Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«ЛАТЫН графикасына көшу» «LATYN grafıkasyna kóshý»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ азақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігі
Қарағанды облысы, Бұхар – Жырау ауданы,
Үштөбе ауылы «Үштөбе ЖОББТМ (РО)» КММ
Qazaqstan Respýblıkasy bіlіm jáne ǵylym Mınıstіrlіgі
Qaraǵandy oblysy, Buhar – Jyraý aýdany,
Úshtóbe aýyly «Úshtóbe JOBBTM (RO)» KMM
«ЛАТЫН графикасына көшу»
«LATYN grafıkasyna kóshý»
Орындаған: Зиядина Айнур Сериковна
Oryndaǵan: Zııadına Aınýr Serıkovna
«Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз осы шешімді қабылдауға тиіспіз және бұл біздің әлеммен бірлесуімізге, балаларымыздың ағылшын және интернет тілдерін терең меңгерулеріне жағдай жасайды және ең бастысы – бұл қазақ тілін жаңғыртуға серпін береді».
Н.Ә. Назарбаев
« Латын графикасына көшу»
«Latyn grafıkasyna kóshý»
Мақсаты: қазақ тілін латын жазуына көшіру елімізді дамытудың стратегиялық жоспарларына сәйкес келетінін, еліміздің және әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын дәлелдеу. Ересектерге латын графикасына негізделген
-
жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету;
-
сауатты жазуға үйрету;
-
пернетақтада жазуға үйрету;
-
айтылым, оқылым, жазылым әрекеттеріне үйрету;
Зерттеудің жаңалығы: латын әліпби графикасына көшу лингво-тарихи мысалдар арқылы қазақстандық отаншылдықты тәрбиелеу мақсатында қазақ тілінің шығуы мен қалыптасуын анықтау. Талдау объектісі – мектептің ұстаздарына «Латын графикасы» оқыту сынып жетекшілермен қатар мектеп оқушыларымен әңгімелесу және сабақтан тыс іс-шараларда қолдануға баулу.
2018-2019 оқу жылына арналған «Латын графикасы» жобасының бағдарламасы
2018-2019 oqý jylyna arnalǵan «Latyn grafıkasy» jobasynyń baǵdarlamasy
Тақырыбы: Латын графикасы
Өтетін орны: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ
Сабақтың өтетін уақыты: 2018 жыл қазан-мамыр айлары аралығы, сағат 10.00, 15.00
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ҚР Президентінің Қазақстан -2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында көзделген мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 2017 жылда -80% -ға, 2025 жылға қарай -95% -ға жеткізу көзделген еді.
«Латын графикасы» жобасында латын таңбасында оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, латын графикасына негізделген жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету, сауатты жазуға үйрету, пернетақтада жазуға үйрету, айтылым, оқылым, жазылым бөлігі қамтылған.
«Латын графикасы» қолдануы мен дамуына жағдай жасау;
Модераторы: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ директоры Артыкбаева Сауле Жақсылыковна
«Латын графикасы» сабағын ұйымдастырушы: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ ұстазы Зиядина А.С.
Сабаққа қатысушылар: «Үштөбе ЖББТМ (РО)» КММ мұғалімдері.
Жұмыс жоспары:
№ |
Мазмұны |
мерзімі |
Аяқтау формасы |
1 |
Латын графикасын оқытуға қамтуды ұйымдастыру |
қазан айы 09.10.18ж |
тізім |
2 |
«Латын графикасы» тарихы». Ашылу салтанаты |
қазан айы 10.10.18ж |
Әзірлеме фото сурет |
3 |
Латын графикасы таңбалары (әліпбиі) (түсіндірме сабақ) |
қазан айы 17.10.18ж |
Әзірлеме
|
4 |
Жаңа әліпби бойынша тіл дыбыстарының жазылуын үйрету, жаттығу жұмыстары |
қазан айы 24.10.18ж |
Әзірлеме
|
5 |
Сауатты жазуға үйрету сабақтары |
қазан айы 31.10.18ж |
А4 форматта жаттығулар жинағы |
6 |
Қазақ тіліне тән дыбыстардың жазылуы |
қараша айы 07.11.18ж
|
Әзірлеме
|
7 |
«Кириллицадан түсіп қалған әріптер» дәріс сағаты |
қараша айы 14.11.18ж |
Әзірлеме
|
8 |
Акутпен берілген әріптермен жұмыс |
қараша 21.11.18ж |
Әзірлеме |
9 |
Өздік жұмыстар сабағы: 1) Дыбыс кезеңі; 2) Әріп кезеңі. |
қараша айы 28.11.18ж |
Әзірлеме |
10 |
«Латын графикасының оқытылуы» 4 бөлімді сабақ: а) жазылым ә) оқылым б) тыңдалым в) айтылым |
желтоқсан айы 05.12.18ж
|
Әзірлеме |
11 |
«Латын таңбасымен сауатты жазайық!» (жазылым бөлігі бойынша сабақ) |
желтоқсан айы 12.12.18ж |
жазба жұмыстарының жиынтығы |
12 |
«Латын әліпбиі кеңістікке жол ашады» (тыңдалым бөлігі бойынша сабақ) |
желтоқсан айы 19.12.18ж |
Бейне ролик (электронды түрде) |
13 |
«Рухани жаңғыру жазудан басталады» (диктант байқауы) |
желтоқсан айы 26.12.18ж |
диктанттар жинағы |
14 |
«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» қабырға газет байқауы |
қаңтар айы 06.01.19ж
|
А3 форматта қабырға газеттер жинағы |
15 |
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру- латын тілінде» жаттығулар орындау сабағы |
қаңтар айы 08.01.19ж |
А4 форматында жаттығулар жиынтығы |
16 |
«Латын әліпбиіне көшу тарих және келешекке бағдар» таңбалап жазу сайыс сабақ |
қаңтар айы 15.01.19ж |
Әзірлеме
|
17 |
«Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі» (оқылым бөлігі бойынша сабақ) |
қаңтар айы 22.01.19ж |
Жұқа кітапша әзірлеу оқыту бөлігін қамтуға |
18 |
«Латын әліпбиіне өту – рухани Тәуелсіздікке жасалған болашағы зор жарқын қадам!» (айтылым бөлігі бойынша) пікірталас |
қаңтар айы 29.01.19ж |
Әзірлеме Фото сурет |
19 |
«Шығармашыл ұстаздар» байқауы (жазылым бөлігі бойынша, әр ұстаздың жеке ізденіс бөлігі ) |
ақпан айы 05.02.19ж |
Жұқа кітапша әзірлеу |
20 |
«Мақал-мәтелдерді жалғастыру» латын таңбасында сайыс сабақ (айтылым бөлігі бойынша) |
ақпан айы 12.02.19ж |
Әзірлеме |
21 |
«Біз 2025 жылға дейін латын әліпбиі бойынша жұмыстар атқаруымыз керек» эссе байқауы (жазылым бөлігі бойынша) |
ақпан айы 19.02.19ж |
Эссе жинағы |
22 |
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» латын таңбасымен жаттығулар (жазылым бөлігі бойынша) |
ақпан айы 26.02.19ж |
дәптермен жұмыс |
23 |
«Латын қарпіне көшкенде Қазақстан не ұтпақ?» дөңгелек үстел (айтылым бөлігі бойынша) |
наурыз айы 06.03.19ж |
БАҚ мақала жариялау |
24 |
«Өнерлі өрге жүзер» байқауы 1-кезең: «Сәлем – сөздің анасы» (жазылым бөлігі слайд арқылы көрсету) 2-кезең: « Латын графикасы» сұрақ-жауап (тыңдалым бөлігі) 3-кезең: «Өнерлі өрге жүзер» (айтылым бөлігі) 4-кезең: «Береке-бірлік басы – латын таңбасы» (оқылым бөлігі бойынша) |
наурыз айы 12.03.19ж |
Фото сурет |
25 |
«Ас – адамның арқауы» латын таңбасымен жазу әрі түсіндіру жаттығу жұмыстары (айтылым бөлігі бойынша) |
наурыз айы 19.03.19ж |
А4 форматта жаттығу жұмыстар жинағы |
26 |
Өздік бақылау жұмысы (айтылым мен жазылым бөлігі бойынша) |
наурыз айы 26.03.19ж |
дәптермен жұмыс |
27 |
Өздік бақылау жұмысы (оқылым мен тыңдалым бөлігі) |
сәуір айы 02.04.19ж
|
дәптермен жұмыс |
28 |
«Дарынды ұстаз – 2019» атты латын графикасынан алған білімдерін сынау бойынша құрылған байқау |
сәуір айы 09.04.19ж |
Фото сурет әзірлеме |
29 |
Диктант «Тіл тағылымын толғаған латын графикасы» (жазылым бөлігі бойынша) |
сәуір айы 16.04.19ж |
Диктанттар жинағы |
30 |
«Латын таңбасы – болашақтың кілті» (Бейнероликті тыңдап, тыңдалым бөлігі бойынша тест сұрақтарына жауап алу сабағы) |
сәуір айы23.04.19ж |
Бейнеролик электрондық түрде |
31 |
Өздік бақылау жұмысы (тест) |
сәуір айы 30.04.19ж |
Бақылау жұмысынын жиынтығы |
32 |
«Аялдамада» сұхбат (тыңдалым бөлігі бойынша сабақ) |
мамыр айы 06.05.19ж |
Тест жинағы |
33 |
«Тіл тағдыры – ел тағдыры» эссе байқауы (жазылым бөлігі бойынша) |
мамыр айы 14.05.19ж |
Эссе жинағы |
34 |
Тыңдалым бөлігі бойынша сұхбат тыңдау арқылы тест сұрақтарына жауап беру емтиханы |
мамыр айы 21.05.19ж |
Тестілер жинағы |
35 |
«Латын графикасы» тақырыбында реферат қорғау емтиханы (айтылым бөлігі бойынша) |
мамыр айы 28.05.19ж |
Рефераттар жинағы |
36 |
Қорытынды жылдық есеп |
мамыр айы 29.05.19ж |
Жылдық есеп |
37 |
Оқыту мен жазу әрекетінде жақсы жетістіктерге ие болған ұстаздарды марапаттау рәсімі |
маусым айы 04.06.19ж |
Марапаттау Фото сурет |
Тәжірибелік бөлім
«Латын графикасы» бойынша білім алған ұстаздар сабақтан тыс қосымша сынып сағаттарында (сыныптар бойынша) кітапшалар шығару.
Мектепте өткізілетін іс-шаралар
Сынып жетекшілердің өз тараптарынан сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастыруы
Күтілетін нәтиже: «Латын графикасы» сабағынан оқыған білімдерін жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, сыныптарға арналған оқулықтар дайындалуы қажет деген ой түйдік.
3.3 Тәжірибе
Өз әріптестерімнің арасында тәжірибе сабақ өткізу;
Тәжірибенің тапсырмалары:
-
Латын әліпбиімен берілген мәтінді оқу.
-
Өз аты-жөнін латын әліпбиімен жазу.
-
Түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізу;
-
Оқулықтар шығару «Шығармашыл оқушы» латын әліпбиімен жазып, өлең шумақтарын жариялау;
Қорытынды
Бейбіт заман орнады. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балалар ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Жастардың көбі ағылшын тілін жақсы меңгеруде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, көп кешікпей сәнге айналады деп ойлаймын. Өйткені қоғамдағы жарнаманың өзі ағылшынша жазылса, адам назарын бірден аудартады. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде ағылшынша жазатын жастар көбейіп барады. Қуантарлық жайт, әрине. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймын. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенемін. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәнім жоқ. Себебі, латын қарпі мен ағылшын тілінің әріптері өте ұқсас келетініне көз жеткіздім.
Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет. Бұл – заман талабы. Біз, қазақстандықтар, көпшілік болып латын әліпбиін үйренуге, меңгеруге әзір екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн деп ойлаймын. Қазақстан халқы латынды көп қиындықсыз меңгеріп кететіндігіне сенім білдіремін. Сондықтан, латын әліпбиіне көшіп, дүниедегі озық білім, ғылым, жаңа технологияларға тікелей қол жеткізуден басқа жолымыз жоқ. «Латын графикасы» болашаққа бағыт-бағдар беретін жол
-
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».
-
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы.
-
"ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі" – ғылыми-зерттеулер. "Қазығұрт". – Алматы, 2013 ж.
-
Интернет материалдары (https://massaget.kz, ), http://www.qazaquni.kz/