«Lesson study» іс – әрекетті зерттеу үдерісіне рефлексивті есеп
Жуманова Асия Алшынбаевна
№74 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мектепті дамыту жоспарына сәйкес мектебімізде әдістемелік, тоқсандық, жылдық қорытындылардың талдауы негізінде, ұсынылып аталған проблема негізінде іс – әрекеттегі зерттеулер жоспарланды. 2021-2022 оқу жылының 1-тоқсанында 2 сыныпта «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың ағылшын тілі сабағында айтылым дағдысы мен функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбы бойынша іс-әрекеттегі зерттеу өткізілді. Толығырақ тоқталып өтсем. «Неліктен бұл сынып?». Оқушылардың көптеген тыңдалым айтылым дағдысы, оқушылардың сыни дағдыларын дамытуда ағылшын тілі пәнінің маңызы зор. Себебі, бұл сабақта біз көптеген мәтіндермен танысып, мәтіннің негізгі түйінін анықтап, өмірлік жағдайлармен байланыстырып отырып жұмыс жасаймыз. Сондықтан да осы проблеманы шешу үшін ағылшын тілі пәнін алдық. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында төмендегідей жоспар құрылды.
Жоспар
-
Неліктен пәнді алдым?
-
Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.
-
Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.
-
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.
-
Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.
Зерттеу қадамдары
-
– бөлім. Іс – әрекеттегі зерттеулерге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.
Мектебімізде мектеп тренерлерінің ықпалымен ерікті түрде зерттеу топтары құрылды.
Соның ішінде біздің тобымыздың құрамында орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері болды. Олар сабаққа қатыса отырып, оқу ісінің меңгерушісімен, мектеп тренерімен, тәлімгерімен ақылдаса отырып, сараптау- талдау жүргізе отырып,нысаналы 2 Ә сыныппен зерттеу тақырыбын топ мүшелерімен ақылдаса таңдадық. Сыныптағы зерттеу тақырыбы: «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың ағылшын тілі сабағында айтылым дағдысы мен функционалдық сауаттылығын арттыру» болды.Бұл сынып пен тақырыптың таңдау себебі, 2 Ә нысаналы сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ой-пікірлері негіз болды. Өйткені бұл сыныптың оқушылары сабақ барысында белсенділік танытпайтыны, мұғалімнің берген тапсырмаларына селқос қарайтыны, оқушылардың сабақтарда өз ой-пікірлерін еркін жеткізе алмайтын, өз ойларын айтуға қысылатын оқушылар басым екендігі анықталды. Сондай ақ бұл сыныптың «Күнделік кз» электронды журналдағы 1- тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы басқа сыныптарға қарағанда төмен көрсеткіш, яғни 49,3 пайыз көрсеткендігі негіз болды.Зерттеу тобының шешімімен 2 Ә нысаналы сыныпта «Білім сапасын арттыру мақсатында
оқушылардың ағылшын тілі сабағында айтылым дағдысы мен функционалдық сауаттылығын арттыру» зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беружүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келетіндігі ескерілді

-
– бөлім. Іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп
06.12. күні зерттеу тобымен бірлесе «Сөйлеу дағдысын қалыптастыратын тиімді әдіс- тәсілдер тақырыбында өзім, Жуманова Асия Алшынбаевна коучинг өткіздім. Коучинг барысында әріптестеріме сабақ барысында баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыратын тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырдым. Коучинг мақсаты : оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын және сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегиясын көрсету, оларды қолдануға үйрету. Қатысушыларды дұрыс сөйлеуге үрету, ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім артып, бірлесіп жұмыс жасауға баулу болды.Тыңдаушыларым коучингте «Қызығушылықты
ояту» сәтінде «Біз біргеміз, күштіміз!» бейнекөрсетілімнің негізгі мәнін ашып, зерттеу жұмысы туралы өз ойларын білдірді. «Мағынаны тану» бөлімінде топтық, жұптық тапсырмаларды белсенділік танытып, орындады. «Әліпби- әңгіме» стратегиясында әліпбидегі әр әріптен тұратын сөздерден әңгңме құрастырып, топ атынан әңгіме ұсынды. Тапсырмаларды орындау барысында логикалық ойлау, сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс сақтау, сөйлеу мәнері мен интоннация
сияқты қасиеттерді дамытуға атсалысты.Қорытындылау мақсатында « Ізденген жетер мұратқа»,
«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары жүргізілді. Қатысушылар өздерін қалай
сезінгендерімен, сабақ жөнінде өз ойларымен «оқушы ретінде», «мұғалім ретінде» бөлісті

2 Ә сыныпта 21 оқушы бар. Оның 1-тобында 10 оқушы болды. Өзім осы сыныпқа сабақ беретін болған соң және үнемі сабаққа қатысып жүретін болған соң сыныптың ахуалы маған таныс. Зерттеу жұмысы «Ең жақсы сабақ бұл - ...» сауалнамасын жүргізуден басталды. Бұл сауалнаманы жүргізгендегі мақсатымыз – оқушыға қандай сабақтың ұнайтынын, оқушы қандай сабақты көргісі келетінін білу. Олар мұғалімнен не күтеді? Оларға қандай сипаттағы сабақтың ұнайтынын анықтау еді. Назар аударып көрсек:
Ең жақсы дегенде оқушылардың пікірін білу үшін сауалнама алдым. Бұл жерде мен 6 критерий бойынша сауалнама алдым. Бұл жерде оқушылардың пікірлері жан –жақты болып отыр. Интербелсенді тақтаны қолданған сабақ 6 оқушыға ұнайды екен, өзін еркін сезінетін сабақ 2 оқушыға ұнайды екен және түсінікті сабақ 2 оқушыға ұнайды екен. Жалпы бұл сауалнамадан мен нені көріп отырмын. Оқушылардың барлығына интербелсенді тақтаны қолданған сабақтар ұнайды және неліктен түсінікті сабақ деп отыр, себебі жетістік критерийі анық, нені жасай алу керек сабақтары ұнайды деп тұжырымдап отырмын және де оқушылар өзін еркін сезінетін сабақ ұнайды себебі, еркін сезіну үшін мен не істеу керекпін? Мен сабағымда жауынгер үнін емес, дос үнін, сыйқыршы үнін, данагөй үнін көптеп қолдануым керек деп тұжырымдадым.
-
– бөлім. Тәжірибеге өзгерістер енгізу.
Зерттеу тобымен бірлесе отырып ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Дадабекова . Ұзақ мерзімді жоспардан орта мерзімді жоспарын құрағаны,таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістер енгізу үшін орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген 3 сабақтар жоспарланды.
Сабақтар топтамасында әрбір 7 модульді үйлестіріп, ықпалдастыру жоспарланған болатын.
2 Ә сынып оқушыларымен тізбектелген сабақ өтуіне және осы тоқсан соңына дейін зерттеу сабақтары жүретіні туралы ұсыныс жасалды . Егер нәтиже біз күткендей болса, тоқсан соңында БЖБ;ТЖБ қорытындысы жақсы көрсеткіш көрсетіп, білім сапасы көтерілсе зерттеуді келесі пәнге ауыстырамыз деген ұсыныс айтылды.
10.12. күні А. Дадабекова нысаналы 2 Ә сыныбында ағылшын тілінен , «Defferent places» тақырыбында сабақ өтті. Сабаққа зерттеу тобы қатысып, «А», «Б», «С» деңгейлі оқушылар
бақылауға алынды. Сабаққа талдау жүргізіліп, бақылауға алынған оқушылардан сұхбат алынды. Оқушылар мен зерттеушілердің ойлары тыңдалып, талқыға салынды. Бастауыш сынып мұғалімі А. Үйсінбаева өзіінің бақылауындағы «А» деңгейлі оқушының алдынғы білімі бойынша қойылған сұраққа толық жауап бере алмағандығы, белсендіілік танытпағандығы ,
тапсырмаларды орындауда едәуір қиналғандығы байқалды. Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері Ш. Абишева мен А. Татенованың бақылауындағы «Б» және «С» деңгейдегі оқушылар туралы байқағандығы тыңдалды

Жалпы зерттеу тобының алғашқы сабақты талдап, бақылаудағы үш оқушының берген сұхбатынан соң ,мынадай шешім қабылдадық: Келесі сабақты жоспарлағанда әдістерді жаңартып, сабаққа тартылмаған балаларға арнайы тапсырмалар әзірлеу, сабақта сараланған нақты тапсырмалар кіріктіру, уақытты тиімді пайдалану керектігі айтылды.
15.12.күні А. Дадабекова тағы да сол нысаналы 2 Ә сыныпта «Defferent places»тақырыбындағы тізбектелген сабағын өтті. Сабаққа оқушылар алдыңғы сабақпен салыстырғанда белсенді болды, мұғалім де, оқушылар да оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта жоспарланған тапсырмалар толығымен орындалып, оқушылардан кері байланыс алды.Дегенмен сабақ барысында оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытпағандығы байқалды.
Сабақты талдау барысында бастауыш сынып мұғалімі Ш. Абишева өзінің
бақылауындағы «Б» деңгейлі оқушының айтылым дағдысына байланысты
тапсырманы толығымен аша алмағандығын, оқушы өз ойын еркін жеткізе
алмағандығын айтты. Оқылым деңгейі жақсы болғанымен, айтылымда
қиналғандығын ашып көрсетті. Ал бақылауға алынған « С» деңгейлі
оқушы ағылшын тілі пәні мұғалімі А. Орынбаеваның айтуынша ,
керісінше белсенділік танытып, ағылшын тілінде өз ойын еркін
жеткізе алғандығы байқалды. Бақылауға алынған оқушылардан сұхбат
алғаннан соң және сабақты талдағаннан соң ,зерттеу тобы мынадай
шешімге келді: Келесі сабақта жазылым дағдысымен жұмыс жасағанда
міндетті түрде оқушыға оқытып, оқушының ойын асықпай сұрап алу,
кері байланыс берерде «Клише» сөздерін қолдану керектігі
айтылды
.

15. 12. күні А. Дадабекова №3 тізбектелген сабағын «Where *s it from» тақырыбында өтті. Ол өзінің және оқушылардың сабақтың бірінші қадамында ған мақсатына жеткенін, жоспарланған жоспарға сәйкес тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын қолданғанын, оқушылар берілген топтық, жұптық тапсырмаларды толығымен орындағанын, сабақ соңында оқушылардан тиімді кері байланыс алғанын айтты. Дегенмен зерттеуші топ мұғалімдері өздерінің бақылауындағы оқушылар туралы былай деді: «А» деңгейлі оқушы әлі де сабақта тапсырма орындауда біршама қиналғандығы жеке жұмыс орындау барысында байқалғанын, оның оқылым деңгейі төмен екендігін айтты. Бұл оқушы кері байланыс берерде өз ойын толық жеткізе алмағандығы байқалды. «Б» деңгейлі оқушы сабақ барысында сұрақтарға жауап бергенімен, мұғалім одан толық жауап беруіне ықпал жасау керектігін айтты. Бірақ бұл оқушының тапсырмаларды дұрыс орындап, сабақта белсендіілік танытып, тиімді кері байланыс бере алғандығы байқалды.Келесі «С» деңгейіндегі оқушының бұл сабақта өте белсенді, ойының ұшқыр екендігін тапсырмаларды орындау барысында көрсеткендігі, бұл оқушының ерекше қабілетті, дарынды екендігі көзге түскенін айтты.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. «Күнделік кз» электронды журналдағы білім сапасы 51,2 пайызға артып, білім сапасындағы өсу динамикасы байқалды. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.
Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай
күмәніміз жоқ екенін растаймыз.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лессон стади бойынша рефлексивті есеп

шағым қалдыра аласыз