Ларчик кілемшесіндегі дыбыстар мен әріптер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ларчик кілемшесіндегі дыбыстар мен әріптер

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету; Қолды жазуға дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,Талдықорған қаласы,№12 «Байтерек» бөбекжайының тәрбиешісі Кемешева Сауле Турсуновна.


Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сауат ашу негіздері»

Тақырыбы: «Ларчик кілемшесіндегі дыбыстар мен әріптер»

Оқу мақсаты: «Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дыбыстық талдау жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету; Қолды жазуға дайындау.

Ұ.О.Қ. мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасайды; Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салу дағдыларын игерген.

Пайдаланатын ресурстар: В.Воскобовичтің «Кілемграф» заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы, «Игровизор» ойын жаттығуы.

Әдіс-тәсілдері: «Ашық микрофон», «Миға шабуыл», «Топқа бөлу», «Ойлан,жұптас,талқыла», Тәжірибе жасау, «Әткеншек».

Ұйымдастырушылық-қозғаушы кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Денсаулық  — ол шыныққан,барлық  дене  мүшесі.

Денсаулық  -ол  тыныққан, жүйке  тамыр  жүйесі.

Денсаулық  -ол  күлуің, көңіл-күйің  жадырай.

Денсаулық — ол жүруің,ешқай  жерің   ауырмай.

Балалар, біздің «Дыбыстар мен әріптер» бағында («Кілемграф» заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы ) үлкен дау болып жатыр екен, бұндағы дауысты және дауыссыз дыбыстар бір-бірімен дауласып, екіге бөлініп кетіпті, қане сендер оларға көмектесесіңдер ме?

Ол үшін сендердің білімдерің қажет екен.

Педагог жетекшілігімен «Ашық микрофон» ойыны.

Ой бөлісу

Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады.

Ашық сұрақтар қою:

- Сауат ашу негіздері оқу қызметінде біз нені үйренеміз?

- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Өткен дыбыстарға байланысты тақпақтар білесіңдер ме?

3 топқа бөлу: «Әуе шарлары» ойыны. (4К моделі)

-Балалар қараңдаршы, бізге Дыбыстар елінен әуе шарлары ұшып келіпті.Ішіндегі

ерекше шарды жарып көрейікші ішінде не бар екен.

Шар жарылады ішінен бал, банан,бүлдіргеннің суреті шығады, 3 топқа бөлінеді.

  «Ой қозғау» әдісі: Коктейльдің суретін көрсету.

Тәжірибе жасау: бал,банан,бүлдіргенді блендермен араластырып коктейль жасау.

«Миға шабуыл» (Сыни ойлау) «Ойлан тап?»әдісі

Өткен дыбысты жұмбақ шешу арқылы табу.

Балада бар,

Данада жоқ.
Бабада бар,
Ағада жоқ. (Б)

Өткен сауат ашу оқу қызметінде Б дыбысымен танысқан болатынбыз. Бүгін «Б» дыбысын қайталап,қорытындылаймыз.

-Б дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?

-Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

Дыбыстарды дұрыс айту үшін «Б» дыбысына арналған дыбыстық жаттығу орындайық.

Дыбыстық жаттығу:

Ба-ба-ба- балға

Бо-бо-бо- бота

Бұ-бұ-бұ- бұлбұл

3топ: Жеке жұмыс: «Бал», «Банан» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Екі бала тақтада орындайды.

Сергіту сәтін ұйымдастыру:

Ал балалар тұрайық,

Әріп сырын ұғайық

«А» дегенде отырып,

«Б» дегенде тұрайық

«А», «Б», «А», «Б»,

Отырып тұр тағы.

Тапсырмалар орындау: Спикер тағайындау.

1«Бал» тобы: Құрылымдалған ойын: В.Воскобовичтің «Игровизор» ойын құралы.

Шарты: штрихтар жүргізу арқылы жол салу.

2 «Банан» тобы: Еркін ойын: «Көңілді іздер»

Шарты: іздер арқылы банан, бал, бүлдірген, бокс қолғабы, бадминтон сөздерін қайталау.

3 «Бүлдірген» тобы: Педагог жетекшілігімен ойын: В. Воскобовичтің «Ғажайып баулар» ойын құралы

Шарты: «Балапан» сөзінен бауларды өткізу арқылы «Бал» сөзін құрастыру.

Топпен жұмыс . (Бала үні) Коммуникативтілік дағды

«Сөз ойла,тез ойла» ойыны арқылы «Б» дыбысынан басталатын сөздер ойлап табу.

«Телефон» ойыны (Әткеншек әдісі)

«Банкомат» ойыны арқылы қорытындылау.

Балаларға карточкалар беріледі балалар карточканы банкоматқа салып күлегештерін алады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2021
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі