400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар, ұстаздар үшін көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Лақтыру, секіру, жүгіру дағдыларын жақсарту және дамыту.

Мектеп: «Байқадам ОМ» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жұмахамет Е.Р

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Секіру және оның түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.2. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру және жинақтау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Секіруді орындау кезінде секіру қимыл-қозғалыс реттілігін сақтайды

Көпшілігі:Екпін алып секірудің маңызыдылығын жетілдіреді және жинақтайды

Кейбіреуі: сабақ барысында көрсетеді

Бағалау критерийі

Дене қимыл-қозғалыс маңызыдылығын жетілдіреді, ретілігін сақтайды, түсінеді және сабақ барысында үдерісті көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


Гимнастика, ұзындыққа секіру, өлшем бірлік атаулары

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдар

Бастапқы білім


Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау кезінде жеке қозғалыс техникаларын жақсартумен жұмыс істейді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Жүгіру жолы немесе үлкен бос кеңістік. Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.

Сабақтың ортасы


(К, Т) Сыныпты оқушылар секіру дағдыларын дамытуға алып келетін тапсырмаларды орындайтын шағын топтарға бөлу.

1. Жылдам жүгіру кезінде әр бес қадамда итеріліп, «адымдап» секіруді орындау (5-6 рет).

2. Тізені кейдеге тартып, кедергі арқылы орнынан тұрып секіру (5-6 рет).

3. «Отырған» күйінде қонуымен орнынан тұрып жоғары секіру (мысалы, гимнастикалық мат) (5-6 рет).

4. Жүгіріп келіп аяқты қайшылап, биіктікке секіру (5-6 рет).

5. Қону орнына жақын орналасқан кедергі арқылы бес-алды қадам жүгіріп келіп секіру (5-6 рет).

6. Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).

7. Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Секіруді жақсарту үшін қолданатын арнайы жаттығуларды оқушыларға ұсыну. Әр түрлі кедергілерден секіру, ілінген заттарға секіріп жету жаттығулары.

Топта оқушылармен секіру дағдыларын жақсарту үшін ұсынылған тапсырмалардың қайсысымен тағы жұмыс істеу керектігін талқылаңыз.

Ұзындыққа секіруге арналған шұңқыр, жалауша (ақ және қызыл), гимнастикалық маттар, кедергілер

Фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық, бор.


Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі секіру жаттығуларында оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және үдерісін дамытып, дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, жеңіл атлетикалық секірулерді жалпылау. Қабілеті жоғары оқушылар секіру дағдыларын қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Сабақ барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
711
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі