Материалдар / Лексика туралы тест сұрақтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лексика туралы тест сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған тест сұрақтары оқушылардың лексика туралыбілімдерін бекіту үшін қолданылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
8142
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Лексика

нұсқа 1

1. Антонимді табыңыз.

А) Ол ағайын-туысын ұмытты В) Ол бала-шағасын қыдыртты

С) Ол қысы-жазы үйінен шықпады Д) Ол беті-қолын жуды Е) Ол істің мән-жайын тексерді


2. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мәртебелі, сыйсыз В) Жұмысшы, оқушы С) Апару, әкелу Д) Кінәлі, айыпты Е) Іс, сапар


3. «Мұғалім» сөзінің синонимін анықтаңыз.

А) Ұстаз В) Көркем С) Сұлу Д) Оқушы Е) Тамаша


4. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Көне – жаңа В) Тағдыр – өмір С) Әділ – арлы Д) Үй – мекеме Е) Мықты – күшті


5. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

А) Адал , арам В) Жесір, жігіт С) Ат, есім Д) Алаң, ат Е) Ту, елтаңба


6. Антонимдерді табыңыз.

А) Биік – жоғары В) Ақ – көк С) Жазалау – тексеру Д) әдемі – сұлу Е) Ақымақ – ақылды.


7. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

А) Адал , арам В) Жесір, жігіт С) Ат, есім Д) Алаң, ат Е) Ту, елтаңба


8. «Жәрдем» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Көмек В) Арнау с) Қадірлі Д) Оқымысты Е) Атақ


9. Антонимдік қатарды құрайтын сын есімдерді көрсетіңіз.

А) Айрықша – ерекше В) Терезе – есік С) Тентек – ерке Д) Жалықпай – ерінбей Е) Мейірбан – қатал


10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көлемі, аумағы. В) Бәрі, түгел С) Байтақ, кең Д) Дейін, шейін Е) Таулы, жазық


11. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Бар – аз. В) Бақыру – бажылдау. С) Ауыр – жеңіл Д) Таза – ашық Е) Шалға – жырақ


12. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Жақын В) Жақсы С) Кішкентай Д) Қорқақ Е) Үлкен


13. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Кешке қызық кино басталды В) Түн салқындай бастады С) Айман оған жылы лебізін білдірді Д) Ол досына алтын сағат сыйлады Е) Күзде жапырақтар сарғаяды


14. «Тілге бай» сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

А) Тілге кедей В) Сөзге жоқ С) Сөзге шорқақ Д) Сөзге кедей Е) Шешен


15. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші – қолаң В) Арман – мұрат С) Салт – дәстүр Д) Жұт – жұрт Е) Соғыс – бейбітшілік

16. Мақал-мәтелдерден антонимді табыңыз.

А) Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады. В) Мектеп - кеме, білім – теңіз.

С) Еңбек етсең, емерсің. Д) Оқу инемен құдық қазғандай. Е) Мың досың болса да аз, бір қасың болса да көп.

17. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз:

Білімді өлмес, қағазда аты қалар,

Ұста өлмес, істеген заты қалар.

А) Денсаулық В) Өнер-білім С) Адамгершілік Д) Достық Е) Ерлік

18. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Сабырлы, ұстамды. В) Бет, жүз С) Нәрсе, зат Д) Аласа, биік Е) Жуас, момын


19. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек етсең, емерсің. В) Көз – қорқақ, қол – батыр. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Д) Мектеп – кеме, білім – теңіз. Е) Батыр туса – ел ырысы.


20. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі...

А) Қысқа В) Кіші С) Көк Д) Ұзын Е) Жұмсақ





Лексика

нұсқа 2

1. Лексика нені зерттейтінін белгілеңіз.

А) Сөз тіркесін В) Сөйлем мүшелерін С) Тіл дыбыстарын

Д) Сөз құрамын Е) Сөз мағынасын

2. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Ер В) Жер С) Дос Д) Адам Е) Жау

3. Антоним қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Түсімде сәске түс екен-ау деймін

В) Тіл байлығы – ой байлығы

С) Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.

Д) Осыны ойлағанда Сүйіндік сескеніп шошып кетті

Е) Қалың кітап, қалың қар.

4 «Күн» сөзімен тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) Салқын В) Алтын С) Сары Д) Жылы Е) Ыстық

5. «Ақылшы», «кеңесші» синонимдерінің орысша аудармасын анықтаңыз.

А) Серезный В) Умный С) Советник Д) Здоровый Е) Красивый

6. Антонимдерді белгілеңіз.

А) Ұқсас – тәрізді В) Сұлу – әдемі С) Оқиға – жағдай Д) Сүю – жек көру

Е) Ұнату – жақсы көру

7. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

А) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ. В) Қара бояу, қалың киім, суық су.

С) Қалың шөп, адал ас, қара көз. Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар.

Е) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар.

8. Антоним болмайтын сөздерді табыңыз.

А) Жарық-қараңғы. В) Әлсіз-жақын С) Терең-таяз Д) Биік-аласа Е) Ақылды-ақымақ

9. Мағынасы жағынан қате сөзді табыңыз.

а. Жазда күн қысқа болады.

в. Күзде жапырақтар сарғаяды.

с. Көктемде қар ериді.

д. Қыста күн суық болады.

е. Төрт жыл мезгілі бар.

10. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Қазақ халқының ұлттық өнерімен таныстық.

В) Ас ішіп болған соң, дасстарқан батасын оқиды.

С) Шешесі кешкі асқа тамаша ас әзірледі.

Д) Өнер десе, ішкен асын жерге қояды.

Е) Ас ішу де –өнер.

11. Көптелмейтін сөзді белгілеңіз.

А) Тары В) Кесе С) Кітап Д) Қалам Е) Адам

12. «Жалқау» сөзінің синонимі.

А) Ақ саусақ В) Ақ көйлек С) Тері ақты Д) Ақ көңіл Е) Ақты төкпе

13. Термин сөзді көрсетіңіз.

А) Фонетика. Орфография.В) Бару, келуС) Алматы. АстанаД) Қызылырақ, көкпеңбек.Е) Жиырма, он тоғыз.

14. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Ашық мінез.В) Ашық есікС) Болашақтың есігіД) Мінезі ауырЕ) Көзі ашық

15. Көнерген сөзді табыңыз.

А) Садақа В) Ата С) Ояз Д) Балапан Е) Мүйізтұмсық

16. Біріккен сөзді табыңыз.

А) Тас жол

В) Тасу

С) Тасушы

Д) Тасбақа

Е) Таспа

17. Тұрақты сөз тіркесті табыңыз.

А) Үйге бару, шай ішу, кітап оқу

В) Жылы бөлме, биік тау, ақ қағаз

С) Есікті жабу, кілтті жоғалту, қалам беру

Д) Жаны ашу, есте сақтау, қолға алу

Е) Он екі, сары ала, келе жатыр

18. Көп мағыналы сөздерді көрсетіңіз.

А) Жас мұғалім, жас бала.В) Қара калам, қара көйлекС) Ауыр тас, ауыр жүкД) Өте жылдам, өтемақы

Е) Бас дәрігер, бас қала

19. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Терең ой В) Терең білім С) Терең өзен Д) Терең сезім Е) Терең адам

20. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.

А) Ат В) Сары С) Шалбар Д) Ұзын Е) Жаңбыр





Лексика

нұсқа 3


1. Неологизмді табыңыз.

А) Жалғау В) Ұшақ С) Зәулім Д) Кесене Е) Шана

2. Көп мағыналы сөзді табыңыз

А) Адамның басы В) Жәндіктің басы С) Таудың басы Д) Аяғыңды бас

Е) Басшы келді

3. Тұрақты тіркесті табыңыз.

А) Ауыр жүкті қөтере алмады.

В) Құс көкке қарай ұшып кетті.

С) Сайқымазақтың мұрны көк түсті екен.

Д) Ол мұрнын көкке көтерді.

Е) Өгіздің мұрнына көк шыңжыр тағылды.

4. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

А) Ашық терезе В) Жабық есік С) Ашық мінезД) Есігі ашықЕ) Терезесі жабық

5. Диалект сөзді көрсетіңіз.

А) Азанда В) Таңертең С) Күндіз Д) Кешке Е) Түнде

6. «Аласа » сөзінің антонимін табыңыз.

А)биік В) жақсы С) таза Д) төмен Е) әдемі

7.Берілген мақалды аяқтаңыз.

Ер – елінде, ...

А) Гүл жеріндеВ) Ормансыз бұлбұлС) Ит – тойған жеріндеД) Тірлік болмасЕ) Ер –туған жеріне

8. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Суық сөз В) Ыстық ықылас С) Ақ ниетті Д) Терең ойлы Е) Жақсы адам

9. Антонимді табыңыз

А) Дос-жолдас В) Ақ- қызыл Д) Ата –әже С) Бас –көз Е) Биік –аласа

10. Синонимдік қатарды табыңыз.

А)Алыс, жақын В) Күшті ,әлсіз С) Ақ, қара Д) Ашық, жабық Е) Мықты, берік

11. Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз.

А) Синоним В) Омоним С) Зат есім Д) Етістік Е) Антоним

12. Мақалды толықтырыңыз.

«... өмір – сөнген көмір»

А) Еңбексіз В) Бақытсыз С) Ақшасыз Д) Сенсіз Е) Жұмысссыз

13. Жақша ішіндегі сөздің аудармасын табыңыз.

Назым мен Бейсенгүл - ... ( ровесники)

А) Достар В) Құрдастар С) Қыздар Д) Балалар Е) Замандастар

14. «Күн» сөзімен тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

А) Жылы В)Алтын С) Салқын Д) Ыстық Е) Сары

15. Синонимдер қатарын табыңыз.

А) алыс – жақын –шалғай

В) ежелгі –көне –ескі

С) кәрі –жас –қария

Д) үлкен –ірі –кіші

Е) жақсы –көрікті –нашар


16. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Әділ –арлы

В) үй –мекеме

С) мықты –күшті

Д) көне –жаңа

Е)тағдыр –өмір

17. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз В) толық С) кем Д) оңай Е) ұсақ

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) жеңіл, терең, ежелгі

В) өнер, күй, музыка

С) тіршілік, өнер, бағыт

Д) бағыт, бағдар, беталыс

Е) өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет


19. «Ағаны көріп іні өсер, ...» мақалының жалғасын белгілеңіз.

А) Апаны көріп сіңлі өсер В) Ата- бәйтерек С) Бала –жапырақ

Д) Адам досымен мықты

Е) Ауырсаң білесің


20. Антоним сөздерді табыңыз.

А) қалаға барды В) кілтпен ашты С) Әдепті бала Д) Әдейі, арнайы Е) Биік, аласа



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!