«Атбасар ауданы білім
бөлімінің
Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі»
КММ
12.11.2016 ж
«Lesson study» өткізуге
арналған отырыстың
хаттамасы №1
Қатысқандар:бастауыш сынып
фокус тобы мүшелері:
1.Жәнімхан Нұрилаш
2.Халел Марзия
3.Амрина Г.А
4.Ауезханова Б.Ы
5.Ерденова Г.Т
6.Жакупова Б.М
7.Ақтайлақ.Ж
Күн
тәртібі:
1.«Lesson study» жайлы түсінік
беру.
2. «Lesson study»
нұсқаулығымен таныстыру.
3. «Lesson study» зерттеу
сабақтарын жүргізетін мұғалімдерді
анықтау,жоспарлау;
1-ші және 2 ші сұрақ
бойынша 1 деңгей мұғалімі Жәнімхан
Нұрилаш дөңгелек үстел өткізді:
Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі
болып табылады, бұл тәсіл 1870-ші жылдары Жапонияда тәжірибені
жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. Lesson Study тәсілі
Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа
тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде
2007 жылдан бастап танымал бола бастады. Аталған елдердің
зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында
көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты.
Йошида бұл жетістік Lesson Study-дің жапон мектептерінде кеңінен
қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі
кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің
педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді
құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр.
Lesson Study деген ол зерттеу сабағы дегенді
білдіреді.
Lesson
Study – мұғалім тәжірибесі
саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы
іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын
педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау
алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу»
тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson
Study-ге шараны бірлесе жоспарлап,
өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз
қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы
қатысады. Lesson Study
циклін
өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді
немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson
Study өткізу немесе жұмыс
сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне
таратады.
Lesson
Study бастауыш және орта мектептерде
негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту
әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау
сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты
қолданылады. Lesson Study
өткізу
барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін
мұғалімдер:
•
Өздері күнделікті жинаған
материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму
басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
•
Алдағы уақытта әзірленетін
немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту
әдістемесін бірлесіп анықтайды
•
Үш
«бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі
бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі
жоғары, орта, төмен оқушылардан.
•
Lesson
Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты
өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып,
оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият
зерттейді.
•
Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара
отырып, Lesson Study
өткізеді
және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы
қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық
Lesson
Study кезінде жүргізу міндетті
емес.
•
Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study
туралы
ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.
•
Lesson
Study-ді талқылайды.
•
Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай
қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін
нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған
тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін
пайдалану мақсатында Lesson Study-ге
талдау
жүргізеді.
• Мектеп мұғалімдеріне
таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу
арқылы Lesson
Study тәсілін қолдану
нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Осы аталған әрбір кезең
бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында көрсетілген,
олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен
колледждерде Lesson
Study тәсілінің қолданылуы
жөніндегі білімдеріне негізделген.
Соңғы екі тарауда мектеп
басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы идеялар
қарастырылған:
a.
Lesson
Study өткізу уақытын жоспарлау
және осы тәсілді мектеп бағдарламасына
енгізу;
ә. Lesson
Study негізінде кәсіптік оқытуды
дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп аясында коучинг өткізуге
арналған тұғыр ретінде Lesson Study
моделін
қолдану үшін жетекші мұғалімдерді пайдалану туралы айтып
таныстырды.
Презентация арқылы түсіндірді.Мұғалімдермен
практикалық жұмыстар жүргізілді.
3. «Lesson study» зерттеу сабақтарын
жүргізетін мұғалімдерді анықтау,жоспарлау;
Сонымен
«Lesson study» зерттеу сабақтарын келесі
мұғалімдер өткізеді деп жоспарланды. 3 «б»сыныбын зерттеу нысаны
ретінде алды.А,В.С оқушыларды анықтады.
1.Ауезханова Бибигуль Ыхласовна (2 санатты
мұғалім,жұмыс өтілі 18 жыл)
-қазақ тілі пәнінен
2.Ерденова Гульбану Тиыштикпаевна(2 санатты
мұғалім,жұмыс өтілі 25 жыл)
3.Жакупова Ботагоз Мырзалиевна(жас ұстаз,жұмыс
өтілі 3 жыл)
Шешім:
-Сабақ өткізуге дейін кездесу,өткізілетін
сабақтың жоспарын біріге отырып құру;
-Зерттеуге кіретін оқушыларын анықтау,сабаққа
қолданылатын оқытудың тиімді тәсілдерін бірлесе отырып
талдау;
-Смарт мақсат жайлы түсінікті
пысықтау;
-Зерттеуге қолайлы орта құру;