жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Латын әліпбиіне көшу
Латын әліпбиіне көшу
2018 жылы 19 ақпанында Елбасының №637 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі бекітілді.
Қазақ графикасы – қоғамдағы түрлі тарихи әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы. Латынға көшу дегеніміз ең алдымен бізге шетелдік технологияларды игеруге, меңгеруге және қазақ тілінің өрісін кеңейтуге септігін тигізеді. Олай деп айтумызға әлемдегі ең өзекті ақпараттардың 70%-ы қазіргі күнде латын әліпбиімен, латын графикасымен беріледі. Онымен қоса жүзден аса мемлекет қазіргі кезде латын әліпбиін қолданып отыр. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жанжақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін берері сөзсіз
Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор
жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың,
интернет пен IT-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани
болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби
қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге
тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ.
Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудың төте жолы. Өз
ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің
халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің
заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты
нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға
мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет
тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай
икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп,
бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту
керек.
Бір жазудан екіншісіне көшу
халықтың осы рухани байлықтан сусындауына қосымша қиындық келтіруі
мүмкін екендігі де талай адамға ой салары
сөзсіз. Сондықтан әліпби мен жазу
мәселесіне әлеуметтік лингвистика тұрғысынан жете назар аударған
жөн. Жазу мен әліпби мәселесі бір-бірімен тығыз
байланысты болатындығын
білеміз. Алдымен әр тілдің дыбыс
қорын анықтап, содан кейін әр дыбысты әріптермен таңбалау қажет.
Жазбаша тілді ауызша тілдің графикалық бейнесі деуге болады.
Жазудың қандай түрі болмасын белгілі бір таңбалар арқылы жасалады.
Әліпби жасау үшін алдымен графикалық лингвистика теориясын терең
танып, тілдің дыбыс жүйесіндегі фонемалардың өзіндік фонологиялық
ерекшеліктеріне жете назар аударып, бөгде тілдерден енген сөздерге
қатысты фонемаларды қалай таңбалау керек деген мәселелерді шешіп
алу керек, одан кейін тілдің болмысын танытатын негізгі
заңдылықтарын біліп, тілдің табиғатына сай келетін, өзіндік
дыбысталу ерекшеліктеріне кері әсер етпейтіндей мәселелерді ескеру
керек. Жазу барысында әр әріптің өзара кездесу жиілігі де назарға
алынуы тиіс екендігін көптеген лингвист-ғалымдар
ескертеді
Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті. Мысалы, «латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген пікірге, екінші біреулер: «Қазақтың жазба мұрасы көп жылдық тарихы бар елдерге қарағанда (қытай, араб, француз) аз, сондықтан қазіргі жағдайда барлық жазба мұрамыз бен жәдігерлерімізді латын әрпіне бірте-бірте көшіріп алуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жетеді» дейді.
Латын әліпбиіне кіруәлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады
Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз-ұптарлық іс. Интернет жүйесі дамыған кезеңде латын әліпбиіндегі қазақ жазуын халық тез меңгеріп алады. Сонымен қатар дамыған қатар отыз елдің қатарына өтуіміз үшін тағы бір қадам жасалары сөзсіз. Бір жылдығыңды ойласаң егін ек, жүз жылдығыңды ойласаң ағаш отырғыз, мәңгілігіңді ойласаң бала тәрбиеле» деген баба сөзі,бізді мәңгілік ел болуға үндейтін іргелі шешімдер қабылдауға шақырады. «Бір ғана шешім-тарих сахнасын жаңа бағытқа бұрмақ. Ұрмақ тәрбиеленбек, ұлт жаңармақ.
Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай-ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады.Сонда отырыпақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Латын әліпбиіне көшіу – ол, өз әліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген