400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ләңгі тебуде-спорт

Материал туралы қысқаша түсінік
Ләңгі ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ләңгі тебуде-спорт

Ләңгі ойыны қазақтың ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарының бірі. Өз басым жас бала кезімде ләңгі десе ішкен асымды жерге қоятын едім, тіпті сағаттап ойнасамда жалықпайтын едім. Тәңірдің таңы атысымен көше бойындағы достарым үйге келіп кеш қарайғанша ойнайтынбыз.

Жалпы ләңгіні қойдың терісінен, және қорғасын құю арқылы істейді.

Жоғарыда айтқандай ләңгіні бала күнімізде шұлықтың басын қиып оған күріштің күрмегін немесе саз топырақ салып аузын түйеміз де теуіп ойнайтынбыз. Сол әдет бойынша шүберектен ләңгі жасап, кент орталығында ойнап жүрген кішкентай бала мен ересек ұлдардан осы жөнінде сұрадық. Иә, барлығы дерлік «ләңгі» екенін айтып, бірақ ойнап көрмегенін тіпті ойнай алмайтынын жасырмады. Әйтсе де өздерін сынамаққа бір-екі мәрте теуіп көрген болды. Ішінде «менде көрейінші» деген қыздар ләңгі тебуден жігіттерден қалыспады. Айтпақшы бұл ұл-қыздар «Жасыл елде» қызмет жасайтын жастар. Жұмыс арасында ләңгі ойынын ойнап біраз серігіп алды. Бала күнінде ағаларының ойнағанын көріп өскен Айбек есімді жігіт аталған түрін ойнай алатынын жасырмады. Ләңгіні қолына алып аяғымен жоғары тепкенде ептілігі бірден байқалды.

Бұл ойынды кішкентай бала күнімде ойнадым, ағаларымнан көрген-түйгенім бар. Қазір ойнамаймын. Бірақ балалық күннен есте қалыпты. Ләңгіні былғары етікпен ойнайды. Себебі қорғасын құйылған соң аяқты ауыртады әрі аяқ киіміңді қоймайды. Бұл көне ойын ғой. Қазір жастар интернетке кіріп кеткен, қимыл қозғалыс жоқ. Оны мойындау керек. Сол үшін қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» секілді жаңғыртып отырса неге қазақ баласы ләңгі ойнамасын?! Қайта нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Айбек Шамшадинов.

Ләңгіні ойнағанда қимылдың артып, бүкіл дене бұлшық етінің белсенді түрде қозғалатынын дәрігер мамандар жоққа шығармайды. Себебі бір қимылдағанда аяқ кезекпен қозғалып тақымың бекісе, омыртқада шап жарығының (грыжа) алдын алып, көздің көру қабілеті артады. Күні-түні қимыл қозғалысы жоқ телефонға телмірген ұрпақтан кез-кезген ауру түрін күтуге болады.


Руслан Тасыбеков,

254 жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
24.11.2023
187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі