Lesson Study

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Lesson Study

Материал туралы қысқаша түсінік
• Lesson study-дің мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану тәсілдерін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мастер класс. ИФМ әдісбірлестігінің жопары бойынша Жүргізушілер: Кулажанова Ж. Рахымжанова А.

Оқытумен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану.

Жалпы мақсаты:

  • Lesson study-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіндіру.

  • Lesson study-дің мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану тәсілдерін анықтау.


Оқу нәтижелері:

  • Lesson study үдерісініңмаңыздылығын;

  • Lesson study-ді оқуды,оқытуды және мұғалімдердіңт әжірибесін дамыту және жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасу әдісін;

  • Lesson study үдерісінде әріптестерді қолдау тәсілдерін түсіну.


Түйінді идеялар:

  • Lesson study – сыныпта жүргізілетін және бірлесе жоспарлайтын, оқытатын, зерттелетін сабақтардағы оқуларды бақылайтын және талдайтын эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны.

  • Lessons study мұғалімдерді жекелеген оқушыларға қатысты өз оқыту сапасы туралы ойлануға көмектеседі.

  • Lesson study циклдары мұғалімдерге оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру

  • үшін инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі.

  • Lessons study барысында анықталған жаңалықтар өз мектебі мен басқа да мектептердегіәріптестердің арасында танымал болады.


Жаттығулар:


1-әрекет

Сәлемдесу!

Топты мұғалімдердің пәндері бойынша топтастыру. (адам саны сай болмаса жақын пәндер бойынша топтастыру керек. (1мин)). Топ мүшелерімен танысу (9 мин). Тыңдаушылар өздерінің аттарын және жеке қасиеттерін таныстырып өтеді. Аудиторияда жағымды атмосфералық орта қалыптастыру үшін тренинг өткізу. (6 мин). Ортаға барлық адам санынан бір сан кем орындықтар дөңлене қойылады. Тренер өзі бастап жетекшілік етеді. Ойын барысын түсіндіреді. Мысалы шашы ұзындар орын ауыстырсын деген уақытта шашы ұзындар орын ауыстырып үлгерулері керек. (Бұл жағдайда тренердің де шашы ұзын болуы керек. Яғни жүргізуші өзінде бар затқа, немесе қасиетке байланысты бұйрық беріп бос орын тауып отыруға талпынуы қажет.) Бос орын таппаған мұғалім ортаға шығып жүргізуші болады. Осылайша кезектесе береді.

Тренингтен соң топтар өз орындарына жайғастырылып, мына сұрақтарға жауап берулері қажет: Яғни: Қазақстан мектептерінде ашық сабақ не үшін жүргізіледі? Егер жүргізілсе қай уақытта, неше мәрте және міндетті ме? Жалпы ашық сабақ жүргізудің мақсаты қандай? Өз жауаптарын айтып-талқылауға (3 мин).


2-әрекет

бүкіл топқа таныстырылым көрсетіледі:

«PowerPoint» таныстырылымы– Lesson study тарихы. (4 мин)

«Lesson study-дің күші» – қысқабейнежазбасынқарау. (2 мин)

Мұғалімдердің шағын топтарында (3–4 адам) Lesson study-дің басты сипаттамасы мен ашық сабақ арасындағы айырмашылықты түсіндіруге арналған«PowerPoint» таныстырылымын жасау (ең көбі– 2 слайд). (3мин)

Әр таныстырылым бойынша топтық талқылау.

Мұғалімдер әр таныстырылымды көру үшін өз тобында компьютердің алдында орындарымен ауысады. Мұғалімдердің таныстырылымдары бойынша талқылау, жазбажүргізу, қайсыбір белгілердің болмауын тексеру. (2 мин)


3-әрекет

Мұғалімдердің жұптық жұмысы:

Белгілібір тақырып бойынша оқытуды жетілдіру мақсатында сынып жағдайында сынап көру үшін «оқытудағы/оқудағы жаңатәсілді» таңдау.

Оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша жоғарғы,орташа және төменгі деңгейдегі жетістіктерді көрсетуінің үш мысалын анықтау. (3мин)


4-әрекет

ТоптықталқылауСіз таңдағанмәнмәтінде:

1) Lesson study-мен бірлесе жұмыс істегенде мұғалімдерге қандай қолдау көрсетіледі деп ойлайсыз?

2) Lesson study-де бірлесе жұмыс істеуде мұғалімдер үшін қандай кедергілер бар?

Топ «Мұғалімдерге арналған Lesson study-мен бірлесе ж ұмыс істеу ережесін» анықтайды.

Нәтижелерді қабырға газет түрінде ресімдеу. (5мин)

Кері байланыс парағын толтырту (2 мин)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі