400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Бұл мақсат білім беретін №122 орта мектебінде де қолдау табу үстінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Бұл мақсат білім беретін №122 орта мектебінде де қолдау табу үстінде.

Елбасымыз Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын таратып айтты. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, бабаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»-деген болатын. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жана технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруіне тиімді жолдар ашылады.

Латын әліпбиіне көшу – заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын.

Еліміздің тұрғыны алдымен туған тілін құрметтеп мақтан тұта білуі керек. Өйткені халқымыздың ауыз және жазба әдебиеті, сан ғасырлық тарихы, мәдениеті, ұрпақтар шежіресі ана тілімізде жазылады. Сондықтан, еліміздің жазу мәдениеті де биік болуы қажет. Біздің мектепте де «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде. Елімізде латын әліпбиіне негізделген жалпыхалықтық диктант өткені де белгілі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, мұғалімдер, оқушылар арасында диктант ұйымдастырып, сынып жетекшілері латын қарпіне көшуге байланысты сынып сағаттарын өткізді. Ал, қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі К.Молдахметова бірлесіп, латын графикасына көшуді қолдауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді. Латын әліпбиі – біздің әліпбиіміз. Біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын, егемендігіміз мәңгі болып, дамыған озат елдердің қатарынан ойып тұрып орын алғымыз келсе, туған тілімізді сақтайық.



Мукабаева Г.А.

№122 ОМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Қостанай қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі