9 «д» сыныбында Lesson Study зерттеу жұмыстарының жүргізілуі бойынша мәлімет
Lesson Study зерттеу жұмыстарын өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Сариева Г. және математика пәні мұғалімдері Урунбаева М, Оразова Л, Кешубаев Р, Абдуллаева Д, Ирисметов М, Тұрарбек Қ осы мұғалімдерден «Самғау» атты зерттеу тобы құрылды. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, сыныптағы оқушылардың математика пәніне қызығушылығы мен қабілетін арттыру мақсатынла 9 «д» сыныбында Lesson Study жүргізу жоспарланды. Сыныпта- 18 оқушы. 10 ер бала, 8 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 1, оқу екпіндісі - 5. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші ІІ тоқсанда – 32 % көрсеткен. Сыныптың білім деңгейі, сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі өте нашар. Сондықтан осы сыныпта оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру мақсаты болды. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
01.02.24ж күні Lesson Study тобы жасақталып, жүргізу ережелері мен түйінді идеясы айқындалды.
02.02.24ж күні «Самғау» топ мүшелерімен бірлесе отырып, жоспар құрылды. Топ ережесі, зерттеу проблемасы мен мақсаты анықталды.
05.02.24 ж күні психологтардың тарапынан оқушылардан сауалнама алынып, диагностика жасалынды. Сынып жетекшінің пікірімен таныса отырып 3 бақылаушы 6 оқушыдан зерттеуге бөліп алынды. Маған бөлінген оқушылар: Сейдахмет Айзере, Изатулла Нұрлыайым, Абдрашит Әділет, Есенгелді Жанатбек, Сапибилла Нұрсаян, Абдулла Бимухаммед.
06.02.24ж күні сағ. 9:00 де оқушылардан 0 дік бақылау алынып, тексерілді. Осы күні сағ.13:00 де ата-аналар жиналысы болып, бақылау нәтижелерімен таныстырылды. Мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынас жайлы әңгіме өрбіді.
07.02.24ж күні алғашқы зерттеу сабағына топ мүшелерімен бірлесе отырып сабақ жоспары құрылды. Сабақ өткізуде жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану жоспарланды.
08.02.24ж күні алғашқы зерттеу сабағы болды. Сабақты математика пәні мұғалімі Ирисметов М. өтті. «Жеті модуль стратегиялары» бойынша деңгейлік тапсырмаларды қолданып, зерттелетін оқушыларды бақыладым. Алғашқы зерттеу сабағының нәтижелері келесідей болды. А деңгейлі оқушы (Айзере) күрделі тапсырмаларды жеке талдай алады және топтағы басқа оқушылардың пікірін ескере отырып ортақ шешім шығара алады. В деңгейлі оқушылар (Нұрлыайым, Жанатбек) топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен толық жеткізе алады және өзіндік ойы объективті болуын түсінеді. С деңгейлі оқушылар (Әділет, Бимұхаммед, Нұрсаян) сабақтағы процесті бақылап, ой білдіріп отырды. Кейбір есептерді сыныптастарының көмегімен орындады. Кездескен қиындықтарды көтере алды және өз мүмкіншіліктерін түсінді. Зерттеу сабағының әсерін білу үшін сабақ соңында бақылаудағы оқушылардан сұхбат яғни «Оқушы үні» алынды. Сабақ соңында топ мүшелерімен жиналып сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын талқылап, оқушылардан алынған мәліметтерді саралай отырып келесі зерттеу сабағының мақсатын анықтадық.
09.02.24ж күні Lesson Study топтамасының қорытындысымен таныстық. Топ басшысы Урунбаева М. Топ мүшелеріне коучинг өтті. Коучингте Lesson Studyдің артықшылықтары мен тиімділігі жайлы айтылды.
12.02.24ж күні екінші зерттеу сабағының ҚМЖ сын жоспарлап, әрбір кезеңде қолданылатын ресурстарды нақты анықтап, уақытын есептедік.
15.02.24ж күні екінші зерттеу сабағы өтілді. Сабақты Кешубаев Р. жоғарғы деңгейде өтіп шықты. Сабақ барысында менің тобымнан озат оқушы Айзере ерекше көзге түсіп, өзін нағыз көшбасшы ретінде топ мүшелеріне көмектесіп, оларды есеп шығаруға итермелеп отырды. Ал В деңгейлі оқушы Жанатбек сабаққа жақсы атсалысып отырды тіпті тақтаға шығып есеп шығарды. С деңгейлі оқушылар Бимухаммед, Әділет, Нұрсаян топтан қалып кетпеуді ойлап, барынша сабаққа атсалысуға тырысты. Екінші зерттеу сабағы сәтті өтті. Алға ілгерілеу байқалды. Сабақ соңында топ мүшелерімен сабақ талқыланып, оқушылардан сұхбат алынды. Нәтижесінде оқушыларға жарыс, сайыс түріндегі сабақтар ұнайтындығы анықталды және бұл ойларын бақылаушылар ескеріп, алдағы күндері сыныптан тыс іс-шара өтілетілетіндігін хабарлады.
16.02.24ж күні топ мүшелерімен жиналып бақылау, талдау парақтарымен танысып талданды.
19.02.24ж күні топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Миллион кімге бұйырады?» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Бұл жерде 9 А, Г, Д сынып оқушыларынан құралған топтар арасында сайыс сабақ қызықты өтті. Нәтижесінде біздің зерттеуге алынған сыныбымыз жеңіске жетті. Демек Lesson Study зерттеу жұмыстары өз нәтижелерін беруде.
22.02.24ж күні үшінші зерттеу сабағы өтілді. Бұл жолғы сабақты өзім өтіп шықтым. Оқушылар сабаққа жақсы атсылысып отырды. Бұл сабақ тек оқушылардың білім сапасын көтеруге ғана бағытталып қойған жоқ, сонымен қатар жаңа әдісті тиімді ендіріп, қолдану құзыреттіліктерін жетілдіруді мақсат еткен болатынмын. Зерттеуге алынған 6 оқушының ішінде Айзере сынып көшбасшыларының қатарында, оқу екпіндісі, сабақта үнемі белсенділігін білдіріп отырады. Бимұхаммед сабақта бір көзбен қарағанда жауапкершілігі мол оқушы болып көрінді. Нұрсаян, Әділет үлгерімі төмен оқушылар, сабаққа ынтасы төмен, сабақ үстінде жан-жағына жалтақтап, өз орнын таппағандай болып отырды. Топтық жұмыс сыныптағы ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізді. Өйткені топтық жұмыста әрқайсысының мойнында тек өзі ғана емес, топ үшін жауапкершілік міндеті тұрды. Бұл жағдай зерттеу сабақтың 3-ші сабағында байқалды. Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынды.
23.02.24ж Топ мүшелерімен жиналып бақылау, талдау парақтарымен танысып, талданды. Жоғарғы деңгейдегі оқушының орта, төмен деңгейдегі оқушымен қарым қатынасы талқыланды. Әр оқушының сабақтың этаптарындағы орындайтын іс-әркеттерін қалай бақылағандарын ортаға салды.
28.02.24ж төртінші зерттеу сабағына топ мүшелерімен бірлесе отырып сабақ жоспары құрылды. Сабақ өткізуде жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалану жоспарланды.
29.02.24ж күні сабақты математика пәні мұғалімі Ирисметов Маулен өтті. Сабақ жоғарғы деңгейде өтілді. Жаңа тақырыпқа көщпес бұрын өткен тақырыптар бойынша ауызша есептер шығарылып, жетелеуші сұрақтар қойылды. Сабақта жиі сұрақ қою әдісі қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Сабақ соңында топ мүшелерімен талқыланды.
Сабақтар күн сайын жүйелі түрде өткізілді. Әр сабақтан кейін біздің жұмыс тобымыз жұмыс нәтижелері мен бақылауларды талқылады, қорытынды жасады. Келесі сабақ жоспары бойынша ұсыныстар жасады,
Лессон стади зерттеу сабақтарының нәтижесінде оқушылар алдымен өзара сөйлесіп алып, тапсырманы ақылдасып сосын орындауды дағдыға айналдырды. Олар топқа бөлініп, жұптасып жұмыс жасау арқылы өзгерді яғни ынтымақтастықтары артты.
Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімділігі:
-
Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
-
Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
-
Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
-
Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
-
Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
-
Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
-
Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
-
Оқушының оқуы жақсарады.
-
Функционалдық сауаттылығы дамиды.
-
Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.
Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы
сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.
Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.
Математика пәні мұғалімі: Оразова Л.М.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Лессон стади есебі

шағым қалдыра аласыз