Материалдар / Лексико-грамматикалық тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лексико-грамматикалық тест

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
2887
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А1 деңгейі басқа ұлтқа арналған

лексика-грамматикалық тест

1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз.

Ағам... көлігі

A) -нің

B) -тың

C) -дың

D) -ның

2. «Қатты» сөзіне қарама-қарсы сөзді табыңыз.

A) оңай

B) үлкен

C) жеңіл

D) жұмсақ

3.. Сіз ... ба?

A) Ләззат

B) Ләззатсың

C) Ләззатсыз

D) Ләззатпын

4. Екі сөзден құралған қыздың атын белгілеңіз.

A) Майра

B) Айнұр

C) Жанар

D) Айнаш

5. Сен кішкентай ... .

A) бала

B) баласың

C) баламыз

D) баласыз

6. Оның ... жоғары қабатта.

A) үйі

B) үйің

C) үйім

D) үйіңіз

7. Мекенді білдіретін сөзді көрсетіңіз.

Ол жеке үйде тұрады.

A) Ол

B) жеке

C) үйде

D) тұрады

8. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.

Апам аулада демалып отыр.

A) неде?

B) неге?

C) кімде?

D) қайда?

9. «Шықты» етістігімен тіркесетін сөзді белгілеңіз.

A) дүкенді

B) базарда

C) асханадан

D) поштамен

10. «Қайдан келесің?» сұрағының жауабын белгілеңіз.

A) театрға

B) театрда

C) театрды

D) театрдан

11. Түр-түсті білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

A) кең, тар, жуан

B) тәтті, ауыр, жеңіл

C) қалың, жуан, жіңішке

D) сары, жасыл, қызғылт

12. Оған дәрігер... кеңесі қажет.

A) -нің

B) -дің

C) -мен

D) -ден

13. Екі сөзден құралған есімді белгілеңіз.

A) Сәбит

B) Елдос

C) Арман

D) Сұлтан

14. Алматы үлкен ... .

A) қала

B) қалалық

C) қалашық

D) қалалар

15. «-шы» қосымшасы жалғанатын сөзді табыңыз.

A) ел

B) хат

C) би

D) кен

16. Сіз ... .

A) ақынсыз

B) мұғалімсің

C) тәрбиешімін

D) журналистпін

17. Біз ... .

A) тілшіміз

B) заңгермін

C) бишісіңдер

D) есепшісіздер

18. Сенің ... .

A) киімім

B) көйлегің

C) сағатыңыз

D) сөмкелері



19. Менің ...

A) анаң

B) әкем

C) атасы

D) әжеңіз

20.. ... іші

A) Есіктің

B) Еденнің

C) Бөлменің

D) Қабырғаның

21. ... ақылы

A) Білімнің

B) Үлкеннің

C) Уақыттың

D) Ғылымның

22. Бұл ... ауырып отыр.

A) бала

B) балаға

C) баланың

D) балалық

23. Мекенді білдіретін сөзді көрсетіңіз.

Дүкенде адам өте көп.

A) өте

B) көп

C) адам

D) дүкенде

24. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.

Үйде «Қыз Жібек» фильмін отбасымызбен көріп отырмыз.

A) неде?

B) қайда?

C) қайдан?

D) кіммен?

25. Диалогті толықтырыңыз.

– Сіз қайдан келдіңіз?

– Мен ... келдім.

A) Астанамен

B) Атыраудан

C) Көкшетауда

D) Қарағандыға

26. Тамақтанатын жерді көрсетіңіз.

A) асхана

B) аспаз

C) аспазға

D) аспазшы

27. Еңбекақыны басқаша қалай атайтынын көрсетіңіз.

A) билік

B) игілік

C) айлық

D) сенбілік

28.. – Апаң неше жаста?

– Апам ... жаста

A) қырық

B) қырықты

C) қырықта

D) қырықыншы

29. – Сен нешеде келесің?

– ... келемін.

A) Алтыда

B) Алтымен

C) Алтыдан

D) Алтыншы

30. Ол ... жаста.

A) он жеті

B) он жетіге

C) он жетіні

D) он жетінші

31. Әкем ... .

A) алпыс бірі

B) алпыс бірде

C) алпыс бірге

D) алпыс бірдей

32. Ол ... кабинетте отыр.

A) бесеу

B) беске

C) бесінші

D) бестеген

33. Бүгін аптаның ... күні.

A) бес

B) алтау

C) алтыншы

D) тоғыздай

34. Заттың түсін білдіретін сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) кең, тар

B) ақ, жасыл

C) үлкен, кіші

D) әдемі, сұлу

35. Адам мінезіне қатысты сөздерді көрсетіңіз.

A) тәтті, дәмді

B) ауыр, жеңіл

C) қатал, жуас

D) ұзын, қысқа


36. Сен ... жақта тұрасың ба?

A) әне

B) осы

C) міне

D) бұған

37. Концерт ... өтті?

A) қай

B) неше

C) қалай

D) нешінші

38. Ол ... кезде болған еді?

A) қай

B) қалай

C) қанша

D) қашан

39. Есікті ... .

A) аш

B) айт

C) бар

D) жүр

40. Мен әдемі қызбен ... .

A) жүрдің

B) бардың

C) сөйлесті

D) таныстым

41. Біз қаладан ... .

A) жүрдің

B) келдік

C) көрдім

D) тұрдық

42. Диологті болымсыз жауаппен толықтырыңыз.

– Сен бүгін жұмысқа бардың ба?

– Жоқ, бүгін жұмысқа ... .

A) келдім

B) бардым

C) тұрмадым

D) бармадым

43. Болымсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Әжем ауылдан кеше келді.

B) Жұмыстан шаршап келдім.

C) Анам жұмыстан әлі келмеді.

D) Аулаға үлкен машина келді.

44. Асан жұмыста ... .

A) кет

B) біл

C) жүр

D) айт

45. Дәл қазір болып жатқан қимылды көрсетіңіз.

A) Сен енді кіресің.

B) Астың дәмін көр.

C) Сен жарықты сөндірдің.

D) Кір жуғыш машина қосулы тұр.



46. Басшыны күтіп ... .

A) жүрдік

B) жаттық

C) қалдық

D) отырмадық

47. Мен жолда ... .

A) көресің

B) келемін

C) барамыз

D) қаласыңдар

48. Ол саған ... .

A) айтамын

B) жолығамыз

C) барасыңдар

D) хабарласады

49. Ол зауытта жұмыс ... .

A) білмейді

B) істемейді

C) келмейді

D) көрмейді

50. Сөйлемді болымсыз түрде аяқтаңыз.

Бүгін жаңбыр ... .

A) жауады

B) болады

C) келмейді

D) жаумайды

51. ... телефонмен сөйлесіп отырмын.

A) Кеше

B) Қазір

C) Ертең

D) Бағана

52. Киноға мен, Жанар ... оның дос қызы барды.

A) да

B) бен

C) пен

D) және

53. Бұл бөлме әдемі ... жарық

A) да

B) әрі

C) мен

D) пен

54. Көп нүктенің орнына қажетті шылауды көрсетіңіз.

Үлкен ұлың қаладан бүгін келді ... ?

A) ма

B) пе

C) ме

D) бе


55. Сен көршінің қызы Айжансың ...?

A) бе

B) ма

C) па

D) ба

56. Назар аударту мағынасындағы сөзді көрсетіңіз.

Қарағым, мынау нешінші автобус?

A) мынау

B) автобус

C) нешінші

D) қарағым

57. ..., Жас кезімізде оқудың қадірін түсінбедік, ... енді бәрі кеш!

A) Әттең

B) Тамаша

C) Бәрекелді

D) Ойпырмай

58. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз.

A) кітаптер

B) қағаздар

C) қаламдар

D) дәптерлер

59. Жуан дыбысталатын сөзді белгілеңіз.

A) өмір

B) өнер

C) білім

D) уақыт

60. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз.

A) кісінің

B) адамлар

C) студентке

D) жұмыстан

61. Қосымшасы дұрыс жалғанбаған сөзді көрсетіңіз.

A) жұмыста

B) асханата

C) кабинетте

D) шаштаразда

62. Қарама-қарсы жұп бола алмайтын қатарды көрсетіңіз.

A) алу - беру

B) келу - кету

C) кіру - шығу

D) сұрау - өтіну

63. «Дос» сөзіне қарсы мәндегі сөзді табыңыз.

A) қас

B) әріптес

C) жолдас

D) серіктес

64. Бұл мәселенің барлығын басшының тікелей ... шешеді.

A) өзі

B) өзім

C) өзің

D) өзіне

65. Біз әлі де бір шешімге ... .

A) болған емес

B) келген жоқпыз

C) барған жоқпын

D) тоқтаған жоқсың




















А1 дейгейі басқа ұлтқа арналған

Оқылым тапсырмалары

1-ші мәтін

Менің досымның аты – Бақыт. Ол – саясаткер. Оның бір ұл, екі қызы бар.


1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Бақыт – ... .

A) ұлым

B) үлкен қызым

C) менің көршім

D) менің жолдасым

2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Бақыт – саясаткер.

B) Бақыттың екі ұлы бар

C) Бақыттың жалғыз ұлы бар.

D) Бақыттың екі қызы бар.


2-ші мәтін

Құрбым Айгүл дүкенде сатушы болып жұмыс істейді. Айгүл жұмыс істейтін дүкенде нәрестелер ойыншығы көп сатылады. Айгүлге өз жұмысы ұнайды.

3. Сөйлемді толықтырыңыз.

Құрбысы Айгүл ... .

A) кішкентай нәрестелермен ойнауды ұнатады

B) нәрестелер ойыншығын сататын дүкен ашты

C) дүкенге нәрестелер ойыншығы келіп түсті

D) нәрестелерге арналған ойыншықтар сатады


4. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Оның құрбысының есімі Айгүл.

B) Айгүл дүкенде сатушы болып жұмыс істейді.

C) Айгүл нәрестелер ойыншығына тапсырыс берді.

D) Айгүлге сатушы болған қатты ұнайды.

3-ші мәтін

Дарханның інісі Сардар орта мектепте мұғалім. Сардар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол бүгінгі сабақта оқушыларды М.Әуезовтің «Адамдық негізі әйел» шығармасымен таныстырды.


5. Сөйлемді толықтырыңыз.

Оның інісі Сардар ... .

A) М.Әуезов мектебінде істейді

B) орта мектепте істейді

C) университетте істейді

D) биология пәнінің мұғалімі




6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Мұғалім Сардар – Дарханның досы.

B) Дарханның інісі мектепте мұғалім болып істейді.

C) Сардар қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.

D) Мұғалім сабақта М.Әуезовтің шығармасы туралы айтты.

4-ші мәтін

Бүгін Бекзат отбасымен Ақтөбе қаласында тұратын туысы Қасеннің үйіне қонаққа келді. Қасен Бекзаттың жездесі. Ол банкте заңгер болып жұмыс істейді. Қасеннің үш қызы бар. Үлкен қызы Айгерім алтыншы сынып оқиды. Екінші қызы Дана бес жаста, ұлы Айғали үш жаста.


7. Сөйлемді толықтырыңыз.

Қасен – ... .

A) Бекзаттың ағасының баласы

B) Бекзаттың әкпесінің күйеуі

C) Айғали атаның үлкен немересі

D) Дананың әкпесінің үлкен ұлы

8. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

A) қала, Ақтөбе, жезде

B) мектеп, оқушы, сынып

C) заңгер, банк, отбасы

D) туыс, отбасы, Ақтөбе


9. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Қасен Бекзаттың үйіне қонаққа келді.

B) Үлкен қызы Айгерім мектеп оқушысы.

C) Бекзаттың жездесі Қасеннің үш қызы бар.

D) Бекзаттың туысы Ақтөбе қаласында тұрады.


5-ші мәтін


Алмас еңбек демалысында отбасымен ауылдағы ата-анасының үйіне барғанды ұнатады. Оның ата-анасы Сарыарқада тұрады. Сарыарқа желді және таулы аймақ болса да, Алмасқа бұл жердің табиғаты өте қатты ұнайды. Ол мұнда ұлымен тауға серуенге шығып, таза ауада көп демалады. Сарыарқаның табиғаты әсем болғандықтан, бұл жерге саяхатшылар өте көп келеді.


10. Сөйлемді толықтырыңыз.

Алмас демалыста ... үйіне барады.

A) Сарыарқаға досының үйіне

B) ауылдағы атасының

C) әке-шешесінің

D) ауылдағы інісінің

11. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

A) еңбек демалысы, Алмас

B) таулы аймақ, табиғат

C) саяхатшы, демалыс

D) тау шатқалы, серуен


12. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Сарыарқа табиғаты әсем аймақ.

B) Алмасқа бұл жердің табиғаты ұнамайды.

C) Сарыарқа желді және таулы аймақ.

D) Алмастың ата-анасы Сарыарқа қаласында тұрады.


6-ші мәтін

Менің досымның аты Айман. Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үшінші курсында оқиды. Ол оқу озаты, Президенттік шәкіртақы иегері.

Айманның болашақ мамандығы заңгер.


13. Сөйлемді толықтырыңыз.

Айман – ... .

A) Алматы қаласында оқиды

B) үшінші курстың үздік студенті

C) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің заңгері

D) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің бітірушісі

14. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.

A) досым, курс, шәкіртақы

B) университет, студент, заң

C) Айман, университет, заңгер

D) Айман, болашақ, факультет


15. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Досым болашақта заңгер болады.

B) Құрбым заң факультетінде оқиды.

C) Айман Президент атындағы шәкіртақы алады.

D) Досым Президент атындағы университетте оқиды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!