2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің болашағы

Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу-заман талабы. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар латын әліпбиін қолдануын түсіну керек бұл
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Латын әліпбиіне көшу- қазақ тілінің болашағы

Қазақстан – 2050” Стратегиясында латын әліпбиіне 2025 жылы толық көшетініміз туралы нақты белгіленген.

Латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Бүгінгі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да зор екендігін танытып отыр. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық дүкендер, мекемелер, дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Жазу - әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Осы жазуымыз аға ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтерді, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. 

Латын әліпбиіне көшудің артықшылықтары да бар, кемшіліктері де бар. Артықшылықтары туралы айтсақ, бұл – заман талабы. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал дүниедегі адамдардың көбі латын әліпбиін қолданады. Бәріміз интернетті пайдаланғанда да бұл мәселемен кездесеміз. Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды. Соған байланысты қиыншылықтар да пайда болады. Сондықтан латын әліпбиі бұл жерде пайдалы болатын шығар.
Ал екінші жағынан оған, мүмкін, дайын емеспіз. Өйткені латын әліпбиіне көшуді мектеп жасынан, балабақша жасынан бастауымыз қажет. Өйткені ересек адамдарға аса қиынға соғады.

Қостанай қаласының 16 орта мектебінде 9-10 сынып оқушылардың арасында «Латын әліпбиіне көшу- заман талабы» деген пікірталас өткізілді. Оқушылар өз пікірлерін дәлелдеп, бір-біріне өз ойларын айтты. Осы пікірталасқа 46 оқушы белсенді қатысты. Оқушылардың ойынша, латын әліпбиіне көшу қазіргі заманда өте тиімді.




Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:


Садуева Күнсулу Сагидолловна



22 Қаңтар 2021
311
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі