«Латын әліпбиіне көшу – заман
талабы»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12
сәуірдегі Болашаққа бағдар:
Рухани жаңғыру мақаласында еліміздің әлемдегі дамыған 30
елдің қатарына қосылу мақсатында нақты атқаратын мақсат-міндеттерді айқындап,
бірнеше жоба ұсынды.
Солардың бірі қазақ тілін біртіндеп латын
әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Бұл мәселе жөнінде
Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050»
стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге
кірісуіміз қажет деген болатын.
Н.Ә.Назарбаев өз
мақаласында:
-
латыншаға көшудің тиімділігі қазіргі заманғы
технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы
ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты
сонымен қатар, мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып,
латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін
ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.
-
2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен,
барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа
графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау
керек.
-
2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін
мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға
кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік
жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде
белгілі бір уақыт кириллица алфавиті де қолданыла тұратындығын
атап көрсетті.
Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді
латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып
отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді
төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды
бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы
үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп түсінуіміз
қажет.
Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі
неде?
Әліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын және
ұтылатын тұстарымыз қайссы?
Алдымен бүгінгі компьютер заманында интернет
жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз
керек. Бәріміздің латын қаріптерімен жазылған электронды поштамыз
бар. Жеке куәлік және паспортымызда латын әлібиінің әріптері
кездеседі.
Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы
бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да
жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас-іс қағаздары, компьютер,
интернет арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады.
Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия заңдылықтарын ұмытып, айтуын
да, жазуын да орфография заңдылықтарымен жүруіне
итермеледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауда сөйлеген
сөзінде: «… ең бастысы - қазақ тіліне жаңғыртуға жағдай туғызады»,
- деген болатын.
Шынында да, әліпби ауыстырудың саясатқа да,
басқаға да қатысы жоқ, ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп
отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография)
айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің
салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің
фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі
жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби
өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу
саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттігін талап
етеді.
Латын әліпбиіне көшкенде ұтатын тұстарымыз
мыналар:
-
Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі, яғни
тіліміздегі жат дыбыстарды таңбаларды қысқартып, қазақ тілінің
табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік
аламыз.
-Екіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің
халықаралық дәрежеге, яғни компьютерлік жаңа технологиялар
кеңістігіне шығуына жол ашады.
-Үшіншіден, жалпы түркі дүниесі негізінен латын
әрпін қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми,
экономикалық қарым-қатынасты күшейтуіміз
керек.
Әрине, Қазақстан халқының бәрі қазақ тілінде
сөйлейді, жазады, іс-қағаздарын жүргізеді деп айта алмаймыз. Себебі
біздің еліміз көп ұлтты мемлекет. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере
отырып елімізде тіл саясаты кезең-кезеңмен жүргізілетін
болады.
Мемлекет басшысы ерекше атап көрсеткен латын
әліпбиіне көшу мәселесі бұл – бүгінгі қазақ қоғамына тың серпін
беретін кең ауқымды жоба. Өйткені тілдің тәуелсіздігі ұлттың рухани
жетілуіне айтарлықтай мол септігін тигізеді. Осы ретте латын
әліпбиінің алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Сол арқылы
біз, әлемдік үдеріске, технология тіліне, тұтас түркі әлеміне
жақындай түсеміз. Осылайша, әлемдік деңгейдегі сабақтастығымыз
нығая түспек.
Сондықтан Елбасы көтерген осы тың мәселелердің
үшінші жаңғыруды бастап кеткен Қазақстан сияқты ел үшін маңызы аса
жоғары. Қысқаша айтқанда, тарихымыз бен қазіргі күнімізді,
бүгініміз бен болашағымызды сабақтастыра білсек, рухани
тұтастығымыз бен тыныштығымыздың негізі беки
түседі.