыту. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Кім
жылдам? , туннель, топ жетекшілер сайысы, шығыршықпен жүгіру,
секіртпемен жүгіру, кенгуру. Топтар арасында өткен сайыста
"Балдәурен"1орын, "Тұлпар" тобы 2 орын, "Coco-cola"тобы мен
"Болашақ" тобы тең ұпай жинап достық жеңген 3 орынмен марапатталып,
кубоктар табысталды.
10 маусым 2024
жылы Бірлік
күні
"Балдырған" күндізгі тынығу
лагерінде "Бірлік - тірлік тірегі" тақырыбында балаларды командада
достыққа, ауызбіршілікке, денсаулыққа көңіл аударуға шақыру
мақсатында квест ойыны ойнатылды. 4 команда әртүрлі сайыстар арқылы
сайысып, қазынаны топпен іздеді. Нәтижесінде "Балдәурен" тобы
жеңіске жетті. Балалар түскі астарын ішіп үйлеріне
қайтарылды.
11 маусым 2024
жылы «Қауіпсіздік пен мейірімділік»
күні
Лагерьдің қызықты, көңілді
күндері жалғасуда. Балаларды таңертең көңілді әуенмен қарсы алып,
таңғы жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас ішіп, балалар
таңертең еңбек десантына шықты. Бүгінгі бекітілген жоспар бойынша
барлық топтар бірігіп, Б.Шөкенов саябағына пикникке барып, көңілді
уақыт өткіздік. Саябақта түрлі ойындар ойнап, естелік суреттерге
түсіп, балалар уақыттарын көңілді өткізді.Саябақтан соң мектепке
келіп, әр топ жол жүру ережелерімен танысты. Бүгінгі күн лагерь
тынығушылары үшін өте қызықты болды. Бүгінгі күннің қызықтарымен
бөлісіп, балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне
қайтты.
12 маусым 2024
жылы «Нептун»
күні
Бұл күннің мақсаты: күннің
ыстығын сезіне отырып, балалар бір-біріне су шашу арқылы қуаныш
сыйлау. Көңілдерін білдіру. Балалар бір-біріне су шашып ойнап,
көңілді уақыт өткізді. Топтағы балалар үйірме жұмыстарына қатысты.
Бүгінгі күн лагерь тынығушылары үшін өте қызықты болды. Бүгінгі
күннің қызықтарымен бөлісіп, балалар көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне
қайтты.
13 маусым 2024
жылы «Алтын балалық шақ»
күні
Балаларды таңертең көңілді
әуенмен қарсы алып, таңғы жаттығу жасалды. Жаттығудан соң таңғы ас
ішіп, балалар таңертең еңбек десантына шықты. Қызықты күннің дәлелі
ретінде балалар біріне-бірі қимастық сезімдерін білдіріп, түрлі
ойындар ойнады. Лагерьдің жабылуына дайындық жұмыстарын
жасады.
Лагерьдің жабылу салтанатында
он күн бойы өзін түрлі өнерімен көрсете білген талантты балалар
марапатталды. Балалар бірін-бірі, достарын қимай, қызықтарымен
бөлісті. Алдағы уақытта лагерь жұмыс жасаса деген ұсыныстарын
білдіріп рахметін айтты. Ән айтып, би билеп топтар үйренген топтық
ұрандарын еске алды. Лагерь соңында «Балдәурен» тобы бас жүлде,
«CoCa-Coca» тобы 2 орын, 3 орын достық жеңісімен «Тұлпар» және
«Болашақ» бөліске түсті. Топ тәрбиешілері мен жасақшыларына алғыс
білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!