Материалдар / Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
ағылшын тілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
721
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Латын әліпбиінің ағылшын тілімен ұқсастығы мен айырмашылығы


Шыны керек, қазіргі кезде көп адам латын әліпбиіне ағылшын тілі ретінде қарайды. Сонымен салыстырады. Алайда тіл мен әліпби - ол екі бөлек нәрсе. Тіл мен әліпбиді шатастырмау қажет. Ағылшын тілі бар, ал олардың әліпбиі латын графикасына негізделген. Француз тілі де солай. Қазақ тілі де өз алдына бөлек тіл. Ол да латын әліпбиіне негізделетін болады . Бүгінде қазақстандықтардың көбі латын әліпбиін ағылшын тілімен салыстырып, бір жерде жоқ нәрсені екінші жерден іздейді. Оның да өзіндік себебі бар. Қазақстан xалқының 20 пайызы ағылшын тілін біледі. Сол себепті латын әліпбиіне ағылшын тілі деп қарайды. Басты міндет - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту. Ол үшін ағылшын тіліне, француз тіліне қараудың қажеті жоқ. Біз латын әліпбиін алып, соған қазақ тілін бейімдеуіміз керек.


2021 жылдын 28 қаңтарында латын әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды. Соңғы нұсқа латын алфавитінің негізгі жүйесінің 31 таңбасын қамтиды. Қазақ тілінің ерекше дыбыстары жеке әріптермен берілген: ә (ä), ө (ö), ү (ü), ұ (φ), ғ (ğ), ш (ş).


Бұл әліпбидің артықшылығы неде?

Біз жаңа әліпбиге латын жазуын пайдаланатын дамыған елдерге жақындай түсу мақсатында көшіп жатырмыз. Соның ішінде ғылым мен білімнің, техника мен технологияның, компьютердің тілі болып отырған ағылшын тіліне, ағылшынтілді әлемге жақындауды көздеп отырғанымыз белгілі. 

Ендеше латын әліпбиіне көшу дегенді біз бір таңбаны алып тастап, орнына басқа таңба қоя салу деп түсінбеуіміз керек. Негізгі мақсат – қазақ тілінің жазу заңдылықтарын, өзімізге де, өзгеге де жақсы танымал ағылшын тіліне, оның емле ережелеріне барынша жақындату. Сондықтан бұл нұсқаны жасау барысында біз тек ағылшын тілінде қолданылатын, бәрі білетін, оқи алатын диграфтарды және ағылшын тілінің кейбір оқылу заңдылықтарын алып отырмыз. Оның пайдасы мынада:

1) екі тілдің емле ережелері ұқсас болса, ол қазақ тілінің имиджін арттырады. Яғни қазақ тілі мүлдем бөтен әлем емес, жазуы жағынан ағылшын тілімен белгілі бір ұқсастығы бар, игеруге оңай тіл екендігін паш етеді. Біздің қаріптерімізді кез келген ұлттың өкілі «танып», еркін оқи алады;

2)  мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін қазақ әліпбиін оқып-үйренгеннен кейін ағылшын тілін де еркін игереді;

3) елімізде мектеп қабырғасында ағылшын тілін оқыған кез келген адам, әсіресе, жастар жағы латын әліпбиінің заңдылықтарын, атап айтқанда, ағылшын сөздерінің қалай оқылатынын жақсы біледі. Олар ағылшын тілінің емле ережелеріне барынша жақындатып жасалған нұсқа бойынша жазылған қазақ сөздерін де оп-оңай оқи беретін болады.

4) ағылшын тілінің емле ережелерін қолданғаннан қазақ тіліне ешқандай зиян тимейді. 

Жаңа әліпби нұсқасын назарларыңызға ұсынсақ:

Бұл әліпбидегі таңбалардың басым бөлігіне қатысты дау-дамай жоқ. Сондықтан біз тек жаңадан енгізілген және дыбысталған таңбаларды, сондай-ақ, диграфтарды ғана төменде талқыға саламыз.

Осы жерде айта кетейік, жоғарыда берілген әліпби нұсқасы неміс тілінің әліпбиінен еш айырмашылығы жоқ. Айырмашылық тек Х (икс) әрпінің болмауында ғана.

ЕСКЕРТУТаңба (қаріп) – бұл әріптің жазылуы, ал дыбыс – оның айтылуы. Осыны қаперге ұстауларыңызды сұраймыз. Өйткені, төменде бұл екі сөз алма-кезек жиі қайталанады. Шатасып қалмаңыздар.  



С таңбасы, яғни «ц» дыбысы. Соңғы қабылданған латын әліпбиінде бұл әріп жоқ. Оны жасаушылар қазақ тілінде «ц» дыбысының мүлдем болмағанын алға тартты. Бірақ, біз «ц» дыбысын бүгінгі қазақ тілінен алып тастау мүмкін еместігін айтқымыз келеді.

Біріншіден, «ц» әрпі бар сөздер орыс тілі арқылы біздің тілімізге түбегейлі еніп кетті. Одан біз арыла қоюымыз екіталай. Мысалы, полицияны полисия, циркті сирк, доцентті досент деп кім айтады?  

Екіншіден, бүкіл әлем жаңа тілдерді үйреніп, жаңа сөздерді игеріп жатқанда, біз бұрыннан сіңісті болып кеткен сөздерімізді қайтадан өзгертумен әуреленіп жатсақ, дамыған елдер көшінің соңында қаламыз. Бұл тілді дамытатын емес, керісінше тоқырататын, халықты (әсіресе еліміздегі өзге ұлт өкілдерін және орыстілді қазақтарды) тілден бездіретін қадам. 

Сондықтан «ц» дыбысы әліпбиімізде болуы тиіс және оны «С» қарпімен жазу қажет. 

Мысалдар: policei, medicina, cirk, cement, motocikl, mecenat, docent, decimetr, lekcia, cisterna, cilindr, kirillica, racia, Ciceron, Cezar, Ceilon, Lacio, Celinograd.

І таңбасыБұл таңба орналасу тәртібіне қарай «і» және «и» болып екі түрлі дыбысталады. Атап айтқанда, қазақ сөздерінде ол дауыссыз дыбыстардың қасында «і» дыбысын берсе, дауысты дыбыстардың алдында және одан кейін тұрғанда «и» («й») болып оқылады. Ал басқа тілден енген сөздерде «и» дыбысын береді

Мысалдар: қазақ сөздерінде дауыссыз дыбыстармен қатар келгенде: kim, kitap, bir, eki, tirshilik, tiginshi, bilikti, tilek, birlik, iri;

қазақ сөздерінде дауысты дыбыстардың алдында және соңында келгенде: aiman, qaida, sarai, iek, tärbie, aiwan, bie, iod, jien, tailaq, toi, jaiyn, sailaw, Qytai, Resei, Semei.

Ал кейбір сөздерде «і» әрпі екі рет кездеседі: kieli, ielik, Keiki, beibit, seisenbi, deidi, nietti, süidim, küili, т.б. Бұл сөздердегі «і» әрпінің қайсысы «и», қайсысы «і» болып оқылатынын ажырату қиын емес деп есептейміз. Өздеріңізге белгілі, қазақ тілінде «і» дыбысы ешқашан дауысты дыбыстың қасында тұрмайды и» дыбысынан басқа, ол туралы төменде айтылады). Сондықтан дауысты дыбыстардың қасында тұрғаны – «и» («й»), дауыссыз дыбыстың қасындағысы – «і» болып оқылады (жоғарыдағы мысалдарға тағы бір зер салыңыз). 

Ал басқа тілден енген сөздерде: instagram, klinika, kino, bilet, mikrofon, Sidnei, Iran, Ispania, Izrail, Amerika, Irina, Maksim, David.

Енді мына мәселеге тоқталсақ: қазақ тілінде «і» мен «и» дыбыстары қатар келетін сөздер бар. Мысалы, киім, биік, жиі, тиімді, иін, диірмен, кейін, мүйіз, әдейі, т.б. Біз оларды kiim, biik, jii, tiimdi, iin, diirmen, keiin, müiiz, ädeii деп жазамыз.

Бұл жерде қатар тұрған екі «і» таңбасының қайсысы «и», қайсысы «і» деп дыбысталатынын қалай ажыратамыз? Әрине, қазақ тілін жақсы білетін адамдарға бұл сөздерді оқу қиынға соқпайды. Ал қазақшаны нашар білетін қазақтар, өзге ұлт өкілдері, әсіресе қазақша тілін үйреніп жатқан шетелдіктерге қалай түсіндіреміз

Оларға мына ережені айтуымыз керек: қазақ тілінде «и» дыбысы «і» дыбысының алдында ғана келеді. Керісінше, алдымен «і», одан кейін «и» дыбысы тұратын сөздер жоқ. Сондықтан осындай сөздерді оқығанда бірінші тұрған «і»-ні «и» деп оқу қажет. Бұл жерде аса қиындық жоқ деп ойлаймыз. Сонымен бірге, жалпы «и» мен «і» дыбыстары қатар келетін сөздер қазақ тілінде көп емес екенін де айта кетейік.

Біз жоғарыда дауысты дыбыстардың алдында және соңында келетін «и» дыбысын сөз еттік. Ал дауыссыз дыбыстардың алдында, соңында және ортасында келетін «и» дыбысын қалай таңбалаймыз? Мысалы, пима, сирақ, сипа, тиме, би, иман, мизамшуақ, сәби, қанеки, тарих, билік, әліпби, инелік, Сәбит, Димаш, Дидар, Хадиша, т.б.

Бұл жерде біз ағылшын тілінің емлесіне жүгініп, қазақ тілінің жазу заңдылығына «ее» диграфын қосуды жөн санадық. Ағылшын тілінде аталған диграф «и» (ұзақ и) деп оқылатынын латын әліпбиінен хабары бар кез келген адам жақсы біледі. Сонда жоғарыдағы сөздер peema, seeraq, seepa, bee, eeman, meezamshwaq, säbee, qanekee, tareeh, beelik, älipbee, eenelik, Säbeet, Deemash, Deedar, Hadeesha болып жазылады

Бұл диграфты не үшін таңдадық? 

Біріншіден, егер оны алмасақ, жаңа әліпбиге «и» дыбысы үшін тағы бір таңбаны қосуға тура келер еді. 

Екіншіден, жоғарыда айтқандай, оны біз айдаладан әкеліп отырған жоқпыз. Ағылшын тілінде күллі әлем танитын, оқи алатын диграф. 

Әрине, жоғарыда байқағаныңыздай, диграфпен жазылған сөздер алғашында көзге оғаштау к

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!