|
Сабақтың
басы
|
Дайындық бөлімі:
Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың
спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және
мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін
анықтау. Техника қауіпсіздігін
ескерту. Бой жазу жаттығуларын
орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
|
Сұрақ-жауап. Сабақ
басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап
сұрайды.Оқушылардың қатарда
түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау.
Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын
қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын
қадағалау.
|
Үлкен, бос
кеңістік.
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Сыныпты жұптарға, кіші
топтарға бөлу.
1. Кіші допты, сол аяқ алда
бастапқы қалпынан
нысанаға лақтыру. 10
қайталау.
2. 6м қашықтықтан, кіші допты
қалқаншаға лақтыру (доптың кері қайту қашықтығына). 10-20
қайталау.
3. Кіші допты белгіленген
аймаққа лақтыру, волейбол алаңында бормен немемсе шеңбермен бірнеше
аймақтар
белгілеу. Жұптарда жұмыс
жасау, алаңның бір жағында бір оқушы, басқа жағында екінші оқушы.
10-20 қайталау және дәл тиген санын
есептеу.
4. Әр адымға тоқтап, 4-5
лақтыру адымдарының қимылын жүріп
орындау.
5. Берілген қашықтыққа, төрт
лақтыру адымдарынан «қолды артқа созып, иықтан лақтыруды»
орындау.
|
Допты лақтыру тапсырмасын
орындау үшін, лақтыру аймақтарын белгілеңіз және қауіпсіздік
ережелерінің сақталуын қадағалаңыз. Белгіленген аймаққа допты
лақтыруды ойын ретінде өткізуге болады. Ол үшін сыныпты бірнеше
топқа бөліп, дәл тиген санын есептеп, жеңімпазды
анықтайсыз.
Тапсырманы орындау барысында
оқушылардың лақтыру техникаларын дұрыстауға болады. Лақтыру кезінде
бейне таспаға түсіріп, оқушылардың өздері орындаған техникаларын
көрсетіп, қателерін дұрыстауға
болады.
|
|
Сыныпты бірнеше топқа бөліп,
бір-бірінен жеткілікті қашықтықта, ойын алаңының әр бөліктеріне
орналастырыңыз. Әр топтағы қатысушылар шеңбер бойына тұрып,
ортасына жүргізуші волейбол добын қолына ұстап шығады. Мұғалімнің
белгісі бойынша жүргізуші(әр топта әртүрлі) волейбол добын жоғары
лақтырады, ал қалған ойыншылар кезегінің ретімен теннис добын ұшқан
нысанаға тигізуге тырысады. Әр тигізгені үшін, ойыншыға бір ұпай
беріледі. 8-10 мүмкіндігінің ішінде, ең көп ұпай жинағаны жеңіске
жетеді.
|
Ойыншылар сызықтың бойына
тұрады. Әрбіреуінің қолында теннис добынан. Жүргізуші волейбол
добын ұстап, жоғары лақтырады. Ойын мұғалімнің белгісі бойынша
басталады. Сызықтың ішінен тигізген есептелмейді. Ойынның нұсқасы:
Өткізілген ойыннан кейін ең мерген және ең жақсы лақтырушыға
қайтадан өткізуге болады. Ол үшін бірінші кезеңнің жеңімпаздарын
бір шеңберге жинап, ұтылғандарды басқа шеңберлерге жинап, осы
тапсырманы қайтадан өткізу
керек.
Сұрақ: Лақтыруларды орындаған
кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды
ма?
|