Lesson
Study бойынша рефлексиялық
есеп
Біз осы оқу жылында күнделікті
сабақта жиі кездесетін проблеманы шешу
мақсатында Lesson
Study
тобын құрдық, топтың негізгі
зерттеу тақырыбын: «Оқушылардың қабілеттерін
ескере отырып терең білім алуына жағдай
жасау»
деп таңдап алдық. Бұл
тақырыпты таңдау себебіміз біздің алдымыздағы әр оқушының қабілеті,
дарындылығы әр түрлі екені белгілі. Біз әр оқушының қабілетін
ескере отырып, терең білім алуына жағдай жасағымыз келді. Сонымен
қатар сабақ барысында үлгерімі төмен оқушылар көп жағдайда
тапсырмаларды орындап үлгере алмай қалады немесе қате орындайды,
міне біз осы мәселені шешу үшін зерттеу жұмыстарын
жүргіздік.
Мен келесі жағдайларды ескере
отырып, өз сабағымды ұйымдастыруға
тырыстым.
- әрбір оқушы пәнді түсінуді
қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы
көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірбиесін қалыптастыратын,
сондай ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша
ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс
орнату;
- оқытудың мақсаты мен
сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының
бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін,
оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара
жатырмыз?», «Қандай іс әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу
керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою
үшін не істеу керек екенін білу;
Зерттеу барысында мен үш сабақ
өткіздім және оны келесі сабақтардан байқауға болады. Бірінші
сабақта «Жұмсақ ойыншық» әдісін
қолданған кезімде диалогты оқытуда сұрақ қоюға
үлкeн мән бeрiлeдi. Сұрақ қою маңызды
дағдылардың бiрi болып табылады, сeбeбi сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда оқытудың тиiмдi құралына айналады жәнe дe оқушылардың
оқуына қолдау көрсeтiп, оны жақсарта жәнe кeңeйтe алады (МАН III,
38 бeт) «Джиксо» әдісінде, «Акроним»
әдісінде, сабақта саралау тапсырмаларын орындағанда яғни
«оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», рефлексия
алу мақсатында «ҚҚҚ» кестесін қолдандым және «оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау» ға сәйкес келетіндігін
байқаймыз.
А оқушы
дескрипторы
С оқушы
дескрипторы
В оқушы
дескрипторы
Екінші сабақтың
басында миға шабуыл кезінде «Үштік»
әдісін қолдандым ол, ал сабақта топтық жұмыс барысында «Мозайка
әдісі», сабақты қорытындылау мақсатында «Тұжырымды ой» әдісін
қолдандым, сабақтағы деңгейлік тапсырмалар яғни саралау
тапсырмалары «талантты және дарынды балаларды оқыту» ға сәйкес
келіп тұрғандығын байқаймыз, сабақты қорытындылау кезінде «БББ»
кестесін қолдандым, бұл кесте оқушылардың бүгінгі сабақта не білдім
? не білемін ? не білгім келеді? деген сұрақтарға жауап беру арқылы
сабаққа рефлексия береді, ол маған келесі сабақты жоспарлау
мақсатында және оқушылардың оқу мақсатына қаншалықты қол
жеткізгендігін анықтау үшін қажет болды.
Топтық жұмыстың
дескрипторы
Үшінші сабақ зертханалық жұмыс
болғандықтан сабақтың басында өткен сабақтардағы оқушылардың
теориялық білімдерін еске түсіру мақсатында «Жұмсақ ойыншық» әдісін
қолдандым, екінші «сын тұрғысынан ойлауға үйтету» мақсатына
негіздеп зертханалық тапсырма құрастырдым, бұл тапсырманы оқушылар
күнделікті өмірдегі құбылыстармен байланыстыра отырып орындауы
қажет, бұл жeрдe, айта кeту кeрeк,
оқушылардың мәлiмeттeрiндe кeйбiр жeрлeрдe кeмшiлiктeр
болды.
Сабаққа қатысқан
әріптестеріммен бірге жұмыс жасау үстінде
Бiрақ, мeн олардың ойларын
толық аяқтап болғанша, оларға кeдeргi жасамауға тырыстым. Сeбeбi,
оқушыларды тоқтатып, олардың ойына қарсы пiкiр айтып, көп
eскeртулeр жасау диалогтың дұрыс жүруiнe кeдeргiсiн тигiзeдi. Ал
қатeлiктeрдi мeн сұрақтар қою арқылы түзeтугe талпындым жәнe
қойылған сұрақтар мeйлiншe ашық, проблeмалық болуына көп назар
аудардым. Сeбeбi, ойлантатын сұрақтар оқушыларды сыни ойлауға, яғни
қарастырып отырған құбылысты талдай бiлугe, салыстыруға, болжау
жасауға бағытталған. Тапсырманы орындағаннан соң
оқушылар өзін-өзі және өзгені
тапсырмаға сәйкес құрылған дескриптор арқылы
бағалады.
Қорытындылай
келе Lesson Study тобының зерттеу
нәтижесі бойынша әріптестеріммен бірге әр
тапсырмаға сай дескрипторлар мен бағалау критерийлары құрастырылды,
сол дескрипторлар бойынша бақылауға жауапты мұғалімдер А В С
деңгейіндегі оқушыларды сабақ барысында бақылап олардың жұмысты
орындау ретін қадағалап, тіркеп отырды. Осы бақылаулар келесідей
қорытындылар жасауға себеп болды
Сұрақ-жауап түрінде
өткізелітін сабақ кезеңдері барлық деңгей оқушыларының белсенді
қатысуын көрсетті,
Синтез, талдауды қажет ететін
сұрақтар А деңгейі оқушыларында үлкен қызығушылық
тудырмады.
Оқушылар жеке жұмыс орындап
отыр
Есептерді жеке орындау А тобы
оқушылары үшін қиындық тудырды, бұл олардың жеке жұмыс жасауға
сенімсіздігінің салдары деп
есептейміз.
Топтық жұмыс барысында А тобы
оқушылары белсенділігі артты.
Оқушылар топтық жұмыс орындап
отыр
Тәжірибелік жұмыс барысында А
тобы оқушылары белсенділігі төмен болды, бұл олардың ғылыми зерттеу
дағдыларының төмендігінен орын алуы мүмкін. Сол себепті келешек
сабақтарға оқушыларда зерттеушілік қасиеттерді дамытуға бағытталған
тапсырмаларды енгізу маңызды. Талдауды қажет ететін сұрақтар С
деңгейі оқушыларында өте жақсы қызығушылық тудырды, сол себепті
саралау кезінде оларға жоғары ойлау дағдыларын қажет ететін
тапсырмаларды қарастыру керек.