Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Көкшетау гуманитарлы-техникалық колледжі
Бейсенова Айдана
1 курс «Қаржы» мамандығы
Латын әліпбиіне көшу: тиімділігі мен маңыздылығы
Бағыты: Тіл білімі
Жетекшісі: ....Ашимова Қымбат Төлебайқызы, жоғары санатты оқытушы
Көкшетау - 2018
МАЗМҰНЫ
Аңдатпа
G’ylymi’ joba «Latyn qarpine ko’s’y’»
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ
1.1 Қазақ жазуының тарихына шолу, латын қарпінің қолданылу аясы
1.2 Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУГЕ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдалану
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
АҢДАТПА
Қазіргі қазақтың ұлттық әліпбиі әлденеше тарихи кезеңдерді бастан кешіріп, қалыптасқан әліпби жүйесі. Мыңдаған жылдар бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланса, 1929-40 жылдар аралағында латын графикасына негізделген әліпбиді қолданса, 1940 жылдан күні бүгінгі дейін кирилл графикасындағы әліпбиді қолданып келеді. Қазақ даласында өмір сүрген ғұн, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б.тайпалардың (б.з.б.5 -4 ғ.) пайдаланған көне жазуы(«Есік жазуы») болған. Тарихта оны «ғұн жазуы» деп атаған. Ғалымдар А.Бернштам, Ә.Марғұлан оны ғылыми тұжырымдармен жақсы дәлелдейді. Ғалым-түрколог Қ.Сартқожаұлы да ежелгі түркі жазуының негізінде «ғұн жазуы» жатқанын айтады. Бұл ру-тайпалар кейіннен қазақ халқының негізін құраған, Орхон-Енисей, Талас жәдігерліктеріне негіз болған ежелгі түркілік «руна жазуы» (5-12 ғ.) көне ұйғыр жазуы, 8 ғасырдан күні бүгінге дейін қолданыстағы араб жазуы(Қытай қазақтарының оқу-ағарту жүйесінде) 1929-40 жылдарға дейінгі латын жазуы, 1940 жылдан қолданысқа енген. Кирилл жазуы - осылардың барлығы қазіргі қазақ жазуының негізі болып табылады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін заман талабына сай қазақтың ағартушы ғалымы А.Байтұрсынов реформалап, қазақтың ұлттық төл тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді. Ахаң түрлеген мінсіз қазақ әліпбиі 30 жылдарға(ХХ ғ.) дейін халық арасында «төте жазу» деген атпен қоланылып келеді.
Расында да, жазылу графикасы да қиын, оқылу жолдары да(оңнан солға) қиын болып келетін әрі қазақтың дауысты дыбыстарын таңбалап лайықталмаған, қазақ фонмаларын толық таңбалай алмайтын араб әліпбиінің қазақ тілін одан әрі өркендеп, дамытуға еш мүмкіндігі болмағандықтан, өзінен өзі басқа графикаға ауысуға сұранып тұрды.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, қазақтың төл әліпбиін құрастырып, түрлендірген қазақтың алғашқы фонолог-ғалымы Ахмет Байтұрсынов өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.
А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Жаңа әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым әртекті сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз.
А.Байтұрсынұлының реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкімет өкілдері тарапынан бақылауда болады.
Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде? деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанымен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсаты құпия қалып келген. А.Байтұрсынұлының реформалаған араб жазуымен тез арада әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті. ХХ ғ.бірінші ширегінде Орта Азия халықтарының арасында латын әліпбиіне көшу үрдісі үдей түседі. Сонымен қазақ жазу тарихындағы ұлттық жазу мен латын графикасына көшу кезеңдерін қарастыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға болады. Латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси-идеологиялық мәселелерге барып тіреледі.
А.Байтұрсынұлы қалыптастырған жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957,1970) әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Латын әліпбиі – қазақ халқының екінші әліпбиі болып табылады, осы латын әліпбиіне көшіру маңыздылығын көрсету жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Міндеттері:
Ғылыми жұмыстың мақсатын іске асыру үшін мынадай міндеттер белгіленді:
1. Қазақ халқының өміріндегі әліпбилер, соның ішінде латын әліпбиі туралы мәліметтерді қарастыру;
2. Латын әліпбиінің ерекшеліктеріне сипаттама жасау;
3. Латын әліпбиінің маңыздылығын көрсету;
4. Жинақталған материалдар бойынша жұмысты аяқтау, қорытынды жасау.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, талдау, қорыту, баяндау, сипаттау және басқа да әдістер қажетіне қарай қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Латын әліпбиі туралы мағлұмат беріледі. 20 ғасырдың 29 жылдардан 39 жылдарға дейінгі латын тіліндегі ерекшеліктер мысал ретінде алынғанын көруге болады. Сондықтан да, ғылыми зерттеу жұмысымызда латын әліпбиіне зерттеу, жинақтау жасауымыз – аз да болса, ғылыми жаңалық болып табылады.
Зерттеу пәні:
Зерттеу пәні – латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңыздылығы
Зерттеу объектісі: латын әліпбиі

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы:
Зерттеу жұмысы нәтижесінде жинақталған мағлұматтарды тіл білімі ғылымы бойынша ізденістер жасауда қолдануға болады.
Зерттеу гипотезасы:
Зерттеу жұмысы бойынша жинақталған мәліметтер ары қарай кеңейте зерттеуді қажет етеді. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен пайдасы.. Болашақта осы бағытта көптеген жұмыстар жасалуы керек.
Зерттеудің нәтижесі:
Латын әліпбиінің туралы материалдар біршама жинақталып, ғылыми жүйеге түсірілді. Латын әліпбиінің ерекшеліктеріне, тиімділігіне, маңыздылығына, пайдасына сипаттама жасалды. Болашақ зерттеу жұмысына бағыт-бағдар жасалды.
І.Кіріспе.Қазақ әліпбиінің тарихы.
«Ұлттың сақталуына да,
жоғалуына да себеп болатын
нәрсенің ең қуаттысы – тілі»
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ АЛФАВИТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.[6;205]
Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. [4;1]
-
Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер
«… қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Бүгінгі күнге дейін тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты.[5;1]
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Осыған байланысты ой-пікірлерге шолу жасадық.
«Мәжілістің отырысында «Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу» деп атап көрсетіліп, бұл қадамның әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екеніне назар аударылуы соның тағы бір жарқын дәлелі. Ұлттық өнердің қара шаңырағы бола білген М.Әуезов театрының ұжымы бүгінгі – ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, еліміздің жаңа әліпбиге көшуіне белсенді атсалысатын боламыз. Барша қазақстандықтарды егемендік пен елдік жолындағы бетбұрысты қадаммен шын жүректен құттықтаймын. Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке енуге апаратын жол!» Асанәлі Әшімов,Қазақстанның Еңбек Ері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.
« Бұл – заман талабы. Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды. Жалпы, менің Қазақстан азаматы және Ассамблея мүшесі ретінде қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру туралы өзімнің пікірім бар. Мемлекет басшысы қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды. Біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік. Көптеген шаралар атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті. Өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді. Ел бірлігін нығайту, Қазақстан халқының бірегейлігін дамыту Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі. Осы орайда ел бірлігі мен татулығының кепілі Елбасы екенін ұмытпауымыз керек. Сөз соңында айтарым, Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз жөн. Өйткені, өзіміз таңдаған, өзіміз сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды.» Сергей Вишняк, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары
«Үлкен үміттің үстіндеміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты. Еліміз тәуелсіздік алып, тіліміз бен салт-дәстүрімізді, тарихи құндылықтарымызды енді түгендеп, қазыналарымызды қайтарып жатқан тұста қазақ әліпбиін латынға көшіру туралы пікір айтқан ғалымдарымыз, саясаттанушыларымыз болды. Бірақ ол уақытта күрделі істің күрмеуі келмеп еді. Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туып отыр. Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі орнын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Мемлекет басшысы қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды. Әрине, әліпбиді қашан және қандай жолдармен ауыстыру қажеттігін дұрыс қабылдаған жөн. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, қомақты қаражат, сонымен қатар ең бастысы интеллектуалдық күш-жігер керек. Тағы бір айта кетерлік жайт, кейбір ағайындарымыздың латын әліпбиіне көшуіндегі орын алған олқылықтарын қайталамайтын оңтайлы жолды қарастыру қажет. Болашақ ұрпақ екі кеменің басын ұстамайтындай, жалпыға жеңіл, тілдік ортаға икемді болғаны абзал. Біз осыған үміттіміз.» Мәкен Ержан, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы. [2;1]
А.Байтұрсынұлы
Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты осы латын қарпіне көшу ең маңызды мәселелердің бірі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев латын жазуына көшудің терең тарихи қисыны бар. Олар: қазіргі технологиялық ортаның, қазіргі дүниежүзіндегі коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің ерекшеліктері деп жазды. Айтқандай, латын графикасының технологиялық аспектіде, білім мен ғылым саласында, мәдени индустрияда жаппай басымдығына қазіргі таңда ешкім күмән келтірмейді. Қазір латын жазуы жалғыз христиан дінінің католиктік дәстүрімен, жалпы Батыс өркениетімен ғана байланысты емес, әлем елдері оны прогресс пен ілгері дамудың шарты деп бағалайды. Қайнары тарих қатпарларында жатқан дәстүрлі жазу жүйесі бар Қытай мен Үндістанның өзі технологиялық және экономикалық салаларын дамыту үшін латын жазуын жаппай қолдануға мәжбүр. Араб әлемі де бүгін құжаттарды рәсімдеуде, қаржы операциялары кезінде латын графикасын еш кемістік санамастан қатар пайдаланып келеді.
Екінші мәселе – бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қазақтармен жақындаса түсеміз. Түсіне білген адам үшін мұның да маңызы зор.
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.
Білім саласының маманы және латын әліпбиіне көшу жөніндегі комиссия мүшесі ретінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын. Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін болады.
Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.
Латын әліпбиіне көшу керек деп қанша жылдан бері айтылып келе жатыр. Енді іс жүзінде орындайтын кезі келді деп білемін. Ол үшін қолданылатын әліпбидің нұсқасы да ұсынылды. Ұсынылған әліпби нұсқасына көшу ол еліміздің рухани байлығын артыратыны сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі деп білемін. [7;115]
Өздеріңізге белгілі, кешегі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім беру мекемелерінде латын графикасында қазақ тілінің әліппесін енгізудің жоспары жайында баяндады. Латын алфавитіне көшу жұмыстарында асығыстыққа жол берілмейтін болады.
Барлық шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте кадрларды даярлау, оқулықтарды, сөздіктерді басып шығару жұмыстары ескеріледі. Кейіннен жаппай таралыммен нормативтік сөздіктерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кітаптар көпшілікке ұсынылады.
Жаңа графика бекітілген жағдайда барлық білім беру мекемелерінде жаңа жазбаны енгізудің кестесі бекітіледі. Ол алдымен педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қоғамдастығымен, сондай-ақ басқа да сала өкілдерімен талқыланады. Бұл тұрғыда қажетті қадамдар Білім және ғылым министрлігі тарапынан Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен келісіледі. Соңғы шешім қабылдау үшін аталған мәселе мен кестені Парламент отырысында қаралатындығы айтылды. [3;7]
Білім саласында латын алфавитіне көшу бір күнде бола қоятын шаруа емес. Мектептерде латын алфавитін енгізу барысы кезең-кезеңмен іске асады. Бұл үшін біз алғашқы кезеңде тіл игертетін пән мұғалімдерін қайта даярлап, кәсіби біліктілігін арттырып, осы мұғалімдер қатарынан мастер-тренерлерді жасақтаймыз. Екінші кезеңде осы мастер-тренерлер арқылы басқа да пән мұғалімдерін оқытуды қолға аламыз. Міне , осыдан кейін үшінші кезеңде мектеп мұғалімдері жергілікті халықтың латын әліпбиін игерулеріне өз үлестерін қосатын болады.
Ең басты әрі жауапкершілікті қажет ететін дайындық кезеңін сапалы аяқтағаннан кейін ғана жаңа жазбаны білім беру мекемелеріне кең ауқымда енгізу жұмыстары жүзеге асырылады.. Бұл тұрғыда орыс тілінде пәнді оқытуда кириллица қалады да, латын қарпі тек қазақ тіліне және қазақ тілінде оқытылатын пәндерге қатысты болады.Яғни біздің балаларымыз екі алфавитті де қатар игеріп шығуларына мүмкіндік мол.
Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұнындағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған латын әліпбиінің берері зор, мен бұл процессті қолдаймын. Себебі, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
Латын алфавитін енгізу – елімздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.[1;1]
2.2 Латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдалану
Белгіленген уақыт аралығында оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа латын қарпін іс жүзінде тәжірибеде пайдаланып көрдік.
Алғашқы тапсырма латын қарпімен терілген ұлы ақындардың (А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы) өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Өлеңдерді латиницамен оқу мұғалімдер арасында аса қиындық туғызған жоқ. Себебі олар бұрыннан неміс немесе ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын қарпімен таныс. Бірінші рет оқып тұрса да, мәнерлеп оқып беруге тырысты. Өлеңді оқу барысында апостроф қолданылған қазақ тіліне тән дыбыстарды оқу біршама қиындық туғызды. Алайда, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін есте сақталып, оларды шатастырмай оқу оңай бола бастады.
Тәжірибеміздің келесі бөлімінде әр түрлі тақырыптарға берілген мәтіндерді компьютерде теріп беру керек болды. Латын қарпімен мәтін теру қиындау тапсырма болды. Себебі, пернетақтадағы латын әріптерінің қайсысы қайда орналасқанын табу оңай болған жоқ. Пернетақтада біраз мәтін тергеннен кейін ғана әріптердің орналасқан орнын есте сақтай бастады.
Мұғалімдер мен оқушылар орташа есеппен латын қарпінде мәтіндерді теру басында баяу болса, уақыт өте келе тәжірибенің арқасында жылдамдық арта түсті.
Соның нәтижесінде латын қарпімен мәтіндерді жиірек теріп, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын қарпімен терілген мәтіндерді де жиі оқып тұру қажет. Оны әдетке айналдырса, латын қарпіндегі мәтінді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.
Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.
Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жеміс көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керек. Зерттеу жұмысымыздан осындай ой түйдік.
Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет. Себебі, латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек, латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек.
Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймыз. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балаларымыз ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймыз. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенеміз. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәніміз жоқ. [8;102]
Ғылыми жоба жұмысын қорыта келгенде, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру қазақ қоғамы, қазақ тіліне не береді деген сауалға жауап берсек. Олар: ең бастысы, біріншіден, тілімізге бір кездері солақай идеология, ұрдажық саясаттың ықпалымен кірген бөгде, жат тілдердің дыбыстарын белгілейтін, таңбалайтын әріптерден құтылып, қазақ тілінің төл дыбыстық әуенін, өзіндік мелодикасын қалыпқа келтіріп, оны табиғи болмысына оралтып, табиғи қалпын, тіл тазалығын сақтайды екенбіз.
Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады
Үшіншіден, бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен.Ал қалған мемлекеттердің көбі толықтай латын әліпбиіне көшкен. Түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол-табиғи іс. Сондай-ақ бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақтар тұратынын ескерсек, солардың 80 пайызы латын әліпбиін қолданатын көрінеді. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшер болсақ, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Түсіне білген қоғам үшін мұның да маңызы зор екенін атап көрсеткім келеді.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқағанымыз, біздің мектеп оқушылары мен мұғалімдерге латын қарпіне көшу үлкен қиындықтар туғызбайды деп ойлаймыз.Оған дәлел өткізілген тәжірибелік жұмыстарды қиналмастан орындағандары. Оқуда да, жазуда да кедергілер болғанымен, өз беттерімен берілген тапсырмаларды аяғына дейін дұрыс орындады.
Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданып отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,облыстық білім басқармасының басшысы
Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп 27 Желтоқсан 2012 | 6:07
-
Жарасбай Сүлейменов «Уақыт талабы». // Солтүстік Қазақстан. 14 қыркүйек 2017 ж. 3 б.
-
Зәуре АРЫНОВА, National Digitalhttp://e-history.kz/kz/contents/view/6807
© e-history.kz
-
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы”. //Солтүстік Қазақстан. № 122 (22139) 2017 ж. 1 б.
-
Қазақ тілі.Энциклопедия. Алматы: 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
-
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жумашева Қайырниса – Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009
-
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
14
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиі

шағым қалдыра аласыз