Латын графикасы. 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын графикасы. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын графикасы. 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Латын графикасына негізделген қазақ жазуы

Бөлім:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Аденова Венера Кабыловна

Күні

18.10.2023ж.

Сынып: 8 А

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар саны: 3

Сабақтың тақырыбы

Латын графикасына негізделген қазақ жазуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

8.2.2.1 публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

8.3.6.1 БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау;

Сабақтың мақсаттары

Білім алушылар тапсырма орындау барысында публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тани отырып, БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасайды және редакциялайды. Жеке және топтық жұмыстарды орындау барысында ауызбіршілікте, ұйымшылдықта жұмыс атқара алады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Додекаэдр» әдісімен оқушыларды сыныпқа кіргізеді;

2. Оқушылармен амандасып, түгендейді. Сынып реттілігін қадағалайды.

3. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «ЖЫЛДАМ РАНДОМИЗАТОР» платформасы арқылы сұрақтарға жауап алады.

4. Оқушыларды «АЙНАЛМАЛЫ СПИННЕР» платформасымен жеке сұраққа жауап алуға шақырады және топтастырады


Ұйымдастыру кезеңі:

1. «Додекаэдр» әдісімен оқушылар сыныпқа кіреді;

2. Мұғаліммен амандасып, түгендейді. Сынып реттілігіне мән береді.

3. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «ЖЫЛДАМ РАНДОМИЗАТОР» платформасында берілген сұрақтарға жауап береді.

4. Оқушылар «АЙНАЛМАЛЫ СПИННЕР» платформасымен жеке сұраққа жауап беруге шағады және топтасады.

Дескрипторлар:

Жалпы – 3 балл

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- Жылдамдық танытады;

- Ойын нақты жеткізеді;

ҚБ: «SMART-сағат»


Жаңа сабаққа кіріспе

2 минут


(Ұ) 1. Экран арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында суреттер көрсетіледі. Мұғалім сұрақтар қояды.

2 . Оқушылардан 3 суретті байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын болжауларын тапсырады


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Экран арқылы көрсетілген суреттерді болжайды, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойларымен бөліседі.

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.

Оқушыларды дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: «SMART-сағат»

РРТ


3 мин

ӘТН

Оқулық

8-сынып


Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


1 –тапсырма.

«Ойлан, ізден, топтас» әдісі. Білім алушыларға оқылым материалдарын ұсынады. ұсынған материалдарын негізге ала отырып, топпен бірлесе тапсырманы орындатады

Тапсырма: Оқылым материалынан негізгі ойды анықтап, стилін ажыратуды ұсынады. Мәтіннің стилін тілдік құралдар арқылы дәлелдеп, қолданысын түсіндірулерін талап етеді.

1 –тапсырма.

Ұсынылған материалды оқиды және «Ойлан, ізден, топтас» әдісі арқылы оқылым материалынан негізгі ойды анықтап, стилін ажыратады. Мәтіннің стилін тілдік құралдар арқылы дәлелдеп, қолданысын түсіндіреді.




Дескриптор:

-Ұсынылған материалды оқиды;

- Негізгі ойды анықтайды;

-Стилін ажыратады;

-Тілдік қолданыстарын түсіндіреді;

Жалпы-3 балл


ҚБ: «SMART-сағат»

13*15 форматты қағаздар

РРТ





2-тапсырма:

«Google» әдісі арқылы мұғалім бірнеше БАҚ беттерінде жарияланған мақалалар мен материалдарды ұсынады.

Тапсырма: Ұсынылған материалдан стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасауларын және редакциялауларын тапсырады.

2-тапсырма:

Мұғалім ұсынған «Google» әдісі арқылы БАҚ беттерінде жарияланған материалдарды оқиды.

Оқыған материалдан стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасайды және редакциялайды.

Дескриптор: Жалпы – 4 балл.

-Материалды оқиды;

- Стильдік ауытқуларды табады;

-Орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдайды,

-Стильдік түзетулер жасайды;

-Мәтінді редакциялайды;

ҚБ: «SMART-сағат»

«Google» әдісі

Жұмыс дәптері




3-тапсырма:

«Шам жағу» әдісімен оқушыларға тапсырма орындатады.

Тапсырма: Жалқы есімдерді табуды ұсынады. Күрделі-құрама атаулардың тақырыптық топқа жататынын түсіндіруді тапсырады.

3-тапсырма:

«Шам жағу» әдісімен оқушылар берілген шамдарды алады. Шамның астына ұялы телефонның фонригін жағып, шамның ішіндегі сөйлемдерді оқи отырып, жұбымен жауап береді. Жалқы есімдерді табады. Күрделі-құрама атаулардың тақырыптық топқа жататынын түсіндіреді.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-Жалқы есімдерді табады;

- Күрделі-құрама атаулардың тақырыптық топқа жататынын түсіндіреді;

- Жұмыс дәптерлеріне көшіріп жазады;


ҚБ: «SMART-сағат»



Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Кері байланыс

«Додекаэдр» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын «Ақылды үкі» әдісі арқылы тыңдайды.

Үйге тапсырма:

24-бет. 5 А тапсырмасы

Кері байланыс

Жеке жұмыс:

Берілген сұрақтарға жауап береді, жеке жұмыс жасай отырып, меңгерген білімдерін қолданады.


Мұғалім оқушыларды «SMART-сағат» әдісі арқылы бағалайды.


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Күнделік



































Анықтама

Ә.Хасенов атындағы №11 ЖОББМ 18 қазан күні 8 А сыныбында қазақ тілі пәнінен «Латын графикасына негізделген қазақ жазуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Аденова В.К.

Мақсаты: Білім алушыларға тапсырма орындату барысында публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таныту, БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдату, стильдік түзетулер жасауға және редакциялауға үйрету. Жеке және топтық жұмыстарды орындау барысында ауызбіршілікте, ұйымшылдықта жұмыс атқаруға тәрбиелеу.

Барысы: «Додекаэдр» әдісімен оқушылар сыныпқа кірді. Мұғалім амандасып, түгендеді. Сынып реттілігіне мән берді. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Жылдам рандомизатор» платформасында берілген сұрақтарға жауап берді.

Оқушылар «Айналмалы спиннер» платформасымен жеке сұраққа жауап беруге шағып, 3 топқа топтасты. 1. Арабшылдар. 2. Латыншылдар. 3. Кириллица. Экран арқылы көрсетілген суреттерді болжады, жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Мұғалім қойған сұрақтарға жауап берді. Сыныптастырының пікірін толықтырды. Өз ойларымен бөлісті. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысты. 1 –тапсырма. Ұсынылған материалды оқып, «Ойлан, ізден, топтас» әдісі арқылы оқылым материалынан негізгі ойды анықтады, стилін ажыратты. Мәтіннің стилін тілдік құралдар арқылы дәлелдеп, қолданысын түсіндірді.

2-тапсырма. Мұғалім ұсынған «Google» әдісі арқылы БАҚ беттерінде жарияланған материалдарды оқыды. Оқыған материалдан стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасады және редакциялады.

3-тапсырма. «Шам жағу» әдісімен оқушылар берілген шамдарды алды. Шамның астына ұялы телефонның фонригін жағып, шамның ішіндегі сөйлемдерді оқи отырып, жұбымен жауап берді. Жалқы есімдерді тапты. Күрделі-құрама атаулардың тақырыптық топқа жататынын түсіндірді. Кері байланыс. Жеке жұмыс: Берілген сұрақтарға толық жауап беріп, жеке жұмыс жасады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі