Материалдар / Латын әріптерінің ерекшелігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әріптерінің ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты ел арасындағы айтылып жатқан пікірлерді негізінен үш топқа біріктіріп қарауға болады: оның біріншісі, неше түрлі қиындықтар мен кедергілерді көлденең тартады, бұл «қиындықтарды» мемлекетіміз шеше алатынына сеніміміз мол, екінші біреулері, латын жазуының түрлі ақпарат кеңістігіндегі артықшылықтарын алға тартады, «латын жазуының артықшылықтарын» айтпай-ақ ел біліп, көріп отыр, ал үшінші бір топ, латын әріптерін қазақ әліпбиіне үйлестіру және кирилл әріптеріне иек артқан бұрынғы емле-ережелерімізге реформа жасауды ұсынып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2022
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№ 25 ЖББМ» КММ

Қазақ тілі мұғалімі

Смагулов Мұрат Жанатович


Латын әріптерінің ерекшеліктері

Қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша жоспарлы жұмыстар 2019 жылы бірнеше бағытта өрістеді. Біріншісі – ақпараттық-насихаттық жұмыстар, екіншісі – емле ережелерін сараптау, үшіншісі – әліпби және оның емле ережелерін мамандарға игерту, төртіншісі – баспа өнімдерін дайындау, бесіншісі – кісі есімдері мен географиялық атаулардың, пунктуацияның ережелерін сараптау. Осы міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен маңызды жұмыстар атқарылды. Оған Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары, Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Терминологиялық, Ақпараттық және техникалық сүйемелдеу жұмыс топтарының мүшелері, университет оқытушылары, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының мамандары және өңірлердегі Тілдерді дамыту басқармалары мен олардың жанындағы оқыту орталықтарының қызметкерлері, әдіскерлері, мұғалімдері қатысты. Ақпараттық-насихаттық жұмыстар бойынша Жамбыл облысының Тараз қаласында және екі ауданында апталық ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен өкілдер қатыстырылды. Апталыққа шақырылған қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, тіл мамандары әртүрлі мекемелерде латын әліпбиінің артықшылығы мен қажеттілігі жөнінде дәрістер өткізді, кездесулер ұйымдастырды. Жаңа әліпбиді кең түрде насихаттау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты Тіл форумы өткізілді. Алқалы форумның пленарлық мәжілісінде әліпби тақырыбында қоғам қайраткерлері, ғалымдар баяндамалар жасады. Форум аясындағы секцияларда мемлекеттік мекемелердегі, заң, БАҚ, ғылым, білім, бизнес саласындағы мемлекеттік тілдің мәселелері кеңінен талқыланды. Орфографиялық жұмыс тобының отырыстарында жаңа әліпбидің емле ережелері, сонымен бірге пунктуациялық ережелер, кісі есімдері мен географиялық ережелердің жобалары сарапталды.

Қазақ жерінен табылған орта ғасырларға тиесілі «Орхон-Енисей жазулары», Жамбыл облысының Шу өңірінен табылған Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі» біздің жазу мәдениетіміз ертеден басталғанын көрсетеді. Ал «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы біздің халқымызға да ортақ. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.Халқымыз ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев әліпбиіміздің жиі ауысқаны туралы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде атап көрсеткендей, 1929 жылғы 29 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы» қаулы қабылдады.Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.Иә, шын мәнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, әлемдік өрениетке негізделген латын әліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз. Жалпы, кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатқан мәселе. Ал ресми түрде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінен басталады. Сол жиында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік кейбір елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», деген салиқалы ойын білдірді.

Бұдан кейін де Елбасы бұл мәселеге бірнеше рет қайта оралды. Кезекті Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу туралы ойларын таратып айтты. «Бұл ой еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар. Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да бірнеше буыны тәрбиеленіп, білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік. Сондықтан латын қарпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп ойлаймын», дей келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

Бұл – ұлт болып шешуге тиіс қағидатты мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деген болатын. Елбасы бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарауымызды талап етті. Біздің еліміз көп ұлтты болғандықтан, латын әліпбиіне көшуді жан-жақты саралай келіп, бірте-бірте жүзеге асырудың қажеттігін ескертті.

Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады. Және түбі бір түркі дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуге жол ашылады.Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайларын да қамтитын жақсы алфавит болып шықты деп ойлаймын.Биыл латын әліпбиінің жаңа нұсқадағы бірнеше жобасы тілші-ғалымдардың, әдебиетшілердің, жалпы жұртшылықтың талқылауынан өтіп, осы бекітілген нұсқа қабылданып отыр. Бұл әліпбиді жасауда бұрынғы нұсқалар, латын әліпбиіне көшкен туыстас елдердің тәжірибесі ескерілді. Әрине, талас-тартыс та, келіспеушіліктер де аз болмағаны белгілі. Пікірдің әр-алуандығы мұндайда өте қажет. Сол пікірлердің ең бағалысы іске септігін тигізгені анық.

Мұны біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген дөңгелек үстелдер мен конференцияларда айтылған әралуан ойлардан, жасалған қорытындылардан анық байқадық. Елбасы Н.Ә.Назарбаев та бүкілхалықтық талқылаудың барысын жіті қадағалап, бағыт беру арқылы әліпби нұсқасының өміршең болуына көмегін көп тигізді. Ол өзі де ақыл-кеңесін айтып отырды. Енді, міне, жаңа әліпбиіміз өмірге келіп, күпті көңіліміз жайланғандай болып отырмыз. Ұзағынан сүйіндірсін.Мемлекет басшысы өзінің Жарлығында жаңа нұсқада беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін бекітумен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия құруды, қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етуді, бұл жөнінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдауды тапсырды.

Осындай келелі істерді ұйымдас­тыруда республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көш басында тұрған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары да тыс қала алмайды. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия тарапынан жаңа әліпбиді енгізудің кезеңдері нақтыланып, әр кезеңнің мақсаттары мен міндеттері белгіленгеннен кейін біз үшін атқарылар жұмыстар да орасан. Ол үшін Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан еліміздің білім мекемелеріндегі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын «Латын әліпбиін оқыту әдістемесі» орталығын ашуды қажет деп санаймын. Әр облыста осы орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін латын негізді қазақ әліпбиін оқыту орталықтарын ұйымдастыру керек.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!