Материалдар / LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Материал туралы қысқаша түсінік
LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ Бағыты (тректің атауы): Педагогтың тәжірибесіндегі зерттеулер және олардың тиімді оқыту мен оқуға әсері «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым гой демектік бәріде ақымақшылық»-деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай білім мен ғылымның ұлы жетістіктерге жетелейтіні айқын. Қазіргі еліміздің білім бағдарламасындағы жасалынып жатқан реформалар жан-жақты дамыған, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Осы мақсатты жүзеге асыруда педагог тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл - Lesson Study зерттеу сабақтарын өткізу. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study негізгі пәндер бойынш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2024
146
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ахатаева Б.К.

Абай облысы Ақсуат ауданы Қызыл-кесік а. «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ



LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Бағыты (тректің атауы): Педагогтың тәжірибесіндегі зерттеулер және олардың тиімді оқыту мен оқуға әсері



«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым гой демектік бәріде ақымақшылық»-деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай білім мен ғылымның ұлы жетістіктерге жетелейтіні айқын. Қазіргі еліміздің білім бағдарламасындағы жасалынып жатқан реформалар жан-жақты дамыған, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Осы мақсатты жүзеге асыруда педагог тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл - Lesson Study зерттеу сабақтарын өткізу. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study негізгі пәндер бойынша білім алушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеуде тиімді қолданылады.

Зерттеу сабағын жүргізу үшін өздерінің оқытулары мен білім алушыларының оқуын жақсарту үшін ынтымақтастыққа жұмыс істеуді көздейтін жаратылыстану-математика пәндері педагогтері Турганбаева А.А. (химия пәні), Мурсалимова М.С. (математика пәні), Тургалиева М.У. (математика пәні), Ахатаева Б. К. (математика пәні), Сарсимбаева Ж.Т. (биология пәні) құралған Lesson Study зерттеу тобын құрдық. Зерттеу нысаны ретінде 6 «А» сыныбы таңдап алынды. Білім алушыларда математика сабағында мәтінді есептерді шығаруда қиындық бары байқалды. Зерттеудің өзектілігі: білім алушылардың көпшілігінде мәтінді есептерді шығару қызығушылықтарының төмендігі, мәтінді есептерге модель құру алгоритмін практикалық тапсырманы орындауда үйлестіре алмауы. «6 «А» сынып білім алушыларының мәтінді есептер шығару дағдыларын жетілдіруде «Конверт», «Айналмалы бекет», «Теңге ілу» әдістері қалай әсер етеді?» зерттеу сұрағы «Фишбоун» әдісімен анықталды. Зерттеудің мақсаты: белсенді әдіс-тәсілдердің көмегімен әр білім алушының мәтінді есептерді шығару деңгейін көтеру. Сабақ беретін педагогтың күнделікті бақылауы ескеріліп, сонымен қатар MALS (оқытудың қабілет шкаласы) және пәндік сауалнамалар нәтижесінде А В С білім алушылары таңдалды. Зерттеу барысында үш зерттеу сабағы өткізілді. Сабақ-педагогтардың жоспарланған идеяларын жүзеге асыратын Lesson Study үдерісі құраушыларының бірі болып табылады. Lesson Study зерттеу тобы бірлесіп әр зерттеу сабағының жоспарын жасадық. Онда оқу жоспары негізінде оқу мақсатына сай, Блум таксономиясы деңгейлеріне негізделген және әрекетті орындау нәтижесінде білім алушылардың не үйренетіндігіне болжам жасай отырып сабақ мақсаттары құрылды. Сабақ кезеңдеріндегі тапсырмалар мен оларды орындау әдістері оқуға қызығушылық танытатын жағымды орта, академиялық тілдік дағды, пәндік дағды қалыптастыратындай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытатындай және зерттеудің нақты мақсатын басшылыққа алып, оқушылардың ойлауын бақылау мен талдауға ашық болатындай «көзге көрінетіндей» етуге мүмкіндік беретіндей етіп сараланды. Сабақты өткізуге дейін білім алушыларға сабақты зерттеу және сыныпта бақылаушылардың болатыны туралы хабардар етілді. Сабақты зерттеу әдістері: оқушыларды бақылау әдісі, сабақты картаға түсіру әдісі, хронологиялық әдіс қолданылды. Әрбір зерттеу сабағынан кейін білім алушылармен кері байланыс жасалынып, білім алушы үні мен зерттеуші топ мүшелерінің пікірі ескерілді. Талдау үрдісі оқытудан емес, бақылаудағы және білім алушылардың оқуын білім алғандығын қадағалаудан басталды. Сабақты талдау басты үш сұраққа негізделді:

  1. Оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті?

  2. Сабақты қалайша жақсартуға болар еді?

  3. Бұл тәжірибеден біз не білдік?

1-зерттеу сабағы «Өрнек құруға мәтінді есептерді шығару» тақырыбында өтті. Бұл сабақта А В С білім алушыларда күтілетін нәтижелер бойынша дағдылардың қалыптаспағаны байқалды. 2-зерттеу сабағының тақырыбы «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару» болды. Бақылаудан кейін ілгерлеушіліктің көрсеткіші кейде көрініс тапты. 3-зерттеу сабағы «Теңсіздіктер көмегімен мәтінді есептерді шығару» тақырыбында өткізілді. Қайталанған циклдардан кейін білім алушыларда дағдылардың тұрақтанғаны көрінді.

А В С деңгейлі білім алушылардың зерттеу сабақтарына дейінгі кедергілері мен зерттеу сабақтарынан кейінгі жетістіктері 1-кестеде келтірілді.

1-кесте - А В С деңгейлі білім алушылардың Lesson Study барысындағы іс-әрекеттері

Білім алушының аты-жөні

Зерттеу сабақтарына дейін

Зерттеу сабақтарынын кейін

1-сабақ

2-сабақ

3-сабақ

А білім алушы


Е.А.

Жоғары деңгейлі мәтінді есептерді шығаруда өзіне деген сенімсіздігі басым.

«Айналмалы бекет» топтық жұмыста топ мүшелеріне көмектесе отырып, белсенділігін көрсетті.

Мәтінді есеп құрастыру және келесі топтың есеп мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруда ойын еркін, нақты жеткізе алды.

Сабақтың өн бойында өзінің ұқыптылығын, жан-жақты білімділігін көрсетіп, «Теңге ілу» әдісі бойынша ұсынылған қарқыны жоғары тапсырманы еш кедергісіз орындады.

В білім алушы


Н.Д.

Мәтінді есептер шығару алгоритмін білгенімен математикалық модель құрастыруда қателік жібереді.

«Конверт» әдісі арқылы тапсырмаларды орындап мәтінді есептердегі шамалар арасындағы байланысты ажыратты.

Мәтінді есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығарды.

Топтық жұмыс барысында белсенділік танытты, «Теңге ілу» әдісі бойынша ұсынылған қарқыны жоғары тапсырманы орындауға талпынды.

С білім алушы


Қ.Б.


Мәтінді есептерді шығаруға қажетті ережелерді тұжырымдауда қателіктер жібереді.

«Конверт» әдісі арқылы берілген мәтінді есептерді шығаруға қажетті анықтамаларды тұжырымдауда белсенділік танытты.

Топтық жұмыс кезінде мәтінді есепті құрастыруға өз үлесін қосты.

Мәтінді есептің математикалық моделін құрастыруға дағдыланды.

Зерттеудің нәтижесінде білім алушыларда:

  • мәтінді есептерді шешуге сенімділіктері мен қызығушылықтары артты;

  • мәтінді есепті тақырыптар бойынша сараптауға дағдыланды;

  • есептің шығарылуын талдады;

  • есептің шешімін бағалады.

Lesson Study зерттеу сабағы қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеуде маңызы зор. Сонымен қатар кәсіби жетілуіме көмектесті. Себебі бірлесіп жопарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымыз тұрғысынан ғана емес, зерттеу тобындағы әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп зерттеуді осымен шектемей, келесі циклды ұйымдастыруға көштік.


ӘДЕБИЕТ

  1. Пит Дадли. Lesson Study: нұсқаулық

  2. Т. Чичибу (Жапония), Л. Ду Тоит (Оңтүстік Африкалық Республикасы), А. Тулепбаева (Қазақстан Республикасы). Lesson Study бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013.-16-19 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!