Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиі

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын әліпбиінің зерттелуі, шығу тарихы, әріптердің таңбасы туралы толық ақпараттан жазылған. Латын әріптерінің артықшылығы,кемшілігі, дыбысталуы жайды да жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиі

Жаңа әліппені алғанда қазақ тілінің үндестік заңы пайдаға асырылады. Өйткені қазақ әліпбесінің дауысты, дауыссыз дыбыстары, жуан, жіңішке болып екі түрлі айтылады. Әр дыбыстың жуан жіңішке түрлеріне дербес арнаулы әріп алынса, әліпбедегі таңба 48 шамасы болады. Үндестік заңын қолдансақ әліппедегі әріптеріміз 24 қана болады. Жіңішке сөз алдына дәйекше қойылады да, ол болмаған сөз жуан оқылады. Жаңа әліпбе әріптерінің түрі де, аталуы да жер жүзіне ортақ түрде алынсын. Бір дыбысқа бір таңба ғана таңба алынсын.


Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленген.Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін таңбалар да алынады.

Қазақ латын әліпбиі (1931)

Qaһarman papьjros tartьp otьrdь / қаһарман парыйрос тартып отырды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Sьвolьc “kәlвijt” qazaq meniŋ papьrosьmdь sen urladьŋ dep, ςerde ςatqan multaq qajьŋ men Qaһarmandь salьp өtti //Сыболыш «кәлбійт» қазақ менің парыросымды сен ұрладың деп, жерде жатқан мұлтақ қайың мен Қаһарманды салып өтті (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Tek dьjnamьjt dуris etken cьrt ujqь cьradai acьldь // Тек дыйнамыйт дүріс еткен шырт ұйқы шырадай ашылды (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 9-бет). Dіjnәmіttь Qаһarmannьŋ qasьna qojadь// Дыйнамытты Қаһарманның қасына қойады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 10-бет). Ьja Duvnajьp mьna sizderge alьp kele ςatqan qarςь, kәnвertti almaq вolьp ajqasqan вatьr dep kәnвertti nacalnikke вerdi // ыйа Дұунаеп мына сіздерге алып келе жатқан қаржы, кәнбетті алмақ болып айқасқан батыр деп кәнбертті нашалникке берді (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 7-бет). Ujat вolqan eken! – dep necalnik вәdik вolьp alaqtadь// Ұйат болған екен! - деп нешалник бәдік болып алақтады (Камал ұлы Сағыр «Екпін», 1932. 18-бет).



1.Әліпбидің артықшылығы

-бір дыбыс – бір әріп» принципі қатаң сақталды;

-Түркі халықтары ұстанған принцип қатал ұсталды;

-Оқуға қолайлы, жазуға оңай, өте қарапайым;

-ол асты белгілері жоқ.

2.Қабылданған әліпбидің кемшілігі

Кемшілігі ретінде ә, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сәйкес алынбаған. Орыс тілінен енген сөздер бірнеше тұрпатта жазылды. Сондықтан 1938 жылы әліпби және емлеге бірнеше өзгерістер енгізіледі. Орыс тілінен енген сөздер түпнұсқалыққа негізделе бастайды



Меніңше, ондай әліпби келесі талаптарға жауап беруі керек:

1.Әліпбиде таңбалар барынша аз болуы керек. Мүмкіндігінше ағылшын әліпбиіндегі 26 таңбаның аясында болып, оған қосымша таңбалар, әріптерге қосымша ноқат, құйрық және т.б. қосылмауы керек (мысалы, Ä, Ğ, Ö, Û, Ü, Ï, Ñ, ŋ, ň, Ģ, Ş т.б.). Бұл ағылшын клавиатурасында, қосымша ешқандай драйверлерсіз-ақ қазақ сөздерін тере беруге, ақпараттық технологияларда қазақ тілін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

2.Сөздің жазылуы ұзарып кетпеуі керек, керісінше, мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бір дыбыс - бір әріп, бір дыбысты бірнеше әріппен таңбалауды болдырмау керек.

3.Әріптердің дыбысталуы қолданыстағы ағылшын/латын әліпбиіндегі бірдей әріптердің дыбысталуына жақын болуы. Яғни, дыбысты таңбалауға таңдалған әріптің ағылшындағы/латындағы дыбысталуы біздің дыбысқа жақынырақ болғаны дұрыс. Мысалы, біреулердің ұсынған нұсқасында Ө дыбысын V әрпімен таңбалайық депті, мұндайды болдырмау керек. Бұл қазақтың ағылшын тілін және басқалардың қазақ тілін үйренуін едәуір жеңілдетеді. Қазіргі азаматтар үшін ағылшын әріптері де, олардың дыбысталуына да біршама үйреншікті болып қалған десек, демек мұндай әліпбиді енгізу де біршама жеңіл болары сөзсіз.

Енді, осыларды ескере отырып әліпбидің жаңа нұсқасын жасап көрейік

1. Әліпбидегі таңбаларды азайту мүмкіндіктерін іздестіріп көрейік

1.1.Қазақ тіліне мүлдем жат және алып тастауға ешкімнің таласы болмайтын дыбыстарды таңбалайтын әріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ь, Ъ, Э. Бұларды алып тастасақ 42-ден 35 әріп қалады. Ал ащы, тұщы дегендегі Щ-ны қайтеміз? Щ-мен жазылатын қазақ сөздері санаулы, онда да олар шш болып оқылады, ендеше солай жазайық.

1.2.Қазақ тіліне жат болғанымен біраз сіңіп қалған әріптер (басқаша айтқанда алып тастау біраз талас туғызуы мүмкін әріптер). Бұлар В, Ф, Х, һ. Мұндағы В, Ф, Х әріптерін қалдыруды ұсынамын. Өйткені өл көптеген халықаралық терминдерді жазуға керек болады. Ал Һ әрпі қазіргі қазақ тілінде санаулы сөздерде жазылады, оны да х деп оқып, айтамыз және одан ол сөздердің мағынасына мүлдем нұқсан келіп отырған жоқ. Мысалы гауһар-гаухар, қаһарман-қахарман. Яғни Һ мен Х дыбыстарын бір таңбамен ғана белгілесек болады. Сонда әліпби тағы 1 әріпке қысқарып, 34 таңба қалады.

1.3. Әрқайсысы екі дыбысты таңбалайтын Ю және Я. Бұларды екі әріппен жазсақ болады (сәйкесінше и+у және и+а). Осылайша әліпбиді тағы 2 таңбаға қысқартамыз. Қалатыны 32 әріп.

1.4. И мен Й. Қайсысын жазсаң да қазақшада ол бірдей оқылады емес пе. Сондықтан бұларды бір ғана таңбамен жазсақ болады ғой.Сонда тағы бір таңба қысқарып, 31 әріп қалады.

1.5.Бір дауысты дыбыстың жуан және жіңішке нұсқаларын таңбалайтын таңбалар: А мен Ә; О мен Ө; Ұ мен Ү; Ы мен І . Егер төте жазудағыдай әрбір сәйкес жұпты бір таңбамен таңбаласақ және сөздің жіңішке оқылатынын білдіретін таңба ретінде сөз басында «’»(ағылшынның апострофы) таңбасын қойсақ (қазақ сөздерінің не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болатынын ескерсек) – тағы 4 таңба қысқарады. Яғни 27 әріп қалады.

Осы жерде айта кететін жайт, К, Г, Е әріптерімен жазылатын буындар/сөздер жіңішке болатындықтан, ол сөздердің басында ‘ таңбасын қоймауға да болады.

1.6. Ғ және Ң дыбыстарын таңбалау. Мұнда Г әрпінен соң «’»қойып, оны Ғ деп, ал Н әрпінен соң «’» қойып оны Ң деп оқысақ. Сонда Ғ және Ң дыбыстарына жеке таңба жасаудың қажеті жоқ болады, яғни әліпби тағы 2 таңбаға қысқарып, 25 ғана таңба қалады.

1.7. «’» таңбасының қолданылуы. Егер ол сөз басында жазылса, сөз буындары жіңішке оқылады. Басқа жағдайда ол тек Г әрпінен кейін қойылып, Ғ дыбысын береді немесе Н әрпінен кейін қойылып, Ң дыбысын береді. Басқа жағдайда сөз ортасында не соңында қолданылмайды.

2. Сөздің жазылуы ұзарып кетпеуі керек, керісінше, мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Бір дыбыс - бір әріп. Бір дыбысты бірнеше әріппен таңбалауды болдырмау керек.

2.1. Кейбіреулер ң дыбысын таңбалауға ng қос әрпін алуды ұсынады. Олай болса оқып көріңізші: таңғы – tanggi, түнгі – tungі. Ал мынаны қараңыз - eringe - ерінге ме, әлде еріңе ме? Сол сияқты Сәкенге/Сәкеңе, Көкенге/көкеңе, күнгі/күңі, келінге/келіңе, жеңгенге/жеңгеңе. Өз басым бұлай болғанын қаламас едім. Оның үстіне сөз бір таңбаға ұзарып кетеді.

2.2. ы, і дыбыстарын таңбалайтын әріптердің кейбір жерлерде жазбаудың мүмкіндігін іздеу керек. Мұндай ерекшелік көне түрік жазбалалрында қолданылғаны белгілі. Сондай-ақ кебіреулер и дыбысын ій/ый, ал у дыбысын үу/ұу деп таңбалауды ұсынады. Бұл жерде де солай, ы, і, ү, ұ естілгенімен, жазбасақ та болады. Қазақ оны бәрібір басқаша оқымайды.

2.3. Кейбіреулер ш дыбысын ағылшындар, өзбектер секілді sh қос әріппен таңбалауды ұсынады. Оқып көріңіз: ashana – асхана ма, ашана ма? Дұрыс болмас. Оның үстіне Латынның С әрпі пайдаланусыз қалайын деп отыр, ал бізге Ц дыбысы керек емес. Яғни Ш дыбысын таңбалауға С әрпін пайдалануға болады ғой. Ал Щ - сәйкесінше СС.

3. Енді қалған әрбір дыбысқа таңба беріп көрейік

1.А/Ә - A (Жуан буындарда А, жіңішке буындарда Ә болып оқылады. Ағылшын тілінде де А әрпінің Ә болып оқылатын жерлері аз емес)

2.Б - B

3.В - V (Ешкімнің таласы болмас. Бұл дыбыс қазақ тіліне жат деп саналады. Бірақ ол көптеген халықаралық сөздерге қажет болғандықтан қалдырғанымыз жөн.)

4.Г - G

5.Ғ - G’ немесе Н, онда қазіргі Х әрпіне латында Х әрпін берсек болады. Мысылы, өлі латын тілінде Н әрпі Ғ болып оқылады.

6.Д - D

7.Е - E

8.Ж - J

9.З - Z

10.И/Й - Y (Қазақ тілінде ұзақ И, қысқа Й деп бөлсек те, бөлмесек те оның айтылуы бір сияқты. Сондықтан әрқайсысына жеке таңба арнап, әріпті көбейтудің қажеті жоқ.)

11.К - K

12.Қ - Q

13.Л - L

14.М - M

15.Н - N

16.Ң - N’

17.О/Ө - O (Жуан буындарда О, жіңішке буындарда Ө болып оқылады. бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

18.П - P

19.Р - R

20.С - S

21.Т - T

22.У - U немесе W, онда Ұ/Ү үшін U таңбасын белгілеу керек

23.Ұ / Ү - W немесе U, онда У үшін W таңбасын белгілеу керек (Жуан буындарда Ұ, жіңішке буындарда Ү болып оқылады. бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

24.Ф - F (Бұл дыбыс қазақ тіліне жат деп саналады. Бірақ ол қазақ тіліне тым терең сіңіп алған және көптеген халықаралық сөздерге қажет болғандықтан қалдырғанымыз жөн.)

25.Х / Һ - H немесе X, онда қазіргі Ғ әрпіне латында Н әрпін берсек болады. (Һ әрпі қазіргі қазақ тілінде санаулы сөздерде жазылады, оны да х деп оқып, айтамыз және одан ол сөздердің мағынасына мүлдем нұқсан келіп отырған жоқ. Мысалы гауһар-гаухар, қаһарман-қахарман. Яғни Һ мен Х дыбыстарын бір таңбамен ғана белгілесек болады.)

26.Ш - C (Үйреншіктіден тыс болатын осы таңба ғана. Ұқсас жағдайлар. Түрік тілінде бұл с - дж деп оқылады: donerci –дөнерджі, бізіңше дөнерші емес пе. Басқа нұсқаларды көрейік. Sh - сонда ashana дегенді қалай оқисыз? Ch - ал мұнда қалай, с әрпі жеке қолданылатын дыбыс болмаса оған тағы бір әріп тіркеп пайдаланғаннан гөрі өзін жеке пайдаланған жөн емес пе?)

27.Ы/І - I (Жуан буындарда Ы, жіңішке буындарда І болып оқылады. Бұл жұп бір дыбыстың жіңішке және жуан нұсқалары болғандықтан ұқсас/бір таңбамен таңбаланғаны жөн)

28.' (апостроф) - 1. Сөз басында бірінше әріптің алдында қойылса сөз жіңішке буындардан тұратынын білдіреді. 2. Е-мен, К-мен, Г-мен жазылатын сөздер онсыз да жіңішке болып оқылатындықтан ол сөздердің басына бұл белгіні қоймасақ та болады. Мысалы, есік - esik, көрік – korik, гүл – gul. Яғни бұл жіңішкелік белгісін қойып жазатын сөздер саны әлдеқайда аз болады деген сөз.3. Ал егер сөздің кез-келген жерінде G әріпнен кеін келсе Ғ, N әрпінен кейін келсе Ң деп оқимыз.

Басқа тілден енген/енетін сөздердің орыс тіліне ауысқан баламасын емес, оның бастапқы баламасын тікелей қазақ тілінің ерекшеліктеріне бейімдеу керек.

Нәтижесінде алатынымыз:

1.Әлпбиде тек латын әліпбиіндегі / ағылшын клавиатурасындағы әріптер ғана бар. Онда 26 әріптің 25-і ғана, және барлық ресурстарда еш проблемасыз оқылатын ‘ таңбасы (апостроф) ғана пайдаланылады.

2.Жаңа әліпбиде бұрынғы төте жазудың (жіңішке буындар) және тіпті көне түрік жазуының (ы, і әрптерінің кебір жерлерде жазылмауы) кейбір элементтері пайдаланылған.

3.Әріптерінің дыбысталуы негізінен ағылшын тіліндегі дыбысталуынан қатты алыс кеткен жоқ.

Әрине, алфавит жасап қана қоймай, жазу ережелерін де қарастыру керек.

Бірнеше мысалдар жазып көрейік (асты сызылған сөздерде е,к,г әріптері болғандықтан апострофты жазбаса да болады)



Қазақша жазылуы

Латынша жазылуы

Мысалдар

1. А а

А а

Фаза- paza

2. Ә ә

Ā ā

әке- āke

3. Б б

B b

Бала-bala

4. Г г

G g

Гүл-gyl

5. Ғ ғ

G g

Ағаш-agaš

6. Д д

D d

Дәнекер-dāneker

7. Ж ж

J j

Жазира-Jazira

8. З з

Z z

Зымыран-zčmčran

9. Л л

L l

Қалам-qalam

10. М м

M m

Маман-maman

11. Н н

N n

Қонақ-qonaq

12. Ң ң

N n

Қоңырау-qončraw

13. О о

O o

Қол-qol

14. Ө ө

Oo

Көгершін-kogerš īn

15. Й й

Ū ū

Қойылым-qoūčlčm

16. К к

K k

көрермен-korermen

17. Қ қ

Q q

Қазақстан-Qazaqstan

18. Ү ү

Y y

Күрек-kyrek

19. Ұ ұ

Ў ў

Ұста- ўsta

20. Р р

R r

Дәптер-dāpter

21. С с

S s

Сентябрь-sentābr

22. П п

P p

Ақпан-aqpan

23. Ш ш

Š š

Шілдеilde

24. Ы ы

Čč

Жадыра-jadčra

25. У у

W w

Уылдырық-wčldčrčq

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.07.2021
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12