Материалдар / Латын әліпбиіне көшу заман талабы

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл¬дан Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші¬ру¬дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2022
215
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы


Латын әліпбиіне көшу - ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадамның бірі. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жүзеге асыра отырып, дәріптеу бізге тиесілі. [1]

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіреміз деп мәлімдеді. «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім» дей отыра ҚР президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласын жариялаған болатын.  Аталмыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы айтылады.

Қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді. Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.»[2]

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.

Жас ұрпаққа берері мол бағдарлама аясында өз ортамызда латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымызды саралап көрдік. Яғни, біріншіден, тіл тазалығы мәселесі.

Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. 

Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.

Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. 

Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Ал, біз олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. [1]

Елбасының қазақ әліпбиін латын әліппбиіне көшіру туралы мақаласы жарияланғаннан кейін, мынадай хаттар легі үзілмегендігі туралы 2017 жылы қыркүйек айында шыққан «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады» мақаласында айтылған:

Еліміздің Ұлттық ғылым академиясының академигі К.Байпақов: «Латын қарпіне көшу – бұл барлық түркі халықтарының дамуына жол ашатын біртұтас
түркі тілдес ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға қосылған елеулі үлес», – деп жазған.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы С.Елубай жолдаған ұжымдық хатта: «Қазақ əліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау
керек деген сөзіңіз бүкіл зиялы қауымның көптен күткен қуанышы еді. Себебі біздің сананы жаңғыртудағы рухани даму, өркендеу жолымыз осы қазақ тілінің жаңа əліпбиінен бастау алғалы тұр», – делінген.
[3]

Демек, латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдағандығы осы хаттардан – ақ анық байқалады. Осыдан соң «Егемен Қазақстан» газетіне 2018 жылы жиырмасыншы ақпан айында Елбасының мынадай жарлығы жарияланды:

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы
№569 Жарлығына „өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі əліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.[4]

Қорыта айтқанда, ережеде күнделікті қарым-қатынаста аса қажет сөздердің, сол сияқты ономастикалық атаулар мен терминдердің ұлттық сипаттағы емле үлгісі ұсынылып отыр. Бұл үлгілер мыңдаған сөздердің сауатты жазылуына негіз болады. Сөйтіп, санада орнығады, ықшам, оңтайлы, креативті жаңа ұлттық жазудың негізі қаланады. Жаңа емле қоғамымыздың жазу мәдениетін арттыру арқылы мемлекеттік тілдің жазба коммуникациядағы қолданысын жеңілдетіп, ұлтымыздың рухани жаңғыруына, жаһандық үдерістерге үйлесе дамуына септігін тигізеді.[5]


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. http://uzunkol.kostanay.gov.kz/kz/rukhani-zha-yru/latyn-l-pbi-ne-k-shu-zaman-talaby/

  2. https://www.qamshy.kz/article/elbasi-nnazarbaev-biz-latin-alipbyine-koshwdi-bastaymiz.html

  3. 182 (29163) 22 қыркүйек, жұма 2017 жыл «Егемен Қазақстан»газеті «Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады» мақаласы, 1-бет.

  4. 35 (29266) 20 ақпан, сейсенбі 2018 жыл «Егемен Қазақстан» газеті «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы» мақаласы, 1-бет.

  5. https://infourok.ru/maala-latin-lipbii-zaman-talabi-2113599.html

  6. Қосымша әдебиеттер.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ