Материалдар / Латын графикасына көшудегі мәселелер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын графикасына көшудегі мәселелер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Латын графикасына көшуде қандай мәселелер туындауы мүмкіндігі туралы зерделенген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2023
267
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады»,-деді ҚР президенті Н.Назарбаев жолдауында.

Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған.

Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.

Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.

Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын алфавитіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.







НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 Латын графикасына көшу мәселелері

2.1 Қазақ жазуының тарихы

Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткенінен хабар береді.

Қазақ жазуының тарихы өте тереңде жатыр. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азия территориясындағы ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар өте жиі кездеседі. Бұл сияқты тасқа қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыштан қорғану, ертедегі адамдардың киелі түсініктері әр алуандас көріністері аң аулап, мал баққан ертедегі тайпалардың тұңғыш жазуы болып табылады. Тіл білімінің терминімен айтсақ, бұл ертедегі сурет жазуы немесе пиктографиялық жазу [1;18].

Дүниеге келген әрбір жаңалық сол күйінде қатып қалмайтынын ескерсек, ертедегі сурет жазуы да сол пайда болған күйінде қалып қойған жоқ, ол өмірге икемделіп, өзгеріп өрістей түсті. Осы жазудың негізінде ұғымды білдіретін жазу ұғымының жұмбағын шешу дәл бүгінгі таңда оңай болмағанымен, баяғы замандағы адамдардың өмір тіршілігінің дамуына лайық екенін көреміз.

Бұл жазу түрінің Қазақстан жерінде ұзақ сақталып,оның символдық көрініс нұсқалары келе-келе қазақтың рулық ен-таңбаларына да айналып, тіпті кейіннен меншікті көрсетерлік белгі болып кеткенін де байқай аламыз.

Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы негізінен ІХ-ХІ ғасырлардан басталады. Мұндай түркі тілдес ескерткіштердің қазірде мәлім болған тұңғыш нұсқасының бірі – «Құдатғу біліг» (1069 жыл) дастаны. Бұл дастанның араб әрпімен жазылған Наманган және Каир қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшірілген. Сонымен қатар ХІ ғасырдың мұрасы «Диуани луғат ат-түрік» еңбегі де, ХІІ-ХІҮ ғасырларға жататын «Ақиқит сыйы» т.б. еңбектер де араб әліппесімен жазылған [2;32].

Жалпы араб графикасына негізделген қазақ жазуында араб графикасының дәстүрін, сипатын сақтаған, яғни араб тілінің графикасы түпнұсқа қалпында жүйесі бөлек қазақ тілінің жазба тілінде пайдаланылды. Сонда араб графикасына негізделген қазақ жазуы өзіндік жүйесі мен деңгейі болған, ауызша тілден өзгеше, оған параллель жатқан жүйе болды. Н.Уәли айтқандай, халықтық тілден едәуір айырмашылығы бар кітаби тілдің тұрпат межесін белгілеген графикалық жүйе болды.

Араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндестігінің басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды. Мысалы, болұс, мүйүз,тұрғұн, ұзұндұқ, үстүнен. Яғни, ерін үндесімі позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұт, бірақ, барұб, келүб.

Профессор Рабиға Сыздық Қ. Жалайырдың еңбегінде лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың еріндік варианты мүлде кездеспейтінін айтады.

Араб графикасының қазақ тілінің дыбыстық жүйесін берудегі қолайсыздығы жазудың демократиялануына кедергі келтірді. Бірақ генетикалық жағынан туыс емес тілдің жазу жүйесін жазу дәстүріне енгізу қиындығынан ол дәстүрден бас тарту қиындығы басым болды. Сондықтан, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқы үшін жазуды жөндеудің бір ғана жолын көрді, ол графиканы өзгертпей, әліпбиді жетілдіру жағы болғаны белгілі. Бұл қазақ жұртының өзге елдің саясатына мойынсынбай, өз тілінің төл жазуын ойлап тапқанмен бірдей болды. А.Байтұрсынов әліпбиінің түзіліп, ұсынылғанынан бастап, қолданыста қолдау тапқанына дейін үлкен күш, табанды бәсекелестік қажет болды, әліпбидің ішкі құрылымы бәсекелестікке төтеп бере алатындай жағдайда болса да, біріншіден, жалпы араб графикасынан бас тартуды ұсынғандар қатары көп болды, екіншіден, «сол кезеңдегі Ресей үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шығып қалып еді. 1876 жыл қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе үкіметтің ресми саясаты дәрежесінде мықтап қолға алынады».

Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Алайда, Ильминскийдің бұл жобасына кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді. Онда В.В. Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына келмейді емес дейді: «Но справедливость прежде всего, даже и в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу, обидели ее, унизив паче меры» [3;121]. Ғалым басқа әліпбиді алған соң оны не өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек деген.

В.В. Радлов та өзінің 1870 жылы жарық көрген «История народной литературы тюркских племен Южной Сибири и джунгарии» деген хрестоматиялық материалдарын орыс графикасымен жазғаны мәлім.

Б.Әбілқасымов архив деректері Н.И. Ильминский мен В.В.Радловтың қазақ тіліне икемдеп жасаған әліпбилері Ресей университеті оқымыстылары тарапынан қолдау көрмегенін, орыс алфавиті өзгертусіз қолдануы керек деген ұсыныстар басым болғанын көрсетті дейді. Оған мына дәлелдер келтірілген дейді автор:

1) тілдің барлық оттенкісін бере алатын дүниежүзінде бір де бір жетілген алфавит жоқ, бірақ одан тілге келген қиындық байқалмайды;

2) араб әліппесі түркі халықтарының дыбыстық құрылысына үйлеспесе де, осы алфавитпен олар осы кезге дейін пайдаланып келді;

3) европа тілдері үшін пайдалануға толық икемді орыс әліппесі араб алфавитіне қарағанда, осы күйінде де қазақ тіліне әбден жарайды.

Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі ресми түрде тек 1924 жылы қабылданғанымен, бұл графиканы 1913 жылы Стамбулда өткен кеңесте түрік, араб, иран жазуының бәрі үлгі етуге пәтуаласқанымен, Құдайберген Жұбанов бас тартқан латын алфавитін қабылдауымызға ұйытқы болған Қазақстан емес, Бүкілодақтық орталық жаңа Алфавит комитеті Ғылыми кеңесінің қысымы. Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмайды, қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді» дегенмен, бәрінен бұрын профессор Е.Д. Поливановтың Байтұрсын әліпбиіне берген: «Эту последнюю форму, которую приняла казах-киргизская графика в 1924 году, я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последний шаг в историческом формировании национальной графики, котором с полным правом могут гордиться киргизские деятели просвещения – создатели реформы, как крупным культурным завоеванием» деген бағасына қарамастан, 1926 жыл 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Бакуде өткен түркітанушылардың съезінен кейін 6 наурызда қазақ жазуын латын графикасына көшіруді қоса алу тапсырылады [4;83].

Осы орайда қазақ тілінің түпкілікті жазуы болады деген төте жазуды латын жазуына ауыстыруға түрткі болған бүкілодақтық түркітанушылар құрылтайының жұмысы туралы айта кетудің жөні бар. Өйткені съезд барша түркі халқының 600-ден астам зиялылары, Юдахин, Н.Ф.Яковлев, В.В. Бартольд, Л.В.Щерба сынды Ресей ғалымдары, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Н.Төреқұлов, Т.Шонанұлы тәрізді қазақ білімпаздары бас қосқан, түркі халықтар тілі мен жазуын жаңа белеске көтерген аса ірі тарихи оқиға болып саналады.

Съезде емле, жазу мәселелері бойынша Л.В.Щерба, Н.Ф.Яковлев, Г.Шараф, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаровтар баяндама жасайды. Түркі тілдер ішінде латын жазуына көшуді бірінші болып әзірбайжандар көтергені белгілі. Оның себебін Н.Ф.Яковлев былай деп көрсетеді: мұнда қалалық әзірбайжан - 13% болса, халық сауаттылығы 1 % ғана болды, бұл татар халқымен салыстырғанда 25 % төмен. Ал қалалық татар халқы 4 % еді. Сондай-ақ ғалым жазу дінмен терең байланыста, діні күшті халық жаңа жазуды алмауға тырысады деді. Бұл Е.Д. Поливановтың жазуын реформаламаса, халық жаңа графикаға әуес келеді, оңай ауысады, ал жазуын жөндеп отырған тіл өзге графиканы көп көрмейді деген сөзімен үндесіп жатты.

Н.Ф.Яковлев, Жирков сынды ғалымдар араб жазуы функциясының кемігендігін, жаңа тілдерді жаулап алу бағытынан тайғанын сондықтан жаңа прогресс, техника үшін латын жазуының қолайлығын айтса, Л.ВЩерба әр халық өз тұрғысынан шешуі жөн деп, бейтарап позиция ұстады. Араб жазуын жақтаушы Ғалымжан Шараф Н.Ф.Яковлев пен Жирков латын графикасын дәріптегенмен, түпкі ойы басқа, олар орыс алфавиті де латын жазуынан кем емес деген мазмұндағы мақалаларын жариялаған дейді.

Жалпы, съезде шығып сөйлегендердің дені латын жазуының техникалық артықшылығы ( қолдың ыңғайы, көздің көруі, техникалық жағы, бас әрібі), араб жазуының кемшілігі реформаланған араб әліпбиінің түпнұсқадан ауытқуы, оңнан солға қарай жазылуы, баспа қиындығы, әріптердің танылмауы, бас әріптің жоқтығы туралы сөз етеді.

Құрылтай қарарында латын әліпбиін түзуде басты мынадай принциптерді ұстану тапсырылады: орыс графикасының әріптерін алмау, кірме сөздерді үндесім заңдарына бағындыру, бірдей дыбыстарға әріп алмау, диакритикалық таңба алмау, созылыңқы дауыссыздарды белгілемеу, қосар әріп алмау, жіңішке дауыстыға таңба алмау, дұрыс айту нормасын қалыптастыру, кірме сөздерді айтылуы бойынша игеру немесе кірме сөздерді түпнұсқа тілдегі айтылуы бойынша алу,кірме сөздер үшін әріп алмау, халықаралық сөздердің соңындағы дауыстыны қысқарту.

Сөйтіп, 1927-1928 жылдары «Жас қазақ», «Тілші» газеттерінде жаңа латын әліпбиінің жобасы, сол графикамен басылған тақырыптар жариялана бастайды. Ең алғаш жарияланған латын әліпбиінің жобасында 24 әріп, 1 дәйекше болды, яғни төте жазудың жүйесінен ажыратылады. Олар: a,b,c,d,e,h,g,j,i,k,l,m,n,o,p,q,r,s,t,u,v,y,z және '.


















2.2 Латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелері

Қазақстандағы әліпби ауыстыру мәселесінің қыры көп. Мұның саяси, ұлттық, экономикалық және түркілік жағы бар. Осы уақытқа дейін саяси жағы кідіріс тудырды. Біз «әліптің артын бақтық». Ол да дұрыс шығар. Тілді қолға аламыз деп бүлініп жатқан елдер де бар. Қазір саяси билік бұл жағдайды қолға алды. Әлемдік жағдай дер кезінде күн тәртібіне қоюға түрткі жасады. Қазір бірнеше нұсқалары айтылып жатыр. Ең негізгі нұсқа – қазақтың барлық төл дыбыстары енген ұлттық әліпбиі болуы керек. Екінші, қазіргі техника жетістіктеріне байланысты ағылшынның дайын әліпбиін алып, қазақтың бар дыбысын салайық дейтіндер де бар. Бірақ мұнда ұлттық дыбыстар қалып қояды. Үшінші, қазақтікі де, ағылшындікі де емес, түркі халықтарының бірлігін қамтамасыз ететін түркі әліпбиін жасайық дегендер болды. Түркі кеңесі 1990 жылдары 34 әріптен тұратын ортақ әліпби жасады. Сондықтан латынға көшкен елдердің тәжірибесін пайдаланып, түркілік ортақ әліпби жасайық деген де пікір айтылуда. Мысалы, түріктер латынға көшкенде екі-үш дыбысты жоғалтып алыпты. Олар осыны ескеруге кеңес берді. Түрік ғалымдары: «Қазақстан ортақ түркілік әліпби жасаса, жаһандануға жұтылып кетпес үшін біз де қолдар едік» дейді. Бүгінде 100-ден астам жоба ұсынылып жатыр екен.

Мысалы, өзбектер, әзірбайжандар латынға көшкенімен, қарсылар әлі көп. Өзбекстанда тұратын Махамбет Жүсіп деген ғалым «латынға көшудің керегі жоқ» депті. «Қазақ тілі әлемдегі бай тіл» деп жүргенімізде, қазақтың кейбір ғалымдары «сол байлықтың керегі жоқ, одан да реформа жасап, дыбыстарды азайтып, қазіргі индустриалды қоғамның тілін жасайық. Сонда компьютерге лайықталады» дегенді айтуда. Онда сөздер қысқара ма? Ақсақал, қарт, қария деген сөздер бір ғана ұғыммен атала ма? Тіпті «Атау да, дыбыс та қысқарған соң, қазақ тілі басқа ұлттардың меңгеруіне тиімді болады» дегенді де естідік. Бұл тек қана тілшілердің, фонетиктердің ғана емес, бүкіл зиялы қауымның ортақ ісі болуға тиіс. Кейбіреулер «Бұл саясат қой…» деп сенгісі келмейді. Биыл әліппе қабылдап, 2025 жылы көшуіміз керек деген бүгін ғана айтылған сөз емес. Бұл 10 жыл бұрын да Елбасының стратегиялық бағдарламаларында бар екен. Комиссия құрылып, жалпыхалықтық талдау ұйымдастырайын деп жатқан соң, сенуге болады деген сөз. Бірақ іске кірісер кезде мәселе қаптап кетейін деп тұр. Бізде әлі іс-қағаздары қазақ тіліне толық көшпеген, мектептер қазақша емес, «үш тұғырлы тіл» деп ұлттық университетте қазақ әдебиетін, Қазақстан тарихын ағылшын тілінде оқытпақшы… Мұны тұтас күйінде жүзеге асыру үшін соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл ұлт болып, халық болып қолға алатын іс. Сонда ғана нәтиже шығады. Ал жәй айтылған сөз болса, ол ағымдағы саяси науқан болып қала береді. Меніңше, жеке мақала, құжат ретінде шығуы – маңызды бағдарлама іспеттес. Елбасы шындап кірісіп, біраз тәжірибені ескеріп, әлемдегі жағдайды қаперге алып, бізді осындай қадамға алып келді. Қазақстанда қазақтың саны 70 пайыздан асты. Ұлт болып, ұлттық мүддені қорғаудың басты тетігі – латын әліпбиіне көшу. Сонда саяси жағынан да, рухани құндылық жөнінде де өзіміздің тәуелсіздігімізді көрсете аламыз. Тіпті мұны, басқа ұлт өкілдері де, орыстар да қолдап жатыр. Олар да түсініп келеді. Қарама-қайшы пікірлердің болуы заңдылық. Қиындықтар болады. Бірақ «шешінген судан тайынбас». Қазақстан жаңғырудың, ұлттық болмысын қалпына келтірудің алдында тұр.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасында қазақ жазуына реформа жасалды. Ол кезде де айтыс-тартыс көп болды. Бірақ ол саяси реформа еді. Астарында не жатты? Мақсат – қазақ тілінің айтылуын, жазылуын орыс жазуына икемдеу. Сол реформаның нәтижесін қазір көріп отырмыз. Осы реформаның бағдарымен өскен көзі ашық тіл мамандарының өзі бас тарта алмауда. Қазіргі әліпби – қазақ әліпбиі емес, тіпті, қазақ-орыс емес, орыс-қазақ әліпбиі. Сондықтан латын әліпбиіне өту науқанын бір әліпбиден екіншісіне өту емес, қазақ жазуына реформа жасау деп түсінген дұрыс. Қазақтың жазуы ұлттық болуы тиіс. Ол үшін біріншіден, қазақ тілінде қанша төл дыбыс бар, соның басын ашып алу керек. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс, 17 дауыссыз дыбыс, бас-аяғы 26 дыбыс бар. Яғни, бізге керегі 26 таңба. Оған кірме дыбыс кіріп кетсе, бүкіл жүйе бұзылады. Бірақ қазіргі заманда халықаралық атаулар, терминдер көп. Оның бәрін орыс тілі тұрғысынан айтамыз. Одан құтыла алмаймыз. Мұны қалай шешеміз? Ресейдің өзі компания атауын, жарнамаларды латын қарпімен жазып жатыр. Біз де өз еркімізбен бірдеңе ойлап таппаймыз, сол халықаралық үлгінің негізінде жасауымыз керек. Бұл – ұлттық сананың жаңғыруы. Жаңғыру – жазудан басталады. Қазір «қазақтың тілі дамып кетті» деген пікірді жиі естиміз. Қазақтың тілінің дамығаны – тек лексикасы ғана. Дыбыс дамыған жоқ. Керек десеңіз, қазіргі дыбыс Орхон жазуындағы дыбыстармен тең. Тағы бір мәселе – осыдан біраз жыл бұрын Түркі кеңесі 34 таңбадан тұратын әліпби түзді. Ондағы мақсат – егер түркі халқы республикалары латын әліпбиіне көшетін болса, таңбаны соның ішінен алсын деді. Әрине, сөздің айтылуы әртүрлі бола беруі мүмкін, бірақ жазылу тұрқы бәріне түсінікті болады деді.

Елімізге кирилл жазуының қандай әсері болды? Шынында, бұл орыс жазуы. Жалпы, кириллицаның латын әліпбиіне қарағанда мүмкіндіктері зор. Кириллица латынның негізінде пайда болған жас графика. Оның жүйесі латынға сүйенеді, латынның оң тәжірибесін алған. Кирилл жазуын қолданатын ұлттар да оны жетілдірді. Компьютерде латынның жинақталған таңбаларына қарағанда, кириллицаның таңбалары анағұрлым көп. Бұл өте жақсы графика, тез икемделеді. Олай болса неге біз кириллицадан қашамыз? Графика тілді бере алмайды деген ұғым дұрыс емес. Егер тілтанушы мамандар мықты болса, кез келген графиканы өз ұлтына сәйкестендіріп, әліпби жасап алады. Ахмет Байтұрсынов араб жазуын пайдалана отырып, қазақтың ұлттық әліпбиі – төте жазуын жасады. Кириллицаға қарағанда латын жетілген әліпби деген ой да түбегейлі қате. Кирилл әліпбиі қазақтың санасында мықты стереотип қалыптастырған. Кирилл жазуы «мені орысша жаз» деп тұрады. Орыс тілі бізге донор тіл, бұл – тарихи ақиқат. Біз посткеңестік кеңістікте өмір сүреміз, басқа кеңістікке көшіп кете алмаймыз. Посткеңестік кеңістіктегі ақпарат көзі – орыстілді ақпарат. Егер Қазақстанда ағылшын тілінде сөйлейтін халықтың саны көп болса, олар басқа әлемге есік ашады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне өздері-ақ тікелей аударып алады. Егер кирилл жазуында қала берсек, шет тілінен енген сөздердің бәрі орыс тілі арқылы кіреді. Олай болса, жаңа сөздерді қазақша айтылу жүйесіне сіңдіре алмай қаламыз. Бұрын тіліміз арқа сүйеген форма – ауызша сөйлеу еді. Амал жоқ, қазір жаһаният дәуірінде жазбаша тілге кез келген әдебиет арқа сүйейді. Жазбаша тіл арқылы жаңалықтар кіреді, хабар таратылады. Солай емес пе? Елімізге алғаш переселендер келіп, кеңес дәуірі орнағанша тілімізге қаншама орыс сөздері енді. Қазір айтсам, ол сөздерді танымайсыздар. Мысалы, бөкебай – пуховой, болыскей – польский, әмірқан етік – американский етік, бөрек – пирог, атбекет – адвокат, кровать – кереует. Ауызша тіл арқылы игерілген сөздер өз тілімізге еніп, икемделді. Қазір осы процесс тоқтап қалды. Бұл кез келген тілдің өміршең болуы үшін қажет механизм. Сырттан келген сөздерді игеріп отырудың ең күшті жолы – фонетикалық игеру, дыбыстық игеру. Кирилл әліпбиі енгізілгеннен кейін орыс тілінен енген сөздер орыс орфографиясымен жазылып, орыс орфоэпиясымен айтылсын деді. Өз басым үш орфографиялық сөздіктің редакторы болдым. Осыдан байқағаным, орыс сөздерінің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Әлемдік дамуға ілесу үшін дүниелердің атауын атауымыз керек, ал олар бізге орыс тілі арқылы кіруде. Енді жаңа сөздерді тілімізге икемдеп, кирилл жазуымен түсірсек, оның образы қабылданбайды. Егер латын қаріптерімен жазсақ, қабылдауға жеңіл. Өйткені латын әліпбиінде сөзді басқа тілдің ережесімен жаз деген стереотип жоқ. Сондықтан латынға таза тілтанымдық тұрғыдан көшуіміз керек. Сонда шет тілден енген сөздерді игеру механизмі қайтадан іске қосылады, тіліміздің иммунитеті күшейеді. Ахаңның «Ел бүгіншіл, мен ертеңшіл» дегені осы.

Мысалы, «ш» дыбысын ағылшын тілінде «sh» деп таңбалайды. Бірақ бізде «с» мен «х» әріптерінің де тіркесі бар. Мысалы, «асхана» сөзі. Асхананы ағылшындар сияқты жазсақ «ashana», яғни «ашана» болып оқылады. Өзбекте ең жиі кездесетін есім – Исқақ. Латын әліпбиімен «Ishak» деп жазылды, оны барлығы «Ишак» деп оқыған. Ешқашан тілді техникаға икемдеуге болмайды, техниканы тілге икемдеу керек. Тіл ғасырлар бойы өмір сүреді. Мысалы, түріктер латын әліпбиіне көшкен кезде техника да болған жоқ. Өздері қабылдаған қаріп бойынша пернетақта жасап алды. Кейіннен «қ» әрпін жоғалтып алдық деп шулады. Түркиядағы «қ» әрпі қазақ тіліндегі «қ» әрпінен бөлек. Түріктердің әдеби тілінің негізіне Стамбұл диалектісі алынған, бұл – оғыз тектілердің тілі. Оғыз текті түріктердің тілінде «қ» жұмсартылып, «к» болып айтылады. Ал Анадолы түріктері – қыпшақ тектілер, олар «қ» әрпін анық айтады. Осыдан кейін түріктер «Q» пернетақтасын енгізді, онда «қ» таңбасы бар. Кез келген ұлт өзінің ұлттық мүддесі үшін техникаға қаржы құюда аянып қалмау керек, бұл болашаққа құйылған қаржы. Құжаттар өтпеді, бағдарлама жасалмады деп кідіріп қалмай, барлығын ретімен жасақтаған абзал.

1929-1940 жылдары латын алфавиті Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен кириллицаға көшті. Кириллицада қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті және тарихы жазылды. Бұл өткен тарих, оны ешкім сызып тастай алмайды. Бірақ, енді мынадай мәселелер туындап келе жатқаны белгілі: бұрын кириллицамен жазылған шығармалар қайда қалады? Оларды келешек жас ұрпақ оқи алама, - деген заңды сұрақ қойлып келеді. Ол мәселе қазіргі ақпарат заманында техника арқылы жүзеге асуға тиісті.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясаты туралы бастама көтерілген болатын. Онда қазақ тілі арқылы ұлт болып сақталу, орыс және ағылшын тілінде әлемдік кеңістікке, халықаралық байланыстарға шығудың мүмкіндіктері ашылатындығы айтылған. Бұл да өте дұрыс ұсыныс, заманға лайықты өмір сүруге қажетті жағдайлардан туындаған қадамдар деп ұғуымыз керек.

Латын алфавитіне көршілес Өзбекстан, Түркменстан және Әзірбайжан мемлекеттері тәуелсіздік алған уақыттан бастап ерте кірісті. Олар да заман талабына сай даму үшін осы алфавитті өздеріне қабылдады. Бірақ, қай мемлекеттерді алып қарасаңыз да қиындықтар болған. Бұл латын алфавитіне өту кемінде 10 жылдық процесс екен.

Енді, алдағы уақытта Қазақстан Республикасының латын алфавитіне өтудің өзіндік қиындықтары болатындығы анық. Онда: алфавит ауыстырып, оны үйрену, сауатты жазуды меңгеру, бұрынғы шығармаларды қайта аудару және тағы басқа мәселелер бар. Бірақ, қарап отыруға тағы болмайды. Сондықтан, ортақ тоқтам жасалған жаңаша алфавитті мемлекеттік деңгейде бірнеше нұсқа ішінен таңдап алып, соны ҚР Үкімет қаулысмен бекіту қажет.

Одан кейін сол латын алфавитін балабақшаларда, орта мектептерде және ЖОО-ында үйрету керек. Яғни, оны жазу мен оқуды үйретудің бірнеше сатылы мемлекеттік механизмдерін ойластыруы тиіс. Олар қандай деңгейде жұмыс жасау керектігі анықталуы шарт. Осы аталған мәселелерді мемлекет тарапынан қадағалайтын, бақылайтын арнайы мекеме қызметкерлері болуы қажет.

Әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.

Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстыққа жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс.

Қарақұдық орта мектебінде латын графикасына қатысты жетекшімізбен біраз шаралар атқарылды. Айтар болсақ, Қарақұдық орта мектебінің кітапханасында «Латын графикасы: Жаңғыру – жазудан басталады» атты көрме ұйымдастырдық (Қосымша1, 2-сурет). Онда латын графикасының бірнеше нұсқасын, латын графикасына қатысты материалдарды жинақтадық (Қосымша1, 3-сурет). 9-11 кластарының оқушыларына жаңа әліпбиге бейімделу мақсатында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің бірнеше нұсқаларын ұсындық (Қосымша 1, 1-сурет; Қосымша 2, 1,2,3-сурет). Жетекшімізбен 32 таңбадан тұратын (Қосымша 2, 1-сурет) латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін пайдалана отырып, Қарақұдық ауылындағы мекемелер, көше атауларын жазып, қол жаттырдық (Қосымша 3, жазу дәптері).


















ҚОРЫТЫНДЫ

Латын әліпбиіне көшу психологиялық тұрғыдан халыққа ауыр болмайды. Сайып келгенде, арабтың жазуы да, латынның да, орыстың да жазуы біздікі емес. Өз жазуымыз – руникадан, қылышпен тасты сызып жүретін заманнан өтіп кеттік.

Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.

Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.

Қазақ халқы «Елу жылда, ел жаңа» дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Ендігі кезекте біз «латын әліпбиі бола ма, болмай ма» деп емес, қалай атқарамыз дегенге ғана жұмылуымыз керек.

Қортытындылай айтқанда, әлемдік өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын алфавитін үйрену, жаза білу және оқи білу Қазақ еліне артық болмайды. Кейінірек біртіндеп үйрену, меңгеру арқылы өзіндік алфавитін қалыптастыра түседі.

Бірақ, латын алфавитіне көшуде өте асығыстық жасамай, біріншіден алфавиттің ортақ тоқтам жасалған нұсқасын анықтау керек. Екіншіден, оны үйрету мен оқытудың мемлекеттік механизімін жетілдіріп, белгілі бір жүе қалыптастыру қажет. Үшіншіден, халықтың өзі саналы түрде оны меңгеруге талпыныстар жасауы тиіс.





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері Алматы,1993

  2. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы,1986

  3. Григорьев А.А. О передаче звуков киргизского языка буквами русской азбуки. Алматы,1993

  4. Уәлиұлы Н. А.Байтұрсынұлы және қазақ жазуының онтогенездік дамуы Алматы:Ғылым 1999

  5. Ғаламтор желісі https//www.google.kz 21.12.2017






700 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!