400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Лагерь жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазғы лагердің тақырыптық жоспары 2 аптаға арналған бастауыш сыныптарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Мектеп директоры:



2023-2024 оқу жылындағы жазғы лагерь

«Балдәурен» тобының 17.06-28.06.2024 жыл аралығындағы жұмыс жоспары

Уақыты

Өткізілетін іс-шаралар

Жауаптылар

17.06.2024 жыл

«Қайырлы күн, жас өрен!»

1. Қабылдау.

2.Лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

3. «Түрлі –түсті арман» асфальтта сурет алу

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


18.06.2024 жыл

«Салауатты өмір салты» күні

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.«Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым» ертеңгілік

4. «Спорт-денсаулық кепілі» спорттық жарыстар

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


19.06.2024 жыл

«Ертегілер әлемінде» ертегі кейіпкерлері күні

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.Ертегілер әлеміне саяхат(ертегілер) кейіпкерлерді бейнелеу

4. Мектеп кітапханасына саяхат

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т

Түгелова Ж

20.06.2024 жыл

«Табиғат аясында»

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. Табиғат  аясында.

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


21.06.2024 жыл

«Достық» күні

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.«Дос боламыз бәріміз» тренинг

4. «Досыма хат» хат жазу

5. Эстафеталық жарыс

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т

Уразбекова Р


24.06.2024 жыл

«Өз ауылымызды сүйеміз»

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3. «Менің туған ауылым» саяхат

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


25.06.2024 жыл

«Өнер» күні

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.«Әнші, биші, күйші балапан» топтар сайысы

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


26.06.2024 жыл

«Болашақ –жастардың қолында»

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.«Болашақ жастардікі» флешмоб

4. «Менің есімім» тренинг

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


27.06.2024 жыл

«Білімділер» күні

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.«Білімді мыңды жығар» мақал-мәтелдер сайысы

4. «Оқиық та, тоқиық» топтық жарыстар

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т


28.06.2024 жыл

«Қош бол, Балдәурен!»

1.Қабылдау.

2.Бой жазу жаттығулары.

3.Лагердегі көңілді сәттер

4.Лагердің салтанатты жабылуы

Ақөтенова Ш

Қайырзаманова С

Шегетаев Т





















































































Тақырыбы: Досыма хат

Тобы:

Күні:

Мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.

ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары.
1) “ Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
5) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз?
6) Достық жасқа байланысты ма?
7) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
8) Досыңды неге теңер едің?
9) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
10) Сіз үшін ең маңызды мәселе?
11) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?

Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары:
- Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
“Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге:
- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
(Пікірлері тыңдалады.)
1) “Мен жақсы оқимын, қоғамдық жұмыстарға қатысып, әрдайым алғы шептен көрінуге тырысамын. Өз сыныбымыздағы бір баламен достастым. Бірде оның бір баланы ұруға қатысқанын білдім, білісімен онымен достықты үздім.”
2) “ Қалай өмір сүргенімді есіме алсам, ұяттан жерге кіріп кете жаздаймын... Сөйтіп жүргенде Жаннаны кездестірдім. Былай қарасаң қарапайым қыз, оған достасу туралы ұсыныс жасап едім, ол келісті. Достарым оны қалыпты іс деп бағалады, “ Атаманға кім қарсы келуші еді” деп есептеді. Жаннаның басынан біраз нәрсені өткеруіне тура келгенімен ол мені адам етті. Бұл хатымда мен бәлкім ештеңе айтпаған да шығармын, әйтсе де менің құрдастарымның кез-келгенінің адамды жөнге салу ісі қолдарынан келетіндігін айтқым келеді.”
- Бұл екі жағдай бір-біріне ұқсас. Бірақ қыздардың істеген істері бірдей емес. Осы екі үзінді жайлы қандай ой түйдіңіздер?
- “Жаманнан бойды аулық сал” дегендей, алғашқы қыздың дер кезінде достықты үзгені дұрыс та шығар, кәне кім не айтады, пікірімізді ортаға салайық. (Пікірталас кезі)

ІІІ. Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету.
А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Сиқырлы орындық” жаттығуы
Ә) Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады

IV. “Досыма көмек ” ойыны.

V. Сауалға жауап іздеу.
1) Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба? Хат қоржын (Хаттарға жауап).
а) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.
ә) Мен досымды қатты аяймын. Досым көз алдымда өзгеріп барады. Менен гөрі арақ пен темекіні дос тұтатын сияқты. Қанша түсіндірсем де ұғынатын емес. Мен бірінші рет дәрменсіздік дегеннің ауыр екендігін сезіндім.
б) Қандай қиянат жасадым десеңізші. Апамның сөмкесінен ақша ұрлау... Әттең, досым үшін ғой. Ауыр хал үстінде жатыр, дәріханаға қарай жүгіріп келемін.

Ән: Достарым менің (хормен)
IX. Қорытынды
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Саған жердің түбінен жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бірін – бір жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас,
Көңілі татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей болып мойымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

а) Достық, сыйластық туралы ұлы адамдардың айтқандары.
ә) Өздері қалаған адамына өз қолынан даярлаған сыйлығын тапсырады.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
03.06.2024
172
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі