Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
LESSONS STUDY нұсқаулығы аттестацияға
Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестация ға нұсқаулық LESSONS STUDY
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
06 Желтоқсан 2023
104
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Lesson Study UK
www.lessonstudy.co.uk
Lesson Study: нұсқаулық
Пит Дадли
Lesson Study: Нұсқаулық
Lesson Study: нұсқаулық
Осы кітапша оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру және дамыту мақсатында Lesson
Study (сабақты зерттеу) тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық болып табылады.
Кітапша:
мектептерде Lesson Study тәсілін қолдануда,
Lesson Study-ді жоспарлауда, өткізуде және талдауда,
Оқушыларды Lesson Study үдерісіне тартуда,
Lesson Study өткізу нәтижесінде алынған тәжірибелік білімді әріптестермен бөлісуде
көмектесе алады.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған,
сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол
ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын
«Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.
Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен
оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы
қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер
енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған
құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Батыста Lesson Study америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы
педагогика саласында да, сондай-ақ АҚШ-тың оқушыларымен салыстырғанда жапон
оқушыларының білім деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір
пәнді оқыту саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана
танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999).
Қазір уақытта Шығыс Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг
пен Қытайда қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ-та,
Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда.
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың
білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту
үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson
Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:
• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін
оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.
• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап
беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз).
• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір
топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен
оқушылардан.
• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш
оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның
нәтижелерін мұқият зерттейді.
• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson
Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы
қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу
міндетті емес.
• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен
сұхбаттасады.
• Lesson Study-ді талқылайды.
• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен
жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу,
сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін
пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.
Pete Dudley
2
Lesson Study: Нұсқаулық
•
Мектеп мұғалімдеріне таныстырылым жасау немесе коучинг өткізу арқылы Lesson
Study тәсілін қолдану нәтижелерін көпшілік қауымға ұсынады.
Осы аталған әрбір кезең бойынша толық ұсыныстар кітапшаның тиісті тарауларында
көрсетілген, олар авторлардың Англия мен шетелдердегі мектептер мен колледждерде Lesson
Study тәсілінің қолданылуы жөніндегі білімдеріне негізделген.
Соңғы екі тарауда мектеп басшыларының бұл бағытта не істей алатындығы туралы
идеялар қарастырылған:
a. Lesson Study өткізу уақытын жоспарлау және осы тәсілді мектеп бағдарламасына
енгізу;
ә. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытуды дамыту мен қолдау, сонымен қатар мектеп
аясында коучинг өткізуге арналған тұғыр ретінде Lesson Study моделін қолдану үшін
жетекші мұғалімдерді пайдалану.
Алғыс білдіру
Осы кітапшада автор Ұлттық стратегиялар (2008), Ұлттық мектеп көшбасшылығы
колледжі (2003,2005), Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы (TLRP) мен CfBT
үшін жазған Crown Copyright материалы пайдаланылған.
Жоғарыда аталған және осы басылымдарға негіз болған зерттеулерді автор 2003
жылдан 2011 жылдар аралығында Кембридж университетінде Экономикалық және әлеуметтік
зерттеулер кеңесі Оқыту мен оқу саласындағы зерттеу бағдарламасы аясында бөлген грант
қаражатына жүргізген.
Мен білімімнің толысуына үлес қосқан және Lesson Study тәсілі туралы түсінігімнің
қалыптасуына, сол арқылы осы кітаптың жазылуына ықпал еткен көптеген мұғалімдерге,
директорларға, жергілікті билік өкілдеріне, ғалымдарға, саясаткерлерге және шетелдік
әріптестерге алғысымды білдіремін.
Пит Дадли
Кембридж, 2011
Pete Dudley
3
Lesson Study: Нұсқаулық
1. Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық,
әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал
шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты
көруге;
• оқытуды
нәтижесінде
оқушылардың
қажеттіліктерін
барынша
қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
• Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және
топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын
мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P.
2011a);
• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде
қолдануға көмектеседі.
Dudley, P. (2011) Lesson Study: what it is, how and why it works and who is using it [Lesson
Study: ол не, ол қалай және неліктен жұмыс істейді, оны кім қолданады],
www.teachingexpertise.com
Табысты мұғалімдер көбінесе сыныпта болып жатқанның біразына, кейде тіпті
көпшілігіне мән бермейді. Бұл – кемшілік емес! Бұл – оларға табысты болуға көмектескен
үдерістердің нәтижесі.
Толығырақ тоқталайық. Сынып дегеніміз – кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін
барынша күрделі жұмыс жағдайлары: шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта
жұмыс істеп отырған 30 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат өндіреді. Бұл
ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ,
жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады (Lewis, 1999).
Зерттеушілер мұғалімдердің ақпараттың осы ағынын және оның жылдамдығын қалай
игеретінін бақылаған. Рэгг және басқалар (1996) анықтағандай, мұғалімдер бірінші үш жылда
барлық қиындықтан өтіп, жақсы педагог болып қалыптасады, себебі өздері үшін проблема
болып табылатын оқу жағдайын басқарудың жаңа тәсілін тапқанда олар бұл тәсілді осыған
ұқсас жағдайларда үнемі қолдануға болатын белгілі бір оңтайлы нысанға айналдырып алады
да, реті келген кезде қолданып отырады. Осындай жағдайларда тәжірибелік білім мұғалімнің
саналы түрде істеп тұрғанын растай алмайды, бұл болжамды (немесе жасырын) білім болып
табылады, яғни біздің велосипед тебу туралы біліміміз сияқты: ондай білімнің бар екені қажет
болғанда ғана білінеді, бірақ оны сөзбен жеткізу өте қиын.
Мәселен, тәжірибелік білімдері егжей-тегжейіне дейін жазылып, басқаларға беріліп,
кейіннен қайта орындалатын хирургтардан айырмашылығы, мұғалімнің тәжірибелік білімі
өзінде қалады, себебі ол тәжірибе кезінде қалыптасады, оның үстіне иесі әдетте оның бар
екенін біле де бермейді. Мұғалімдер өз сыныбында автономды түрде «жеке маман» ретінде
жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде
көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның
жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға пен пікірдің үдесінен
шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылмайды, яғни тәуекелге
бармауды жөн көріп, «қауіпсіз» оқытуды көрсетеді.
Санасыз субъктілерге қарағанда адамдар көп көлемді ақпаратты «сүзгіден» өткізу
арқылы игереді. Мысалы, нақты «еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне
ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап, тек маңыздысына немесе
оқыстарына ғана көңіл аударып үйренгенбіз. Мұндай сүзгілеу тетіктері бізге өз
мақсатымызға жету үшін қолдануды маңызды деп санайтын мәселелерге ғана көңіл аударуға
Pete Dudley
4
Lesson Study: Нұсқаулық
мүмкіндік береді. Сыныпта да дәл солай: қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей,
белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған
ақпаратты лезде меңгеріп, бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі
жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін
жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.
Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға
да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау
арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту
аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған
әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында
бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге
өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім
ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады.
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін
жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол
арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым
жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа»
сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен
шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір
оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.
Менің зерттеулерім (Dudley, 2011b) Lesson Study-дің рефлексивті, қайталамалы және
бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші
дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп
отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей қатысты бөлігін ғана басқаруды
қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы бөліктері қажетсіз болар еді. Lesson
Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске
қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні
өшіріп тастауға үйренуге көмектеседі.
Pete Dudley
5
Lesson Study: Нұсқаулық
2. Lesson Study жүргізу
«Бұл сыныпта болып
жатқан нәрселерге басқаша
қарауыма мүмкіндік берді».
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол
сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және талдайды
(төмендегі 1-суретті қараңыз).
1-сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқыту мен оқудағы шеберлік
орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011))
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Мектепте жаңа кәсіби оқыту әдісін енгізу
ұнайтын бір топ мұғалімді іріктеп алыңыз (үш адам
болғаны қолайлы болмақ). Бұл топтың құрамына
басшылық өкілі мен бай тәжірибесі бар мұғалім
қатысса, Lesson Study тиімді болады.
Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде
өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім
тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға»
мүмкіндік беретін негізгі ережелерді белгілеу
мақсатында мәжіліс өткізіңіз. Lesson Study барысында
топтың барлық мүшелерінің кәсіби білім алушы
ретінде мәртебесі тең болады.
Белгілі бір мектептің, сыныптың немесе белгілі
бір жас мөлшеріндегі топтың қажеттіліктері негізінде
қаралатын мәселені белгілеп алыңыз, мысалы: топтық
жұмыс арқылы оқыту үшін пікірталасты қолдану
Pete Dudley
Түсініктемелер
6
Lesson Study: Нұсқаулық
қағидаттары.
Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және
талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын
пайдаланыңыз (үлгілері осы кітапшада берілген).
Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау үшін
мұғалімдерге арнайы уақыт бөліңіз (кем дегенде бір
сағат).
Lesson Study кезінде олардың уақытын бағалаңыз
және Lesson Study аяқталғаннан кейін бірден немесе
көп уақыт өткізбей талқылау жүргізуді қамтамасыз
етіңіз.
Жұмыс барысына белсенді түрде қызығушылық
танытыңыз.
Lesson Study-ді жүргізетін топқа өз нәтижелерін
әріптестеріне көрсетулері үшін арнайы мүмкіндік
ұсыныңыз (педагогикалық кеңес, коучинг және т.б.).
Топтың бұл мүшелерін келесі Lesson Study-ді
өткізу
үшін
жаңа
топты
ұйымдастыруда
педагогикалық ұжымның көшбасшылары ретінде
пайдаланыңыз.
Pete Dudley
7
Lesson Study: Нұсқаулық
3, 4. Бірінші Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы»
оқушыларды анықтау
«Бақылаудағы» оқушыларға
басты назар аудару расында
да маңызды нәрселерді
анықтауға мүмкіндік береді»
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Бірінші
Lesson
Study-ді
қандай
сыныпта
өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім
алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш
оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін
қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың
ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш
өкілін таңдап алыңыз.
Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының
деңгейін анықтап алыңыз.
Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже
күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. (Сізге 1суреттегі жоспарлау сызбасын пайдалануға болады).
Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды
жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар
аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз.
Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіңізді
жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын
көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді.
Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және
тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз,
әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз.
Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы
оқушыны
(оқушыларды)
қадағалайтынын
келісіп
алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы
назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.
1-суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбасы ұсынылған.
Оны пайдалану үшін А3 форматына дейін үлкейту қажет.
Сабақтың басында Lesson Study тобының әрбір мүшесінде
сызбаның көшірмесі болу керек, өйткені олар бақылау
барысында оған түсініктемелерін жазып отырып, кейін
талқылау кезінде өз жазбаларына сүйене алады.
Түсініктемелер
Бақылаудағы А оқушы
Аты…………..
Осы оқушыға арналған
табыс критерийі.
Lesson Study аяқталған кезде
А оқушы ... істей алады
(сабақта қойылған оқу
мақсатына жетудегі
қарқынын оқушы қалай
көрсететінін сипаттаңыз).
Қосымша түсініктемелер
2-сурет. Lesson Study қағидаттары
Pete Dudley
8
Lesson Study: Нұсқаулық
5. Бірінші Lesson Study-ді өткізу
«Адамдардың реакциясын көру
маңызды: егер бір нәрсе қолдан
келмесе де, ол «қаралы оқиға» деп
қабылданбайды, себебі адамдар
оны бірлесіп жоспарлады»
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте
ұсынылған сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына
дейін үлкейткен абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге,
(көшірмесі жасалып, Lesson Study-дегі бақылаушыларға
берілсе) бақылау картасы ретінде де қолдануға болады
және Lesson Study-ден кейінгі талқылау барысында
негізгі материал бола алады.
Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған
кезеңдерді бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз.
Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын
қолдана аласыз. Топ мүшелерінің бақылаудағы
оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай
нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі
келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды.
Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол
топтың бірлескен меншігі болып табылады. Бұл
бақылаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы
оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін білдіреді.
Олар әрбір бақылауды бақылаудағы оқушыға ғана
негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен бақылау
аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың
қамтылуына ұмтылуы керек.
Бақылаушылар
бақылаудағы
оқушылардың
сабақтың әр түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп
отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге
сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырулары
қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды да ескеру
қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса
(мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе),
оны оң жақ бағанға белгілеңіз.
Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын
белгілеп отырыңыз.
Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен
салыстыра отырып, әр оқушының ілгерілеуінің
дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге
қаншалықты
жеткенін
белгілеңіз.
Бақылаудағы
оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі сабақтың
негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан кейін
қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың
соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып
қойыңыз.
Pete Dudley
Түсініктемелер
9
Lesson Study: Нұсқаулық
1-кесте. Сабақты жоспарлау, бақылау және талқылау кестесі
Пән
Сабақтың тақырыбы
Мұғалім/бақылаушы
Осы Lesson Study-дегі оқу мақсаты қандай (ол тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлігі болуы мүмкін).
Осы Lesson Study-де қандай әдістемені жетілдіруді/әзірлеуді мақсат етіп қойдыңыз?
Ағымдағы жетістіктер
Бақылаудағы А оқушы...................... Бақылаудағы В оқушы ..................... Бақылаудағы С оқушы .....................
мен табыс критерийлері
Осы оқушыға арналған табыс критерийлері
Осы оқушыға арналған табыс критерийлері
Осы оқушыға арналған табыс критерийлері
В оқушы(лар) қалай
жауап береді деп
күтесіз
С оқушы(лар) қалай
жауап береді деп
күтесіз
Олардан сабақ соңында
белгілі бір аспекті бойынша
қандай нәтиже күтетініңізді
сипаттаңыз.
Тізбектелген сабақтар А оқушы(лар) қалай
топтамасының кезеңі жауап береді деп
күтесіз
Жауап беру
кезінде ол(ар)
қалай бақыланды
Жауап беру
кезінде ол(ар)
қалай бақыланды
Жауап беру
кезінде ол(ар)
қалай бақыланды
Мысалдар /
сұрақтар
Кезең ...
(шамамен
жұмсалатын уақыт)
Кезең...
(шамамен
жұмсалатын уақыт)
Қорытынды кезең ...
(шамамен
жұмсалатын уақыт)
Оқушылар нені істей
алды? (Олар қандай
нәтижелерге жетті
және оның қандай
дәлелдері бар?)
Алғашқы ойлар
Pete Dudley
10
Lesson Study: Нұсқаулық
6. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушылардың пікірін білу
«... Олар [оқушылар] бүкіл оқу үдерісін
қолға алады, ол үшін жауап береді және бұл
істе оларға көмек көрсетіледі. Бұл - ғажап,
себебі ... олар біз үшін оларға көмек
көрсетуге жағдай жасай отырып, бізбен
байланыста жұмыс істейді. Таң қаларлық,
шынымен таң қаларлық құбылыс!»
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Түсініктемелер
Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу
аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы
болғанын, олардың нені білгенін және олардың
көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін,
сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны
туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен
жиі сұхбаттасып тұрады.
Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны
дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта
немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін.
Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен
бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген
дұрыс.
Өзіңіздің
жазбаларыңызда
олардың
кейбір
жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз.
Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын
топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл
жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік
бергенімен,
жиналған
мәліметтерді
жүйелеуді
қиындатып жіберуі мүмкін.
2-кесте. Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар
Саған сабақта бәрінен де не
ұнады?
Сен нені үйрендің? Бұрын
істей алмағандарыңнан қазір
нені істей аласың? Нені
жақсырақ істей аласың?
Қаншалықты жақсы? т.б.
Оқытудың қай бөлігі сен
үшін барынша тиімді болды?
Егер дәл осы сабақ басқа
топта өткізілетін болса, нені
өзгертер едің? Неліктен бұл
бөлігін өзгертер едің?
Pete Dudley
11
Lesson Study: Нұсқаулық
7. Lesson Study-ден кейінгі талқылау
«…Өз ойларыңызбен бөлісу кезінде жаңадан
қаншама нәрсе білетініңіз таңғалдырады.
Сондықтан, күрделі жағдайларда мен бұл мәселені
неліктен дәл осылай шешу керектігімізді
дәйектеуім қажет. Соның нәтижесінде менің
білімім де нығайып, өз бетімше істей алмаған
нәрсені түсінуіме мүмкіндік туады.
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан
кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ
өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз
топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі
жетістікті
талқылау
критерийлерімен
таныстыра аласыз:
1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;
2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және
сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;
3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту
әдісі ретінде бағалау;
4. бақылау
кестесінде/жоспарында
нақты
мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;
5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға
позитивті бағыт беріп отыратын төраға)
тағайындау,
бұл
рөлді
ол
адамның
қызметімен байланыстыруға болады;
6. Талқылау барысында Lesson Study тобының
білім алғандығын жазып алып отыратын
және соңында осы топ мүшелеріне немесе
топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме
беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме
беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп
қызметкері болмауы да мүмкін. (Takahashi,
2005).
Ең бастысы, талдауды оқытудан емес,
бақылаудағы
оқушылар
(мен
басқа
оқушылардың) оқуын, білім алғандығын
қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек
(3-суретті қараңыз). Бұл реттілік оқушылардың
білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің
оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол
бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың
соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және
кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып
көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз).
Қол қойып, күнін жазыңыз.
Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі
кәсіби даму журналында сақтаңыз.
Pete Dudley
Түсініктемелер
12
Lesson Study: Нұсқаулық
3 сурет. Lesson Study-ден кейінгі талқылау сызбасы
Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға
болады
3-кесте. Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте
Сабақ қорытындысы бойынша талқылауларды жазу
Бақылаудағы А
Бақылаудағы B
Бақылаудағы C
оқушы
оқушы
оқушы
Оқушының әрқайсысы
қандай прогреске қол
жеткізді? Ол жеткілікті
болды ма? Олардың
сыныптарындағы басқа
оқушылар қандай нәтиже
көрсетеді?
Енгізіліп жатқан әдіс
қалай көмектесті немесе
кедергі келтірді (екеуі де
болуы ықтимал)?
Қандай тосын оқиғалар
болды?
Әр оқушының нәтижесін
жақсарту үшін келесі
жолы әдістеменің қандай
аспекті(лері) түзетілуі
керек?
Келесі жолы біз не
істеуге тырысуымыз
керек?
Т.А.Ә.А...………………………………..
Pete Dudley
Мерзімі…………………………………….
13
Lesson Study: Нұсқаулық
8. Әріптестерді нәтижелермен ресми түрде таныстыру
«Әдетте мұғалімдердің қолдары мүлдем
босамайтындықтан, олар өздері енгізетін
нәрселердің нәтижесін басқалардың
қолданатынын көргісі келеді, сондықтан бұл
жағдайда қысқа ғана мәтіндер мен
бейнематериалдар көп көмек бере алады».
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study-ді бастамас бұрын топ мүшелеріне өздері
енгізіп жатқан оқыту әдісінің негіздеріне қатысты қандай
жұмыс атқарғанын, ол туралы не білгенін, нені
пысықтағанын әріптестеріне көрсетуге мүмкіндік беру
қажет. Мұғалімдер өздерінің істеген істері туралы
пікірлерімен басқалармен бөлісетінін алдын-ала білсе,
олар мұны бүкіл үдеріс бойында естерінде ұстайтын
болады. Бұл Lesson Study тобына өз пікірлері мен ойларын
әріптестері алдағы уақытта оны пайдалана алатындай етіп
нақты баяндауға мүмкіндік береді.
Lesson Study қысқа бейнежазбалары мен PowerPoint
таныстырылымына салынған фотосуреттері – сабақты
өткізу барысын көрсетіп, тәжірибені қорытудың танымал
тәсілі (Сізге мектебіңізде бейне және фотоматериалдарды
пайдалану ережесінің бар екендігіне көз жеткізу қажет
болады).
Lesson Study тобы дайындаған, бейімдеген немесе
жетілдірген педагогикалық әдістемені толық ұғынуға
көмектесу мақсатында Lesson Study тобына басқа
мұғалімдермен жұмыс істеу (коучинг өткізу) мүмкіндігін
ұйымдастырыңыз.
Тәжірибені нақты тұжырымдау, түсіндіру және көрсету:
1. әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өз тәжірибесін
жетілдіруде көмектесетінін;
2. түсіндіру мен коучинг жүргізіп отырған маманның
жұмыс тиімділігін арттыратынын естен шығармаңыз.
Себебі Lesson Study кезінде мұғалімдер әдетте
пайдаланғанымен, ол туралы ешқашан айтпайтын
тәжірибедегі жасырын (санасындағы) білімін ашық
көрсетеді. Басқаларға түсіндіру арқылы мұғалімдер өз
білімдері туралы көп білуге, сөйтіп білімдерін одан әрі
жетілдіруге мол мүмкіндік алады.
Нені білгеніңізді және көпшілікке ұсынғаныңызды атап өтіп,
баға беріңіз.
Мұғалімдер
бөлмесінде
«оқыту
қабырғасын»
ұйымдастырыңыз. Ол жерде Lesson Study тобы өз
жұмыстарын (фотосуреттерін, бақылауларын, оқушылар
сауалнамалары мен пікірталас нәтижелерін, бастапқы
болжамдарын) ұсына алады. Бұл ресми таныстырғаннан
кейін де мұғалімдер бөлмесінде осы мәселе төңірегінде
ұзақ уақыт бойы талқы жүргізуге ықпал етеді.
Pete Dudley
Түсініктемелер
14
Lesson Study: Нұсқаулық
9. Lesson Study-ге арналған уақытты жоспарлау және оны мектеп
бағдарламасына енгізу
«…Есікті жауап алып, өз сабағын бере беретін
мұғалімдер кенеттен: «Тұра тұрыңдар, бұл мен үшін,
сондай-ақ сабақтағы балалар үшін пайдалы ғой. Мен
істеп отырған нәрсе менің сыныбымның ғана емес,
бүкіл мектептің нәтижесін көрсетпей ме!?» деп
ойлануы мені расында да таң қалдырды әрі қуантты».
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Егер Сіз зерттеумен айналысатын мұғалімдер мен
мектептегі басқа әріптестеріңізге бұл әдістің
нәтижелерін тәжірибеге енгізуге мүмкіндік жасасаңыз,
Lesson study баға мен сапа тең дәрежеде ескерілген
ұтымды тәсіл болмақ.
Кейбір мектеп директорлары кәсіби білім алуға арнайы
уақыт бөлген, ол уақытта Lesson Study топтары өз
сабақтарын жоспарлап, талдайтын болған.
Мамандарды оқытуда уақытты, кезең кестелерін,
үзілістерді және басқа да тәсілдерді орынды қолдана
білсе,
сабақ
қорытындыларын
талқылауды
жоспарлауға және оны өткізуге материалдық
қаражатты талап ете бермейтін уақыт табуға болады.
Оқу бөлімінің меңгерушілері Lesson Study-ді
қызметкерлеріне кәсіби білім беру тәсілі ретінде өз
мектептерінің оқыту мен оқу жүйесіне енгізе алады. Бұл
мұғалімдер мен басқа мамандарға кәсіби білім алу
құқығын беріп, қазіргі кезде кең таралған және оқу
тәжірибесіне айтарлықтай ықпал ететін модельдерді
көздейтіндіктен, үздіксіз кәсіби дамуларына мүмкіндік
туғызады (4-бетті қараңыз).
Мысалдардың бірі - Lesson Study мен оның тиімділігін
басқару арасында өнімді байланыс орнату, соның
арқасында Lesson Study-ге қатысу мен оның
нәтижелерін әріптестеріне таныстыру тиімділікті
басқару құралдарының бірі ретінде қарастырылатын
болған.
Зерттеуге
тартылған
қызметкерлердің
айтуынша, Lesson Study-ге қатысу оқыту тұрғысынан
алғанда оншалықты тиімді емес салада тәуекелсіз
жұмыс істеуге қарағанда, олардың өздерін сенімсіз
сезінетін
мәселелерді
шешудегі
дағдыларының
анағұрлым жетілуіне көбірек ықпал ететінін сезінген.
Lesson Study тиімділік мониторингінен бөлек жүзеге
асырылуы керек.
Кейбір Lesson Study топтары өздері дайындап жатқан
әдістерін басқа мұғалімдерге ашық Lesson Study-де
көрсетеді. Мұндай жағдайда оқушылар сабақтан соң
қалып, жақын маңдағы университеттерден шақырылған
адамдар үшін сабақ көрсетіліп, кейіннен барлығы ол
сабақты қызу талқылайды. Мұндай үлгі Жапонияда кең
тараған.
Pete Dudley
Түсініктемелер
15
Lesson Study: Нұсқаулық
10. Lesson Study негізінде кәсіптік оқытудың дамуына ықпал ету және оның
моделін ведомствоаралық және мектепаралық коучингіге арналған
платформа ретінде пайдалану мақсатында Lesson Study бойынша
тренерлерді жұмысқа тарту
Ұсынылатын іс-әрекеттер
Lesson Study тобына көмек көрсету үшін озат
мұғалімдер мен кеңесшілерді шақыруға болады. Олар:
Lesson Study басталмастан бұрын мектепте басқа
мұғалімдерге әдістемені көрсете алады.
Lesson Study үдерісін жоспарлау және оған өз
ойлары мен ұсыныстарын енгізу барысында
Lesson Study тобына қосыла алады.
Lesson Study тобымен бірлесіп, олар дайындаған
Lesson Study-ді талқылап, педагогикалық әдісті
әзірлеу тәсілдері туралы ұсыныс енгізе алады.
(Тиісті құзыр берілген) бақылаушы ретінде
Lesson Study-ге және оқушылар пікіртеріміне
қатысып, сабақ қорытындыларын талқылауға
атсалыса алады.
Жетекші пән мұғалімдері өздері Lesson Study цикліне
қатысып, мектепте көшбасшы болатын болса, олар да
осы сияқты рөлді атқара алады.
Мұғалімдер
оқытудың белгілі бір
тәсілдерін
қолданатындығын растайтын портфолио құру немесе
кәсіби/ғылыми біліктілік алу мақсатында осы әдісті
қолданған жағдайда Lesson Study тәсіліне деген
қызығушылық артып, оның құндылығы кеңінен
мойындалар еді.
Сіздің топ оқушылардың білім алуы мен жетілуіне әсер
ететін тәжірибе ойлап тауып, әрі оны басқаларға
қызықты болады деп ойласаңыздар, тәжірибелік зерттеу
ретінде оны төмендегі сайтқа жүктеңіз:
www. lessonstudy.co.uk
Бұл вебсайт сыныптар мен мектептерде өзінің
тиімділігін бір жерде көрсеткен және басқа жерлерде
де ықпал ете алатындығын дәлелдеген тәжірибені
жетілдіруші практик мамандарға көмек көрсету үшін
әзірленген.
Pete Dudley
Түсініктемелер
16
Lesson Study: Нұсқаулық
Пайдаланылған әдебиет
Department for Children, Schools and Families. (2008). Improving practice and progression
through lesson study: a handbook for head teachers, leading teachers and subject leaders
[Lesson Study арқылы тәжірибені жетілдіру және алға жылжу: аға оқытушылар,
көшбасшы мұғалімдер мен пән мұғалімдеріне арналған нұсқаулық]. London: DCSF.
Dudley, P. (2008). Lesson study in England: from school networks to national policy [Lesson study
Англияда: мектептің желілік қоғамдастығынан мемлекеттік саясатқа дейін]. Presented
at the World Association of Lesson Studies Annual Conference, Hong Kong Institute of
Education.
Dudley, P. (2011). How Lesson Study orchestrates key features of teacher knowledge and teacher
learning to create profound changes in professional practice [Кәсіби тәжірибеде түбегейлі
өзгеріс жүргізу үшін Lesson Study мұғалімнің білімі мен дағдыларының негізгі
мазмұнын қалай анықтайды]. Presented at the World Association of Lesson Studies Annual
Conference, Tokyo.
Trends in International Mathematics and Science Study. (1999). TIMSS 1999 assessment results
[1999 жылғы математика мен жаратылыстану білімінің сапасын бағалау жөніндегі
халықаралық зерттеудің бағалау нәтижелері]. Retrieved June 4, 2010, from
http://nces.ed.gov/timss/
Takahashi, A. (2005). An essential component of lesson study: post-lesson discussion [Lesson studyдің негізгі құрамы: сабақ өткізілген соң оны талқылау]. Presented at the The Northwest
Regional Educational Laboratory's Lesson Study Symposium, Olympia, Washington:
DePaul University, Chicago.
Wragg, E.C., Wikely, F., Wragg, E., & Haynes, G. (1996). Teacher appraisal observed [Мұғалімнің
қадағалауы және талдауы]. London: Routledge.
Pete Dudley
17

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)