Тақырып бойынша 11 материал табылды

Лентадан гүл жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пəні ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Лентадан (таспадан) гүл жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға лента (таспа) туралы мағлұмат беру, білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды ойларын жинақтап ашық жеткізе білуге, топтасып жұмыс істеуге, бастаған жұмыстарын өз бетінше аяқтауға, қауіпсіздік ережені сақтауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың талғамдарының әсемділігін арттыруға, жұмыстарын асқан ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, шыдамдылықпен орындауға баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Көрнекіліктер: видео, дайын бұйым, тех карта

Қажетті материалдар: түрлі түсті лента (таспа), ине-жіп, қайшы

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылермен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу

ІІ Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Лента жайлы видеоролик көрсету.

Тапсырма

Тақырыпты ашу үшін екі топқа бір-бір жұмбақ жасырылады. Жауаптарына өздері талдау жасайды.

1-топқа: Адамдардың бәрі қызығады,

Бірақ ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)

2-топқа: Сәндік бұйымға арқау,

Жіп-жіңішке ғана бау. Ол не? (Лента, таспа)

Ендеше, 1-топқа «Гүл» дегенде ойларыңа не келеді?

2-топқа: «Лента» дегенде ойларыңа не келеді?


DrawObject2 DrawObject1






Лента (таспа) дегеніміз – матада тәрізді тоқылып, екі жиегі тығыз тоқылған жіңішке ғана бау тәрізді материал. Лентадан түрлі бұйымдар жасауға болады. Мәселен, гүл, шкатулканы сәндеу, бантик, панно, әшекей бұйымдар, жабдықтар, т.с.с. бұйымдар жасауға болады. Лентадан жасалынған дүниелер көздің жауын алып, өзіңді еріксіз қызықтыратып қояды. Оларға қарап ойға ой, қиялға қиял қосуға болады. Лента қарапайым көрінгенмен өте сәнді зат болып табылады.

Ленталар екіге бөлінеді: жууға болатын ленталар, жууға болмайтын ленталар. Жууға болатын ленталар - сапасы өте жоғары ленталар, ал жууға болмайтын ленталар – тек қана сәндік үшін қолдануға болатын ленталар.

ІІІ Сарамандық жұмыс

Жұмысты бастамас бұрын біз техникалық қауіпсіздік ережесін қайшымен жұмыс кезінде және инемен жұмыс кезінде сақталатын ережелерді еске бір түсіріп өтейік.

Жұмысты бастар алдында біздің ұранымыз «Талаппен бастап, талғаммен аяқтау».

Ал, енді біздің қазір бастағалы отырған жұмысымыз-гүл. Гүл деген-табиғаттың таңғажайып жұмбағы, бойында жаны бар. Оның жаратылысы да ерекше. Өте нәзік, қош иісті, көрікті, әдемі. Бірақ өкініштісі, олар тез солып қалады. Сол гүлдерді біз лентадан жасап, оларға мәңгілік өмір сыйлаймыз, киімдерімізге қадаймыз, түрлі бұйымдарға жабыстыра аламыз.

Біздер бүгінгі сабақта гүлдердің патшайымы атанған раушан гүлін жасаймыз. Ал, жұмысымызға сәттілік. Бастайық!

Лентадан жасалған раушан гүлінің жасалу жолдарынан видеосын тамашалау. Сонан соң тех карта тарату.


Раушан гүлі Раушан гүлінің тех картасы


Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш.

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.

Тым сылбырда болмайық,

Алға қарай озбайық

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш.


ІV Қорытынды

«Конверт» ойыны. Пошташы екі топқа бір-бір конверт таратады.

1 топқа: 1. Лента дегеніміз не?

2. Лентадан қандай бұйымдар жасауға болады?

3. Гүлдер патшайымына қандай гүлдер жатады?

4. Ленталар нешеге бөлінеді?

2-топқа: 1. Жууға болатын ленталарға қандай ленталар жатады?

2. Жууға болмайтын ленталар қандай болады?

3. Гүл дегеніміз не?

4. Гүлдер патшайымына қандай гүлдер жатады?

V Бағалау

Сабақ соңында оқушылардың сабаққа қатысуына, жасаған жұмыстарына мадақтау сөздерін айту.


VІ Үйге тапсырма: Бастаған жұмыстарын аяқтап келу



Патима Бимурзаева

Бесарық балалар өнер мектебінің мұғалімі

Жаңақорған ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.00.2018
1950
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі