Материалдар / Лессон стади Сабақты зерттеу бойынша рефлекциялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Лессон стади Сабақты зерттеу бойынша рефлекциялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Лессон стади рефлекциялық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2023
476
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркістан облысы Келес аудан

13 Т.Бигелдинов атындағы

жалпы орта білім беретін

мектебі КММ

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жумагулова А.М

«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курсы бойынша

рефлексиялық есеп

Мақсаты:Сабақты зерттеуде тиімді оқытуды жоспарлау

 Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

ал оқуды,ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады

Константин Ушинский

« Білім алудың тамыры ащы,бірақ жемісі тәтті»,деп Аристотель айтқандай,білім мен өнер сіздің болашағыңыздың жарқын болуына бірден –бір кепіл. Олай болса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін шығыспен шынайы, батыспен байыпты, оңтүстікпен түсінікті тіл табыса алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті.

Зерттеу – мұғалімнің кәсіби тәжірибесін дамытудың қуатты құралдарының бірі. Белгілі бір мәселені зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре алады. Бүкіл әлемде мұғалімдер Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін кеңінен қолданып жүр. Үдеріс барысында түсінбейтін тұстар да көп кездесті. Осы үдерісті егжей-тегжейлі түсіну мақсатында осы жылдың ақпан айында «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсына жазылдым.Мектебімізден бұл курсты екі әріптесіміз бітіріп келген еді.Бізге математика пәні мұғалімі Отарина Айсәуле апай тренерлік етті.Курс жоспар бойынша 80 академиялық сағаттан құралды,курста барлығы 10 мұғалім оқыды.Курс бағдарламасының негізгі мақсаты:Сабақты зерттеу және Іс –әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап жетілдіруге,зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Курсты бастамас бұрын Lesson Study сөзінің мәнін ұққан жоқпын. Lesson Study деген не?Ол нені зерттейді?Маған не үшін керек деген сұрақтар санамда тұрды.Кейіннен қызығушылығым ояна бастады.Сабақ барысында мен өз сұрақтарымның жауабын ала бастадым. Бұл курста маған қатты ұнаған тұсы теориялық білімді әр түрлі әдіс- тәсілдермен меңгеріп отырдық.Бұл әрине тренеріміздің шеберлігі деп білемін.Күнделікті сабақта әріптестер өздерінің қызықты әдіс-тәсілдерімен бөлісіп отырды.

Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.

Зерттеу сабағында мұғалім сабақ жоспарын ұстана отырып, өз сыныбында сабақ өткізеді. Барлық мектептердің мұғалімдері немесе осындай сыныптардың немесе пән саласының мұғалімдері зерттеу сабағын бақылайды. Зерттеу сабағанан кейін мұғалім мен тыңдаушылар зерттеу сабағын талқылайды. Кейде мектеп кеңесінің әдіскерлері немесе университет профессорлары сияқты шақырылған кеңесшілерді талқылауға қосылуын және кездесуге қатысқан мұғалімдерге кейбір кеңес беруін сұрайды. Бұл Lesson study тәжірибесі айына бір рет өткізіледі.



Lesson study үдерісі

Shape1

Lesson Study мақсаттары

Lesson Study-дың мақсаты әр мектепте әртүрлі. Lesson Study-дың мақсатқа бай- ланысты үш түрі бар. Бірінші түрі Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына байла- нысты, екінші түрі оқыту дағдыларын дамытуға арналған, ал үшінші түрі бақылау дағдыларын дамытады.

Shape2



Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, сонымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда бол- ды. Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте ба- стады. Соңында бұл үдерістерді Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study тәжірибесі Жапониядағы барлық мектептерге берілдіЕнді Lesson study әлемге танымал болды. 1999 жылға дейін Жапондықтардан басқа lesson study-ды шамалы адамдар ғана білетін. Тек Жапониядағы мұғалімдер ұзақ уақыт бойы lesson study-ды тәжірибеде қолданған.Жапониядағы Lesson study-ның маңызы бүкіл әлемде танымал болды.

Сонымен, L.S. зерттеу сабағының тиімді тұстары мынадай екен:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.

  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.

  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.

  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.

  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.

  • Мұғалімдер білімнің ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.

  • Оқушының оқуы жақсарады.

  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.

Бір сөзбен айтқанда қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады

.Курс барысында « Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу»бағдарламасы Lesson study ( СЗ,)екі бағытта жүргізілетінін түсіндім

  • Сабақты зерттеу

  • Іс-әрекетті зерттеу

Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.

Ал іс-әрекеттегі зерттеу – осы үдерісті іске асыратын адамдардың өз тәжірибелерін өзгертуі, жүйелі және мұқият зерттеу барысында тәжірибелерін жақсартуы және зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдануы болып табылады

Сабақты зерттеу- топ болып ынтымақтамаса жүргізілетін үдеріс. Топ мүшелері сабақты бірлесе жоспарлайды, өткізеді, қадағалайды, талдайды. Сабақты зерттеу циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, әріптестеріне таратады.

Сабақты зерттеу үдерісін жүргізу арқылы:

  • Мұғалімдерде бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады;

  • Өз тәжірибелерін жетілдіреді;

  • Сабақты зерттеу үдерісін не үшін жүргізетінін түсінеді;

  • Зерттеу қадамдарымен танысады;

  • Тәжірибе негізінде алынған ұсыныстарды өз тәжірибелеріне пайдалана алады;

  • Сабақты зерттеу тобын құрудың қыр-сырын меңгереді;

  • Бақылау, қадағалау дағдылары дамиды;Зерттеу сабағын талдаудың, нәтижесін әріптестеріне ұсынудың жолдарын үйренеді.

Мұғалімдер Сабақты зерттеу үдерісін топ болып жүргізумен қатар, әр мұғалім Іс-әрекеттегі зерттеуді де жүргізіп жатыр. Іс-әрекеттегі зерттеу - бұл қолданбалы сапалық зерттеу. «Іс-әрекеттегі зерттеу» терминін алғашқы рет Курт Левин 1946 жылы енгізді. Бұл іс-әрекеттің жоспарлау, әрекет ету және бағалау кезеңдерін қамтитын, спираль түрінде дамитын үдеріс түрінде сипаттайды. Мектеп аясындағы Іс-әрекеттегі зерттеу спираль пішінді үдеріс ретінде қаралады. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі проблемаларды зерттеп, зерттеу нәтижелерінің негізінде мектеп қызметін жақсартады. Содан кейін проблеманы енгізілген өзгерістермен қоса қарап, қажет болған жағдайда, қызметті қайтадан зерттеп, жетілдіру үшін тағы бір цикл жүргізеді. Зерттеудің мұндай түрі мектептегі немесе мектеп туралы зерттеуден гөрі, мектеп үшін жүргізілетін зерттеу ретінде қаралады. Кеммистің (2007) тұжырымдауынша, Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалімдердің тәжірибесін, олардың өз тәжірибесі мен жұмыс жағдайлары туралы түсінігін өзгертеді. Уилсон (2013) Іс-әрекеттегі зерттеудің бірнеше түйінді идеяларын атап көрсеткен. Біріншіден, Іс-әрекеттегі зерттеу – ғылыми таным түрі. Оның аясында тәжірибені жетілдіру мақсатында қолданылған іс-шара туралы ақпарат ұсыну үшін зерттеу мен дерек жинаудың жалпыға танылған әдістері қолданылады. Екіншіден, Іс-әрекеттегі зерттеу практикмұғалімдерге өздерінің тәжірибесін зияткерлік және моральдық тұрғыдан бақылауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер өз тәжірибесін бағамдап, жүргізілген зерттеудің негізінде өзгеріс енгізеді. Тәжірибеде Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізетін мұғалімдер зерттеу әдістерін қатаң түрде ғылыми тұрғыдан қолдануға тиіс. Бұл жағдайда мұғалімдердің өз тәжірибесін іс-әрекетте зерттеуі академиялық зерттеудің басқа да түрлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді: зерттеу өзара бағамдау арқылы жүргізіліп, бірегей, маңызды болуы керек, деректер шынайы, нақты болып, зерттеу нәтижесінде жасалған кез кезген қорытынды жиналған деректермен сүйемелденуі қажет.

Әдебиетке шолу

Іс-әрекеттегі зерттеудегі маңызды кезеңдердің бірі әдебиетке шолу: кітап, ғылыми мақалалар, құжаттар және т.с.с. ашық ақпарат көздерін зерделеу. Бұл жұмыс мұқият және саналы түрде жүргізілуі қажет. Тек осы жағдайда ғана әдебиетке шолу идеялардың қалыптасуына ықпал етіп, зерттеудің мақсатты түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді, зерттеу жобасын жоспарлауға негіз болады.

Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиетке шолу жасау:

  • бұл тақырып бойынша бұрынырақ қандай зерттеу жүргізілгенін анықтауға, қандай да бір зерттелмеген салаларды анықтауға;

  • зерттеуіңіздің алғышарттарын сипаттап, зерттеу негіздемесін тұжырымдауға;

  • зерттеу тақырыбын, зерттеу сұрағын қайта қарауға және нақтылауға;


  • зерттеу өзектілігін анықтауға;

  • нәтижелерді талдап, оларды ғылыми тұрғыдан барынша мұқият талқылауға мүмкіндік береді.


Уилсон (2013) әдебиетке шолу жасаудың 4 сатысын атап көрсетеді:

Зерттеу тақырыбы бойынша ақпарат көздерін іздестіру. Зерттеуге қосуға арналған ақпаратты іріктеу

.Әдебиетті сақтау және каталогтау. Бұл керекті дереккөзден керекті ақпаратты оңай тауып алуға ғана емес, сондай-ақ зерттеудің нәтижелері бойынша есеп немесе мақала жазу кезінде пайдаланылған әдебиет тізімін оңай жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеу тақырыбына тікелей байланысты дереккөздерді және олардағы ақпаратты іріктеу.

Оқығанның негізінде зерттеудің негізгі бағытын таңдау, зерттеу сұрағын пысықтау немесе жаңа сұрақ тұжырымдау, зерттеудің алғышарттарын және зерттеудің жоспарланған құрылымын

(дерек жинау және оларды талдау әдістері) негіздеу.


Іс-әрекеттегі зерттеу кезеңдері:

  1. Жоспарлау. Бұл кезеңде шешімі ізделетін проблемалар айқындалады. Зерттеу сұрағы, оны шешу жолдары қарастырылады. Зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерге шолу жасалады. Әріптестерімен сөйлеседі, кеңеседі.

  2. Жоспарды іске асыру. Зерттеу сұрағы айқындалып, әдебиетке шолу жасалып, зерттеу құрылымы таңдалғаннан кейін, мұғалім зерттеу жоспарын іске асыруға кіріседі. Дерек жинайды. Дерек жинау әдістерін таңдау кезінде таңдалған зерттеу тақырыбының ерекшелігін ескерген жөн. Дерек жинау барысында жиналған деректердің күні, ұзақтығы, тәсілі, саны көрсетілетін журнал толтырып отырған дұрыс. Дерек жинаудың да көптеген түрлері мен шарттары бар.

  3. Рефлексия. Жүргізілген нәтижеге бағытталған іс-әрекеттерді, тізбектелген сабақтар топтамасындағы, сабақтан тыс уақыттағы, рефлексия барысында алынған нәтижелерді бағамдау.

  4. Жоспарға өзгеріс енгізу. Зерттелген проблема шешілді ма? Оны қай фактімен дәлелдей аласың? Егер жақсармаса, іс-әрекетке қандай өзгеріс енгізу керек? Іс-әрекеттегі зерттеу – циклді үдеріс. Зерттеу барысындағы алынған деректер жаңа мәселе тудырып, зерттеу жоспарына өзгеріс енгізуі мүмкін.

Нәтиже. Іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесі (жағымды болуы міндетті емес) зерттеу аяқталғанда немесе жағдайды жақсартуға бағытталған зерттеудің жаңа циклін жоспарлағанда ұсынылады. Зерттеу нәтижелерін талдау, тұжырымдар мен қорытындылар көпшілікке ұсынылады.

Іс-әрекетті зерттеу не үшін керек?

  • Іс-әрекеттегі зерттеу білім алушылардың өз тәжірибелерінің ұтымды және ұтымсыз жақтарын бағалап, рефлексия жасауға жаңа мүмкіндіктер ұсыну үшін;

  • Жаңа әдістерді, идеяларды зерттеп, сынақтан өткізу үшін;

  • Жаңа тәсілдердің тиі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!