400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Латын әліпбиі-өркениет жолы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиі-өркениет жолы

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді.Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді.

Латын әліпбиі – өркениет жолы. Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»-, деп атап айтқан болатын. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынуда.

Біздің қаламызда да латын әліпбиіне көшу мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар, семинарлар, дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Атап айтқанда №76 орта мектепте «Латын әліпбиі-тіл тазалығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Орталық Қазақстан»редакциясының бас редактордың орынбасары, қоғам белсендісі Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы латын әліпбиін тілімізге қайта енгізу не үшін қажет екенін талқылап, өз баяндамасын оқыды. «Өрлеу»БАҰО АҚ аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллаевна «Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары» тақырыбында өз пікірін ортаға салды. №74 орта мектепте «Латын әліпбиі-мәңгілік елдің рухани жаңғыруы» деген дөңгелек үстел болды. Бұл іс-шарада білім саласының қайраткері, тарихшы, журналистер одағының мүшесі Баймұқанов Мұхамедқали «Таныс та, бейтаныс латын...» атты өз баяндамасында латын әліпбиінің тарихын жан-жақты талқылап, түсіндіріп берді. Қатысушылар да өздерінің салмақты ойларын жеткізді. Ғалымдарымыз, тіл мамандары, көзі қарақты, көкірегі ояу жастарымыз латын әліпбиі төңірегінде тұщымды ой-пікірлерін білдірді. Тілдерді дамыту және қоғамдық –саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми –практикалық орталығының мамандарының қатысуымен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жаңа әліпбидің апробация жұмыстары бойынша үлкен семинар өтті. Сондай-ақ өзім қызмет атқарып жүрген №17 орта мектепте латын әліпбиіне көшу туралы көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсам, оқу-ісінің меңгерушісі Оспанова Ж.Ж. «», мектеп кітапханашысы А.К. «Латын қарпі-дамудың жаңа сатысы», қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Умарбаева С.М. «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәлік Л. «Ұлт болашағы және латын әрпі» атты дөңгелек үстел өткізді. Осы атқарылған жұмыстар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әлі де мұндай іс-шаралар өз жалғасын табады деген сенімдемін.

Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де пікірлер айтылуда. Десек те, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар...



«№9 гимназия»КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Нурмаганова Гулим Шегендыковна





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
470
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі