Латын әліпби

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Латын әліпби

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? - деген сұрақтар төңірегінде ғылыми жоба жазып, зерттеп шықтық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиінің тиімділігі

Өмірімізде күнделікті болып жатқан өзгерістерге барлығымыз куәміз. Тілімізді сақтап қалу басты мақсатымыз деп білсек, латын әліпбиіне көшуіміз қажет. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы, дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? - деген сұрақтар төңірегінде ғылыми жоба жазып, зерттеп шықтық. Өскемен қаласын аралап, дүкен, ғимаратттардың атауларына көңіл бөлдік. Біз қандай мемлекетте тұрып жатырмыз? –деген сұрақ туды. Сол атаулар әр тілде жазылғаны қынжылтады. Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы.

Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Қазірдің өзінде бірнеше мемлекет латын тілінде қолданыста. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ, латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық.

Қорыта келе, латын әліпбиін меңгеру қиынға түспейтіні анық, себебі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда. Мұғалімдер, оқушылар арасында сауалнама алған кезде көзіміз жетті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2022
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі